Файл: Емтихан билеті 1 Адамзат ркениетіндегі жазуды маызы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 19.03.2024

Просмотров: 47

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
үшкүндүгжолдұң//соңғұ гүнүнде// шәкіртпала   барынсалды///]  деген   сөйленімді   алайық.Хабар естілгеннен (айтылғаннан) кейін сана ақпаратты семантикалық  сегменттерге бөледі: үш, күн, жол, күн, шәкірт, барынсалды. Семантикалық   сегмент   әртүрлі   айтылымдағы   дыбыстардың мағына   жасаушы   реңктерін   тануға   көмектеседі.   Сөйтіп,   ауызша тілдің дыбыс құндағында айтылған сөз дыбыстары фонологиялық електен   өтіп,   фонемаға   айналады:   <үшкүндүгжолдұң   соңғұ гүнүнде   шәкіртпала   барынсалды>.  Фонема   жазудағы   әріп 
таңбаларына сәйкес келетіндіктен позициялық өзгерістер дыбыстық. Сондықтан кейде қалай айтылса, солай жазайық деген пікір айтылып қалады. Ал жазу енді өз нормасы мен жүйесін алға тартады. Яғни жазуда көрші дыбыстардың әсері жоқ әлді позициядағы дыбыс таңбаланады. Көрші дыбыстардың әсері бар әлсіз позициядағы дыбыс таңбаланбайды.  Енді  орфография  ережесі    келеді. Мысалы, <үшкүндүгжолдұң> дегенде: а) босаралықтармен бөліну: <үш күндүг жолдұң>, ә)  еріндіктердің қосымшада жазылмайтыны <үш күндіг жолдың >, б)   <г>   фонемасынан   сөз   аяқталмайтыны  <үш   күндік жолдың> (тексеру үшін сөзді әлді позицияға апарып көреміз). 
Бірақ   қазақ   жазуында   қосымшалардың   фонетикалық   прижазылуы   дауыссыз   дыбыста негізгі   реңкін анықтауға кесірін тигізеді. Мысалы, емледе  қаспыз,  аразбыз  дегенде ассимиляция таңбаланған деп қорытады проф. М.Жүсіпов 

2.Қазақ жазуы емле ұстаным қағидаты
А.Байтұрсынұлықазақтың тұңғыш ұлттық әліпбиін жасаған тұлға ғана емес, қазақемлесін де жасаушы тұлға. Жазу, емле принципін анықтаған тұлға. Ең бірінші, А.Байтұрсынұлы жазудың негізі – екеу (таңба негізді және әріп негізді), ал жүйесі – төртеу (таңбаша, дағдыша, туысша, дыбысша) деп көрсетті. Мұндағы негізі дегені – әліпби таңбаларын айтқаны, ал жүйесі дегені – емле, орфографиясын айтқаны. Бұл кейін академик Л.В.Зиндердің еңбегінде жазудың тегі семасиографиялық немесеидеографиялық және фонографиялық болып бөлінеді деп қайталанады (Зиндер Л.В. Очерк общей теорий письма 52б.). Ал Байтұрсынұлының (А.Б.) таңба жүйелі емле, тарих жүйелі емле, туыс жүйелі емле, дыбыс жүйелі емле дегені кейін бізге орыс тіл білімі арқылы сіңіп, осы арқылы оқытып кеткен тарихи принцип
, этимологиялық принцип, морфологиялық, фонетикалық принциптері. Сонда таңба жүйелі емле (А.Б.) – тарихи принцип (Л.В.Зиндер), тарих жүйелі (А.Б.) – этимологиялық принцип (Л.В.Зиндер), туыс жүйелі (А.Б.) – (Л.В.Зиндер) принцип болып сәйкеседі. Яғни Ахмет атамыз 1910 жылдары анықтаған және термин берген емле принциптері орыс тіл білімінде кейін 40 жылдары ғана айтылып, түсі түстеле бастайды.Жалпы, принцип термині қазақ тілінеұстаным деп аударылады. Сонда емле ұстанымы (принцип) дегеніміз –сөзді жазғанда табан тірейтін ортақ тұғыр. Яғни cөз қалай жазылу керек? Қалай айтылса және естілсе, солай жазылу керек пе, әлде сөздердің шыққан тегі, түбірі, этимологиясы көрініп тұруы керек пе, әлде туыс тілдермен ортақ түбірі, негізі сақталып отыруы қажет пе, әлде сөздің негізгі дыбыстары ғана таңбалануы қажет пе? Әр тілде әртүрлі тұғыр бар. Бірақ бір ғана ұстаныммен жазатын тілдер аз, тіптен жоқ деуге болады. Дегенмен бір ұстаным жалпы жазудың 80-90 пайызын жабады.Енді біртуар ғалым осы төрт түрлі принциптің ішінде қазақ жазуы қайсысына сүйенуі тиіс дегенді қалай анықтады дейсіздер ғой? Байтұрсынұлының өз сөзімен айтқанда, қазақ орфографиясы “туыс жүйелі емленің де, дыбыс жүйелі емленің де түкпіріне қиналмай өтетін, екеуінің арасынан жол табатын” емлені ұстануы керек. Ол мынадай жолдар деді: “Әрбірөзалдына түбірібарсөзоңашаайтылғандағы естілуінше жазылу. Үйлестікпен дүдәмәл естілетін болған дыбыстар айқын орындардағы естілуінше жазылу.Қосымшалар қосылатын сөздермен бірге жазылу» (Байтұрсынұлы А. Тіл тағылымы. Алматы: Ана тілі, 1992.). Мұндағы оңаша айтылғандағы естілуіншежазу – қалай айтылса, солай жаз деген сөз емес, үйлестікпен айтылған дыбысты айқын орынға шығарып алып, сонда естілген дыбысты жаз деген сөз. Яғни сөз мағынасына әсер ететін, сөз мағынасын жасайтын дыбысты ғана таңбала деген сөз. Бұны кейін академик Л.В.Щерба қайталайды: “полагаю, что практически для тюркских народов самое правильное было бы – комбинация фонетического и этимологического принципов”


Емтихан билеті №16

1Қазақ тіліндегі гиперфонемалар Гиперфонема дегеніміз әлсіз позициядағы фонеманың дүдәмал инварианты. Қазақ тілінде <а-ә>, <б-п>, <н-ң>, <ы-0>, <і-0> гиперфонемалары бар. <а-ә> гиперфонемасы басқы буыны жіңішке болып келетін күмән, күнә, ләззат, іңкәр т.б. сөздерінде туады. Ғалымдар арасында дауыстылардың а-ә оппозициясынан гөрі а-е оппозициясы жиі әңгіме болады, яғни < ә> фонемасының статусына күмән келтіретін көзқарастар бар. Мысалы, Қ.Жұбанов қазақ тіліндегі а дауыстысының жіңішке варианты е фонемасы болады дейді. Біздің ойымызша, жіңішке буыннан кейін келген <а> фонемасы позициялық түрленімге түсіп, [ә] вариантына айналады. Сонда ІІ буындағы <а-ә> гиперфонемасы фонология теориясы бойынша <а> фонемасына сәйкес келеді. Яғни қазіргі қазақ жазуындағы ІІ буындағы ә әрпі <а> фонемасының позициялық түрленімі (өздік реңк) болып табылады.Қазақ фонологиясында <й>, <у> үнді дауыссыздарының гиперфонема құрап жүргені әріпті дыбыс деп қабылдайтын қате түсініктен туады. Қазіргі әліпбиде фонемасының екі әрпі бар (й, и). Мұндағы и әрпі қосар дыбысты таңбалайды. Е.Омаров и әрпінің құрамында <ы> фонемасы бар екенін былай түсіндірген. Мысалға “біп-бійт деген сөзді бип-бит деп айта алмаймыз ғой”.

Қазақ жазуында <п-б> гиперфонемасының пайда болуы араб жазуынан басталды. Араб жазуында <п> фонемасы үшін әріп болмады да, оны <п> жіңішке фонеманы беретін парсы әліпбиінен алды. Сөйтіп, п әрпі жазуда <п> фонемасының функциясында толық жұмсала алмады. Сондықтан бүгінде п/бдыбыстық вариант қатарларында мағыналық айырмашылық жоқ (бәле/пәле, пейіл/бейіл, парапар/барабар, палуан/балуан, пайымдау/байымдау, шүберек/ шүперек).

  1. А.Байтұрсынұлының емле туралы пікірлері

А.Байтұрсынұлықазақтың тұңғыш ұлттық әліпбиін жасаған тұлға ғана емес, қазақемлесін де жасаушы тұлға. Жазу, емле принципін анықтаған тұлға. Ал Байтұрсынұлының (А.Б.) таңба жүйелі емле, тарих жүйелі емле, туыс жүйелі емле, дыбыс жүйелі емле дегені кейін бізге орыс тіл білімі арқылы сіңіп, осы арқылы оқытып кеткен тарихи принцип, этимологиялық принцип, морфологиялық, фонетикалық принциптері. Сонда таңба жүйелі емле (А.Б.) – тарихи принцип (Л.В.Зиндер), тарих жүйелі (А.Б.) – этимологиялық принцип (Л.В.Зиндер), туыс жүйелі (А.Б.) – морфологиялық (Л.В.Зиндер) принцип болып сәйкеседі. Жалпы, принцип термині қазақ тіліне ұстаным деп аударылады. Сонда емле ұстанымы (принцип) дегеніміз –сөзді жазғанда табан тірейтін ортақ тұғыр. Яғни cөз қалай жазылу керек? Қалай айтылса және естілсе, солай жазылу керек пе, әлде сөздердің шыққан тегі, түбірі, этимологиясы көрініп тұруы керек пе, әлде туыс тілдермен ортақ түбірі, негізі сақталып отыруы қажет пе, әлде сөздің негізгі дыбыстары ғана таңбалануы қажет пе? Әр тілде әртүрлі тұғыр бар.Байтұрсынұлының өз сөзімен айтқанда, қазақ орфографиясы “туыс жүйелі емленің де, дыбыс жүйелі емленің де түкпіріне қиналмай өтетін, екеуінің арасынан жол табатын” емлені ұстануы керек. Ол мынадай жолдар деді: “Әрбір өз алдына түбірі бар сөз оңаша айтылғандағы естілуінше жазылу. Үйлестікпен дүдәмәл естілетін болған дыбыстар айқын орындардағы естілуінше жазылу.Қосымшалар қосылатын сөздермен бірге жазылу». Мұндағы
оңаша айтылғандағы естілуінше жазу – қалай айтылса, солай жаз деген сөз емес, үйлестікпен айтылған дыбысты айқын орынға шығарып алып, сонда естілген дыбысты жаз деген сөз. Яғни сөз мағынасына әсер ететін, сөз мағынасын жасайтын дыбысты ғана таңбала деген сөз. Ахмет атамыздың “Сөздің ауыздан шығуының өзі екі түрлі болады. Сөйлегенде сөздер бір-біріне жалғаса айтылғанда біртүрлі, әр сөзді оңаша жеке алып айтқанда ауыздан екінші түрлі болып шығады. ...Жеке айтқандағы ауыздан шығуынша жазу түрін біздің қазақ қолданып келеді... “Сондықтан емлемізді туыс жүйесіне қатысқан жүйелеріне қарамай, көпшілігіне қарап, дыбыс жүйелі деп атап келдік”, - деген ойымен үндеседі. “Туыс жүйені де, дыбыс жүйені де “аралас тұтыну керек деушілер: керегіне қарап, екеуін де тұтыну керек дейді ... сөйтіп сөз басына ереже жасайды ... ондай емле оңай болып табыларма” дейді А.Байтұрсынұлы. Жазу теориясын түсіндірудің бұдан артық түсінікті, бұдан артық нақты жолы бар ма екен, сірә?

3сұрақ Қазақ тіл білімінде фонема туралы алғашқы түсінік А.Байтұрсыновтың еңбектерінде кездеседі. Й фонемасы тіл алды алғы таңдайға жүйткуінен пайда болады. А.Байтұрсынұлы емленің қысқа тұсын қарастырған. Сөздер жазуға қолайлы болуы үшін и,у,й әріптерінің жазылуын мән берген. «Қыйын, тіиін» деп сөздерді ұзартып алғаннан, қысқаша жазған дұрысырақ.


Емтихан билеті №17


1Жазу теориясының графема ұғымы

Жазба тіл мен ауызша тіл, тiлдiң ауызша формасы мен жазба
формасы   сияқты   таптастырулардың   шығуы   және   жазу
мәртебесiнiң   анықталуы   бұл   саланың   өзiндiк   дербес,   ең   кiшi
бiрлiгiн iздестiрудi талап еттi. Ең кiшi бiрлiк әлiпбидi құрайтын
әрiптер болып көрiндi де. Алайда әр адамның өзiне тән жазуы бо-
латынынан  бастап,  әрiптердiң   өзi  жазба,  баспа болып,   бiрмәндi,
көпмәндi болып бөлiнуiне дейiнгiнiң арасында әрiптердiң тұрпаты
өзгергенмен   мазмұндық   жағы   өзгермейтiнi   белгiлi   бол-ды.   Осы
жағдай Бодуэн де Куртенэнiң графема ұғымын жасауына әкелдi.
Бодуэн   де   Куртенэ   “Это   постоянно   в   нашей   пси-хике
существующее представление звука, т.е. одновременного сложного
комплекса   прозносительных   работ   и   получаемых   от   этого

впечатлений,   мы   будем   называть   фонемою”   дей   отырып,   егер
әріппен   бір   нәрсені   таңбалауға   болса,   ол  графема,   яғни   әріптің
психикалық   елесі,   графема   жазу-көру   елесі,   ол   фоне-мамен
ассоциацияланып   тұрады,   “графема   –   бұл   жазудың   ары   қарай
бөлшектенбейтін ең қарапайым елесі” деді.
Фонеманың  абстрактi  ұғым  болғаны сияқты, жазба тілдің   де
мағына ажы-ратқыш ең кiшi, абстрактi ұғымы – графема – сөйтiп,
ХХ   ғ.   басында   ғылыми   айналымға   келдi.   Бүгiнгi   лингвистика
графеманы екi түрлi түсiндіредi: 1) жазба форманың ең кiшi бiр-
лiгi,   яғни  ауызша  тілдегі  фонема  қызметінде;  2) жазба  мәтiннiң
сегментi, яғни әріп ретінде. Бұл графеманың ауызша тілде фоне-
маны,   жазба   тілде   әріпті   білдіреді   деген   сипатын   айқындайды.
Қазіргі әдебиеттерге қарасақ, графеманы әріп қатынасында былай
сипаттайды:   графема   мен   әріп   ұғымы   бір   (Л.В.Щерба,
Б.И.Осипов), графеманың баспа екі түрі, жазба екі варианты бар
(Т.Николаева, В.Ф.Иванова), графема фонеманы беретін жазудағы
ең кіші бірлік, ол бірнеше әріптен де тұруы мүмкін
(Л.Р.Зиндер), барлық графикалық таңбалар графема болып та-
былады  (Ю.С.Маслов),   графема   –  инвариант,  әріп  –  вариант,
гра-фема   таңбалаушы   мен   таңбаланушының   бірлігі
(В.М.Солнцев);   графема   графикалық   жүйенің   инвентарін
құрушы,   фонеманың   репрезентациясы,   фонемамен
корреляциялық қатынаста тұратын бірлік.
Сонымен, ХХғ. аяғындағы жазу теориясы жазу бiрлiктерiн
абстракті графема мен нақты әрiпке ажыратып, жазба жүйе бір-
ліктерін жасады.Егер   бiз   тiлдi   таңба   деп   алсақ,   таңбаның   таңбалаушы-
таңбаланушылық сипаты тiлдiң екi жақты меже сипатына сәйкес
келетiн болса, онда ауызша тіл формасының өз мазмұн межесi мен
тұрпат межесi, жазба тілдің өзiндiк мазмұн және тұрпат ме-жесi
болады. Ауызша тілдің мазмұн межесi – дыбыс, тұрпат ме-жесi –
фонема болып табылады да, жазба тілдің мазмұн межесi
– графема, тұрпат межесi – әрiп болып шықпақ.
Б.Куртенэ айтуы бойынша, графема ауызша тілдің а) фоне-
масын, ә) фонемалар жиынтығын, б) жартылай фонеманы, в)
бiр фонема мен басқа бiр фонема элементiнiң тiркесiн бейне-
лейдi. Жазба мәтінде графема а) әрiп, ә) әрiп тiркесi, б) басқа да
графикалық амалдар арқылы көрiнедi.Ғалым әріптер әртүрлі болып таңбаланғанмен оларды ортақ