Файл: 6шы семестр 1 блім Дниежзілік кмір кені геологиялы орларыны сипаттамасы 6 саат.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 19.03.2024
Просмотров: 104
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Ол үшін:
-- құндық шамашарттар бойынша бастапқы және алдағы жылдардың күрделі шығындарын, сонымен қатар 11, 12, 13, 14 кестелері тұтынымдық ұстанымдарды есептеу және 9, 10-кестелерге еңгізу;
-- ғимараттардың құрлысының мерзімін анықтау және шақтыны пайдалануға ертерек өткізудің варианттары бойынша экономияны есептеу;
-- ескерілген сомалық және сыбағалы шығындарды варианттар бойынша есептеу (11.5 – кесте).
-- варианттар бойынша қаражаттарды салыстыру негізінде шақты алабын ашудың ең ұтымды вариантын қабылдау.
Жұмысты орындау үлгісі
Тапсырма варианты А7; Б7; В7; Г7; Д7; Е7; Ж7, З7; И7; К7; Л7; M7.
1. 5 таблицадан тапсырма шарттарын жазып аламыз: Hн = 400 м; Н =3000 ; S= 6000 м; m1 = 1,2 м; m2 =1,3 м; h1-2 =100 м; a= 15°; Aшг =1,2 млн т; орналастырылған жыныстар - тұрақсыз; даярлау тәсілі - панелдік.
2. Берілген шарттарды талдай отыра, екі дұрыс ашу тәсілін қабылдаймыз:
1 варианты – тік оқпандармен және күрделі квершлагтармен ашу.
2 варианты – тік оқпандармен және горизонттық квершлагтармен ашу.
3. Сызылған масштабта 1:20000 кенорнының геологиялық тілігінде ашудың қабылданған вариантын бейнелейміз (11.4, 11.5-сурет).
1-вариант үшін кен орнын қос-орталық оқпандармен және күрделі квершлагтармен ашуды жүзеге асырамыз. Бұл жағдайда оқпандар шақты алабын тең екі бөлікке бөледі-бремсбергтік және еңістік, әрбір бөлік он ярустардан тұрады. Оқпан албары 600 м тереңдікте орналасады. Әрбір тақта бойынша алдымен магистралдық штректер (тақталық және далалық), жүріс жолдар күрделі бремсбергтер және шақты алабының жоғарғы жағында желдетпе штректер жүргізіледі.
Шақты алабының бремсбергтік бөлігін желдету үшін квершлагы бар орталықта орналасатын желдетпе оқпан жүргізіледі.
2-вариант үшін кенорнын қос-орталық оқпандармен және горизонттық квершлагтармен ашуды жүзеге асырамыз. Бұл жағдайда оқпандар және горизонттық квершлагтар шақты алабын ұзындығы 1050 м бремсбергтік және 900 м еңістік бөліктерге бөледі.
Шақты құрлысының бірінші кезеңінде бірінші горизонт дайындалады және пайдалануға беріледі. Алдымен 670 м тереңдікке дейін оқпандар жүргізіледі, сондай-ақ жерасты ғимараттары: оқпан алабы, квершлагтар, әр тақта бойынша магистрады штректер (тақталық және далалық), күрделі бремсбергтер және жүріс жолдар жүргізіледі. Шақты алабының бремсбергтік алабын желдету үшін квершлагы бар орталықта орналасатын желдетпе оқпан жүргізіледі.
Екінші кезеңде екінші горизонт дайындалады. 940 м белгісіне дейін оқпандар тереңдетіледі, сондай-ақ квершлагтар, магистралды штректер, жүріс жолдар және күрделі бремсбергтер жүргізіледі. Екінші горизонттың бремсбергтік бөлігін қазымдауды аяқтап қалғанда екінші горизонттың еңістік бөлігі дайындалады. Бұл жағдайда еңіс ярус биіктігіне дейін және бірінші ярустың кеналма штректеріне дейін жүргізіледі.
Ашудың салыстырылатын варианттарының әрқайсына арналған және шақтыны пайдалану үшін бастапқы жұмыстардың көлемін және орындалу мерзімдерін анықтау қажет. Орындалатын жұмыстардың кезектігін, олардың көлемдерін, орындалу қарқындары мен уақытын
11.6-кестеге енгіземіз.
Ашу варианттарын салыстыру кезінде есепке ерекше шығындар ғана алынуы тиіс. Біркелкі шығындар ескерілмейді. Мысалы, қарастырылатын вариантта бір-бірінен айырмашылығы жоқ жер бетінің комплексі салынады деген болжам қарастырылады. Сондай-ақ, есептеу барысында оның құны есепке алынбайды
11.6-кестеде көрсетілгендердің негізінде шақтыны пайдалану мерзімін белгілеу үшін варианттар бойынша жұмыстар көлемінің орындалу ұзақтығының тораптық сызбасын құрамыз (11.6-сурет). Тораптық сызбаны көрсете және орындалатын жұмыстарды сомалай, варианттар бойынша шақтының пайдалану мерзімін анықтаймыз. Бірінші вариант үшін шақтыны пайдалануға тапсыру мерзімі келесіні құрайды:
,айды
Екінші вариант үшін = 70,3 айды.
Сонымен, шақтыны пайдалануға тапсыру мерзімдеріндегі айырмашылық 2,5 ай.
Келесі кезеңде варианттар бойынша бастапқы күрделі шығындар мен алдағы жылдардың шығындары есептелінеді.
Ол үшін алғашқы жұмыстардың және алдағы жылдардағы істелінетін жұмыстардың көлемдері, жұмыс түрлері бойынша жеке бағалар, алдағы жылдарда істелінетін жұмыстарға жұмсалынатын қаражат анықталынады. Жұмыстардың түрлері бойынша жеке бағаларды анықтау үшін салынатын ғимараттар туралы толық мәліметтің болуы қажет: жыныстар бойынша жүргізілетін қазбалардың түрлері; қазбалардың көлденең қимасы; бекітпенің түрі; қазбалардың тағайындалуы; көліктің түрі.
Алғашқы мәліметтерді қолдана 11.6-кестедегі берілгендер бойынша бекітпенің типін және қазбалардың көлденең қимасын қабылдаймыз жеке бағаларды және жалпы алғашқы шығындарды 3-кестеге енгізе отыра анықтаймыз.
Вари-ант | Шақтының жылдық өндірілімі, мың.т. | Тақталардың қуаттылығы, м | Тақта-ның құлау бұрышы, град. | Қалыпты-лық бойынша тақталардың ара қашықты-ғы, м | Тақталардың бүйір жыныс тары | Жұмыс-тардың алғашқы тереңдігі, м | Шақты алабының өлшемдері, м | Этаждың (ярустың) көлбеу биіктігі немесе бағананың еңі | Коэффициенті | ||
созылым бойын-ша | құлама бойын-ша | сумол ды-лығы | көмір- ді алу | ||||||||
А | Б | В | Г | Д | Е | Ж | З | К | Л | М | |
1 | 1200 | 1,0; 1,2; 0,9 | 18 | 70; 45 | орташа тұрақтылық ты | 200 | 5200 | 3000 | 150 | 1,5 | 0,9 |
2 | 1800 | 1,3; 1,2 | 8 | 60 | орташа тұрақтылық ты | 300 | 7000 | 3900 | 175 | 1,3 | 0,88 |
3 | 900 | 2,0 | 15 | - | тұрақты | 150 | 4500 | 2880 | 160 | 2,1 | 0,92 |
4 | 1500 | 1,0; 0,8; 1,2; | 10 | 90; 60 | тұрақсыз | 100 | 6600 | 4000 | 165 | 1,8 | 0,9 |
5 | 2400 | 1,8; 1,0; 1,2; | 12 | 20; 90 | тұрақсыз | 190 | 8000 | 3780 | 140 | 1,7 | 0,91 |
6 | 1500 | 1,6; 1,3 | 17 | 80 | орташа тұрақтылық ты | 250 | 6000 | 3000 | 200 | 1,0 | 0,9 |
7 | 1200 | 1,2; 1,3 | 15 | 100 | тұрақсыз | 400 | 600 | 3000 | 150 | 1,5 | 0,9 |
11.5-кесте – Кен геологиялық және кен техникалық жағдайлар
а- тік кесіндісі; б – жоспары
11.4-сурет Шақты алабын тік оқпандармен және күрделі квершлагтармен ашу схемасы
а- тік кесіндісі; б – жоспары
11.5-сурет – Шақты алабын тік оқпандармен және горизонттық квершлагтармен ашу схемасы
1- вариант
2- вариант
11.6-сурет– Вариант бойынша (1 және 2- варианттар) жұмыстардың көлемін орындау ұзақтылығының торабтық графигі
11.6-кесте – Шақтыны пайдалануға тапсыруға арналған
алғашқы жұмыстар кешені
Қазбалардың атауы | Қазбаларды жүр- гізудің айлық қарқы-ны | 1-вариант | 2-вариант | ||
| | Жұмыс тар көлемі | Орындау ұзақтылығы, айына | Жұмыстар көлемі | Орындау ұзақтылығы, айына |
Клеттік оқпан, м | 50 | 793 | 15,9 | 675 | 13,5 |
Скиптік оқпан, м | 50 | 818 | 16,4 | 700 | 14,0 |
Оқпан албары, м3 | 600 | 19500 | 24,4 | 19500 | 24,4 |
Квершлаг, м | 60 | 386 | 6,4 | 714 | 11,9 |
Магистралдық штрек, м | 100 | 1500 | 15,0 | 1500 | 15,0 |
Күрделі бремсберк, м | 80 | 1350 | 16,8 | 900 | 11,3 |
жүрісжол, м | 80 | 1520 | 19,0 | I070 | 13,4 |
Кеналма штрегі, м | 120 | 1500 | 12,5 | 1500 | 12,5 |
Жарма пештері, м | 100 | 150 | 1,5 | I50 | 1.5 |
Желдетпе оқпан, м | 60 | 410 | 5,1 | 410 | 5,1 |
Желдетпе квершлаг, м | 60 | 386 | 6,4 | 386 | 6,4 |
Желдетпе штрек, м | 100 | 1500 | 15,0 | 1500 | 15,0 |
Бірінші вариант үшін үлгі ретінде клеттік оқпанды жүргізуге жұмсалатын шығындарды анықтаймыз.
Бір метр клеттік оқпанның толық құны [2] формуласы бойынша анықталынады.
, теңге,
мұнда С1 – шығындарды есепке алатын, үнемі 1 м және көлденең қима ауданына тәуелді емес қазбаларды жүргізу құнының коэффициенті тг/м;
С2 – шығындарды есепке алатын, үнемі 1 м3 және көлденең қима ауданына тәуелді емес қазбаларды жүргізу құнының коэффициенті , тг./м3;
11.7-кесте – 1- вариант бойынша жұмсалған күрделі шығындар
Қазбалардың атауы | Объектілердің саны | Бекітпенің түрі | Қазбаның жарықтағы қимасының аумағы, м2 | Жұмыстардың көлемі | Жұмыс бірлігінің құны, тг. | Шығын-дардың барлығы, тг. | Қаржыны салу жылдары | Келтірілген күрделі шығындар, тг. | |||||
бір объектіге | барлығы | ||||||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | ||||
Алғашқы шығындар | |||||||||||||
Клеттік оқпан, м | 1 | бетонды | 50,2 | 793 | 793 | 2505 | 1986964. | | | ||||
Скиптік оқпан, м | 1 | бетонды | 50,2 | 818 | 818 | 2607 | 2132526 | | | ||||
Оқпан албары, м3 | 1 | бетонды | - | 19500 | 19500 | 198,6 | 3872583 | | | ||||
78 Квершлаг, м | 2 | металды | 16 | 386 | 772 | 1105 | 853269 | | | ||||
Тақталық магистралды штрек, м | 2 | металды | 14 | 3000 | 6000 | 946 | 5676000 | | | ||||
Далалық магистралды штрек, м | 2 | металды | 14 | 3000 | 6000 | 997 | 5982000 | | | ||||
Күрделі бремсберг | 4 | металды | 12 | 1350 | 5400 | 753 | 4066200 | | | ||||
Желдетпе жүрісжол, м | 8 | | 12 | 1520 | 12160 | 753 | 9156480 | | | ||||
Бремсбергтің қабылдау алаңы, м3: | | | | | | | | | | ||||
үстіңгі | 4 | металды бетонды | — | 850 | 3400 | 145 | 493000 | | | ||||
төменгі | 4 | металликалық | - | 1750 | 7000 | 114 | 798000 | | | ||||
Кеналма штрегі, м | 8 | металликалық | 12 | 3000 | 24000 | 711 | 17064000 | | | ||||
Жарма пештер, м | 8 | ағаш | 6 | 150 | 1200 | 448 | 537600 | | |