Файл: Орта білім беру.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.03.2024

Просмотров: 489

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Негізгі орта білім беру деңгейі

Арнайы мектептерде / сыныптарда оқыту білім алушылардың дамуындағы бұзылулардың түрлері бойынша ұйымдастырылады: есту қабілеті бұзылған балалар үшін; көру қабілеті бұзылған балалар үшін; сөйлеу қабілеті бұзылған балалар үшін; тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар үшін; психикалық дамуы тежелген балалар үшін (бұдан әрі – ПДТ); ақыл-ой кемістігі бар балалар үшін (жеңіл және орташа ақыл-ой кемістігі).

Негізгі орта білім беру деңгейінде арнайы мектептер жалпы білім беретін мектептермен оқыту, тәрбиелеу, білім алушыларды дамыту міндеттерін, сондай-ақ бұзылған функциялардың орнын толықтыру, өмірлік дағдыларын қалыптастыру, кәсіптік бағдарлау міндеттерін шешеді, оларға мыналар жатады:

  1. оқудың ұзартылған мерзімдері;

  2. оқытудың арнайы әдістері, тәсілдері және құралдары;

  3. техникалық және компенсаторлық құралдар;

  4. тіршілік ету ортасы;

  5. арнайы дайындалған педагогтер;

  6. психологиялық-педагогикалық көмек (логопедтер, арнайы педагогтер: сурдопедагогтер, тифлопедагогтер, олигофренопедагогтер, психологтер, әлеуметтік педагогтер, ЕДШ нұсқаушылары);

  7. дамудың кемшіліктерін өтеуді, әлеуметтік, коммуникативтік дағдыларды қалыптастыруды қамтамасыз ететін оқу жоспарының арнайы пәндері;

  8. медициналық, әлеуметтік және өзге де қызметтер.

Арнайы жағдай жасау үшін мектеп педагогтері мен мамандары оқушылардың ерекше білім алу қажеттіліктерін бағалауды жүзеге асырады.

Арнайы мектептерде/ сыныптарда білім берудің негізгі деңгейіндегі оқу- тәрбие процесі келесі нормативтік-құқықтық құжаттармен
реттеледі:

  • «Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығы»;

  • «Қазақстан Республикасында бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы 500 бұйрығы»;

  • Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларға арналған үлгілік оқу бағдарламалары (ҚР БҒМ 20.09.2018 ж. 469 бұйрығы).

Арнайы мектептерде /сыныптарда негізгі орта деңгейде оқыту ұзақтығы білім алушылардың танымдық іс-әрекетінің ерекшеліктерін, оқытудың баяу қарқынын, оқу бағдарламаларының мазмұнын толық меңгеруге ықпал ететін пропедевтикалық және компенсаторлық-дамытушы бөлімдерді жалпы білім беретін пәндерге енгізу қажеттілігін ескере отырып, 10-сынып есебінен 1 жылға ұлғайтылды.

5-10-сыныптардағы оқу жылының ұзақтығы – 34 оқу аптасы. Оқу күнінің тәртібі білім алушылардың қатты шаршауын ескере отырып белгіленеді: бірінші ауысымда оқу және үзілістерде демалу үшін жеткілікті уақыт бөлінуі керек. Есту, көру, тірек-қимыл аппараты бұзылған, сөйлеу қабілеті бұзылған, психикалық дамуы тежелген білім алушыларға арналған Үлгілік оқу жоспарларының инварианттық бөлімінің жалпы білім беретін пәндер тізбесі және олардың негізгі мазмұны мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының (бұдан әрі МЖМБС) талаптарына сәйкес келеді (ҚР БҒМ 31.10.2018 ж. № 604 бұйрығы). Оқыту арнайы оқу бағдарламалары ретінде жүзеге асырылады (бағдарламалар Академияның сайтында орналастырылған www.nao.kz) білім алушылардың психофизикалық

ерекшеліктері мен танымдық мүмкіндіктері ескеріле отырып, Негізгі орта білім берудің оқу бағдарламалары, сондай-ақ Жалпы білім берудің оқу бағдарламалары негізінде әзірленген білім беру бағдарламалары болып табылады. Екінші (қазақ немесе орыс) және үшінші (ағылшын) тілдерін оқыту білім алушылардың тілдік даму деңгейі ескеріле отырып жүзеге асырылады, оқыту мазмұнын, әдістерін бейімдеу және жетістіктерін бағалау көзделеді. Оқу процесінде арнайы ОӘК, сондай-ақ жалпы білім беретін мектептерге арналған ОӘК пайдаланылады. Көзі көрмейтін балаларды оқыту жалпы білім беретін мектептерге арналған Брайль қарпімен, ал нашар көретіндер үшін ірі баспа қарпімен басылған оқулықтар бойынша жүзеге асырылады. Ақыл-ойы бұзылған білім алушыларға арналған Үлгілік оқу жоспарының бөлімдері мен оқу пәндерінің тізбесі, сондай-ақ оқу бағдарламалары мен оқулықтардың мазмұны МЖМБС талаптарына бағдарланбаған. Оқу процесі арнайы оқулықтар мен оқыту

әдістемелерін пайдалана отырып, арнайы оқу бағдарламалары бойынша жеңіл және орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларға арналған Үлгілік оқу жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.

Орташа ақыл-ой кемістігі бар оқушыларды оқыту жекелеген сыныптарда немесе педагогикалық кеңестің шешімі бойынша жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушылармен бірлесіп ұйымдастырылады.

Орташа ақыл-ой кемістігі бар оқушыларды оқыту орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларға арналған үлгілік оқу бағдарламалары негізінде жасалған Үлгілік
оқу жоспарына және жеке оқу бағдарламаларына сәйкес және сынып педагогі мен психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу мамандарының оқушының мүмкіндіктерін кешенді психологиялық-педагогикалық зерделеу негізінде жүзеге асырылады. Жеке оқу бағдарламасы жартыжылдыққа жасалады. Жеке оқу бағдарламасын іске асыру уақыты аяқталғаннан кейін әр оқушының жетістіктеріне талдау жасалады және келесі жартыжылдыққа жеке оқу бағдарламасы жасалады.

Мұғалім әр оқушының жеке мүмкіндіктерін, білім беру және жеке жетістіктерін бақылау нәтижелерін ескере отырып, оқытудың мазмұнын, әдістерін, формаларын, дидактикалық құралдарын өз бетінше таңдайды. Оқытудың мазмұны: өзі туралы түсініктерді; шаруашылық еңбек және тіршілікті қамтамасыз ету дағдыларын; қоршаған орта туралы қолжетімді түсініктерді және әлеуметтік және табиғи ортадағы бағдарлауды; коммуникативтік біліктерді; қолжетімді еңбек қызметін; практикалық бағыты бар және тәрбиеленушілердің психофизикалық мүмкіндіктеріне сәйкес келетін жалпы білім беретін пәндер бойынша қолжетімді білімді қалыптастыруға бағытталған.

Білім беру ұйымы үлгілік оқу жоспарының негізінде білім алушылардың ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, әрбір сынып үшін жұмыс оқу жоспарын жасайды. Педагогикалық кеңестің шешімі бойынша білім алушылардың ерекше білім беру қажеттіліктеріне сәйкес үлгілік оқу жоспарының оқу пәндері арасында (үлгілік оқу жоспарының жалпы сағат саны аясында) сағаттарды қайта бөлуге жол беріледі. Арнайы мектептердің/сыныптардың педагогтері сынып құрамын, білім алушылардың жеке ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін
ескере отырып, дидактикалық, компенсаторлық-дамыту материалдарын таңдауға құқылы. Арнайы мектепте/сыныпта оқу-тәрбие процесі психологиялық- педагогикалық сүйемелдеу мамандары (психолог, логопед, арнайы педагогтер: тифлопедагог, сурдопедагог, олигофренопедагог, сондай-ақ ЕДШ нұсқаушысы, әлеуметтік педагог) жүргізетін әрбір білім алушының қажеттіліктерін психологиялық-педагогикалық бағалау деректеріне негізделген сараланған және жеке тәсілдерді пайдалана отырып жүзеге асырылады. Психологиялық- педагогикалық қолдау мұғалімдері мен мамандарының жұмысы командалық тәсілді қолдана отырып жүзеге асырылады, мектеп директоры бекіткен жергілікті

нормативтік актілермен реттеледі.

Арнайы мектептің/сыныптың білім алушылары Үлгілік оқу жоспарының тиісті бөлімінде (түзету компоненті) бөлінген сағат шеңберінде психологиялық- педагогикалық сүйемелдеу мамандары өткізетін фронтальды, кіші топтық және жеке сабақтарда арнайы психологиялық-педагогикалық көмек алады. Түзету компонентінің Үлгілік оқу бағдарламалары негізінде жеке/ кіші топтық/ топтық түзету сабақтарының бағдарламалары жасалады.

Психологиялық-педагогикалық қолдау мамандарымен сабақтар арнайы мектептер мен арнайы сыныптардың барлық түрлерінде міндетті болып табылады.

Сабақтың негізгі міндеттері:

  1. есту қабілеті бұзылған (естімейтін, нашар еститін) білім алушылар үшін):

  • жоғары психикалық функцияларды қалыптастыру, жалпы білім беретін пәндер бойынша білімді меңгерудің негізі ретінде күнделікті ұғымдарды меңгеру үшін тілді меңгеру;

  • электроакустикалық аппаратураны пайдалана отырып, есту қабілетін қарқынды дамыту жағдайында қозғалыс пен сөйлеуді дамыту;

  • білім алушының коммуникативтік қызметін қамтамасыз ету, ауызекі және күнделікті сөздік қорын дамыту;

  • ауызша сөйлеуді қалыптастыру және қалдық тілдік есту қабілетін дамыту;

  • оқушылардың ауызша сөйлеуін қалыптастыру мен жетілдірудің есту-көру негізі ретінде есту қабілетін, айтылымды, еріннен оқуды дамыту. Республика мектептерінде естімейтіндерді оқыту процесі есту-көру негізінде жүзеге асырылады, оқу процесінде ымдау тілі бағдарламалық материалды неғұрлым терең түсіну үшін көмекші құрал ретінде пайдаланылады;