Файл: Орта білім беру.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.03.2024

Просмотров: 321

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
бойыншамониторингжүргізугеұсынылатыноқумақсаттары:

10.1.1.3 құқық жүйесі және оның негізгі элементтерін түсіндіру (құқық нормалары, сала, ішкі сала, құқықтық институт);

10.1.3.2 адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын жіктеу (саяси, азаматтық, әлеуметтік, экономикалық және мәдени);

        1. Конституциялық құқық институт тарын құқықтық норма жүйесі ретінде түсіндіру;

        2. Конституциялық құқықтың қайнар көздерін анықтау және олардың міндеттерін түсіндіру (Конституция, Конституциялық заңдар, Конституциялық Кеңестің актілері және тағы басқалар);

10.2.4.1 қылмыстық кодекстің мазмұны мен құрылымын анықтау, 10.2.4.3 нақты мысалдар арқылы қылмыстық теріс қылық пен қылмысты қоғамдық қауіптілік дәрежесіне сәйкес сипаттау;

10.3.1.1 Қазақстан Республикасы азаматтық құқығының қайнар көздерін түсіндіру (Азаматтық кодексі, заңдар, заңға тәуелді актілер, Азаматтық кодексін толықтыратын және нақтылайтын ережелер);

        1. азаматтық құқық субъектілерін анықтау;

        2. азаматтық құқық объектілерін олардың елеулі белгілері бойынша ажырата білу;

10.3.3.2 Қазақстан Республикасының отбасылық қарым-қатынастарының құқықтық реттелуінің негізгі ұғымдары мен принциптерін түсіндіру;

10.3.4.1 Қазақстан Республикасының еңбек қатынастарын құқықтық реттеудің негізгі ұғымдары мен принциптерін түсіндіру;

        1. қылмыстық процестің негізгі міндеттері мен принциптерін түсіндіру;

        2. қылмыстық процесс субъектілерін ажырату;

        1. азаматтық процестің негізгі міндеттері мен принциптерін талдау;

        2. азаматтық процестің субъектілерін ажырату.


Сонымен қатар білім алушылардың талдау дағдыларын қалыптастыру, заңдармен және өзге де нормативтік құқықтық актілермен жұмыс істеуге және оларды практикалық жағдаяттарды шешу кезінде тәжірибеде қолдануына көңіл бөлу ұсынылады. Білім алушылардың коммуникативтік құзыреттілігін дамытуға, нақты құқық нормасына сілтеме жасай отырып, өз көзқарасын дәлелдей білуге ерекше назар аудару қажет.

«Құқық негіздері» пәні бойынша білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру құралы ретінде жаңа тақырыпты зерделеуде өткен тақырыптарды салалық белгі бойынша біріктіру ұсынылады.

Мысалы, 10-сыныпта 10.1.1.1 құқық белгілерін қорытындылай отырып, ұғымын түсіндіру оқу мақсатын 9.1.1.1 әлеуметтік нормалар жүйесіндегі құқық

ұғымы мен рөлін түсіндіру оқу мақсатын тапсырмаларда кіріктіріп беру ұсынылады; 11-сыныпта 11.3.1.1 келісімшарттың ерекше белгілерін айқындай отырып мазмұнын түсіндіруде 10.3.1.3 азаматтық құқық субъектілерін анықтау және 10.3.1.4 азаматтық құқық объектілерін олардың елеулі белгілері бойынша ажырата білу оқу мақсаттарымен кіріктіру ұсынылады.

Сонымен қатар «Құқықнегіздері»пәнібойыншабілім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру бойынша қосымшасабақтар,шағынтоптарменжұмыстыұйымдастырукезіндеоқупәндерібойыншакелесітақырыптардымеңгерту ұсынылады:

  • «Құқықтық мемлекет ұғымы және принциптері»;

  • «Адам құқықтары ұғымы және оның негізгі түрлері»;

  • «Қылмыстық құқық бұзушылықтар және қылмыстық жауапкершілікке тартылатын адамдар».

Білім олқылықтарының орнын толықтыру бойынша жұмысты ұйымдастыру кезінде белсенді оқыту
әдістерін (кейс-технологиялар, графикалық органайзерлер, имитациялық ойындар) және интерактивті (кластерлер, пікірталастар, дебаттар) қолдану ұсынылады.

Сыныптан тыс оқу-тәрбие жұмыстары білім алушыларды қоғамдық өмірге бейімдейтін, жұмыс тәжірибесін жинақтайтын, жаңа жағдайдағы қарым- қатынасқа үйрететін, қызығушылықтар мен талаптарды іске асыратын әлеуметтік ортаның бір бөлігі болып табылады.

«Өзін-өзі тану» оқу пәні

Біртұтас үдеріс ретіндегі өзін-өзі танудың нысаны болмыстың физикалық, психикалық және рухани аспектісі тұрғысынан қарастырылатын адам болып табылады. Адамның осы қырларының біртұтас болуы оның өзін-өзі анықтау, өз маңыздылығын арттыру, өзін іс жүзінде көрсете білу және өзін-өзі жетілдіру аспектілерінен тұратын үйлесімді дамуды қамтамасыз етеді. Бұл өзін-өзі танудың пәндік саласын анықтайды, сол сияқты оқу пәнінің танымдық, дамытушылық және тәрбиелік қызметтерін нақтылайды.

«Өзін-өзі тану» оқу пәнінің мақсаты білім алушылардың рухани- адамгершілік дамуы; олардың жалпыадамзаттық құндылықтар туралы білімді игеруі; оқушылардың сенімдерін, әлеуметтік маңызды тұлғалық қасиеттерін және өмірлік дағдыларын қалыптастыру.

Пәннің логикалық құрылымының мазмұны:

  1. сүйіспеншілік, денсаулық, еркіндік, бақыт, ар-ұждан, еңбек, тән мен рух үйлесімі, өмірдің мақсаты, адамның тағдыры, ой мен сөз және істің бірлігі тәрізді ұғымдарды ұғыну арқылы өзін-өзі тануға;

  2. отбасы, достық, қарым-қатынас, сенім, сыйластық, теңдік, сұхбат, өзара түсіністік, ынтымақтастық тәрізді ұғымдарды ұғыну арқылы өзге адамдарды тануға;

  3. табиғат, Отан, өмір, қоршаған әлеммен үйлесімдік; сенім, үміт тәрізді ұғымдарды ұғыну арқылы әлемді тануға;

  4. ақиқат, шығармашылық, мәдениет, адамзаттың ортақ үйі ретіндегі жер, адамзаттың бірлігі тәрізді ұғымдарды ұғыну арқылы адамзаттың рухани


тәжірибесін тануға мүмкіндік беретін жалпыадамзаттық құндылықтар жүйесі арқылы анықталады.

Оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

  1. 10-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

  2. 11-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат.

«Өзін-өзі тану» пәнінің 10-11-сыныптардағы базалық мазмұны төрт негізгі тарауды қамтиды: «Таным жолында», «Тұлғаның қалыптасуы», «Қоғамдағы өмір», «Адамзат әлемі».

«Өзін-өзі тану» пәні бойынша оқу үдерісін ұйымдастырудың маңызды шарты сабақта оқушының көңіл күйіне, өзін жақсы сезінуіне әсер ететін релаксация жасауға мүмкіндік беретін, денеге түсетін күшті азайтатын, шаршағанды сейілтетін, өз сезіміне, эмоциясына, рефлексиясына дем беретін әдістемелік тәсілдердің көмегімен дамытушы салауатты орта құру болып табылады.

«Таным жолында» атты бірінші тараудың тақырыптары оқушылардың жалпыадамзаттық құндылықтардың ерекшелігін саналы сезіну арқылы өзіндік бірегейлігін ұғыну мақсатын көздейді. Адамның өзімен-өзі және қоршаған ортамен үйлесімді қарым-қатынас орнату қабілетін дамытуға, өзінің эмоциялық күйін басқара алу білігін дамытуға, тұлғаны жетілдіру жолдарына, идеалды іздеу, мінез-құлықты тәрбиелеу, жауапкершілік, намыс пен абырой тәрізді қасиеттерін дамыту қажеттілігі туралы сөз қозғалады. Бағдарламада оқушылардың адамның ішкі әлемі, тұлғалық қасиеттерінің жан-жақтылығы, өмірлік ұстанымы, өзіне сенімі, сезімі сияқты ұғымдардың мәнін түсінуіне мүмкіндік беріледі. Адамның шыдамдылығы, көңіл-күйін басқара білуі тәрізді
жағымды жағынан көрінуі қарастырылады. Бағдарламада сонымен қатар адамның діни наным-сенімінің бостандығы және басқа адамдардың діни сезімдерін құрметтеп, төзімділік таныту мәселелеріне де назар аударылған.

«Тұлғаның қалыптасуы» тарауының тақырыптарында оқушылардың дүниетанымын олардың әлемге ашық бола білу, әлемді тану мен түсіну және әлемде жоғары адамгершілік ұстаныммен қатынас жасай алу қабілеттерін дамыту арқылы кеңейту көзделген. Бағдарламада адамның ішкі әлемі, оның шынайы бейнесі, тұлғаның рухани кемелденуі тәрізді мәселелердің тереңдігін ашу мүмкіндігі берілген.

«Қоғамдағы өмір» атты үшінші тараудың тақырыптық жоспары оқушылардың жағымды ойлау дағдылары мен адамдар арасындағы қарым- қатынас барысында туындайтын этикалық өмірлік қайшылықтарға саналы түрде, байыппен қарау дағдыларын дамытуға бағытталған. Жоғары сынып оқушыларына есею кезеңіне қадам басқан және өз жақындары, сыныптастарының ғана емес, сонымен бірге болашақ курстастары мен жұмыстағы әріптестерінің ортасында да ғибратты жағдай қалыптастыруда жауапкершілік шегін сезінетін адам тұрғысынан отбасындағы, ұжымдағы және қоғамдағы рөлі туралы өз көзқарасын реттеуіне тура келеді. Тарауда бағдарлама бойынша оқушылардың қоғамға қызмет етуі, тең дәрежелілік пен әділдік туралы, ер адам мен әйел адамның әлеуметтік рөлі туралы түсініктерін дамыту және тұлғаның өзіндік қалыптасуы, дүниетаным тәрізді ұғымдармен танысуы көзделген.

«Адамзат әлемі» атты төртінші тарауда оқушылардың адамзаттың мәдени мұраларына ізгілікті қатынасын дамытуға, өздерінің адамдық болмысы мен ақиқатқа жетудің өзіндік