Файл: Iii триместр і модуль Клік жне логистика лексикалы таырып.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 26.03.2024
Просмотров: 70
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Коммуникативтік-танымдық бағыт дегенде студенттің сөйлем құрастырғандағы білімін, сөздік қорын, кәсіби тілдегі қарым-қатынас құзіреттілігін қалыптастыру керек. Бұл дегеніміз болашақ мамандардың кәсіби білім деңгейінің жоғары болуы қажеттілігінен шығады.
Студенттің өз мамандығына сай тілді меңгеруінің нәтижелі болуы танымдық белсенділігіне байланысты. Ол үшін оқытушы әр студентке кәсіби бағытта орындалатын материалдарды көптеп дайындау қажет. Оқылым, жазылым, тыңдалым, тілдесім әрекеттері студенттің кәсіби қатынастық құзіреттілігін қалыптастыруда зор ықпал етеді. Өз мамандығына лайық берілген тапсырмалар мен мәтіндер арқылы көптеген ақпараттар алады. Олар тек ақпарат алып қоймайды, жазып үйренеді, жаңа сөздерді меңгереді, бір-бірімен тілдесе алады. Кәсіби бағыттағы тілдік қарым-қатынас орнайды. Ол студенттердің өз мамандығына лайықты тілді үйренуіне деген қызығушылығын арттырады.
ЖАЗЫЛЫМ
4-тапсырма. «Қазақ тілі қандай тіл?» атты эссе жазыңыз.
№3 СӨЖ тапсырмасы:
1. Еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныс жайлы мамандығыңызға қатысты мәлімет жинау.
4-сабақ
Мамандыққа қатысты тілдік ерекшеліктер
ТЫҢДАЛЫМ
1-тапсырма. Төменде берілгенсөздермен (сөз тіркестерімен) сөйлем құрастырыңыз.
икемділік – гибкость
дағды – навыки
машық – умение
тілдік қатынасқа түсу – вступить в языковое общение
мәтін – текст
сөздік – словарь
құзыреттілік – компетентность
сөйлеу мәдениеті – культура речи
әріптес – партнер, коллега
келіссөз – переговоры
ресми-іскери қызмет – официально-деловая деятельность
кәсіби шеберлік – профессиональное мастерство
ОҚЫЛЫМ
2- тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыз
Студенттің мамандыққа сай тілдік қатынасқа түсуі оның сөздік қорының молдығына байланысты. Ал мәтінмен жұмыс істеу сөздік арқылы іске асады. Демек, мәтінге берілгенсөздікті меңгеру – адамдардың кәсіби тілде бір-бірімен ашық пікірлесіп, ойын жеткізуіне, тілдесуіне септігін тигізеді.
Мамандыққа сәйкес тілдік қарым-қатынас орнату үшін сөздің лексикасын, грамматикасын және стилистикасын білу жеткілікті емес. Кәсіби бағыттақарсыласымен пікірлесіп, ойын анық жеткізе білу үшін сөзді дұрыс қолдануға үйрену керек. Қай мамандықта болмасын болашақ маман жиналыстарда, келіссөздерде, қызметтес адамды қабылдауда әріптестерімен дұрыс сөйлесе білуі парыз.
Ол үшін қазақ тілін кәсіби бағытта үйренуге талпынған әрбір тіл үйренуші мәтіндердің мазмұнына берілген тапсырмаларға үлкен мән беруі қажет. Кәсіби сөйлеу тілінің дамуы мен қалыптасуы арқылы мамандыққа қатысты білім аясы кеңейеді сонымен қатар тілдік білім құзіреттілігі қалыптасады.
Кәсіби тілді меңгеру нәтижесінде студенттердің:ауызша және жазбаша кәсіби саласындағы сөйлеу тәртібі менмәдениетінің деңгейін көтереді;кәсіби қызмет саласында қажетті стильдік, әлеуметтік кәсіби білім қалыптасады;кәсіби коммуникацияның әртүрлі формалары, түрлері бойыншасөйлеу тәртібінің стратегиясы, тактикасы саласында шеберлік икемі болады;курс практикалық бағытта барлық мамандықтар бойынша маманның кәсіби сөйлеу мәдениеті дағдысын қалыптастырады.
Кәсіби қазақ тілі пәнінен алынған тілдік негіздердің икемділік және дағды-машықтары төмендегі қызметтерді атқару үшін:кәсіби салалар қызметінің жағдайларындағы өзара қатынасты орнықтыруға;ресми-іскери қызметінде кәсіби шеберлік мәдениетін танытуда;болашақ маманның тілдік кешенді құзыреттілігін қалыптастыруға; қажетті кәсіби сөйлеу стилін дұрыс таңдай білуді дамытуғақажет.
АЙТЫЛЫМ
3- тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Кәсіби сөйлеу стилін дұрыс таңдай білмейтін маманның қызметте қандай кедергілерге ұшырауы мүмкін?
2. Мамандыққа сәйкес тілдік қарым-қатынас орнату үшін нені білу маңызды?
3. Сөздік қорды меңгеру кәсіби шеберлікке әсерін тигізе ме?
ЖАЗЫЛЫМ
4-тапсырма.Мамандығыңызға қатысты терминдерден глоссарий құрастырыңыз.
5-тапсырма.Өзіңіз құрастырған глоссарийді пайдаланып, мамандығыңыз туралы шағын мәтін құрастырыңыз құрастырыңыз.
№4 СӨЖ тапсырмасы:
1. «Бәсекеге қабілетті маман – кәсіби тілді меңгерген маман» атты эссе жазыңыз.
9-модуль:КӘСІБИ ТІЛДІҢ ТЕРМИНЖҮЙЕСІ. САЛАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІБИ БАҒДАРЛЫ ТЕРМИНДЕР
Лексикалық тақырып:
1. Тілді кәсіби бағдарлы қолдану.
2. Салалық және кәсіби терминдер. Қазақ тіліндегі термин сөздер.
3. Әлеуметтік және кәсіби салаларда қолданылатын сөздер (тұлға, азамат, заң, шетелдік, нарық, келіссөз, жол қатынасы).
Грамматикалық тақырып:
Тұрақты тілдік оралымдардың берілуі.
1-сабақ
Тілді кәсіби бағдарлы қолдану
ТЫҢДАЛЫМ
1-тапсырма. Төменде берілгенсөздермен (сөз тіркестерімен) сөйлем құрастырыңыз.
сөзжасам – словообразование
терминжасам – терминообразование
морфологиялық тәсіл – морфологический подход
синтаксистік тәсіл – синтаксический подход
тілдің дыбысталу заңдылығы – законность звучания языка
орфографиялық жүйе – орфографическая система
интернационалдық терминдер – интернациональные термины
қазақ жазуы – казахская письменность
латын әрпіне көшу – переход на латинскую букву
ОҚЫЛЫМ
2- тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыздар
ТІЛДІҢ ІШКІ МҮМКІНДІГІ ЖӘНЕ ТЕРМИН ЖАСАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қазақ тілін ғылым тіліне айналдыру еліміз тәуелсіздік алғалы күн тәртібінен түспей келеді. Өйткені мемелекеттік тіл ұғымының бір көрінісі – оныңәр түрлі ғылымдар саласында кеңінен қолданылатын терминдерінің болуы. Мемлекеттік тілде ғылыми жұмыстар жазылмаса, ол ғылым тілі ретінде қалыптаспаған болса, онда оның шын мәнінде мемлекеттік тіл болмағаны. Қазақ тілі ғылым тілі болуы үшін ең алдымен оның қалыптасқан терминдері болуы тиіс. Термин қалыптастырудың тәсілдері көп.
Термин қалыптастыруда кең тараған тәсілдердің бірі – ғылым, білімі дамыған алдыңғы қатарлы елдердің терминдерін тілдің дыбысталу заңдылығына икемдеп алу. Өзіміз жақсы білетін орыс тіліндегі терминдердің 70-80%-ы латын, грек, ағылшын т.б. тілдерден енген сөздер. Бірақ олар орыс тілінің дыбысталу заңдылығына бағынып енгендіктен, олардың жат сөздер екенін көп адам аңғара бермеуі де мүмкін. Ал қазақ тіліне келетін болсақ, мұндай терминдерге «интернационалдық терминдер» деп ат қойып, айдар тағып, ондай сөздерді аударуға болмайды деген ережеге тастай қатып қалған.
Академик Ө. Айтбайұлы тілдің дамуы интернационалдық сөздердің көптігіне байланысты емес, оларды сол жат қалпында қабылдай беретін болсақ, онда интертерминдер шапқыншылығына тап боламыз, онсыз да дендеп бара жатқан шетел сөздері қаптай беретін болса, ана тілімізге қатер төнді дей беріңіз дейді. Интертерминдерге тәуелді болмай-ақ, мысалы, жапон, қытай тілдерін өз тілінің байлығын қолданып отыр. «Интертерминдерге тиюге болмайды дейтін қате түсінік салдарынан бұлар да о баста белгілі бір тіл ішінде туындап, терминдік мәнді жүре келе жүктеген қарапайым сөздер екенін елемейтін болдық. «Тиіспе», «аударма» деуден бұрын бұл сөздер нені білдіріп тұр, қандай мағынаны арқалап тұр дегенді анықтау керек» - деп, интерминдерді де мүмкіндік болса аударуға болатынын айтты.
АЙТЫЛЫМ
3- тапсырма. Мәтіннен түсінгеніңізді айтыңыз
ЖАЗЫЛЫМ
4- тапсырма . Мәтін бойынша сұрақ құрастырыңыз
№1 СӨЖ тапсырмасы:
1. Мамандығыңызға қатысты он бес интернационалдық термин жазып, мағынасын түсіндіріңіз.
2-сабақ
Салалық және кәсіби терминдер. Қазақ тіліндегі термин сөздер.
ТЫҢДАЛЫМ
1-тапсырма. Төменде берілгенсөздермен (сөз тіркестерімен) сөйлем құрастырыңыз.
латын әлiпбиi – латинский алфавит
ұлттық стандарт – национальный стандарт
бекіту – утверждение
терминологиялық комиссия – терминологическая комиссия
лингвистикалық сараптама – лингвистическая экспертиза
аудару – перевод
салалық терминологиялық сөздіктер – отраслевые терминологические словари
жүйелеу – систематизация
терминдерді біріздендіру – унификация терминов
терминдер қоры – фонд терминов
терминдердің қазақ тіліндегі нұсқалары – варианты терминов на казахском языке
терминдердің халықаралық нұсқалары – международные варианты терминов
ОҚЫЛЫМ
2- тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыздар
САЛАЛЫҚ ТЕРМИНДЕР ҰЛТТЫҚ СТАНДАРТПЕН БЕКIТIЛМЕК
Сенатта қазақ тiлiндегi терминологияны жетiлдiру мәселелерiне арналған жиын өттi. Кездесуде ҚР Мәдениет және спорт министрi Арыстанбек Мұхамедиұлы Терминком бекіткен терминдерге міндетті сипат беру мақсатында салалық терминдерді Ұлттық стандартпен бекіту мәселесі қарастырылып жатқанын айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.
«Елбасы Жолдауында айтылған үлкен мәселенің бірі – қазақ терминологиясын жетілдіру және терминдерді біріздендіру. Жолдауда Президенттің «Егер біз қазақ тілі ғұмырлы болсын десек, оны жөнсіз терминологиямен қиындатпай, қазіргі заманға лайықтауымыз қажет» дегені бәрімізге белгілі. Осы тапсырманы орындау мақсатында Министрлік бүгінге дейін бекітілген терминдерге мониторинг жүргізді. Қазірге дейін 21 мың термин бекітілсе, оның 40,8 проценті (8571 термин) – төл терминдер, ал 59,2 проценті (12429 термин) кірме және аралас терминдерді құрап отыр. Осы терминдерге жасалу және аудару тұрғысынан толық лингвистикалық сараптама жасалуда. Бұл ретте тіліміздің тазалығын сақтап қана қоймай, оны ғылым тіліне айналдыру үшін терминдердің принциптері мен қолданбалы терминтанудың негізгі міндеттерін айқындау мәселесі қолға алынды», - дедi А. Мұхамедиұлы.
Министрдiң айтуынша, терминдерді бекітумен тікелей айналысатын ҚР Үкіметінің жанындағы Республикалық Терминологиялық комиссия жоспарға сай жұмыс жасап келедi. Комиссия шет тілінен енген бірқатар терминдердің қазақ тіліндегі нұсқаларын халықаралық нұсқалармен қайта сәйкестендірді.
«Оған музей (мұражай), архив (мұрағат), абзац (азатжол), процент (пайыз), шина (құрсым), инвентарь (мұқаммал), демаркация (шегендеу), баланс (теңгерім) сынды терминдерді мысал ете аламыз. Ретіне қарай мұндай жұмыстар бұдан былай да жалғасын табады. Бір ескеретін дүние – қазір қоғамда жиі сынға ұшырап жүрген терминдердің басым бөлігі Терминологиялық комиссия тарапынан бекітілмеген. Ел арасында терминтану мәселесіне деген теріс көзқарастың қалыптасуына сондай бекітілмеген терминдер кері әсерін тигізіп жатыр. Мысалы, бұқаралық ақпарат құралдарында, қоғам арасында қолданылып жүрген қылтима, бұрқақ, сазгер сынды бірқатар терминдер 2014 жылы Терминологиялық комиссия отырысында қаралып, балкон, фонтан, композитор болып бекітілген», - дедi ведомство басшысы.
«Қазіргі уақытта терминдердің бірізді қолданылуын қамтамасыз ету – терминология саласындағы ең өзекті мәселе. Осы ретте Терминком бекіткен терминдерге міндетті сипат беру мақсатында халықаралық тәжірибені негізге ала отырып, салалық терминдерді Ұлттық стандартпен бекіту мәселесі қарастырылуда. Бұл мәселе Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, «Қазақстан Республикасы мемлекеттік тілінің терминологиялық қоры: интеграциялау, жаңғырту және стандарттау» ғылыми бағдарламасы жобасының негізінде жүзеге асырылмақ», - дедi Арыстанбек Мұхамедиұлы.
АЙТЫЛЫМ