Файл: Емтихан билеті 1 Адамзат ркениетіндегі жазуды маызы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 19.03.2024

Просмотров: 42

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
желп-желпі,   серп-серпі   дегендегі  дыбыстың  асылы <п>  фонемасы,  бірақ  қазақ  емлесі  дыбыс жүйесінще  б-п, қ-ғ өзгерісін  таңбалайды  делінді.    Емлеге  қатысты  баяндама  жасаған  Е.Омаров  қару,  келу сөздері  қарұу,  келүу  емес,  қарыу,  келіу,  қарыуы,  келіуі деп  жазылатынын  олардың  қа-рыу,   ке-лі-уі  болып  буындалатынынан  іздеу  керек  деді.   Автор  «қазақ  тілі  түрік   тілдерінен  жігі  ашылып,  ұ дыбысы  ы-мен   айтылатын  болған. Бұл  қазақ тілінде  өз   еркімен  болған  өзгеріс»  деді. Съезде  мынадай  мәселелер  сөз  болып,  шешімін  тапқан:  -қысаң  езуліктер  барлық  позицияда  жазылсын;        -қ-к,  г-ғ  фонемалары  арнайы   таңбалармен  белгіленсін,өйткені  «әрқайсысы  ауыздың  әр  жерінен  шығатұн  дыбыс»  (А.Байтұрсынұлы);    «қаныкей,  қайткенде,  бірақ  сықылды  үндестік  заңына  келмейтұғын  сөздерді   бөліп   дәйекшемен  жазу  қиын» (Е.Омаров);         -х,  һ,  ф,  ш, әріптері  әліпбиден  шығарылсын,  ш орнына  өзге  түркі  тілдерінен  алшақтамас  үшін  ч  әрпі  қолданылсын (Е.Омаров)  деген  ұсыныс  болғанмен  <ш>  фонемасы  ш  әрпімен  берілді;         -әәрпі  сөз  аяғында   айтылмайтынын  білдіру  үшін  жіңішке  түбірге  паз,,  уар  кірме  жұрнақтары  жалғанғанда  дефиспен  жазылсын  (білім-паз,сөз-уар) (Е.Омаров)     деген  пікір  болғанмен, сөз   дефиссіз  дәйекшемен  жазылып, сөз  аяғында  а  [ә] болып  оқылмайды  делінді;жалғау  мен  шылауды  айыруда  екпін  қызметі  падаланылды,  мысалы,  атта  жал  бар,  өгізде  мүйіз  бар деген  сөйлемде  алты  екпін  бар,  ал  ат та  көлік, өгіз  де  көлік  деген  сөйлемде  та, де  тұлғаларынығ  жеке  екпіні   бар,   сондықтан  соңғысы  шылау  болып  табылады;     -қарыз, мұрын  сөздерінің  түбір  тұлғасында да, тәуелдеулі  тұлғасында  да  ы,і  әріптері  таңбалансын,  қарз-қарызы,мұрн-мұрыны  деп  жазу  сөз  жүйесінше  де,дыбыс  жүйесінше  де  дұрыс  емес;  -у,  и  -дыбыстары  үлкен  пікір-таластан,  жеке  комиссия мүшелерінің  қарауынан  кейін  дауыссыз  дыбыс   деп  табылды  (Ә.Бөкейхан,  Е.Омаров,  Қ.Досмұхамедұлы,  Н.Шағиұлы,А.Байтұрсынұлы, М.Жолдыбайұлы),  Т.Шонанұлы,  Р.Сүгірұлы,  Н.Зәлиұлы  и,   у  дыбыстарын  дауысты  қатарына  жатқызды;Т.Шонанұлы,   М.Дулатұлы  аталған  дыбыстар  дауыссыз    болғанмен,  бір  таңбамен  беру  қолайлы  деді,  бірақ  съезд  қаулысында  қосар  әріппен  таңбалау  қабылданды. Сөйтіп,  араб  графикасына  негізделген  
қазақ  жазуының  емле  ережелері  1924 ж. Орынбор  съезінде  қабылданды.

Емтихан билеті №13

1. Жазу теориясындағы фонема ұғымыКез-келген дыбыс дыбысжазудың (дыбыстық жазудың) деңгейін парықтау үшін, жалпы жазу теориясы үшін тілдің фонологиялық негіздері ізделеді. Кезінде академик Л.В.Щерба жазу теориясы үшін мына жайларды анықтап алуды ұсынған:1) сол тілдің дыбыстық қорын түгендеу және оның жазуда таңбаланғандарын анықтау; 2) жазу таңбасына ие болған мағыналық элементтерді анықтау және 3) жазу элеметтерін: а) дыбыстық мағынасы бар элементтер, яңни әріптерге; ә) таза иероглифтік мағына бар немесе аралас, жартылай дыбыстық, жартылай иероглифтік мағынасы бар элементтерге бөліп алу. Дыбысжазу ашық әліпби түрін икемдеп, жетілдіріп алу арқылы дамыды. Сонда таңба көбіне ортақ, ал оның мәні неше жүз тілде неше жүз түрлі болып шықты. Сондықтан жазу билігінің басталған заманы- ХХғ. басында  әліпбидегі әріп пен дыбыс қатынасы деген мәселе көтерілді. Жазуы жоқ тілдердің әліпби қабылдауы, емле ережелерін түзету, құру, жазуы бар тілдердің графика мен емлені жетілдіруі күшейді. Әліпби шартты таңбалар тізбегі емес, сол тілдің дыбыстық құрамын танытатын белгілер жүйесі болып анықталады. Әріптің негізгі, әліпбилік атауынан басқа, кейде оған сәйкес келмейтін мазмұны болатыны белгілі болады. Ауыздан шыққан және құлаққа шалынатын дыбыс реңктерінің (түрленімдерінің) ішінен негізгі дыбыс реңкіне таңба арнау қиын болды: дыбыс көп, әріп аз. Ал қанша дыбыс реңкі болса, сонша әріп алу мүмкін бола бермеді. Өзара ортақ белгілері бар дыбыс қатарын бір әріпке теліп қою қандай шартты болса, оның сондай шеберлікті керек еткені, керек ететіні ашылды. «Өздігінен ешқандай мағына бермейтін осыншама кішкентай элементтің қатысуымен сөз жасауды қалай ғана біздің арңы ата-бабамыздың ойлап тапқаны әлі күнге дейін жұмбақ». Бірақ дыбыстан әріпке барар жол алыс еді. Ол жолда «өткел» болды, ол өткел ауыздан шыққан дыбыс тізбегін сүзіп, танып, таңдап отыратыны білінді. Сөйтіп, дыбыс түрлері көп болғанмен дыбыстың асылы (Е.Омаров термині) ғана әріп таңбаға ие болатыны белгілі болды. Сонда сөйлеуді жазуға, жазуды сөзге айналдыратын код және оның кілті- әліпби сол тілдің фонологиялық құрамына тірелді. Сөйтіп, әліпбимен графиканың, орфографияның негіздерін іздеу жолында фонема ұғымы пайда болды.

2. А.Байтұрсынұлы және қазақ жазуының онтогенездік дамуыҚазақ тілінің
 жазу тарихында әліпби жүйесібірнеше тарихи кезеңдерді басынан өткізіп, ұлттық әліпби деңгейіне жеткен. Бірнеше ғасыр бойы қазақ халқы араб графикасына негізделген әліпби жүйесін пайдаланып келген-ді. 1929-40 жылдараралығында латын графикасына негізделген әліпбиді жазу жүйесіне енгізіп, 1940 жылдан бері қарай кирил графикасы әліпбиін қолданып келеді.Қазақ жазуы – қазақ халқының мәдени өмірінде басқа да түркі халықтарымен бірге пайдаланып келген әр түрлі әріп таңбаларынан тұратын дыбыстық жазу жүйесі. Қазақстан жерін жайлаған көне ғұн, сақ тайпалары (б.з.б. 5 – 4 ғ.) пайдаланған көне (“Есік жазуы”) жазу сол тайпаларға тән мәдениеттің (жазуының да) тарихи мұрагері – қазақ халқының негізін құраушы үйсін, қаңлы, қыпшақ, т.б. тайпалардың ең көне жазуы болып саналады. Көне замандағы қазақ ру-тайпаларының түркі дүниесіне ортақ  Орхон-ЕнисейТалас ескерткіштеріне негіз болған “руна” жазуы (5 – 12 ғ.), көне ұйғыр жазуы, 8 ғ-дан бастап күні бүгінге дейін қолданылып келе жатқан араб жазуы, (Қытай қазақтары ағарту жүйесінде) бір кездерде (1929 – 40; Қытай 1960–1970) қолданыста болған латын жазуы, кириллица жазуы (1940 жылдан кейін) – осылардың бәрі Қазақ жазуының негізі болып саналады. Араб графикасынанегізделген қазақ әліпбиін кезінде А.Байтұрсынов реттеп, тіл ерекшеліктеріне сай жетілдірді, ол 30-жылдарға дейін “төте жазу” деген атпен қолданылып келді. Бұл жазудың емлесі морфол. дәстүрлі шарттарға негізделген. 1940 ж. орыс графикасы негізінде қалыптасқан қазақ әліпбиі мен орфогр. емлесіне әр кезде (1957, 1970), әр түрлі өзгерістер енгізілді. Кириллица негізіндегі жазудың қазақ тіліне тән ерекшеліктердің бәрін дұрыс көрсете алмауына байланысты кейінгі жылдары (1993 жылдан бастап) қазақ ұлттық жазуын латын графикасы негізіне көшіру мәселесі қойылып отыр
3. Ispanca, Espan, ycaskesi, pozitsia, artileria,operetsia, aviatsia, samolot, kilogrammalьq, tank ekipaëь, Grigori, Mexail, oqitьn, Qiьr cьЗьs, Lyqsat, Qalq komissarь, abroi, komsomolets, daiarlaitьn, kazir, qalqoz, predsezateli

14-билет

1.Фонеманың дыбыс қоры және оның сөз мағынасынан ажыратылу сипатыФонема бұл тілдің фонологиялық жүйесінің минималды дыбыстық бірлігі. Фонема сөзі «дауыстың дыбысы» дегенді білдіретін грек тілінен шыққан. Сондықтан фонема минималды бірлік болып табылады, яғни оны кішігірім бірліктерге бөлуге болмайды, сондықтан біз фонеманы тілдегі дыбыстың минималды артикуляциясы деп айтамыз.Фонемалар екі үлкен категорияға бөлінеді. Бір жағынан, бар дауысты фонемалар, дауысты дыбыстарға қатысты, және, екінші жағынан,
болып табылады дауыссыз фонемалар, дауыссыздарға тән.Фонема дегеніміз де – тіл дыбыстары , бірақ ол тіл дыбысы болғанда , сөздердің жігін ажырататын дыбыс . Фонема тіл дыбыстарынан бөлек тұрмайды , қайта , олармен тығыз байланыста болады.Фонема бір дыбыстан ғана емес, сонымен бірге екі дыбыстан да құралуы мүмкін. Керісінше , кейде екі фонема бір дыбыс түрінде айтылады.Мысалы, орыс тіліндегі детский деген сөзде т мен с фонемасы бір ғана ц дыбысы түрінде айтылады.Фонемалардың саралап ажыратушы қызметі тілдің өзінің табиғатынан, оның бүтіндей жүйесйнен келіп туады.Тілдегі дыбыстардың бір-бірінен ажыратылуы қаншалықты қажет болса, морфемалардың да жігі ашылып ажыратылуы, сондай-ақ сөзтіркестерінің де шегі айқындалып өз ара ажыратылуы, — тілдің табиғатына тән және қажетті нәрсе. Фонемаларды саралап ажыратушы қызметі бүтіндей тілдің жүйесінен, оның атқаратын қызметінен келіп туады дейтініміз де осыдан.

2.А.Байтұрсынұлы және қазақ тілінің фонологиясыҚазақ фонетика мәселелерін арнаулы жүйеге салып зерттеу кезеңі проф.Құдайберген Жұбановтан басталады. Проф. Қ.Жұбанов қазақ лингвистикасының ірге тасын қалаушылардың бірі болды. Ол қазақ фонетикасының бір топ мәселелері (атап айтқанда-тіл дыбыстарының фонологиясы мен жіктелуі, дыбыстардың өзгеру құбылысы, үндестік заң, сөздің буын құрылысы және акцентуация саласы)жөнінде зерттеу жүргізіп, олар туралы белгілі шешімге келді. Өз зерттеулерінде ол А,Байтұрсыновтың тұжырымды талдауларын дамыта түсті. Фонология-грек-дыбыс, logos-сөз,ілім- тіл білімінің тілдің дыбыстық жүйесінің құрылымдық және функционалдық заңдылықтарын зерттейтін саласы.А.Байтұрсынұлы қазақ тілінің фонологиялық жүйесіндегі фонемалар (жуан/жіңішкелік)сингармонизм құбылысына негізделгендігін алғаш рет ғылыми тұрғыдан ашып көрсеткен.Қазіргі қазақ фонологиясы қазақ тілі дауысты және дауыссыз фонемалар жүйесінің тілдік парадигмасы мен синагматикалық қатынасын, сонымен қатар басқа да мәселелерді зерттеп келеді.Қазақ тілінің фонологиялық ерекшелігі сингармонизм заңдылығымен тікелей байланысты.Сөз құрамындағы сөз бен сөз, қосымша аралығындағы дыбыстар өзара үндесіп, үйлесіп айтылады.Қазақ тілінің фонологиясы бойынша жеке дыбысты сөзден бөлек алып қарауға болмайды, дыбыс буын құрамында ғана танылады. Сондықтан қазақ әліпбиіндегі дауыссыз дыбысты жеке атамай
, алдынан не артынан ы дыбысын қосып бір буын етіп айтамыз. Сондықтан қазақ әліпбиіндегі дауыссыз дыбыстарды айтқанда орысша атамай (бе, ве, ге, эс, эн), қазақ тілінің фонологиялық ерекшелігіне сай (бы, вы, гі, сы, ны, ыр, ыл) атаған .г) сөз құрамындағы дауыстылардың бірыңғай жуан не жіңішке, еріндік не езулік болып үндесіп келуі тіліміздің фонологиялық ерекшелігін танытады.Дауыссыз дыбыстар тіркесімінде төмендегідей ерекшелік бар:а) қатаң дауыссыздардан соң қатаң дыбыс келеді: Мысалы: бас-тық, атт-тар, оқ-тау;ә) ұяң дауыссыздан соң ұяң дыбыс келеді. Мысалы: қыз-дар, қаз-ға, бағ-дар;Қазақ тілінде дауысты дыбыстарға қатысты төмендегідей заңдылықтар бар:а) бір буын ішінде екі дауысты қатар тұра алмайды (Ал орыс тілінде екі дауысты қатар келе береді: зоология, зоопарк, оазис т.б.);ә) бір сөз деңгейінде тек жуан дауыстылар, немесе тек жіңішке дауыстылар ғана келеді. Ал сөз құрамында жуан-жіңішке дауыстылардың екеуі де келуі қазақ тіліне тән қасиет емес. Мысалы, кітап, мұғалім деген сөздер құрамында жуан-жіңішке дауыстылардың аралас келуі олардың басқа тілден (араб) енген сөз екендігін көрсетеді;

15билет

1.Дыбыс-фонема-әріп процесі Сөйлеудегі   дыбыс түрленімдері   есту  каналы   арқылы   санаға   барады.   Бірақ   сана барлық есілімдерді қабылдамайды. Оның сөз мағынасын танытатын   негізгі   естілімін   екшеп,   санадағы   фонема   қорымен сәйкеседі. Сөйтіп, естілген сөз мағынасын ажырататын фонема сүзіліп,   ақпарат   санаға   қабылданады.   Сонда   фонема   дыбыс реңктерінің ішінен мағына ажыратуға көмегі бар негізгі реңкті екшеп алатын елек қызметін атқарады. Осы “еленген” дыбыс жазба тілдің бірлігі графемаға сәйкес келеді. Графема белгілі   бір   жазу  түрін   пайдаланатын   тілтұтынушы   санасындағы абстракті   бірлік.   Сонда   жазба   тілдің   мағына   ажыратушылық қызметін   графема   атқарады.   Графема   әріп   ретінде   жазылады және оқылады. Мысалы,  мұғалім  деген  сөзді   көргенде (іштей  оқығанда)  көз бірден санаға әріп тұрпаттарынан сигнал тастайды. Сигнал жазу көруге бағышталып тұратын жазба тілдегі графема жүйесімен ассоциацияланса,  графема өз көрінісін таниды, яғни оқылады: сөз фонологиялық   електен   өтеді:  мұғалім    <мұғалым>.   Енді мұны ауызша дыбыстағанда фонема дыбыс құндағына (Н.Уәлиұлы термині) бөленіп, дыбыс реңктерімен айтылады: [мүғәлім]. Бұл процестің жазу сызу үшін пайдасы дыбысталған сөзді жазарман қалай әріп таңбаларына айналдырады деген мәселені қамтитынында. Мысалы, [