Файл: 6шы семестр 1 блім Дниежзілік кмір кені геологиялы орларыны сипаттамасы 6 саат.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 19.03.2024

Просмотров: 101

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

Бақылау сұрақтары Күртқұлама тақталарды қазу кезінде горизонттық дайындауды қолданады ма? Жазық жатысты тақталарды қазу кезінде горизонттық дайындауды қолданады ма? Бос жыныстар бойынша арналық штректерді жүргізіледі ме? Ұсақ бөліктерге қазу горизонтын бөледі ме? Горизонт шегінде тазартпа жұмыстарын жүргізудің кері тәртібін қолдануға рұқсат етіледі ме? Оқыс лақтырысқа бейімділікті тақталарда шақты алабын дайындау кезінде оқыс лақтырысқа бейімді емес жыныстарда қазбаларды толтыру талап етіледі? Әр түрлі қазу горизонттарының шегінде түрлі дайындау тәсілдерінің қолданылуы мүмкін бе? Қазу горизонтының шегінде диагональдық тәсілдердің қолданылуы мүмкін бе? Горизонттың шегінде тазартпа кендарларының жылжу бағытын таңдауға төбе жыныстарындағы жарықшақтардың бағыты әсер етеді ме? Оқыс лақтырысқа бейімділікті тақталарда даярлаушы қазбаларды жүргізу мүмкін бе? Қазу горизонтын қандай бөліктерге бөледі? Неге төбе жыныстарындағы жарықшақтардың бағытына тазартпа кенжарының жылжу бағыты тәуелді? Қорлары. Панелдер мен этаждарда тақтаны өрлеме (құлама) бағыты бойынша лавалармен қазымдайтын шақтыларды атаңыз? Қандай жағдайларда жазық даярлау қазбаларын далалық жүргізу талап етіледі? [3, пп. 6. I, 6.2, 6.7]. Магистральдық бейкендік қуақаздарды қорғау үшін қандай тәсілдерді қолданады? [3, пп. 6.3, 6.8]. Далалық арналық штректерді лаваның артындағы кен алынған кеңістікке орналастыратын шақтыны атаңыз? Қандай жағдайларда бітеме жолақтарын қолданған даярлау қазбаларын кен кенжатмен жүргізу ұсынылады? [3, п. 6.12]. Неге далалық арналық штректерді учаскені (панелді, блокты) қазымдағаннан кейін кен алынған кеңістікте орналастыру керек? [3, п. 6.3] Қандай далалық штректерді көмір тақтасы бойынша жүргізуге рұқсат етіледі? [3, п. 6.2]. Шақты алабын дайындаудың горизонттық тәсілі панелдік тәсілден қандай айырмашылығы бар? Қандай мақсаттарда қазу горизонтының еңістік бөлігінде қосалқы еңіс жүргізіледі? Қазу горизонтының еңістік бөлігінің өлшемі 1 км қандай жағдайларда аспауы керек? [1, § 197], Горизонтты қазымдау ұзақтылығын көрсетіңіз [6, с. 47]. Горизонтты қазымдау ұзақтылығы неге технологиялық жобалау нормаларында көрсетілгеннен кем болмауы керек? [7, п. 2; 6, c. 47]. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі1. Правила безопасности в угольных и сланцевых шахтах: Утв. М-вом угольной пром-сти СССР 18.08.86 и Госгортехнадзором СССР 12.09.86. - М. : Недра, 1986. - 447 с.2. Правила технической эксплуатации угольных и сланцевых шахт: Утв. М-вом угольной промышленности СССР 5.01.75. - М. : Недра, 1976. - 152 с.3. Указания по рациональному расположению, охране и поддержанию горных выработок на угольных шахтах СССР: Утв. М-вом угольной пром-сти СССР 26.12.84. - Л.: Недра, 1986. - 222 с.4. Технологические схемы разработки пластов, склонных к самовозгоранию: Утв. М-вом угольной пром-сти УССР. - Донецк, 1972. – 33 с.5. Инструкция по безопасному ведению горных работ на пластах, склонных к внезапным выбросам угля, породы и газа: Утв. М-вом угольной пром-сти СССР 6.10.76 и Госгортехнадзором СССР 21.09.76. - М. : Недра, 1977. - 158 с.6. Технология подземной разработки пластовых месторождений полезных ископаемых /Под общ. ред. проф., д-ра тех. наук А.С.Бурчакова. - М. : Недра, 1983. - 487 с.7. Основные направления и нормы технологического проектирования угольных и сланцевых шахт: Утв. М-вом угольной пром-сти СССР 13.09.66. - М. : Недра, 1986. - 62с.8. Руководство по проектированию вентиляции угольных шахт: Утв. М-вом угольной пром-сти СССР 10.04.74. - М. : Недра, 1975. - 237 с.9. Государственные стандарты СССР. Горная графическая документация: ГОСТ 2.850-75 - 2.857-75. - Введ 1.01.80. – М. : Недра 1983. – 200 с.10. Методические положения по оценке и выбору способов подготовки шахтных полей по фактору горного давления /ИГД им. А.А. Скочинского. – М.: Недра 1985. - 19 с. 11. Разработка пологих и наклонных пластов /С.А. Саратикянц, А.Ш. Зельвянский, А.А. Лещинский, Ю.К. Батманов. - М.: Недра, 1977. - 187 с.12. Дополнения к "Руководству по проектированию вентиляции угольных шахт / МАКНИИ. - М. : Недра, 1981. - 72 с.№ 3-ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС. Екі жақын тұрған тақталарды бірге қазудың технологиялық варианттарын жобалауТапсырма: берілген жағдайлар үшін (11.3 - кесте) тақталар қабаттарын дұрыс қазуды жобалау.Жұмыстың мақсаты: тақталар қабаттарын бір уақытта бірге алу немесе әр қабатты әр уақытта жеке-жеке тақта түрінде алуды дұрыс жобалауды үйрену.Практикалық оқу объектілері: тау-кен қазбаларының бірлескен жоспарларынан көшірмелерге тақталарды қазымдаудың кен-геологиялық жағдайларын (ұстынды құрлымдарын, тақтаның және жыныстардың физика-механикалық қасиеттерін, олардың қуаттылығымен қаттылықтарын (бекемділіктерін),тақталардың арақашықтығын және т.б. қасиеттерді) көрсете. Бұл айтылғандар тақталарды жеке-жеке немесе топтастыра қазу варианттарын анықтауға көмек жасайдыЖұмысты ұйымдастыру: әрбір студент тау-кен жұмыстарының жоспарынан көшірмені алады.Қазуды жобалау кезінде сала мен бассейнде жұмыс істейтін нормативтік құжаттарды басшылыққа алған дұрыс.Жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқауларЖұмысты кезең-кезеңімен орындаған дұрыс.№ 1-кезең. Кестеде және тау-кен қазбаларының жоспарынан көшірмеде берілген тақталардың қасиеттерін оқып білу. Тақталардың терең меңгерілген қасиеттерінің негізінде төменгі материалдарды қабылдау және дәйектеу: - берілген тақтаның құлау бұрышын ескере топты тақталарды қазымдау кезінде лавалардың жылжу бағытын [2, § 22];- әрбір тақтаның суландырылуын ескере топты тақталарды қазымдау кезінде лавалардың жылжу бағытын;- тақтаның оқыс лақтырысқа және өздігінен жануға бейімділігін ескере топты тақталардың реттік қазымдалуын [2, § 157, 186-188; 3, п. 39; 6, пп. 7.4, 7.6-7.8];- тақтаның оқыс лақтырысқа бейімділігін және тақталар арасындағы қашықтықты нормалар бойынша ескерумен қазылатын тақталардың лавалар арасындағы созылымы бойынша қашықтығын [2, § I9I; 3, п. 120; 6, п. 7.6];- әрбір тақтаның өздігінен жануға және оқыс лақтырысқа бейімділігін ескере әрбір тақта бойынша ярустарды (этаждарды) қазымдау тәртібін [2, 187, в; 4, п. 2; 5, п I.3];- әрбір тақтаның өздігінен жануға және оқыс лақтырысқа бейімділігін ескере әрбір тақта бойынша алу учаскелерінің желдету схемаларын [3, пп. 38 е., 44; 4, п. 2; 5, п. 1.3.];7. Метан газының бөлініс көздерінің үлес салмағын ескере тақталар бойынша алу учаскелерінің желдету схемаларын [7, с. 27-28];8. Нормаль бойынша тақталардың арасындағы қашықтықты және тақтаның оқыс лақтырысқа бейімділігін ескере тақталарды топты немесе жеке-жеке қазымдауын [2 § 186; 6, п.7.6];- қазылатын тақталардың қуаттылығын және тақталардың оқыс лақтырыcқа бейімділігін ескере ярустың (этаждың) бір қанатының шетінде қазылатын тақталарда лавалардың орналасуы кезінде тақталардың бір мезгілде топты қазымдалуын;- m1¹m2 болған кезде және әр түрлі ярустарда (этаждарда) лавалардың орналасуы кезінде, топты тақталарды кезектікпен қазуда, созылым бойынша лавалар арасындағы қашықтық панел қанатының ұзындығынан үлкен;- тақталар арасындағы қашықтықты, тақталардың қуаттылығын және олардың қасиеттерін ескере қазылатын тақталарға қатысты топты штректердің орналастыру орындарын [6, пп. 6.3, 7,4; 3, п. 45];Ескерту. Қабылданған шешімдерді ескере топты тақталарды қазудың схема сызу ұсынылады.№ 2-кезең. Қазылатын тақталардың төбесі мен табан қасиеттерін оқып білу. Төбе және табан жыныстарының қасиеттерін терең меңгеруде төмендегі материялдарды қабылдау және дәйектеу қажет:- қазылатын тақталардың қазбаларын қорғау тәсілін таңдау үшін төбенің құлағыштығы бойынша негізгі төбені кластарға бөледі [6, п 3.I4];- топтық штректерді орналастыру орнын таңдауға арналған Hр/ Rcn көрсеткіші бойынша тақталардың табан жыныстарының ісінуге бейімділігін [6, п.7.44]; - топталған үстіңгі тақтаның кен алынған кеңістіктің шекараларына қатысты топтық қазбалардың орналасуын [6, пп. 6.3, 7.6, 7.7];- кен алынған кеңістіктің шекараларына қатысты қазылатын тақталар бойынша топтық қазбалардың орналасуын [3, пп. 6,3, 7.12];- қазбаларды қабылданған қорғау тәсілдеріне сәйкес жасанды қоршауыштардың типтері мен шамашарттарын [3, пп. 7.14, 7.15, 7. 17];- негізгі төбе жыныстарының құлағыштыққа бейімділігін ескере қазбаларды қайтадан қолдану мақсатымен топтық қазбаларды қорғау тәсілдерін [3, пп. 7.36, 7.60].- тақталардың құлау бұрыштарын ескере топтық штректерді көршілес тақталардың қазбалары мен қосатын квершлагтардың ара қашықтықтарын және бірікткретін қазбалардың типтерін [1, § 197];- қазбалардың көлденең қимасының ең аз аудандарын [I, § 49; 2, § 116].№ 3 кезең. Графикалық бөлікГрафикалық бөлімде тақтаның құлама сызығы бойынша кесінділері көрсетіледі, егерде көмір тақтасын жазылым бағыты бойынша қазып алатын болса немесе тақтаның жазылым сызығы бойынша кесінділері көрсетіледі. Егерде көмір тақтасы өрлеме-құлама бағыты бойынша қазып алатын болса (М 1:5000; 1:2000). Сызбада, сондай-ақ даярлық және тазартпа қазбаларының кесінділері көрсетіледі.Сызбада шартты белгілермен тақталық және топтық қазбалар бойынша таза және шықпа желдетпе ағындарының, сондай-ақ жүктердің толассыз жеткізілу бағыттары көрсетіледі.Бақылау сұрақтары Топты тақталарды лавалармен тақтаның өрлеме немесе құлама бағыты бойынша қазып алуға бола ма? Өрлей алу тәртібінде жақын орналаспаған тақталарды қазып алуға бола ма? Жақын оналаспаған тақталарды өрлей алу тәртібі мен қазып алуға бола ма? Жақын орналасқан даярланбаған тақталарды құлама алу тәртібімен қазуға бола ма? Үстіңгі тақтаның кен алынған кеңістігінде топтық штректерді орналастыруға бола ма? Жақын орналасқан даярланбаған тақталарды құлама алу тәртібімен қазуға бола ма? 11.3 – кесте– Берілген жағдайлар үшін тақталар қабаттарын дұрыс қазуды жобалау

№ 6-ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС. Варианттар әдісімен шақты алабын ашу тәсілін таңдау

алғашқы жұмыстар кешені



Негізгі эдебиеттер: 1-4, 5-13

Қосымша әдебиеттер: 14-21

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (2-тақырып) /1-4, 5-13/


  1. Көмірді ашық және жерасты тәсілдерімен қазып өндірудің артықшылықтары және кемшіліктері.

2. Көмір тақталарын қазып алудың дүниежүзілік тәжірибесі.

  1. Тақталарды олардың қалыыңдықтары және құлама бұрыштары бойынша топтастыру. Шақты алабы және оның шамашарттары.

4. Тақталардың жатыс элементтері және пайдалы кендердің қыртыс пішіндері.

  1. Тау-кен жыныстарының физико-механикалық, беріктік и технологиялық қасиеттері.

6. Пайдалы кендер қандай қасиеттерімен және сапалық көрсеткіштерімен сипатталады.
3-тақырып Шақты алабын бөліктерге бөлу қағидасы (принципі) (2 сағат)
Дәрістер жоспары

1. Шақты алабын қазымдаудың топтастыру схемасы. Уақыт пен кеңістікте шақты алабын қазымдау реті және бағыты. Көлік пен желдету схемаларының қазымдаумен байланысы.

2. Қазымдау мен шақтыдағы зиянды байланысы.құбылыстарға қарсы күрес бойынша шаралардың байланысы.
Дәрістің қысқаша мазмұңы.

Ашу схемаларын келесідей айырады:

- шақты алабының шекарасына қатысты басты және қосалқы ашушы қазбалардың орналасуы бойынша;

- басты және қосалқы ашушы қазбалармен ашылатын тасымалық горизонттардың сандары мен бағыты бойынша.

Тасымалық горизонттардың сандарына және басты ашушы қазбалардың шақты алабына қатысты орналасуына байланысты ашу қазбаларын келесідей айыруға болады:

- орталық оқпандармен бір – немесе көпгоризонтты ашу схемалары;

- қос-орталық оқпандармен бір – немесе көпгоризонтты ашу схемалары;

- флангелік оқпандармен бір – немесе көпгоризонтты ашу схемалары;

- қос оқпандармен бір – немесе көпгоризонтты ашу схемалары;

- секциондық оқпандармен бір – немесе көпгоризонтты ашу схемалары.

Басты ашушы қазбалардың өзара орналасуы және сандарына байланысты таза ауаның берілуі және ластанған ауаның шығуы бойынша желдету схемаларын қос-орталық, орталық, флангелік, секциондық ретінде айырады. .

Негізгі эдебиеттер: 1-4, 5-13

Қосымша әдебиеттер: 14-21

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (3-тақырып) /1-4, 5-13/



  1. Шақтының сапалық және сандық шамашарттары.

  2. Ашу схемаларының топтастырылуы.

  3. Көлік пен желдетпенің ашу схемаларына әсері.


2-бөлім Тақталық кенді ашу (12 сағат)

4-тақырып Тақталық кенді біргоризонттық ашу тәсілдері (4 сағат)
Дәрістер жоспары

1. Ашу жүйелерін таңдауға әсер етуші факторлар. Ашу жүйелерді топтастыру. Негізгі және қосалқы ашушы қазбалар.

2. Тік оқпандармен ашу. Біргоризонттық ашу: қосымша ашушы қазбаларсыз; тік оқпандармен және күделі квершлагтармен; тік оқпандармен және күрделі гезенктермен.

  1. Тақталық кенді біргоризонттық ашу тәсілдерінің қолдану орны,

артықшылығы және кемістігі.
Дәрістің қысқаша мазмұңы.

Қарағанды бассейні шақтыларының кен-геологиялық және кентехникалық ерекшеліктерін ескере жаңа горизонттарды дайындау және рациональды ашу схемалары ұсынылады. Шақтыларды бір бірінен бас ашушы қазбалардың типтері, шақты алабын дайындау тәсілдері және жаңа горизонттың қазбаларын желдету схемалары бойынша айырады.

Жетілдірілген схемалар ашылатын горизонтта шақтының қуатын сақтау үшін және тақталарды қазымдаудың прогресивті технологияларына (пайдалану үдірісі кезінде) тезірек ауысуға немесе жоғары өнімділі жабдықтарды қолдануға (шақтының негізгі технологиялық звеноларында резервті құру арқылы) жағдай туғызады.

Басты ашушы қазбалар тақтаның жатыс элементтеріне байланысты әртүрлі орналасады.

Тік оқпандар көп жағдайда пайдалы кенбайлық тақталарын қиып өтеді немесе ашылатын тақталардың тенбе (висячий) бүйір, сондай-ақ жыныстардың жатпа бүйір тұстарында орналасады.

Тік оқпандар негізінде кенорындарын ашу үшін қолданылады. Тік оқпандармен ашуда тақталардың құлама бұрыштары, қазу тереңдігі, шақты алабының өлшемдері, шақтының өндірістік қуаты және тақталардың қалыңдықтары ескеріледі.

Көлбеу оқпандар әдетте тақта бойымен немесе оған параллельді орналасқан жыныстардың жатпа бүйір бойымен өтіледі. Кейбір жағдайларда олар жанас (вмещающие) жыныстар бойымен тақтаның құлама бағытына байланыстыра өтіледі. Көлбеу оқпандармен ашу негізінде кенорындары шамалы тереңдікте болған жағдайда қолданылады. Тау-кен жұмыстарының тереңдіктері өскен сайын бұл вариантты қолдану тенденциясы төмендейді.

Штольняларды көлбеу оқпандар сияқты тақта бойымен немесе оның құлама бағытымен орналасқан бүйір жыныстар бойымен өтіледі.

Басты ашушы қазбалардың орналастырылуы және бағыты жер рельефін, тақталардың жатыс тереңдіктерін, олардың құлама бұрыштары мен қалыңдықтарын, сондай-ақ жанас жыныстардың қасиеттерін ескере анықталады.


Тік оқпандармен ашудың маңызы мынада: жер бетінен горизонтқа дейін екі немесе одан да көп оқпандар өтіледі – басты және көмекші. Басты оқпанға қарағанда көмекші оқпан орталықты, қапталдық (флангелі) және секционды орналасуы мүмкін. Тақталық кенді біргоризонттық ашу тәсілдері, яғни тік оқпандармен және күрделі квершлагтармен ашу негізгі варианттың бірі болып саналады. Ол тақталардың жазық және көлбеу жатысы кезінде, сондай-ақ шақты алабының өлшемі құлама бағыт бойынша 2,4 – 2,5 км дейін құрағанда қолданылады. Тек қана жазық тақталар (8° дейін құрағанда) және жазық квершлагтардың ұзындықтары өте ұзындау болған жағдайда олар басқа қазбалармен ауыстырылуы мүмкін: көлбеу квершлагтармен, гезенктермен және сырғанамалармен. Бұндай ашу схемасын қолдануға аз дәрежеде мынандай факторлар әсер етуі мүмкін: тақталардың саны және ара қашықтықтары, шақтының өндірістік қуаты және т.б. Тақталық кенді тік оқпандармен және күрделі квершлагтармен ашудың ерекшеліктері мынада: көмірді жер бетіне шығаруға арналған басты оқпан көтерме горизонтының деңгейіне дейін өтіледі және әрі қарай тереңдетілмейді, ал көтерме горизонтының деңгей бойындағы тақтаны ашатын күрделі квершлаг шақтының қызмет ету мерзіміне дейін пайдаланылады. Бұл жағдайда көмір жер бетіне тек қана бір көтерме горизонттан шығарылады. Басты және көмекші оқпандардың шақты алабында орналасуы – әр түрлі.

Тақталық кенді біргоризонттық ашу тәсілдерінің артықшылығы: горизонттың қызмет ету мерзімі шақтының қызмет ету мерзіміне тең, шақтыны пайдалану кезеніңде оқпандарды тереңдетудің қажет еместігі.

Варианттың кемшілігі: еңіс алабының болуымен, ұзын желдетпе қазбаларының кеңістіктерін күтіп ұстаумен, шақты алабының еңіс бөлігінде учаскелік сутөкпелердің болуымен, бремсбергтермен (еңістермен) және жүріс жолдар араларында ауаның жайылуымен байланысты.

Енді жоғарыда айтылған ашу схемаларына қысқаша тоқтап өтейік.

1. Жекелеген көмiр тақтасын ашу. Жекелеген көмiр тақтасын тiк оқпанмен ашып, оны қазып алу тәртiбi 2.1 - суретте көрсетiлген. Көрсетiлген жүйеде тізбектеле, алдымен тiк оқпан, оның төңiрегiндегi камералар, содан кейiн күрделі бремсберг пен жүрiс жолы өткізіледі. Шақтының бремсберг жағындағы алабы алынып таусыла бастағанда, шақтының еңіс жағындағы алаб даярлана басталады. Ол үшiн төмен қарай күрделі еңіс пен жүрiс жолы өткізiледi. Кен орны ашылып болғаннан кейiн, этаждағы көмiрлер тiкелей (2.1-сурет, сол қанаты), не болмаса керiсiнше (оң қанаты) бағытта алынады. Шақты алабының бремсберг жағындағы көмiрі тазартпа кенжардан тасыма бойымен штрекке жеткiзiлiп, әр қарай бремсбергке, оқпан албарына, одан тiк оқпан арқылы жер үстіне шығарылады. Желдету таза ауа оқпандардың бiрiмен, бремсбергке, тасыма штрекпен, тазартпа кенжарға жеткiзiледi, ал ластанған ауа желдетпе штрегi, жүрiс жолы мен шурф арқылы жер бетiне шығарылады.


Шақты алабы панел тәсілiмен даярланғанда, оқпан албары горизонтында бір штректің орнына екi штрек өткізіледi. Бұл штректер ашу қазбалары болып саналады және осылардан бастап дайындау қазбаларын - панел бремсбергтерiн жүргізеді.

2 .Топты көмiр тақталарын ашу. Құлама бұрышы 10-250 және тақтааралық қалыңдық үлкен қуатты болса, онда көмiр тақталарын әдетте тік оқпандармен және күрделі квершлагтармен ашуға болады (2.2, а-сурет). Квершлагтар шақты алабын бремсберг және еңес алабына бөледi, алабтар әрi қарай күрделі бремсберг, еңес және оларға қосарлама өткізiлетін жүрiс жолдарымен ашылады. Егерде көмiр тақталары бiрiне бiрi жақын жатса (2.2, б-сурет), онда көмiр тақталарын тiк оқпандармен, этажды немесе ярусты квершлагтар арқылы ашқан дұрыс.
2.1 - сурет. Көлбеу жатқан жекелеген көмiр тақтасын тiк оқпанмен ашу жолдары: 1 - оқпан албары; 2 - басты оқпан; 3 - қосалқы оқпан; 4 – тасыма штрек; 5 - желдетпе штрек; 6 - тазартпа кенжар; 7 – күрделі бремсберг; 8 - жүрiс жолы; 9 - күрделі еңес; 10 - желдетпе түйiлiспе; 11- шурф.

Осындай әдiспен даярлағанда оқпандар (1 және 2) шақты алабының ортасына, белгіленген оқпан албары деңгейде өткізiледi де, осы горизонтта оқпан албары 1/ жабдықталынады, әрi қарай, оқпаннан төменгi көмiр тақтасының бойымен күрделі бремсберг 2/, күрделі еңіс 3/ және оларға жапсарлас жүрiс жолдары өткізiледi.



2.2 - сурет Көлбеу жатқан топтама көмiр тақталарын ашу жолдары: а) тiк оқпандармен және күрделі квершлагтармен; б) тiк оқпандармен, этажды квершлагтармен.

Егерде бүйір жыныстары тұрақсыз болса онда, күрделі бремсбергтер мен еңестердi тұрақты жыныс араларында далалық етіп орналастырған дұрыс. Жоғарғы көмiр тақтасын ашу үшiн күрделі бремсбергтерден 1-шi этаждың мұғдарында тасыма квершлаг 4/, желдетпе квершлаг 5/ өткізiледi. Сонымен күрделі бремсберг 2/, күрделі еңес 3/ екi көмiр тақтасының жұмысын қамтамасыз етедi. Осындай жүйемен ашылғанда, құлама қазбалардың жалпы ұзындығы қысқарады, тек этаж квершлагтарын өткізу қажеттігі туындайды.
Келтірілген ашу жүйелер бiр горизонтты түрге жатады. Көп горизонтты ашу жүйесiнің мысалына тiк жатқан тақталарды ашу жатады. Бұл жағдайда топты көмiр тақталарын этаж квершлагтарымен және де әр этажда оқпан албарын құрып ашқан дұрыс (2.3-сурет).




2.3 - сурет Құлама және тiкелей көмiр тақталарын тiк оқпандармен және этажды квершлагтармен ашу жолдары.

Бiрiншi этаж екi тiк оқпанмен және этаж (тасыма 1, желдетпе 2) квершлагтарымен ашылады. Бiрiншi этаждағы қор алынып жатқан кезде, оқпандар 2-шi этаждың тасыма горизонтына дейiн тереңдетiлiп, 2-шi этаж ашылады. Бұлай ашу әдiсiнiң негізгі артықшылығы, көмiрдi ұзындығы басым жазық қазбалармен тасуға мүмкiншiлiк туғызуында. Құлама бұрышы 100 дейінгі көмір тақталарында квершлагтардың айтусыз ұзарып кетуiне қарай, жүк тасымалдау мен адамдардың жүріп-тұруына қажетті жағдай туындауына қарамастан көмiр тақталарын (күрделі немесе этажды) гезенктермен ашқан дұрыс.

Күрделі гезенкті пайдаланғанда (2.4, а-сурет), тiк оқпандар (1 және 2) төменгi тақтаға дейiн өткізiледi. Тiк оқпанның төменгi көмiр тақтасымен қиылысында немесе одан сәл төмен оқпан албары (3) ашылады. Төменгi көмiр тақтасын жоғарғы көмiр тақтасымен, оқпан албарынан өткізiлген гезенк (4) арқылы жалғастырады. Екi көмiр тақталарында, гезенк маңында, уақытында вагонеткалар алмастыратын тасыма жолдар (5) ескертiледi. Осыдан соң көмiр тақталарының әрқайсында күрделі бремсберг (6) мен күрделі еңес (7), оларға жапсарлас жүрiс жолдары өткізiледi. Төменгi тақтадағы көмiр әдеттегідей жолдарымен оқпан албарына жеткiзiледi. Ал жоғарғы тақтадан алынған көмiр күрделі бремсберг (6) немесе күрделі еңес (7) арқылы осы көмiр тақтасының тасыма штрегiне жеткiзiлiп, одан әрi қарай күрделі гезенк (4) бойымен оқпан албарына түсiрiледi. Күрделі гезенкпен ашудың артықшылығына, ашушы қазбалардың қысқалығы жатады, бiрақта жер астындағы жүк тасымалдау мен желдету жағдайын қиындата түседі. Бiрiне-бiрi жақын орналасқан көлбеу көмір тақталарын тiк оқпандар мен этажды гезенктер арқылы ашу жүйесін қолданған дұрыс.



2.4 - сурет Көлбеу жатқан топты көмiр тақталарын ашу жолдары: а) тiк оқпандармен және күрделі гезенктермен; б) тiк оқпандармен және этажды гезенктермен; в) әр көмiр тақталарын жеке горизонтпен; I, II, III, …VI – этаждар.

2.4, б-суретте шақты алабын этаж тәсілiмен даярлаудағы ашу жүйесi көрсетiлген. Тiк оқпандар төменгi көмiр тақталарына дейiн өткізiлiп, сол жерде оқпан албары ашылады, оқпан албарынан төменгi көмiр тақтасында штрек 2/, күрделі бремсберг 3/, еңіс 4/, жапсарлас жүрiс жолдар өткізiлген. Осылардан кейiн, төменгi көмiр тақтасында этажды штректер өткізiледi, осы штректерден жоғарғы көмiр тақтасына этажды (көмiр түсiретiн 5