Файл: Орта білім беру.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.03.2024

Просмотров: 313

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Осы сыныпта білім алушылар «Бір ел – бір тағдыр» тақырыбы арқылы аймақтағы түрлі ұлттардың тарихымен, салт-дәстүрімен танысады. Бұл білім алушыларды бірыңғай әлеуметтік ортаға біріктіруге ықпал етеді.

  1. сыныпта: «Өлкенің туристік маршруттары», «Туған жердің Атымтай жомарттары», «Туған өлкенің шежіресі», «Мектебімнің тарихы» тақырыптарын оқытуда білім алушыларға оқу мазмұнына сәйкес материалдарды анықтау, талдау, бағалау дағдыларын дамытуға арналған тапсырмалар беру ұсынылады.

Оқу пәнінен бөлім бойынша жиынтық бағалау саны 59-кестеде берілген.

  1. 1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   90


кесте. «Қазақстан тарихы» пәні бойынша жиынтық бағалау саны

Сынып

Бөлім бойынша жиынтық бағалау саны

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

ЖаңартылғанмазмұндағыҮлгілікоқужоспарыбойынша

5-сынып

1

2

2

3

6-сынып

1

1

3

2

7-сынып

2

2

3

1

8-сынып

1

1

2

2

9-сынып

2

2

2

2

Сынып

ТөмендетілгеноқужүктемесіменҮлгілікоқужоспарыбойынша

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

7-сынып

2

2

2

1

8-сынып

1

1

2

2

9-сынып

2

2

2

2

Төмендетілген оқу жүктемесімен Үлгілік оқу жоспарына сәйкес 7-9-сыныптарда «Қазақстан тарихы» пәнінің апталық жүктемесі 1 сағатты құрайды. Сондықтан, осы оқу жоспарымен оқытылатын «Қазақстан тарихы» пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалау өткізілмейді, қорытынды баға жартыжылдыққа қойылады.

«Дүниежүзітарихы»пәніноқытудыңерекшеліктері

«Дүниежүзі тарихы» пәні
білім алушылардың бойында тарихи сана, толеранттылық, өз елі және басқа елдердің тарихы мен мәдениетіне құрметті

қалыптастыру, ғасырлар бойы қалыптасқан жалпы адамзаттық құндылықтарды меңгерту және зерттеушілік, ойлау, коммуникативті дағдыларды дамытуға бағытталған.

«Дүниежүзі тарихы» пәнінің білім мазмұны: әлеуметтік қатынастардың дамуы, мәдениеттің дамуы мен өзара әрекеттестігі, саяси жүйелердің дамуы мен өзара әрекеттестігі, экономикалық қатынастардың дамуы бөлімдерін қамтиды. Сондықтан 5-9-сыныптарда «Дүниежүзі тарихы» бойынша ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі әлеуметтік, мәдени, саяси, экономикалық салалардың негізгі даму кезеңдері оқытылады.

«Дүниежүзітарихы»пәнібойыншаоқужүктемесі:

  1. 5-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

  2. 6-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

  3. 7-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

  4. 8-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

  5. 9-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты құрайды.

Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) өткізу қарастырылған (60-кесте).

  1. кесте. «Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша жиынтық бағалау саны

Сынып

Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау саны

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

5-сынып

2

2

2

2

6-сынып

2

2

2

2

7-сынып

2

2

2

2

8-сынып

2

2

2

2

9-сынып

2

2

2

2



Сонымен, «Дүниежүзі» оқу пәні бойынша 5-9-сыныптарда бөлім үшін жиынтық бағалау жүргізіледі және олардың қорытындысы бойынша жартыжылдық баға қойылады, ал тоқсан бойынша жиынтық бағалау жүргізілмейді.

«Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» оқу пәндері бойыншаоқупроцесінұйымдастырудағыәдістемелікерекшеліктер

  • Тарихты оқытуда мыналарға ерекше көңіл бөлу ұсынылады:

  • тарихты оқыту процесі білім алушының ақпараттың белгілі бір көлемін (тарихи даталар, ұғымдар, тұлғалар, оқиғалар) механикалық есте сақтауға емес, алған білімі мен білігін оқу мен тәжірибелік міндеттерді өздігінен шешумен сипатталатын тұлғалық құзыреттілігін дамытуға;

  • тарихи оқиғаларды, құбылыстар мен процестерді және тарихи тұлғалардың қызметін әлемдік және Отандық тарих контекстінде талдау және баға беру дағдыларын қалыптастыруға;

  • тарихи деректердің негізінде тарихи зерттеу жүргізу дағдыларын қалыптастыру мен дамытуға (гипотезаларды ұсыну, зерттеу сұрақтарын құрастыру, деректерді талдау, әртүрлі көзқарастарды салыстыру, нәтижелер мен қорытындыларды шығару, өзінің ұстанымын анықтау);

  • қазіргі кездегі саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени процестерде бағдарлану үшін тарихи білімдерін қолдана білу дағдыларын қалыптастыруға бағытталуы тиіс.

  • Мұғалімнің сабаққа әзірлейтін тапсырмалары келесі критерийлерге сәйкес болуы қажет:

    • тапсырманың, оның мақсаты мен орындалуының қолжетімділігі;

    • дифференциацияны көздеу;

    • сын тұрғысынан ойлауды дамытуға мүмкіндік беру;

    • проблемалық оқытуға негізделуі;

    • бағалау мүмкіндіктерінің бар болуы.

Баяндама, эссе жазу, презентация жасау және т.б.бойынша тапсырма беру
барысында мұғалімге оқушыларды тапсырманың критерийлерімен таныстыру ұсынылады.

  • Тарихты оқытуда білім алушының оқыған тарихи фактілер мен оқиғаларды кеңістікте бағдарлау дағдысын қалыптастыру мен тарихи картаны

«оқып», оны білім көзі ретінде пайдалануына көңіл бөлу ұсынылады.

Білім алушыларда тарихи картамен жұмыстың негізі 5-сыныптан қаланады, ол картаның шартты белгілерін қолдана білуі, тарихи және географиялық нысандарда дұрыс бағдарлана білуді қажет етеді.

Мысалы 6-сыныпта «VI-IX ғасырлардағы мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау»атты оқу мақсаты бойынша мұғалім білім алушыларға тарихи картаны пайдаланып түсіндіруге тапсырма бере алады, бұл білім алушылардың бойында уақыт пен кеңістікте бағдарлану дағдыларының дамуына септігін тигізеді. Сондықтан білім алушының алған тарихи білімін кеңістікте бағдарлауға мүмкіндік беретін картографиялық дағдысын дамыту ұсынылады. Бұл тарихи оқиғаларды, олардың өзгерісі мен даму жағдайын картада белгілеуге берілетін тапсырмалардан көрінеді. Білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, презентация, интеллект карталар, диаграммалар жасауға тапсырмалар беру ұсынылады.

7-9-сыныптарда тарихи картаның мазмұнын талдауды қажет ететін тапсырмалар жасай отырып, картамен жұмысты күшейту ұсынылады.

9-сыныпта тарихты оқыту білім алушылардың қазіргі заман тарихының маңызды процестеріне, құбылыстарға, оқиғаларға және ұғымдарға баса назар аударуға, тарихи оқиғаларды,