Файл: 6шы семестр 1 блім Дниежзілік кмір кені геологиялы орларыны сипаттамасы 6 саат.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 19.03.2024

Просмотров: 97

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

Бақылау сұрақтары Күртқұлама тақталарды қазу кезінде горизонттық дайындауды қолданады ма? Жазық жатысты тақталарды қазу кезінде горизонттық дайындауды қолданады ма? Бос жыныстар бойынша арналық штректерді жүргізіледі ме? Ұсақ бөліктерге қазу горизонтын бөледі ме? Горизонт шегінде тазартпа жұмыстарын жүргізудің кері тәртібін қолдануға рұқсат етіледі ме? Оқыс лақтырысқа бейімділікті тақталарда шақты алабын дайындау кезінде оқыс лақтырысқа бейімді емес жыныстарда қазбаларды толтыру талап етіледі? Әр түрлі қазу горизонттарының шегінде түрлі дайындау тәсілдерінің қолданылуы мүмкін бе? Қазу горизонтының шегінде диагональдық тәсілдердің қолданылуы мүмкін бе? Горизонттың шегінде тазартпа кендарларының жылжу бағытын таңдауға төбе жыныстарындағы жарықшақтардың бағыты әсер етеді ме? Оқыс лақтырысқа бейімділікті тақталарда даярлаушы қазбаларды жүргізу мүмкін бе? Қазу горизонтын қандай бөліктерге бөледі? Неге төбе жыныстарындағы жарықшақтардың бағытына тазартпа кенжарының жылжу бағыты тәуелді? Қорлары. Панелдер мен этаждарда тақтаны өрлеме (құлама) бағыты бойынша лавалармен қазымдайтын шақтыларды атаңыз? Қандай жағдайларда жазық даярлау қазбаларын далалық жүргізу талап етіледі? [3, пп. 6. I, 6.2, 6.7]. Магистральдық бейкендік қуақаздарды қорғау үшін қандай тәсілдерді қолданады? [3, пп. 6.3, 6.8]. Далалық арналық штректерді лаваның артындағы кен алынған кеңістікке орналастыратын шақтыны атаңыз? Қандай жағдайларда бітеме жолақтарын қолданған даярлау қазбаларын кен кенжатмен жүргізу ұсынылады? [3, п. 6.12]. Неге далалық арналық штректерді учаскені (панелді, блокты) қазымдағаннан кейін кен алынған кеңістікте орналастыру керек? [3, п. 6.3] Қандай далалық штректерді көмір тақтасы бойынша жүргізуге рұқсат етіледі? [3, п. 6.2]. Шақты алабын дайындаудың горизонттық тәсілі панелдік тәсілден қандай айырмашылығы бар? Қандай мақсаттарда қазу горизонтының еңістік бөлігінде қосалқы еңіс жүргізіледі? Қазу горизонтының еңістік бөлігінің өлшемі 1 км қандай жағдайларда аспауы керек? [1, § 197], Горизонтты қазымдау ұзақтылығын көрсетіңіз [6, с. 47]. Горизонтты қазымдау ұзақтылығы неге технологиялық жобалау нормаларында көрсетілгеннен кем болмауы керек? [7, п. 2; 6, c. 47]. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі1. Правила безопасности в угольных и сланцевых шахтах: Утв. М-вом угольной пром-сти СССР 18.08.86 и Госгортехнадзором СССР 12.09.86. - М. : Недра, 1986. - 447 с.2. Правила технической эксплуатации угольных и сланцевых шахт: Утв. М-вом угольной промышленности СССР 5.01.75. - М. : Недра, 1976. - 152 с.3. Указания по рациональному расположению, охране и поддержанию горных выработок на угольных шахтах СССР: Утв. М-вом угольной пром-сти СССР 26.12.84. - Л.: Недра, 1986. - 222 с.4. Технологические схемы разработки пластов, склонных к самовозгоранию: Утв. М-вом угольной пром-сти УССР. - Донецк, 1972. – 33 с.5. Инструкция по безопасному ведению горных работ на пластах, склонных к внезапным выбросам угля, породы и газа: Утв. М-вом угольной пром-сти СССР 6.10.76 и Госгортехнадзором СССР 21.09.76. - М. : Недра, 1977. - 158 с.6. Технология подземной разработки пластовых месторождений полезных ископаемых /Под общ. ред. проф., д-ра тех. наук А.С.Бурчакова. - М. : Недра, 1983. - 487 с.7. Основные направления и нормы технологического проектирования угольных и сланцевых шахт: Утв. М-вом угольной пром-сти СССР 13.09.66. - М. : Недра, 1986. - 62с.8. Руководство по проектированию вентиляции угольных шахт: Утв. М-вом угольной пром-сти СССР 10.04.74. - М. : Недра, 1975. - 237 с.9. Государственные стандарты СССР. Горная графическая документация: ГОСТ 2.850-75 - 2.857-75. - Введ 1.01.80. – М. : Недра 1983. – 200 с.10. Методические положения по оценке и выбору способов подготовки шахтных полей по фактору горного давления /ИГД им. А.А. Скочинского. – М.: Недра 1985. - 19 с. 11. Разработка пологих и наклонных пластов /С.А. Саратикянц, А.Ш. Зельвянский, А.А. Лещинский, Ю.К. Батманов. - М.: Недра, 1977. - 187 с.12. Дополнения к "Руководству по проектированию вентиляции угольных шахт / МАКНИИ. - М. : Недра, 1981. - 72 с.№ 3-ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС. Екі жақын тұрған тақталарды бірге қазудың технологиялық варианттарын жобалауТапсырма: берілген жағдайлар үшін (11.3 - кесте) тақталар қабаттарын дұрыс қазуды жобалау.Жұмыстың мақсаты: тақталар қабаттарын бір уақытта бірге алу немесе әр қабатты әр уақытта жеке-жеке тақта түрінде алуды дұрыс жобалауды үйрену.Практикалық оқу объектілері: тау-кен қазбаларының бірлескен жоспарларынан көшірмелерге тақталарды қазымдаудың кен-геологиялық жағдайларын (ұстынды құрлымдарын, тақтаның және жыныстардың физика-механикалық қасиеттерін, олардың қуаттылығымен қаттылықтарын (бекемділіктерін),тақталардың арақашықтығын және т.б. қасиеттерді) көрсете. Бұл айтылғандар тақталарды жеке-жеке немесе топтастыра қазу варианттарын анықтауға көмек жасайдыЖұмысты ұйымдастыру: әрбір студент тау-кен жұмыстарының жоспарынан көшірмені алады.Қазуды жобалау кезінде сала мен бассейнде жұмыс істейтін нормативтік құжаттарды басшылыққа алған дұрыс.Жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқауларЖұмысты кезең-кезеңімен орындаған дұрыс.№ 1-кезең. Кестеде және тау-кен қазбаларының жоспарынан көшірмеде берілген тақталардың қасиеттерін оқып білу. Тақталардың терең меңгерілген қасиеттерінің негізінде төменгі материалдарды қабылдау және дәйектеу: - берілген тақтаның құлау бұрышын ескере топты тақталарды қазымдау кезінде лавалардың жылжу бағытын [2, § 22];- әрбір тақтаның суландырылуын ескере топты тақталарды қазымдау кезінде лавалардың жылжу бағытын;- тақтаның оқыс лақтырысқа және өздігінен жануға бейімділігін ескере топты тақталардың реттік қазымдалуын [2, § 157, 186-188; 3, п. 39; 6, пп. 7.4, 7.6-7.8];- тақтаның оқыс лақтырысқа бейімділігін және тақталар арасындағы қашықтықты нормалар бойынша ескерумен қазылатын тақталардың лавалар арасындағы созылымы бойынша қашықтығын [2, § I9I; 3, п. 120; 6, п. 7.6];- әрбір тақтаның өздігінен жануға және оқыс лақтырысқа бейімділігін ескере әрбір тақта бойынша ярустарды (этаждарды) қазымдау тәртібін [2, 187, в; 4, п. 2; 5, п I.3];- әрбір тақтаның өздігінен жануға және оқыс лақтырысқа бейімділігін ескере әрбір тақта бойынша алу учаскелерінің желдету схемаларын [3, пп. 38 е., 44; 4, п. 2; 5, п. 1.3.];7. Метан газының бөлініс көздерінің үлес салмағын ескере тақталар бойынша алу учаскелерінің желдету схемаларын [7, с. 27-28];8. Нормаль бойынша тақталардың арасындағы қашықтықты және тақтаның оқыс лақтырысқа бейімділігін ескере тақталарды топты немесе жеке-жеке қазымдауын [2 § 186; 6, п.7.6];- қазылатын тақталардың қуаттылығын және тақталардың оқыс лақтырыcқа бейімділігін ескере ярустың (этаждың) бір қанатының шетінде қазылатын тақталарда лавалардың орналасуы кезінде тақталардың бір мезгілде топты қазымдалуын;- m1¹m2 болған кезде және әр түрлі ярустарда (этаждарда) лавалардың орналасуы кезінде, топты тақталарды кезектікпен қазуда, созылым бойынша лавалар арасындағы қашықтық панел қанатының ұзындығынан үлкен;- тақталар арасындағы қашықтықты, тақталардың қуаттылығын және олардың қасиеттерін ескере қазылатын тақталарға қатысты топты штректердің орналастыру орындарын [6, пп. 6.3, 7,4; 3, п. 45];Ескерту. Қабылданған шешімдерді ескере топты тақталарды қазудың схема сызу ұсынылады.№ 2-кезең. Қазылатын тақталардың төбесі мен табан қасиеттерін оқып білу. Төбе және табан жыныстарының қасиеттерін терең меңгеруде төмендегі материялдарды қабылдау және дәйектеу қажет:- қазылатын тақталардың қазбаларын қорғау тәсілін таңдау үшін төбенің құлағыштығы бойынша негізгі төбені кластарға бөледі [6, п 3.I4];- топтық штректерді орналастыру орнын таңдауға арналған Hр/ Rcn көрсеткіші бойынша тақталардың табан жыныстарының ісінуге бейімділігін [6, п.7.44]; - топталған үстіңгі тақтаның кен алынған кеңістіктің шекараларына қатысты топтық қазбалардың орналасуын [6, пп. 6.3, 7.6, 7.7];- кен алынған кеңістіктің шекараларына қатысты қазылатын тақталар бойынша топтық қазбалардың орналасуын [3, пп. 6,3, 7.12];- қазбаларды қабылданған қорғау тәсілдеріне сәйкес жасанды қоршауыштардың типтері мен шамашарттарын [3, пп. 7.14, 7.15, 7. 17];- негізгі төбе жыныстарының құлағыштыққа бейімділігін ескере қазбаларды қайтадан қолдану мақсатымен топтық қазбаларды қорғау тәсілдерін [3, пп. 7.36, 7.60].- тақталардың құлау бұрыштарын ескере топтық штректерді көршілес тақталардың қазбалары мен қосатын квершлагтардың ара қашықтықтарын және бірікткретін қазбалардың типтерін [1, § 197];- қазбалардың көлденең қимасының ең аз аудандарын [I, § 49; 2, § 116].№ 3 кезең. Графикалық бөлікГрафикалық бөлімде тақтаның құлама сызығы бойынша кесінділері көрсетіледі, егерде көмір тақтасын жазылым бағыты бойынша қазып алатын болса немесе тақтаның жазылым сызығы бойынша кесінділері көрсетіледі. Егерде көмір тақтасы өрлеме-құлама бағыты бойынша қазып алатын болса (М 1:5000; 1:2000). Сызбада, сондай-ақ даярлық және тазартпа қазбаларының кесінділері көрсетіледі.Сызбада шартты белгілермен тақталық және топтық қазбалар бойынша таза және шықпа желдетпе ағындарының, сондай-ақ жүктердің толассыз жеткізілу бағыттары көрсетіледі.Бақылау сұрақтары Топты тақталарды лавалармен тақтаның өрлеме немесе құлама бағыты бойынша қазып алуға бола ма? Өрлей алу тәртібінде жақын орналаспаған тақталарды қазып алуға бола ма? Жақын оналаспаған тақталарды өрлей алу тәртібі мен қазып алуға бола ма? Жақын орналасқан даярланбаған тақталарды құлама алу тәртібімен қазуға бола ма? Үстіңгі тақтаның кен алынған кеңістігінде топтық штректерді орналастыруға бола ма? Жақын орналасқан даярланбаған тақталарды құлама алу тәртібімен қазуға бола ма? 11.3 – кесте– Берілген жағдайлар үшін тақталар қабаттарын дұрыс қазуды жобалау

№ 6-ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС. Варианттар әдісімен шақты алабын ашу тәсілін таңдау

алғашқы жұмыстар кешені


Дәрістердің қысқаша жазбасы

6-шы семестр

1- бөлім Дүниежүзілік көмір кені геологиялық қорларының сипаттамасы (6 сағат)

1-тақырып Тақта көмір қорлары және оларды қазып өндіру жағдайлары (2 сағат)
Дәрістер жоспары

  1. Курстың мазмұңы, мақсаты және міндеті.

Тақталық кендерді жерасты қазып өндіруді жетілдіру. Тау-кен инженерінің практикалық қызметі үшін курстың маңызы. Курстың шектес және өндірістік практикамен байланысы. Негізгі бөлімдердің мазмұны және оларды оқу әдістемесі. Кенөндіріс өнеркәсібін келешекте жетілдіру.

  1. Көмір тақталарының геологиялық көмір қорлары және оларды

қазып өндіру жағдайлары.

Жалпы мәлімет. Тақталарды аудан, свита және қуаты бойынша бөлу. Көмірлік. Көмірлердің сапасы. Көмір тақталарың қазып өндірудің кен-геологиялық жағдайы.

  1. Көмір тақталарының кентехникалық сипаттамасы.

Шақты фондасының күйі және Қазақстан Республикасының көмір өндірілімін жетілдіру.
Дерістің қысқаша мазмұңы.

Индустриальды жетілдірілген елдерде көмір өнеркәсібін жетілдірудің

негізгі бағыты болып мыналар саналады: үлкен тереңдіктерде кен жұмыстарын жетілдіру; кен өндірісін диверсификациялау (жұмыс орындарынан айрылған адамдарды басқа мамандыққа қайтадан оқытып үйрету); кен шаруашылығын тиімділеу (оптимизациялау) (кешен: шақты-ЖЭҚ); кен өндіріс мәселерін жүйелі шешу (тазартпа кенжарынан жербетіне дейін); ауыркөлемді үдірістерді механикаландыру (тазартпа кенжарлардың штректермен түйіспе жерлерін, жөндеу және жеткізу жұмыстарын, сондай-ақ лава бойынша); кен жұмыстарын электрлендіру және автоматтандыру, автоматтандырылған шақтыларды құру; кен жұмыстарын шоғырландыру; өндірістік үдірістерді интенсивтендіру: жоғарыөнімділі, берік және жоғары ресурсты жабдықтарды еңгізу.

Қазақстанның көмір қоры 250 млрд. т. құрайды. Ірі кен орындар: Торғай (Солтүстік Казақстан) – 62 млрд. т., Іле (Оңтүстік Казақстан) – 17 млрд. т.,

Жыланшы –

Жибасты – 10 - 17 млрд. т.

Қараганды –

Майкөбе – 3 - 4 млрд. т.,

Кендір, Қаражар, Шығыс-Орал, Шұбаркөл, Жоғарысоқыр, Борлы – 1 - 2 млрд. т.

Қарағанды көмір бассейінің көмірлерін жерасты қазымдауда көмір индустрияларын жетілдіру перспективалары мыналар:

- жұмыс істейтін және біріктірілген шақты алабтарын толығымен қайта жоспарлау. Бұл жағдайда ашу, дайындау және қазу жүйелері өлшемі үлкен алу алабтарын қазымдауды қамтамасыз етуі қажет (алу алабының ұзындығы - 2,5-3,5 км кем емес және лаваның ұзындығы - 250-350 м); тазартпа жиынтықтарын кері қайтара технологиялық схемаларды қолдану немесе прогрессивтік схема бойынша жиынтықты бөлшектей көрші жинама кенүңгіріне құрастыру; алу бағандарының ұзындықтарын ұлғайту үшін далалық аралық қазбаларды қолдану; шақты алабтарын “шақты-лава”, “шақты-тақта” принципті схема бойынша қазымдау (кен жұмыстарын қарқындата және жоғары шоғырландыра, яғни тазартпа кенжар жүктемесін 8-10 мың т тәулігіне және одан да жоғары, ал даярлау қазбаларының өту жылдамдықтарын 50-70 м/тәулігіне жеткізе, күтіп ұстау қазбаларының көлемін бір лаваға шаққанда 10-15 км азайта); қуаты шамалы және күрделі құрылымды тақталарды қазу (Қарағанды бассейнінде көмірдің қоры 20 - 25%); бұрында қалдырылған қорларды қайтадан алу; жолшыбай бөлінетін метанды тұрмыстық және өндірістік мақсатпен қолдану; шетелдік өндіріс тауарларын ауыстыруды құрастыру; өндірісті диверсификациялау (басқа жағдайға бейімдеу – босаған жұмысшыларды жаңа мамандыққа қайта оқытып үйрету); әрбір шақтыдағы жұмысшылардың санын 500-1000 адамға дейін жеткізу; жабдықтарды жалдау; күрделі кен-геологиялық жағдайларда көмірлерді қазымдау; геотехнологиялық шақтылық казуды жетілдіру –
жерасты газификациясын; күрделі кен-геологиялық жағдай үшін техникаларды жасау; шламдардан брикеттерді (сомдамаларды) өндіру; еңбекті ұйымдастыру формаларын рациональды қолдану және істеп тұрған жабдықтардың қолданулығын жақсарту; кен жұмыстарының қауіпсіздігін жоғарылату; әлеуметтік зәрулікке шығындарды өсіру; шақты жыныстарын игілікті қолдану.

Көмір тақталарын қарқынды қазу үшін жоғары тиімділі технологиялық схемаларды еңгізуге кедергі жасайтын себептерге табиғи және кентехникалық факторлар жатады: жұмыстық горизонттардағы қазу алабтары өлшемдерінің кішірейуі (кен жұмыстарын күрделі жоспарлау және шақты алабтарын талдай қазымдау салдарынан); кен тақталарын кен-геологиялық және кентехникалық жағдайда қазудың күрделілігі (көмірді кәдімгі тәсілмен қазуға ауыртпалық жасайды ); кен жұмыстарының тереңдетілуі (тау-кен қазбаларын жүргізуде және күтіп ұстауда шығындардын өсіуі, желдету, тазартпа кенжарларында тау-кен қысымдарын басқару және жұмыс қауіпсіздіктерін азайту).

Негізгі эдебиеттер: 1-4, 5-13

Қосымша әдебиеттер: 14-21

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (1-тақырып) /1-4, 5-13/
1.Көмірді өндіру перспективаларын жетілдіру және шақты фондасының күйі.

2.Көмірді өндіру перспективаларын жетілдіру және дүниежүзілік шақты фондасының күйі.

  1. Кенөндіру кәсіпорындарының әртүрлі түрлеріне анықтама беру.

  2. Қарағанды көмір бассейдерінде көмірлерді жерасты өндіру

перспективаларын жетілдіру.

2-тақырып Көмір тақталарын қазудың дүниежүзілік тәжірибесі (2 сағат)
Дәрістер жоспары

1. Көмір тақталарын қазудың дүниежүзілік тәжірибесі. Көмір тақталарын қазу технологияларын жетілдірудің бірбеткейлігі. Ашық және жерасты қазу тәсілдері.

2. Тақталарды қазудың кен-технологиялық және кентехникалық жағдайлары. Жобалау және шақты құрылысы кезінде әртүрлі категорияларды оқуда қорлардың болулығына қойылатын талап. Есептік, есептелмес қорлар. Жоғалым, олардың жіктелуі. Көмірді қазуда жоғалымды экономикалық бағалау және мөлшерлеу. Кен орындарын шақты алабтарына бөлу. Шақты алабтарының пішіндері.

3. Шақтының қуаты және қызмет мерзімі. Статикалық және динамикалық заңдылық
Дәрістің қысқаша мазмұңы.

Ашық тау-кен жұмыстарының артықшылықтарына мыналар жатады: кәсіпорынның өндірістік қуатының жоғарлығы (орта есеппен - 4 млн. т/жылына); жекелендірілген жабдықтардың қолдану қуатының жоғарлығы; жоғары еңбек өнімділігі (орта шамамен - 450 т/айына); қазылым өзіндік құнының төмендігі (шамамен 300-400 тенге/т). Кен жұмыстарының қауіпсіздік дәрежесінің үлкендігі (электр жабдықтарының атқару қалыптылығы, газдың болмауы, шанның аздығы, қысылу жағдайының төмендігі).


Ашық тау-кен жұмыстарының кемістігіне мыналар жатады: қоршаған ортаға үлкен зиян келтіріледі (аумақтын үлкендігі, жерді құрғату, шаңның үлкен аймаққа тарауы); сапасының төмендігі (эрозиясы, жоғары күлділігі 40-60%), көмір калориясының төмендігі ( Шұбаркөл үшін 4,5-5,0; Борлы 5-6 мың ккал/кг, сынау үшін - Қараганды бассейінің көмір күлділігі - 31%, көмірдің калориялығы 6 – 7 мың ккал/кг); шамалы қуатты тақталарды қазымдау мүмкінділігі еместігі ( 1,5 м кем); терендіктін өсуіне байланысты кен жұмыстары өндірісіне шығынның тез өсуі.

Жерасты кен жұмыстарының артықшылығы: жоғары сапалы жұқа тақталарды қазымдау мүмкіндігі; көмір күлділігінің төмендігі – 30% дейін; қоршаған ортаға зияндылығының аздығы; үлкен тереңдіктегі көмірлерді қазымдау мүмкіндігі.

Жерасты тау-кен жұмыстарының кемістігі: кен қожалығын бағып күтуге және кен орындарын ашу мен дайындауға шығынның көп жұмсалуы (газсыздандыру, желдетпелеу, жөндеу); электр жабдықтарына қойылатын жоғары талап; еңбек өнімділігінің төмендігі және өндірілімнің өзіндік құнының жоғарлығы; кен жұмыстарының орындалу қауіптілігі .

Көмір тақталарының жатысы келесі кен-геологиялық факторлармен сипатталады.

Тақталар қалыңдығыы.Көмір тақталары қалыңдығына қарай келесідей төрт топқа бөлінеді:

- өте жұқа – 0,7 м дейін;

- жұқа – 0,71ден 1,2 м метрге дейін;

- орташа қалың – 1,21ден 3,5 метрге дейін;

- қалың – 3,5 метрден жоғары.

Тақтаның құлама бұрышы.. ТМД елдерінде тақталар құлама бұрыштары бойынша мынадай болып бөлінеді:

- жазық (0 – 18о);

- көлбеу (19 - 35°);

- құлама (36 - 55°);

- тік құлама (56 - 90°).

Кенорны зерттелуіне байланысты үш (А, В, С) деңгейге (категорияға) бөлінеді:

- А деңгейге – зерттеу жұмыстарымен дәлелденіп, нақтылы алынған қорлар жатады.

- В деңгейге – бұл деңгейге жататын қорлар, геологиялық бақылау және біраз жүргізілген барлау жұмыстарына байланысты болуы мүмкін.

- С деңгейге – геологиялық болжам және геофизикалық зерттеумен жартылай нақтыланған, не болмаса табиғи ашылып жатқан кенорындарының болжамды қоры жатады.

А және С қорлары өздерінің зерттелу дәрежесіне байланысты


қосымша деңгейлерге (А1 және А2 мен С1 және С2) бөлінеді. Есептелінген қорлар мемлекеттік комиссиямен бекітілгеннен кейін баланстық қорлар санына енеді. Сонымен, баланстық қатарына А, В, С1 қорлары жатады. Мұндағы С1 деңгейіне жататын қорлар жоғарғы деңгейге жататын қорлардан бөлек есептелуі керек. Пайдалы кендердің сапа жағынан өндіріс талаптарына сәйкес келетін, ал көлемі, жерасты орналасуы, қаржы жағдайы, техникалық жетістігі бойынша қазып алуға қолайлы қорларды баланстық деп атайды. Экономикалық тұрғыдан қарағанда, кейде әртүрлі себептерге (қор тапшылығы, керекті заттар құрамының төмендігі, қорыту үдірістерінің күрделігі) байланысты қорлар тиімсіз болып саналады. Бірақта, болашақта бұл қиыншылықтарды жоятын мүмкіншіліктер туса, қазып алу жүйелерінің жаңа түрі ашылса, онда қорлар ерекше есепке алынып, баланстан тыс қорлар деп аталады.

Тау-кен өндірісі жобалау және салу үшін А және В деңгейі қорлары және болашақта барлау жұмыстарын жалғастыруына байланысты С деңгейінің А және В деңгейіне ауысуына қарасты есептелуі керек.

Жобалау жұмыстарында пайдалы кеннің өндірістік қоры есепке алынады. Олардың қатарына жерасты алынатын қорлар жатады. Басқаша айтқанда өндірістік қор баланстағы қор мен жерасты қалатын шығындар айырмашылығына тең.

Пайдалы кен шығындарының көлемі және оларды қалдыру себептері кенорындарын жерасты қазып алу әдістеріне байланысты. Пайдалы кен шығындары бірнеше топтан тұрады:

- шақтылық жалпы шығындар.Олар жерүсті құрылыстарын сақтап тұру үшін қалдырылатын кендіңгектері;

-кенбайлықты қазу сатысында қалдырылатын шығындар.Олар, негізінен қазып алу жүйесіне байланысты (дайындау үңгілерін сақтап тұратын кентіректер, көмір тақталары төбесі мен табаныңда қалатын қалыңдықтар және тағы басқалар);

- геологиялық және гидрогеологиялық жағдайға байланысты қалатын шығындар. Көп жағдайда геологиялық бұзылыстар маңында немесе шақты шекараларында қалдырылады.

Жалпы шығын қоры, кенорнының геологиялық және гидрогеологиялық жағдайына (көмір тақтасының қуатына, құрамына, бүйір жыныстарының қасиеттеріне, геологиялық бұзылыстарға, қазу жүйесіне, тау-кен қысымына, кенді ашу әдісіне және тағы басқаларға) байланысты болады.

Қалындығы тұрақты бір тақтаны қазып алу кезінде шақты алабының баланстық қоры (тікбұрышты дұрыс пішінді) келесі формула бойынша жобаланып есептелінеді:


Zбл = D∙р,

мұнда D – шақты алабының ауданы, м2; р – тақтаның орташа өнімділігі, т/м2,

р = m∙ρ,

мұнда m – тақтаның орташа қалыңдығы, м; ρ – массивтегі көмірдің орташа көлем массасы (қоңыр көмірдікі–1,2, тасты көмірдікі 1,3–1,4, антрацитті көмірдің – 1,5–1,6 т/м3).

Тақтаның қалыңдығы өзгерген жағдайда шақты алабын учаскелерге бөледі, олардың әрбіреуінің орташа қалындығын анықтайды және қорларын есептейді. Содан кейін қосындылап жалпы қорды табады:

ΣZбл = Z1 + Z2 + … + Zn = D1∙p1 + D2∙p2 + … + Dn∙pn,

мұнда Z1,Z2,…,Znn санымен алғандағы әрбір учаскедегі көмірдің баланстық қоры;

D1,D2,…,Dnжәне p1,p2,…,pn – әрбір учаскенің ауданы мен учаскелердегі тақтаның орташа өнімділігі.

Шақты алабында бірнеше тақталар болған жағдайда:

ΣZбл = Dпл1∙pпл1 + Dпл2∙pпл2 + … + Dплi ∙pплi,

мұнда Dпл1,Dпл2,…,Dплiжәне pпл1,pпл2,…,pплiI санымен алғандағы тақталардың ауданы мен өнімділігі.

Шақты алабының ауданы әрбір тақта бойынша тең болған кезде

ΣZбл = Dпл∙(pпл1 + pпл2 + … + pплi).

Жекелеген шақты салуға арналған кенорнын немесе оның бөлігін шақты алабы деп атайды. Шақты алабы жазылым және құлама бағыттарымен сипатталады. Жерастында жатқан көмір тақтасы горизонтал жазықтығымен қиылса, ол қиылыс ізі – жазылым сызығы немесе жазылым, ал тік жазықтықпен – құлама сызығы немесе құламасы деп аталады. Тақтаның жерасты орналасуы төрт жатыс элементімен анықталады: жазылым және құлама сызықтары, қалыңдығы, құлама бұрышы.

Шақты алабының өлшемі пайдалы кен қоры, көмір тақталарының саны мен қалыңдықтары, құлама бұрыштары, қазу жұмыстарының тереңдігі және шақты өнімділігі мен қызмет мерзіміне байланысты. Ол өлшемдердің сандық шамалары: жазылым бағыты бойынша жазық көмір тақталарда 5-6 км дейін (кейде 8-10 км дейін), құлама тақталарда 3-4 км дейін (кейде 7 км дейін); құлама бағыты бойынша – жазық тақталарда 2-3 км (кейде 3-4 км дейін), құлама тақталарда – 1-1,5 километрге дейін өзгереді.