Файл: Орта білім беру.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.03.2024

Просмотров: 316

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
жолын ұғынуына алғышарттар жасалған. Аталған тараудың мазмұны мен оқыту әдістері маңызды адамдық ақиқатты оқушылардың жалпыадамзаттық құндылықтар туралы мәліметтерді, адамзаттың тарихи, мәдени және рухани жолын түсінуін, адамның бүгінгі және болашақтағы мұраттарын тереңірек түсініп қорытындылап, жүйелеу арқылы тұжырымдауын көздейді. Бұл тараудың бағдарламасын зерделеу жоғарғы сынып оқушыларының басты адами құндылықтарды адамзаттың тарихи, мәдени және рухани жолы туралы мәліметтерді жинақтау және жүйелеу жолымен, оның қазірі мен болашағы, адамның жоғары басымдықтарға ие екендігін терең ұғынуы арқылы жүзеге асырылатындығы пайымдалады. Бейбітшілікке және адамдар арасындағы келісімге қол жеткізудің қажетті шарты ретіндегі адамдарды біріктіретін ауызбіршілік туралы оқушылардың түсініктерін дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Аталған тарау орта мектептегі өзін-өзі тану курсының қорытынды бөлімі болып табылады және әр оқушының ұлан-байтақ өмірлік кеңістіктегі өз рөлін, адамзаттың тұрмыстық міндеттерін атқарудағы алатын өзіндік орнын және әркімнің еңбегіне, дарынына және шығармашылығына сұраныс болатындай болашақты құруды ұғына алуларына бағытталған. Осының барлығы жоғары сынып оқушыларына адам үшін маңызды «бақыт» деген түсініктің мәнін ұғынуына көмегін тигізеді.

10-11-сыныптардың игеруіне ұсынылып отырған бағдарламаның өзгешелігі бұрын оқығандарын жинақтауға бағытталған, үлкен өмірге аяқ басқан орта мектеп түлегіне қажетті жиынтық болып табылатын құзыреттілігін одан әрі дамыту мен орнықтыруды мақсат ете отырып, оқушылардың басты жалпыадамзаттық құндылықтар
туралы білімдерін тереңдету болып табылады.

Мұғалім сабақ барысында, оқытудың әртүрлі стратегияларын қолдану арқылы мұғалім мен оқушының арасында сенімділік атмосферасын құрады.

  1. сыныпты бітірген соң білім алушы адам өміріндегі жалпыадамзаттық, этномәдени және ұлттық құндылықтардың өзара байланысын және арақатынасын түсінеді; жағымды қарым-қатынас мәдениетін біледі және күнделікті өмірде іс жүзінде көрсете алады; өзінің және басқа адамдардың көзқарас, пікірлері мен қылықтарын талдап, сыни тұрғыдан бағалай алады; отбасындағы жағымды қарым-қатынас құндылығын, отбасын құру жауапкершілігін сезінеді; өмірдің мәнін түсінуге ұмтылады; өзінің жеке уақытын өзі және қоғам үшін тиімді ұйымдастыра алады; әртүрлі дереккөздерінен алынған ақпараттарды салыстырып, талдап, сыни тұрғыдан бағалай алады; өз пікірі мен көзқарастарын еркін, дәйекті түрде жеткізіп, негіздей алады, өзінің пікірінен алшақ пікірлерге төзімділік таныта алады; қоғамға қызмет етудің практикалық дағдыларына ие болады; өзінің азаматтық ұстанымын қорғайды; басқа ұлттар мен конфессия өкілдеріне, адамның қоғамдағы орны мен оның жеке қасиеттеріне қатыссыз құрмет пен төзімділік танытады.

  2. сыныптыбітіргенсоңбілімалушыадам үшін жалпыадамзаттық, рухани-адамгершіліктік құндылықтардың маңызын түсінеді; өзара адами

қарым-қатынастарды тани алады және оны бағалай біледі; командада еңбектене біледі, топ пен ұжымда өз мәртебесін
анықтай алады; адам өміріндегі отбасын құрудың маңызын саналы түсініп, есею өміріндегі болашағын сезіне алады; өзінің мінез-құлқын, эмоцияларын басқара алады; эстетикалық талғамға, жақсы әдеттерге ие,жақсы әдеттерін көрсете алады, күнделікті өмірде сұлулық заңдылықтарын пайдаланады; өз ойы мен сезімдерін еркін жеткізеді; қоршаған әлеммен үйлесімді қатынас құруға ұмтылады; өзінің ұстанымдары мен нанымдарын қорғай алады; қиянат жасау мен қатыгездікке қарсы тұрады; отбасында, ұжымда денсаулық сақтау ортасы жағдайларын жасау және қолдау үшін білімдері мен іскерліктерін қолданады; өзін-өзі жетілдіру үшін өмірлік жағдаяттарды шығармашылықпен және тиімді пайдалана алады; өзін-өзі қалыптастыруға ұмтылады; жалпыадамзаттық құндылықтарды басшылыққа ала отырып, өмірлік әртүрлі жағдаяттарда жауапты шешімдер қабылдай алады.

«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» оқу пәні

Оқу пәні жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттардағы инварианттық компоненттің стандартты деңгейіндегі таңдау пәні болып табылады. «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәнін жалпы білім беретін мектептердің 10-11-сыныптарында оқыту Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 7 наурыздағы № 105 бұйрығымен бекітілген Үлгілік оқу жоспарына сәйкес жүзеге асыралады.

«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні кәсіпкерлік саласының негізгі ұғымдары мен заңдарын зерделеуге, білім алушылардың іскерлік ойлауын қалыптастыруға, белсенді өмірлік ұстанымды таңдауға, қазіргі жағдайда болашақта өз бетінше өмір сүруге арналған дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.

Оқу материалының мазмұны оқу процесінің геймификациясы (ойын техникасы) принциптеріне және кейстік жұмысқа негізделген.

Геймификацияны (ойын техникасын) кеңінен қолдану материалды түсінуді жеңілдетіп қана қоймай, сондай-ақ келешекте шынайы жағдайларға лайықтауға болатын алғашқы пайдалы дағдыларды қалыптастыруға бейімделген.

Кейстік (ситуациялық) оқыту әдісі бір жағдайға стандартты емес тәсілдемелерді қолданып, креативтілік танытуға шынайы мүмкіндік береді.

«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» оқулығы бойынша оқыту PBL (Project Based Learning) әдістемесі негізінде де құрылған. Сөзбе сөз бұл термин

«жобалық оқыту» деп аударылады. PBL әдістемесі әр оқушының оқу үдерісіне белсенді қатысуын білдіреді. Бұл ретте мұғалім барлық үдерісті үйлестіреді, бірақ сонымен қатар оқушыларға шығармашылық пен дербес шешімдер
қабылдау үшін еркіндік береді, оқушылар әртүрлі мәселелер бойынша сарапшылардың рөлін өз мойнына алып, өздерін сынап көреді.

Әдістеменің негізгі ұғымы «жоба». Оқушылар пәнді оқытудың 11-сыныбының бірінші және екінші тоқсанында осындай «жобаны» дамытуы тиіс. Алдымен олар өз командасына мамандарды тартуға тырысатын стартаптың негізін қалаушысы рөлінде өзін елестету керек. Содан кейін олар

басшылар, маркетологтар, зерттеушілер сияқты өз стартаптарымен жұмыс істейтін болады. Оларға өз клиентін зерттеуге, өз өнімінің прототипін жасауға, серіктестерді табуға және т.б. көптеген әрекеттер жасауына тура келеді.

Оқушылар тапсырмаларды алып, оны орындау уақытын білетін болады. Басқа ешқандай шектеулер жоқ. Қандай өніммен айналысу керек, оны жылжыту үшін қандай әлеуметтік желіні таңдаса жақсы болады, олардың бизнесі үшін кім үздік серіктес болып табылады және т.б. осы секілді сұрақтарға алдын ала қайсысы «дұрыс» екеніне нақты жауап берілмейтіндіктен, мұндай тәсілде «дұрыс» - «дұрыс емес» позициясынан соңғы нәтиже емес, командалық жұмыс, команда мүшелерінің жобаға тартылу дәрежесі, олардың көрсеткен күш-жігері мен ынтасы, олардың іс-әрекеттерінің жалпы бағыты мен қисындылығы бағаланады.

Нақты мәселеге шоғырлану оқушыларға қысқа уақыт ішінде зерттелетін мәселенің көптеген қыр-сырын білуге мүмкіндік береді, осылайша, осы әдістеме бойынша егер нақты нұсқаулықтар, жұмысты бағалау критерийлері, шектеулі уақытты беріп, бірақ оны жұмыс стилінде және тәсілде шектемесе кез келген адамды белгілі бір жұмысқа дайындауға болады.

Жобалық жұмыс оқушыларға материалдың едәуір бөлігін