Файл: Орта білім беру.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.03.2024

Просмотров: 300

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
қолжетімді түсініктерді және ортада бағдарлауды; коммуникативтік біліктерді; пәндік-практикалық және қолжетімді еңбек қызметін; практикалық бағыты бар және тәрбиеленушілердің психофизикалық мүмкіндіктеріне сәйкес келетін жалпы білім беретін пәндер бойынша қолжетімді білімді қалыптастыруға бағытталған. Білім берудің бастауыш деңгейінде ақыл-ой кемістігі бар білім алушылар үшін сыныптардағы оқу процесі пәнсіз оқыту негізінде ұйымдастырылады: барлық сабақтар оқушылардың жалпы дамуына (коммуникативтік, қимыл-қозғалыс, сөйлеу, сенсорлық) бағытталған біріктірілген сипатқа ие. Оқушылар жеке дамуда ілгерілеген сайын пәндік оқытуға көшу жүзеге асырылады. Арнайы мектептердің/сыныптардың мұғалімдері сынып құрамын және білім алушылардың жеке ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, дидактикалық, компенсаторлық-дамыту материалдарын таңдауға құқылы.

Білім беру ұйымы Үлгілік оқу жоспарының негізінде білім алушылар құрамының ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, әрбір сынып үшін оқу жұмыс жоспарын жасайды. Педагогикалық кеңестің шешімі бойынша білім алушылардың ерекше білім беру қажеттіліктеріне сәйкес Үлгілік оқу жоспарының оқу пәндері арасында сағаттарды қайта бөлуге жол беріледі (Үлгілік оқу жоспарының жалпы сағат саны аясында).

Арнайы мектепте/сыныпта оқу-тәрбие процесі психологиялық- педагогикалық сүйемелдеу мамандары (психолог, логопед, арнайы педагогтер: тифлопедагог, сурдопедагог, олигофренопедагог, сондай-ақ ЕДШ нұсқаушысы, әлеуметтік педагог) жүргізетін әрбір білім алушының қажеттіліктерін психологиялық-педагогикалық бағалау деректеріне негізделген сараланған және жеке тәсілдерді пайдалана отырып жүзеге асырылады.
Психологиялық- педагогикалық қолдау мұғалімдері мен мамандарының жұмысы командалық тәсілді қолдана отырып жүзеге асырылады, мектеп директоры бекіткен жергілікті нормативтік актілермен реттеледі.

Арнайы мектептің/сыныптың білім алушылары Үлгілік оқу жоспарының тиісті бөлімінде (түзету компоненті) бөлінген сағат шеңберінде психологиялық- педагогикалық қолдау мамандарының арнайы психологиялық-педагогикалық көмегін алады. Түзету компонентінің үлгілік оқу бағдарламалары негізінде жеке/кіші топтық/топтық түзету сабақтарының бағдарламалары жасалады.

Психологиялық-педагогикалық қолдау мамандарымен сабақтар арнайы мектептер мен арнайы сыныптардың барлық түрлерінде міндетті болып табылады.

Типтік оқу жоспарларының түзету компоненті сабақтарының негізгі міндеттері:

  1. есту қабілеті бұзылған (естімейтін, нашар еститін) білім алушылар үшін):

  • жоғары психикалық функцияларды қалыптастыру, жалпы білім беретін пәндер бойынша білім мен дағдыларды меңгерудің негізі ретінде күнделікті ұғымдарды игеру үшін тілді меңгеру;

  • есту қабілетінің қарқынды дамуы жағдайында қозғалыс пен сөйлеудің дамуын электроакустикалық аппаратураны пайдалана отырып қабылдау;

  • білім алушының коммуникативтік қызметін қамтамасыз ету, ауызекі тіл сөздігін дамыту;

  • ауызша сөйлеуді қалыптастыру және қалдық сөйлеу есту қабілетін дамыту;

  • оқушылардың ауызша сөйлеуін қалыптастыру мен жетілдірудің есту-көру негізі ретінде есту қабілетін, айтылымды, еріннен оқуды дамыту. Республика мектептерінде естімейтіндерді оқыту процесі есту-көру негізінде жүзеге асырылады, оқу процесінде ымдау тілі бағдарламалық материалды неғұрлым терең түсінуді қамтамасыз ету үшін көмекші құрал ретінде пайдаланылады;


  1. көру қабілеті бұзылған (көзі көрмейтін, нашар көретін) білім алушылар үшін):

  • қалдық көру және көру қабілетін дамыту;

  • әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлауды қалыптастыру (ӘТБ),

  • кеңістіктік бағдарлауды дамыту;

  • мимика мен пантомимиканың дамуы;

  • сөйлеу және қимыл-қозғалыс дамуының кемшіліктерін еңсеру;

  1. тірек-қимыл аппараты бұзылған білім алушылар үшін:

  • қозғалыс саласын қалыптастыру және жетілдіру;

  • танымдық іс-әрекетті дамыту;

  • сөйлеу және қимыл-қозғалыс дамуының кемшіліктерін еңсеру;

  1. сөйлеу қабілеті бұзылған балалар үшін;

  • сөйлеу дамуындағы ауытқуларды жеңу;

  • моторлық, сөйлеу-моторлық, сөйлеу-ойлау қызметін дамыту;

  1. психикалық дамуы тежелген білім алушылар үшін:

- қоршаған болмыс туралы білім мен түсініктерді байыту;

  • дамудың алдыңғы кезеңіндегі олқылықтардың орнын толықтыру;

  • жалпы моториканы дамытуда және қозғалыстарды үйлестіруде ауытқуларды жеңу;

  • сөйлеу және қимыл-қозғалыс дамуының кемшіліктерін еңсеру;

-танымдық іс-әрекетті және эмоционалды-тұлғалық саланы дамыту; - оқу іс- әрекетін қалыптастыру;

  • оқу бағдарламаларын меңгерудегі олқылықтардың орнын толықтыру;

  1. ақыл-ой кемістігі бар (жеңіл және орташа ақыл-ой кемістігі бар) білім алушылар үшін):

  • қоршаған әлем туралы түсініктерді қалыптастыру және сөйлеуді дамыту;

  • қозғалыс саласын жетілдіру (жалпы және ұсақ моторика);

  • эмоционалдық саланы, қарым-қатынас дағдыларын, әлеуметтік қолайлы мінез-құлық нормаларын дамыту;

  • танымдық іс-әрекетті дамыту;

  • оқу қызметін дамыту.


Үлгілік оқу жоспарларының түзету компонентінің сабақтарын

«Дефектология» («Арнайы педагогика») мамандығы бойынша жоғары педагогикалық білімі және арнайы мектеп түріне сәйкес білім беру бағдарламасы бар педагогтер, қажет болған жағдайда психологтер өткізеді. Түзету компонентінің пәндері бойынша оқушылардың жетістіктерін бағалау кезінде балдық бағалау пайдаланылмайды. Сабақтар мектеп кеңесі талқылайтын және білім беру ұйымының басшысы бекітетін кестеге сәйкес күннің бірінші және екінші жартысында да топтарда, кіші топтарда және жеке өткізіледі. Түзету компоненті пәндерін оқу жоспарының инварианттық компонентінің пәндерімен ауыстыруға, сондай-ақ осы сағаттардың санын азайтуға жол берілмейді.

Арнайы мектептердің/ сыныптардың бастауыш білім беру деңгейіндегі жұмысы ұзартылған күн режимінде ұйымдастырылады, бұл бұзылған функцияларды еңсеру және өтеу, қажетті денсаулық сақтау педагогикалық режимін қамтамасыз ету, әлеуметтік дағдыларды қалыптастыру үшін қажетті. Оқу күнінің тәртібі білім алушылардың қатты шаршауын ескере отырып белгіленеді: бірінші ауысымда оқу және үзілістерде демалу үшін уақыт жеткілікті болу керек.

Екінші (қазақ немесе орыс) және үшінші (ағылшын) тілдерін оқыту білім алушылардың тілдік даму деңгейі ескеріле отырып жүзеге асырылады, оқыту мазмұнын, әдістерін бейімдеу және жетістіктерін бағалау көзделеді. Оқытудың компенсаторлық-дамытушылық бағыты жалпы білім беру циклінің пәндері, түзету пәндері, сондай-ақ қосымша білім беру жүйесінде жүзеге асырылады.

Білім беру ұйымы білім алушылардың ата-аналарымен немесе оларды
алмастыратын адамдармен бірлесіп оқытылатын пәндердің тізбесін айқындайды, білім алушыларды сыныптар, пәндер бойынша жеке мүмкіндіктеріне сәйкес үйде жеке оқытуға Үлгілік оқу жоспарында бөлінген сағаттар шегінде бөледі.