Файл: Орта білім беру.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.03.2024

Просмотров: 327

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

коммукативтік дағдыларды дамыту: өз ойын ауызша және жазбаша түрде анық жеткізе білу, топта жұмыс жасау, әртүрлі деректерден алынған ақпараттарды пайдалану.
«Дүниежүзітарихы»пәніненжаңартылғанмазмұндағыҮлгілікоқужоспарыбойыншаоқужүктемесі:

қоғамдық-гуманитарлықбағытта:

10-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағатты; 11-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағатты; жаратылыстану-математикалықбағытта:

  1. сынып аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты;

  2. сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты құрайды.


«Дүниежүзітарихы»пәніненТөмендетілгеноқужүктемесіменҮлгілікоқу жоспарыбойыншаоқужүктемесі:

қоғамдық-гуманитарлықбағытта:

10-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында 102 сағатты; 11-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында 102 сағатты; жаратылыстану-математикалықбағытта:

  1. сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағатты;

  2. сынып аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағатты құрайды. 2021/2022 оқу жылында 10-11-сыныпта «Дүниежүзі тарихы» оқу пәнінен

ТөмендетілгеноқужүктемесіменҮлгілікоқужоспарларыбойыншаоқу процесі «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі 115 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар
енгізу туралы» ҚазақстанРеспубликасыБілімжәнеғылым

министрінің2019жылғы7наурыздағы105бұйрығыменбекітілген оқу бағдарламаларымен жүзеге асырылады.

«Дүниежүзітарихы»пәнібойыншажиынтықбағалаусаны

Оқу пәнінен бөлім бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің нақты саны көрсетілген.

92- кесте. «Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша жиынтық бағалау саны

Сынып

Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау саны

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

10-сынып

1

1

1

1

11-сынып

1

1

1

1


ЖаңартылғанмазмұндағыҮлгілікоқужоспарынасәйкес 10-11-сыныптарда жаратылыстану-математика бағытында оқытылатын

«Дүниежүзі тарихы» пәнінің апталық жүктемесі 1 сағатты құрайды. Сондықтан, осы оқу жоспарымен оқытылатын «Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалау өткізілмейді, қорытынды баға жартыжылдыққа қойылады.

10-11-сыныптарда(ҚГБ)«Дүниежүзітарихы»пәнібойыншаоқу тоқсанының соңында білім алушылардың зерттеу жұмысы ұйымдастырылатын сабақтар өткізу көзделген.

Зерттеу жұмысын өткізу мақсаты: оқытылатын бөлім тақырыптарының жекелеген аспектілері бойынша теориялық материалды жинақтау, терең талдау және жүйелеу.


  1. сыныптағызерттеужұмысыныңтақырыптары:

  1. Әлемдік тарих контексіндегі өркениеттердің өзара әрекеттестік пен өзара ықпал ету тәсілдері.

  2. Әлемдік тарихтағы этникалық және әлеуметтік үдерістер.

  3. Әлеуметтік-экономикалық және саяси мәселелерді шешу жолдары

  4. Мәдениет адамзаттың рухани-адамгершілік құндылықтарының көрінісі ретінде

  1. сыныптағызерттеужұмысыныңтақырыптары:


  1. Әлемдік тәжірибені талдау негізінде Қазақстанның шектеулі табиғи- географиялық факторларын еңсеру перспективалары.

  2. XXI ғасырдағы әлем: халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жолдары мен тәсілдері

  3. Тұлғаның тарихтағы рөлі

  4. Жаһандану жағдайындағы ғылым мен техниканың перспективалы салалары.


«Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» оқу пәндері бойыншаоқупроцесінұйымдастырудағыәдістемелікерекшеліктер

    1. сыныпта «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» оқу пәнінің базалық білім мазмұны: «Өркениет: даму ерекшеліктері», «Этникалық және

әлеуметтік процестер», «Мемлекет, соғыс және революциялар тарихынан»,

«Мәдениеттің дамуы» бөлімдерін қамтиды.

    1. сыныпта: «Өркениет: даму ерекшеліктері», «Саяси-құқықтық процестер», «Қоғамдық-саяси ойдың дамуы», «Білім мен ғылымның дамуы» бөлімдерін қамтиды.

Бөлімдер сыныптар бойынша оқыту мақсаттарын қамтитын бөлімшелерден тұрады.Оқу мақсаттары әр бөлімше ішінде мұғалім мен білім алушыға болашақ қадамдары жөнінде өзара ой бөлісуге, оларды жоспарлау мен бағалауға мүмкіндік беретін бірізділік пен сабақтастықты көрсетеді.

Білім мазмұнын жаңарту жағдайында тарихты оқытуда – оқу мақсаттарын анықтау, оқыту мазмұнына сәйкес материалдарды саралау, оқытудың тиімді әдістерін дұрыс анықтау ұсынылады.

Оқу процесінде білім алушыны ынталы, қызығушылығы жоғары, дербес,сенімді,жауапты,талдаужасайалуғабағыттайтыноқытудыңтүрліформаларыұсынылады:

  • мұқият іріктелген тапсырмалар мен іс-әрекет түрлері арқылы білім алушыларды ынталандыра және дамыта оқыту;

  • білім алушыларды зерттеу және зерттеушілік жұмыстарын жүргізуге негізделген белсенді оқытуды ұйымдастыру;

  • білім алушылардың сыни ойлау дағдыларын дамыту;

  • білім алушылардың жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, деңгейлік тапсырмалар құрастыру;

  • білім алушылардың жеке, жұптық, топтық және тұтас сыныптық жұмыс түрлерін ұйымдастыруды қолдану;

  • оқу процесінде тарихи құжаттардың фрагменттерін талдау, ақпарат жинақтау және қорытынды жасау, себеп-салдарлық байланыстарды орнатуды және т.б. талап ететін тапсырмаларды кеңінен қолдану;

  • сабақта білім алушының біліміндегі кемшіліктерді уақытында анықтауға мүмкіндік беретін кері байланысты ұйымдастырудың әр түрлі әдістерін қолдану.


Жалпы орта білім беру деңгейінде білім алушылардың жас және танымдық ерекшеліктеріне сәйкес талдау, бағалау, зерттеу және жоспарлау дағдыларын қалыптастыратын әдіс-тәсілдер мен тапсырмаларды қолдану ұсынылады. Мысалы, эссе және есеп жазу, салыстырмалы талдау жасау (SWOT, PEST, GAP талдаулары) және т.б.

Оқу бағдарламасының оқу мақсаттары мен тәсілдерін тиімді түрде жүзеге асыру үшін «Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы» пәндері бойынша оқыту процесін төмендегідей тарихи концептілер (түсініктер) негізінде ұйымдастыру ұсынылады:

  • өзгеріс пен сабақтастық;

  • себеп пен салдар;

  • дәлел;

  • ұқсастық пен айырмашылық;

  • маңыздылық;

  • интерпретация.

Тарихи түсініктер негізінде оқыту тарихи оқиғалардың мағыналары мен маңыздылығын, үдерістер мен оқиғаларды «тез түсінуге» бағытталған, бұл пәннің мағынасын терең түсінуге көмектеседі.

Тарихи түсініктерге сүйене отырып, тарихи материалдарды талдауды жүзеге асыру ұсынылады. Нәтижесінде, білімалушылар тек қана пәндік материалды ғана емес, зерттеу процестері, дағдылар және біліктермен байланысты әдістерді игереді (материалдарды жинау мен реттеу әдістері, сұрақтарды құрастыру және дереккөздермен жұмыс жасау процесінде мәселені қоя білу білігі, сәйкестендіру әдістері мен дереккөздерді сыни бағалауы, зерттеу жоспарларын әзірлеу, материалдарды жинақтау және нәтижелерді тексеру).

Белгілі бір тарихи концептілерге негізделген оқыту нақты оқу материалының негізінде оқушылардың бойында тарихи ойлау дағдыларын қалыптастыруға және дамытуға мүмкіндік береді. Мұндай