Файл: Орта білім беру.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.03.2024

Просмотров: 319

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
және фауна мен флораны сақтау жолдарын ұсына алады.

Өткен оқу жылында «Табиғи-аумақтық кешендер» бөлімі бойынша "табиғи-аумақтық кешен" ұғымы, оның қалыптасу шарттары мен мысалдары, кеңістіктік дәрежелері анықталған болатын.

Жаңа оқу жылында оқушылар географиялық қабықпен планетарлық масштабтағы табиғи-аумақтық кешен ретінде және оның жұмыс істеуі мен даму заңдылықтарымен танысады.

«Халық географиясы» бөлімі бойынша 7-сыныпта адамзаттың нәсілдік және діни құрамы оқылады. 8-сыныпта халық саны мен құрылымының негізгі көрсеткіштерін есептеу негізінде әлемдегі, Қазақстандағы және өз өлкесіндегі демографиялық жағдайды анықтау бойынша жүйелі қарастырылады.

«Табиғи ресурстар» бөлімі бойынша 7-сыныпта білім алушылар «Табиғи ресурстар» ұғымын, оларды жіктеудің негізгі тәсілдерін, шоғырлану орындарын оқып үйренеді. 8-сыныпта білім алушылар табиғи ресурстарға экономикалық және экологиялық баға береді, орталықтармен және оларды өңдеу технологиясымен танысады, әлемнің жекелеген аумақтарының табиғи- ресурстық әлеуетін анықтайды.

«Әлеуметтік-экономикалық ресурстар» бөлімі бойынша 7-сыныпта көлік және әлеуметтік инфрақұрылым зерделенді. 8-сыныпта бөлім Сауда және қаржы инфрақұрылымын оқу жалғасады.

«Әлемдік шаруашылықтың салалық және аумақтық құрылымы» бөлімі бойынша 7-сыныпта білім алушылар әлемдік шаруашылықты (өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы) қарапайым жіктеумен айналысты. 8-сыныпта әлемдік экономиканы өндіруші, өңдеуші секторлар мен қызмет көрсету салаларына неғұрлым егжей-тегжейлі жіктеумен, осы секторлардың қызметін ұйымдастыру нысандарын сипаттаумен, әртүрлі салалардағы кәсіпорындарды орналастыру
факторларын талдаумен, жоспар бойынша әлемдік экономиканың негізгі салаларын сипаттаумен айналысу керек.

«Саяси география негіздерімен Елтану» бөлімі бойынша 7-сыныпта білім алушылар әлем елдерінің географиялық және экономикалық-географиялық жағдайын бағалау ерекшеліктерін оқиды. 8-сыныпта әлемнің саяси картасын, оның негізгі объектілері мен олардың ерекшеліктерін, ондағы сандық және сапалық өзгерістерді, әлем елдерінің саяси интеграциясының қажеттілігі мен ерекшеліктерін зерттеуге баса назар аударылады.

Пән бойынша үлгілік оқу бағдарламасында өтпелі тақырыптар, оқыту мақсаттары көзделген. Бағдарламаның бірінші және екінші бөлімдерін оқыту мақсаттары өтпелі болып табылады. Оларды түсініп мен дамыту екі рет жүзеге асырумен қамтамасыз етіледі: бірінші рет – тәуелсіз тақырыптар және бірінші тоқсандағы сабақтар сериясы ретінде, екінші рет-осы тақырыптар контекстінде барлық кейінгі бөлімдерді зерделеу кезінде оларды тікелей мақсаттар ретінде жүзеге асыру.

Оқу тапсырмаларының белгілі бір үлесі оқу бағдарламасы бөлімдерінің өтпелі мақсаттарын іске асыруды көздейді. «Географиялық зерттеу әдістері»,

«Картография және географиялық мәліметтер базасы» оқу бағдарламасының әр бөлімінің оқу мақсаттарын зерттелетін тақырып аясында толықтырады.

Зерттеу және картографиялық дағдыларды қалыптастыруға, дамытуға, әр сабақтың тәжірибеге бағдарлануына бағытталған осы мақсаттар бойынша тапсырмаларды әзірлеуді қарастырған жөн.

  1. сыныпта материктер табиғатының ерекшеліктерін оқыту қарастырылған. Оқытудың стандартты, ақпараттандыратын тәсілінен айырмашылығы, оқытудың белсенді мақсаттары арқылы жаңартылған мазмұнның Типтік оқу бағдарламасы материктерді көбірек қарастыруды талап етеді. Оқушылар әртүрлі дереккөздерді қолдана отырып, салыстыру, талдау, бағалау және синтездеу арқылы әр материктің бірегейлігін анықтайды.


«Туған жер» бағдарламасын іске асыру мақсатында үлгілік оқу бағдарламасында қазақстандық және өлкетану материалдарын міндетті түрде оқыту көзделген.

  1. сыныпта «Қазақстанның географиясы» оқытылады, онда географиялық зерттеу әдістері, Картография және географиялық деректер базасы бөлімдері мен кіші бөлімдері енгізілген. Географиялық карталар, физикалық география. Литосфера. Қазақстан аумағының геологиялық тарихы және тектоникалық құрылымы. Қазақстанның басты орографиялық объектілері. Қазақ оронимдері. Әлеуметтік география. Халық географиясы. Қазақстан халқының ұлттық және діни құрамы, экономикалық географиясы. Табиғи ресурстар. Қазақстанның табиғи-ресурстық әлеуеті қарастырылған.

Педагог білім алушылардың танымдық ерекшеліктеріне сәйкес қызықты пән ретінде шығармашылық тапсырмаларды әзірлеу және таңдау мүмкіндігіне ие.

Оқушылардың географиялық ақпараттың әртүрлі көздерімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру маңызды: қажетті ақпаратты табу, оны талдау және түсіндіру, бағалау және қойылған міндеттерді шешу үшін пайдалану.

Негізгі оқу материалын оқушылар сабақта игеруі керек екеніне назар аударамыз. Қарастырылмаған оқу материалын, оның ішінде географиялық номенклатура объектілерін үйде қарастыруға жол берілмейді. Үй тапсырмасының негізгі функциясы сабақта алынған білім мен дағдыларды бекіту.

«География» оқу пәнінің 7-сыныпқа арналған «Физикалық география» бөліміне өлкетану бойынша екі тақырып енгізілді: «Туған өлкенің флорасы мен фаунасы» және «Менің өлкемнің визит карточкасы: өлкетану деректер базасын әзірлеу». Осы тақырыптарды зерделеу кезінде өсімдіктер мен жануарлардың қай аймаққа тән екенін зерттеу үшін ұжымдық жұмысты ұйымдастыру, оларды қорғау шараларын ұйымдастыру, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды
қолдана отырып, аймақтың мәліметтер базасын құру ұсынылады. Пән бойынша (БЖБ) үшін жиынтық бағалау жүргізуді көздейді. 57-кестеде бөлім үшін жиынтық бағалау саны көрсетілген.

57-кесте. «География» пәні бойынша жиынтық бағалау саны

Сынып

Жиынтық бағалау саны

бөлім/ортақ тақырып үшін

1-тоқсан

2-тоқсан

3 -тоқсан

4 -тоқсан

7-сынып

3

2

3

3

8 -сынып

3

3

3

2

9-сынып

3

2

3

3


«География» оқу пәні бойынша білім алушылардың білімдеріндегі олқылықтардың орнын толықтыру бойынша ұсынымдар
Педагог оқу жылының басында білімдегі олқылықтардың орнын толықтыру үшін өткен жылы оқу материалы қандай деңгейде меңгерілгенін және оқытудың қандай бөлімдерінде, тақырыптарында/мақсаттарында білім

алушылардың біліміндегі олқылықтарға жол берілгенін анықтау, яғни диагностика жүргізу қажет.

Келесі қадамдар – білімді толықтыру бойынша жұмысты жоспарлау және жоспарды іске асыру.

Педагог өз бетінше жұмыс жүргізу нысанын таңдау туралы шешім қабылдайды (өткен кезеңдегі білімдерін толықтыру бойынша тақырыптарды жаңа оқу бағдарламасының мазмұнына интеграциялау, өткен жылғы сабақта тақырыптарды/оқу мақсаттарын алғашқы қайталау, содан кейін жаңа оқу материалын түсіндіру, консультациялар өткізу және т.б.).

Өткен оқу жылындағы оқу материалын қоса отырып, оқу тапсырмаларын әзірлеу, қалыптастырушы бағалау жүргізу процесінде оқыту тақырыптарын

/мақсаттарын пайдалану, білім алушылардың