Файл: Орта білім беру.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.03.2024

Просмотров: 499

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

өзгеріс және сабақтастық (мысалы, белгілі тарихи кезеңде қоғам қаншалықты өзгеріске ұшырады);

  • себеп-салдар (мысалы, белгілі тарихи кезеңде қандай маңызды факторлар саяси үдерістерге әсер етті);

  • дәйек (белгілі тарихи кезеңнің өнері бізге құндылықтар, наным- сенімдер мен технологиялар туралы қандай мәлімет бере алады);

  • ұқсастық пен айырмашылық (мысалы, XIII-XV ғғ. Қазақстан территориясындағы мемлекеттердің саяси құрылысындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар);

  • маңыздылық (мысалы, Қазақ хандығының құрылуының тарихи маңызы неде);

  • интерпретация (мысалы, белгілі бір тарихи оқиғаны түрлі зерттеушілер қалай сипаттайды).

    Тарихи түсініктер негізінде оқыту тарихи оқиғалардың мағыналары мен маңыздылығын, үдерістер мен оқиғаларды «тез түсінуге» бағытталған, бұл пәннің мағынасын терең түсінуге көмектеседі.

    Тарихи түсініктерге сүйене отырып, тарихи материалдарды талдауды жүзеге асыру ұсынылады. Нәтижесінде білім алушылар тек қана пәндік материалды ғана емес, зерттеу процестері, дағдылар және біліктермен байланысты әдістерді игереді (материалдарды жинау мен реттеу әдістері, сұрақтарды құрастыру және дереккөздермен жұмыс жасау процесінде мәселені қоя білу білігі, сәйкестендіру әдістері мен дереккөздерді сыни бағалауы, зерттеу жоспарларын әзірлеу, материалдарды жинақтау және нәтижелерді тексеру).

    Белгілі бір тарихи концептілерге негізделген оқыту нақты оқу материалының негізінде оқушылардың бойында
    тарихи ойлау дағдыларын қалыптастыруға және дамытуға мүмкіндік береді. Мұндай әдіс, зерттеуге негізделген оқытуды жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады.

    Сондықтан «Қазақстан тарихы» пәні бойынша әр тақырыптан кейін зерттеу сұрақтары қамтылған. «Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша ұзақ мерзімді

    жоспардағы тақырыптар проблемалық сұрақтар түрінде құрастырылған. Оның басты себебі кез келген тақырып оқушыларды бірден ойландырады және оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға, проблемалық сұрақ қоюға, өздігінен талдау жасау дағдыларын дамытуға жәрдемдеседі.


    2021-2022 оқу жылында 5-9-сыныптар арасында «Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы» оқу пәні мазмұнының сабақтастығын және хронологиялық кезеңділікті сақтау мақсатында 9-сыныпта(Қазіргізамантарихы:XX ғасырдың екінші жартысы бүгінгі күнге дейін)мазмұнынқамтитынжаңартылғанмазмұндағыоқу бағдарламасы енгізіледі.


    2021-2022 оқу жылында «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» оқу пәндерібойыншакелесі оқулықтар қолданылады:

    • 5-сынып 5-сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» пәндерінің оқулықтары (ежелгізаман:шамамен 2млнжылбұрынVғасыр);

    • 6-сынып 6-сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» пәндерінің оқулықтары немесе 6-сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» пәндерінің оқулықтары (ортағасырлар кезеңі:V -XVIIғасырлар);

    • 7-сынып 7-сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» пәндерінің оқулықтары (жаңазаманкезеңі:XVIII-XIXғасырлар);

    • 8-сынып 8-сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» пәндерінің оқулықтары (қазіргізамантарихы кезеңі:XXғасырдыңбіріншіжартысы);

    • 9-сынып –9-сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» пәндерінің оқулықтары (қазіргі заман тарихы кезеңі: XX ғасырдың екінші жартысынанбүгінгікүнгедейін).





    «Қазақстантарихы»пәніноқытудыңерекшеліктері

    Қазақстан тарихы бойынша білім мазмұны білім алушылардың бойында тарихи сана, қазақстандық патриотизм, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды қалыптастыру, зерттеушілік, ойлау, коммуникативті дағдыларды дамытуға бағытталған.

    Үлгілік оқу жоспарының оқу түріне байланысты негізгі орта білім беру деңгейінде «Қазақстан тарихы» оқу пәндерін оқытуға бөлінген оқу жүктемесінің көлемі әртүрлі (58-кесте).
    58-кесте. Оқу жүктемесінің көлемі


    Сынып


    Оқу пәнінің атауы

    Жалпы жүктеме, сағат

    Үлгілік оқу жоспары

    (жаңартылған мазмұн)

    Үлгілік оқу жоспары

    (төмендетілген оқу жүктемесімен)

    Апталық

    Жылдық

    Апталық

    Жылдық

    5

    Қазақстан тарихы

    2

    68

    2

    68

    6

    Қазақстан тарихы

    2

    68

    2

    68

    7

    Қазақстан тарихы

    2

    68

    1

    34

    8

    Қазақстан тарихы

    2

    68

    1

    34

    9

    Қазақстан тарихы

    2

    68

    1

    34


    5-9-сыныптарда «Қазақстан тарихы» пәні бойынша Қазақстан қоғамының ежелгі дәуірден
    бүгінгі күнге дейінгі кезеңдегі әлеуметтік, мәдени, саяси, экономикалық салаларының негізгі даму кезеңдері оқытылады.

    Білім мазмұнын жаңарту жағдайында тарихты оқыту – оқу мақсаттарын анықтау, оқыту мазмұнына сәйкес материалдарды саралау, оқытудың тиімді әдістерін анықтауды қажет етеді.

    Негізгіортабілімберудеңгейінің5,6,7-сыныптарында«Қазақстантарихы»пәнімазмұнына«Өлкетану»материалдарыкіріктіріліпоқытылады.

    ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы негізінде әзірленген «Өлкетану» материалдарын оқыту:

    • білім алушыларда ежелгі дәуірден бастап, қазіргі уақытқа дейінгі туған жер аумағында болып жатқан тарихи процестердің негізгі кезеңдері мен ерекшеліктері туралы білім қалыптастыруға;

    • туған өлкенің табиғи байлықтары, тарихи ескерткіштері және мәдени нысандары туралы білімдерін кеңейту;

    • туған өлкенің дәстүрлі қолөнері, мәдени және әдеби мұралары мен өңір мақтанышына айналған адамдар туралы білімдерін кеңейту;

    • туған өлкенің бірегей табиғаты, тарихы мен мәдениетіне деген құрмет сезімдеріне тәрбиелеу; оларды қорғауға жауапкершіліктерін арттыруға бағытталған.

    Өлкетану материалдары 5, 6, 7-сыныптарда, яғни әр сыныпта 4 сағаттан 12 сағат көлемінде оқытылады. Өлкетану материалдары оқу бағдарламасының базалық білім мазмұны мен ұзақ мерзімді жоспарға енгізілді. Оқу бағдарламасы бойынша тоқсандағы бөлімдер мен бөлім ішіндегі тақырыптар бойынша сағат сандарын бөлу мұғалімнің еркінде болғандықтан «Өлкетану» материалдарын әр сынып бойынша кіріктіріп оқыту ұсынылады.

    Өлкетануматериалдарыноқытудыңерекшеліктері:

    Өлкетану мәдени және ұлттық сәйкестікті
    дамыту мен сақтаудың маңызды міндетін орындайды. Өлкетанулық білім жаңа буынды аймақтың мәдени құндылықтарымен қамтамасыз етіп отыратын әлеуметтік-мәдени ақпарат көзінің бірі. Бұл жеке тұлғаның мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

    5-сыныпта: «Өлкенің тарихи ескерткіштері», «Өңірдің тарихи тұлғалары: билер, батырлар, ақындар», «Туған өлкенің аңыз-ертегілері» тақырыптарын оқытуда білім алушыларды ата-бабалардың дәстүрін құрметтеуге, келешек ұрпақтардың тәжірибесін жалғастыруға, өнегелі жерлестерінің өмірін замандастарына үлгі етуге бағыттау ұсынылады.

    1. сыныпта «Өлкетану мұражайы және тарихи жәдігерлер» тақырыбы бойынша тарихи мұраны жеткізудегі жәдігерлердің рөлін сипаттау үшін мүмкіндігінше мұражай сабақтарын өткізу ұсынылады. Мұражайда өтетін

    сабақта білім алушылардың оқу материалдарын мұражайдағы бай қорды пайдалана отырып терең меңгертуге бағыттау ұсынылады.

    Мұражай базасында өткізілген сабақтар білім алушылардың азаматтық және патриоттық қасиеттерін қалыптастыруға, олардың танымдық қызығушылықтары мен қабілеттерін, ой-өрісін кеңейтуге, тарихи және мәдени ескерткіштерге ұқыпты қарауға ықпал етеді.

    1. сыныпта: «Топонимдер – өткен заманның куәгерлері», Мәдени-тарихи дәстүрді сақтаушылар: өлкенің ұлттық қолөнері», Туған өлке тарихының қазіргі кездегі куәгерлері» тақырыптары берілген. Өлкедегі жер-су атауларының тарихын, ұлттық қолданбалы өнері мен қолөнерді, қазіргі кездегі өлкедегі атақты тұлғалардың ерлік істері мен еңбегі туралы білім беруде білім алушылардың өлкенің негізгі ерекшеліктерін анықтауға және терең түсінуіне ықпал ету ұсынылады.