Файл: Орта білім беру.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.03.2024

Просмотров: 343

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.




  1. ата-аналары немесе заңды өкілдерінің келісімімен білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру бойынша жаңа сабақтың алдында, сенбі күндері, каникул күндері (күзгі, қысқы, көктемгі), жазғы мектеп кезінде консультациялар/жеке консультациялар, қосымша сабақтар ұйымдастыру.

Шектеу шаралары кезеңінде жіберілген білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру бойынша консультациялар/жеке консультациялар, қосымша сабақтар ұйымдастыру кезінде оқу бағдарламасы бойынша алдыңғы сыныпта қарастырылған келесі оқыту мақсаттарын қайталауға және бекітуге ерекше назар аудару ұсынылады:

10-сынып,«Алгебражәнеанализбастамаларыпәні»:

        1. - екі айнымалысы бар сызықтық және сызықтық емес теңдеулерді ажырату;

        2. - екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер жүйесін шешу;

        3. - екі айнымалысы бар теңсіздіктерді шешу;

        4. - екі айнымалысы бар сызықтық емес теңсіздіктер жүйесін шешу;

        1. - арифметикалық прогрессиялардың n-ші мүшесін, алғашқы n мүшелерінің қосындысын есептеу формулаларын, сипаттамалық қасиетін білу және қолдану;

        2. - геометриялық прогрессиялардың n-ші мүшесін, алғашқы n мүшелерінің қосындысын есептеу формулаларын, сипаттамалық қасиетін білу және қолдану;

        3. - арифметикалық немесе/және геометриялық прогрессияларға байланысты есептер шығару;

        1. - бұрыштардың қосындысы мен айырымының, жарты және қос бұрыштың тригонометриялық формулаларын қорытып шығару және қолдану;

        2. - келтіру формулаларын қорытып шығару және қолдану;

        3. - бірлік шеңбердің көмегімен тригонометриялық функциялардың анықталу облысы мен мәндер жиынын табу;


        1. - тригонометриялық функциялардың қосындысы мен айырымын көбейтіндіге және көбейтіндісін қосындыға немесе айырымға түрлендіру формулаларын қорытып шығару және қолдану;

        2. - тригонометриялық өрнектерді тепе-тең түрлендіруді орындау;

10-сынып«Геометрия»пәні:

        1. - доға ұзындығының формуласын қорытып шығару және қолдану;

        2. - сектор мен сегмент ауданының формулаларын қорытып шығару және қолдану;

        3. - іштей сызылған бұрыш анықтамасын және оның қасиеттерін білу;

        4. - дөңгелектегі кесінділердің пропорционалдылығы туралы теоремаларды білу және қолдану;

        1. - косинустар теоремасын білу және қолдану;

        2. - синустар теоремасын білу және қолдану;

        3. - іштей сызылған үшбұрыштың ауданын ( ???? = ???????????? , мұндағы ????, ????, ????

4????

  • үшбұрыштың қабырғалары, ???? сырттай сызылған шеңбер радиусы) және

сырттай сызылған көпбұрыштың ауданының (???? = ???? ∙ ????, мұндағы ???? іштей сызылған шеңбер радиусы, ???? − көпбұрыштың жарты периметрi) формуларын білу және қолдану;

        1. - шеңберге іштей немесе сырттай сызылған үшбұрыштардың аудандарын пайдаланып шеңбердің радиусын табу формулаларын білу және қолдану;

  1. сынып,«Алгебражәнеанализбастамаларыпәні»:

10.3.1.2 - функция графигіне түрлендірулер орындай алу (параллель көшіру, сығу және созу);

        1. - қарапайым тригонометриялық теңдеулерді шеше алу;

        2. - тригонометриялық теңдеулерді көбейткіштерге жіктеу арқылы шеше алу;

        3. - квадрат теңдеуге келтірілетін тригонометриялық теңдеулерді шеше алу;

        4. - біртекті тригонометриялық теңдеулерді шеше алу;

        5. - қарапайым тригонометриялық теңсіздіктерді шеше алу;


        1. - дифференциалдаудың ережелерін білу және қолдану;

        2. - функция графигіне жүргізілген жанаманың теңдеуін құрастыру;

        1. - функцияның кризистік нүктелері мен экстремум нүктелерінің анықтамаларын және экстремумының бар болу шартын білу;

        2. - функцияның кризистік нүктелері мен экстремум нүктелерін

табу;

        1. - туындының көмегімен функция қасиеттерін зерттеу және оның

графигін салу;

        1. - функцияның кесіндідегі ең үлкен және ең кіші мәндерін табу.

  1. сынып,«Геометрия»пәні:

      1. - үш перпендикуляр туралы теореманы білу және оны есептер шығаруда қолдану;

      2. - түзу мен жазықтық арасындағы бұрыштың анықтамасын білу, кескіндей алу және оның шамасын табу;

      1. - нүктеден жазықтыққа дейінгі және айқас түзулер арасындағы арақашықтықтарды таба білу;

      2. - кеңістіктегі перпендикуляр, көлбеу және көлбеудің проекциясы анықтамаларын білу.

      1. - кеңістіктегі вектордың координаталарын және ұзындығын таба білу;

      2. - кеңістіктегі коллинеар және компланар векторлардың анықтамаларын, векторлардың коллинеарлық шартын білу;

      3. - векторларды қосу және азайтуды, векторды санға көбейтуді орындау;

      4. - координаталық түрдегі векторлардың скаляр көбейтіндісі формуласын білу және оны есептер шығаруда қолдану.


4-кезең. Жұмысты талдау (әр оқу тоқсанының соңында).

Білім алушылардың білім сапасына жүргізілген жүйелі мониторинг нәтижелерін талдау және оларды әдістемелік бірлестікте, педагогикалық кеңесте талқылау ұсынылады.
«Информатика» оқу пәні

2021-2022 оқу жылында 10-11 сыныптарда «Информатика» оқу пәні ҚР БҒМ 2019 жылғы 7 наурыздағы № 105 бұйрығымен бекітілген жаңартылған мазмұн бойынша үлгілік оқу бағдарламасымен қоғамдық-гуманитарлық бағытта 15-қосымшаға және жаратылыстану-математикалық бағытта 14- қосымшаға сәйкес оқытылады.

10-11-сыныптарда «Информатика» оқу пәнін оқытуға бөлінген апталық жүктеме:

  • қоғамдық-гуманитарлық бағытта 1 сағаттан;

  • жаратылыстану-математикалық бағытта 2 сағаттан.

Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарда «Информатика» пәнін оқытудың мақсаты білім алушыларды компьютерлік жүйелерді, ақпараттық объектілерді, ақпараттық процестер мен жүйелерді құру және өңдеу, қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды практикада тиімді пайдалану, жаңа қосымшалар әзірлеу үшін қажет базалық біліммен, дағдылармен қамтамасыз ету болып табылады.

Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пән мазмұны веб-жобалау, сайт құру, мобильді қосымшалар әзірлеуге қажет білім мен дағдыларды меңгеруге бағытталған. Қосымшалар дайындауда конструкторлық программалық жабдықтар қолданылады..

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптарда

«Информатика» оқу пәнін оқытудың мақсаты білім алушыларды аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз ету саласында терең біліммен, іскерлікпен және
дағдылармен қамтамасыз ету, қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды практикада тиімді пайдалану үшін деректерді, ақпараттық процестер мен жүйелерді ұсыну, ақпараттық объектілерді, компьютерлік желілер мен ақпараттық қауіпсіздікті құру және өңдеу болып табылады.

Жаратылыстану-математикалық бағыт мазмұны компьютерлік техника мен ақпараттық технологияларды программалар дайындау үшін қолдануға қажет білім мен дағдыларды меңгеруге арналған. Веб-жобалау, сайт құру, мобильді қосымшалар әзірлеу программалау ортасында жүргізіледі.

10-11-сынып білім алушыларының оқу-ақпараттық құзыреттілігін дамытуда жеке немесе топтық зерттеу-жобалық жұмыстар жүргізіледі. Жобамен жұмыс істейтін білім алушылар жұмысты жоспарлау, мақсат қою, қажетті ақпаратты іздеу, гипотезаны ұсыну, дәлелдеу, эксперимент жүргізу, атқарылған жұмыс бойынша нәтижелерді ұсыну, талдау және бағалау жұмыстарын орындайды, сондай-ақ өз жобасын қорғайды.

«Информатика»пәнібойыншабілімалушылардыңбіліміндегіолқылықтардытолықтыружөніндеұсынымдар:

2021-2022 оқу жылында «Информатика» пәні бойынша шектеу шаралары кезіндегі оқу жылдарында жіберілген білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру және жаңа оқу жылының оқу бағдарламасын меңгерту бағытында мақсатты шараларды жыл бойы келесі кезеңдер бойынша жүргізу ұсынылады:

Диагностикалық