Файл: 20 балл Сауат ашу дістемесіні алыптасуы мен даму тарихын баяндаыз.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 27.03.2024

Просмотров: 85

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Сондықтан мұғалім ең алдымен өз сыныпына түскен оқушылардың құрамымен танысады, олардың қайсысының қалай оқитынын біледі.Жүгіртіп оқи алатындарға «Әліппе серігінен» қосымша материал беріледі.Ежелеп оқитындарға «Әліппеден» әріптерді қосып оқу тапсырмалары орындатылады. Дайындығы нашар балалармен сабақ үстінде, сабақтан тыс уақытта үнемі жеке жұмыс жүргізіледі.

Әрбір оқушының дайындығына қарай, тапсырма дәл, тез беріліп, оларды түгел қамтиды. Мұнда әрбір бала бір тапсырманы орындағанда сол сынып коллективінің ең бір пайдалы мүшесі сияқты сезінетін жағдай жасалғаны жөн.

Оқуға алынатын материал сабақтың жалпы тақырыбына сәйкес іріктеледі (әдетте «Әліппенің» беттеріне сай), бірақ әр баланың мүмкіндігіне қарай, әр түрлі сөздер, буындар, сөйлемдер таратылады. Осы принцип Әліппеден кейінгі кезеңдерде, «Ана тілін» оқығанда да идактикалық материалдар таратқанда да сақталып отырады. Бұл жұмыстардың барлығының көдейтін мақсаты-сабақ үстінде оқушылардың келісімді қызмет жасауын қамтамасыз етуін, әр оқушының дайындығына қарай, оқу дағдысын жетілдіру.

Қайсыбір жағдайларда сөздерді тақырыпқа қарай топтатып үйретеді. Мысалы «құрал саймандар». Оқушыларға бірнеше картинка үлестіріледі. Енді ғана әріп танып, оқи бастағандар: айыр, ара, орақ, біз, машина суреттерін алады. Олардан гөрі тәір оқитындар: шалғы, балға, балта, күрек, егеу, ине алады. Олардан да жақсы оқитындар: тырнауыш, қайшы, тақта, шелек, шеге алады.

Әрбір оқушы құрал сайманға жататындарды іріктеп сөйлем құрайды. Мұғалім тексеріп, қателерін жөндейді. Осыдан соң ол әр оқушыдан ол сөзді неге құрал-сайманға жатқызғаны, ол құралмен не істелетіні, қалған картинканы неге құрал-сайманға жатқызуға болмайтыны айтқызылады.

Сөйтіп заттардың атын айтып, сөз құрау жұмысы логикалық жаттығулармен ұштастырылады. Әрбір сабақта балалар өздіктерінен орындау үшін тапсырма алады. Жаңа оқи бастағандар бірте-бірте күрделі тапсырмаларды орындай отырып, жүгіртіп оқи алатындарды көп ұзамай қуып жетеді. Балалардың өздіктерінен орындайтын жұмыстарының үлгілеріне мысал:Жаңа оқи бастағандарына: Әліппеден мал сөзін құрау; мал тексін оқу. Жүгіртіп оқи алатындарға: мал аттарын құрау; оған өздіктерінен текст құрастырып айтып беру т.с.с.


30Балл

1. Мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоядың мазмұнын мысалмен түсіндіріңіз.

2.Сөздің буыннан тұратынын, сөздегі буын санын анықтау мен одан сөйлем құрауды үйретуді мысалмен көрсетіңіз.

Сөз құрамындағы бір немесе бірнеше дыбыстар тобынан жасалған фонетикалық бөлшек буын деп аталады.

Дауысты дыбыстар буын құрауға негіз болады. Дауыссыз дыбыстар буын құрай алмайды. Сөздің құрамында қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады. Мысалы, қарлығаштардың деген сөзде бес дауысты дыбыс бар, яғни сөз бес буыннан құралған.

Қазақ тілінде буынның үш түрі бар: 1) ашық буын; 2) тұйық буын; 3) бітеу буын.

Бір дауысты дыбыстан құралған және дауыссыз дыбыстан басталып, дауысты дыбысқа аяқталған буын ашық буын деп аталады. Мысалы, а-на, ба-ла, да-ла, бе-ре-ке, ә-ке, ша-ға-ла, же-ті, та-ға, т.б.

Бір ғана дауысты дыбыстан құралған буын жалаң ашық буын деп аталады. Мысалы, ә-же, ұ-лы, ү-кі, а-та, т.б.

Тұйық буын дауысты дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталады. Мысалы, айт, өр, ант, ән, ұлт, аң, ұрт, үй, арс, ел, өрт, т.б.

Дауыссыз дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталған, яғни ортасы дауысты дыбыс екі шеті дауыссыз дыбыс болып келген буын бітеу буын деп аталады. Мысалы, бұлт, жер, қант, той, құрт, тау, жұрт, жез, төрт, дос, серт, гүл, мұрт, қол, бырт-бырт, сарт-сұрт, жарқ-жұрқ, сөз, көз, май, дөң, дүлдүл, мазмұн, жолдастық, т.б.

3.Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіруді мысалмен дәлелдеңіз.

4.Сауат ашу кезеңінде жүргізілетін оқу-тәрбие жұмыстарына талдау жасаңыз.

Сауат ашу кезеңінде жүргізілетін тіл дамыту жұмыстары

Сауат ашу кезеңінде жүргізілетін тіл дамыту жұмыстарының теориялық негіздері

Қазақ мектептеріндегі сауат ашу кезеңінде тіл дамыту жұмыстарын жүргізудің ғылыми негіздерін талдауды, ең алдымен, бұл проблеманың психологиялық аспектілерін зерттеуден бастағанды жөн көрдік.

«Балалық шақта дамудың алдында жүріп, дамуды соңынан ілестіріп отыратын оқыту ғана жақсы»,–деген орыс психологы Л.С.Выготский. Ғылымның пікірінше, бала сол сәтте пісіп-жетілген қабілеттерінің деңгейінде емес, бойындағы дамуға бейім тендециялардың деңгейінде тұрады.

Л.С.Выготский «Оқытудың басты міндеті бала санасындағы ең таяу даму аймағына түрткі болу екендігі» туралы тұжырымын қайта жаңғыртып, өз іс-тәжірибелерінде сәтті қолдана білген педагогтер (Ш.Амонашвили т.б.) бұл тұжырымның сауат ашу кезеңіне өте дәл келетінін дәлелдеп берді. Сөйтіп, әдістеме ғылымында балаларды «дамыта оқыту» жүйесі қалыптасты.


Демек сауат ашу барысында оқыту үдерісі, нақтырақ айтқанда, оқушылардың тілін дамыту (сөздік қорын байыту, сөйлеу дағдыларын жетілдіру т.б.) ісі олардың сол сәттегі психикалық-физиологиялық қабылдау мүмкіндіктерінен төмен болмай, керісінше, алға түсіп, балалардың дамуын жетелеп отыруы қажет.

Сауат ашу кезеңінде оқу-тәрбие жұмыстарының нәтижелі болуы балалардың қабылдау мүмкіндігін дамытуға байланысты екендігі белгілі. 6-7 жастағы балалардың жаңа нәрсені (затты, ұғымды, әңгімені, суретті т.б.) қабылдауы көбінісе көру және есту түйсігі арқылы жүзеге асады.

Ал мұғалімнің міндеті – балалардың бойындағы осы қасиеттерді жетілдіріп, қабылдаудың саналы болуына, не нәрсенің де мәнін түсінуге ұмтылу әрекетін тәрбиелеу. Ол үшін, ең алдымен, оқушылардың зейінін, есте сақтау қабілетін, ойлау машығын, қиялын мақсатты түрде дамытуға тура келеді.

5.Керекті сөздерді қосып шағын мәтін құрап, буынға бөліп талдаңыз: ата, әже, әке, шеше, аға, әпке, іні, қарындас.

6.Орны ауыстырылып берілген әріптерден сөз құрастырып, оларды әліпби ретімен орналастырыңыз: 1) л, ү, г 2) ә, і, р, п 3)л, і, ә, п, и, б.

7.Морфологиялық талдау жасаңыз: Мен Қаныш ағаммен сирек болса да кездесіп тұрамын.

Мен - жіктік есімдік

Қаныш- зат есім

ағамен-аға(зат есім ), мен (көмектес септігінің жұрнағы)

сирек- сын есім

болса-бол (етістік) са (шартты райдың

да-демеулік шылау

жұрнағы)

кездесіп- кездес(етістік ), іп(көсемшенің жұрнағы)

тұрамын- тұр(етістік),а(көсемшенің жұрнағы), мын(жіктік жалғауының бірінші жағы)

8. Фонетикалық талдау жасаңыз: Интернет-жиырмасыншы ғасырдың аяғында пайда болған.

[3 буын: ин - тұйық, тер - бітеу, нет - бітеу]Әріп саны: 8

Дыбыс саны: 8

и - дауысты, қысаң, езулік, жiңiшке

н - дауыссыз, үнді

т - дауыссыз, қатаң

е - дауысты, ашық, езулік, жiңiшке

р - дауыссыз, үнді

н - дауыссыз, үнді

е - дауысты, ашық, езулік, жiңiшке

т - дауыссыз, қатаң

[5 буын: жи - ашық, ыр - тұйық, ма - ашық, сын - бітеу, шы - ашық]Әріп саны: 11 Дыбыс саны: 11

ж - дауыссыз, ұяң

и - дауысты, қысаң, езулік, жiңiшке

ы - дауысты, қысаң, езулік, жуан

р - дауыссыз, үнді

м - дауыссыз, үнді

а - дауысты, ашық, езулік, жуан


с - дауыссыз, қатаң

ы - дауысты, қысаң, езулік, жуан

н - дауыссыз, үнді

ш - дауыссыз, қатаң

ы - дауысты, қысаң, езулік, жуан

[3 буын: ға - ашық, сыр - бітеу, дың - бітеу]Әріп саны: 8Дыбыс саны: 8

ғ - дауыссыз, ұяң

а - дауысты, ашық, езулік, жуан

с - дауыссыз, қатаң

ы - дауысты, қысаң, езулік, жуан

р - дауыссыз, үнді

д - дауыссыз, ұяң

ы - дауысты, қысаң, езулік, жуан

ң - дауыссыз, үнді

[4 буын: а - ашық, я - ашық, ғын - бітеу, да - ашық]Әріп саны: 7

Дыбыс саны: 8

а - дауысты, ашық, езулік, жуан

я -

а - дауысты, ашық, езулік, жуан

ғ - дауыссыз, ұяң

ы - дауысты, қысаң, езулік, жуан

н - дауыссыз, үнді

д - дауыссыз, ұяң

а - дауысты, ашық, езулік, жуан

[2 буын: пай - бітеу, да - ашық]Әріп саны: 5Дыбыс саны: 5

п - дауыссыз, қатаң

а - дауысты, ашық, езулік, жуан

й - дауыссыз, үнді

д - дауыссыз, ұяң

а - дауысты, ашық, езулік, жуан

[2 буын: бол - бітеу, ған - бітеу] Әріп саны: 6Дыбыс саны: 6

б - дауыссыз, ұяң

о - дауысты, ашық, еріндік, жуан

л - дауыссыз, үнді

ғ - дауыссыз, ұяң

а - дауысты, ашық, езулік, жуан

н - дауыссыз, үнді

9. Сауаттылыққа үйретуде ой операцияларын іске асырудың маңызын мысалмен дәлелдеңіз.

10.Жазуға үйрету үшін қажетті әдістемелік және гигиеналық талаптардың маңыздылығына баға беріңіз.

Сауат ашу – аса жауапты да күрделі жұмыс. Өйткені сауат ашу кезеңінде балалар дыбысты әріппен таңбалай білуге үйретіліп қана қоймайды, сонымен бірге каллиграфиялық талапқа сай жазуға дағдылануы тиіс. Демек, сауат ашудың міндеті әріпті жаза білуге үйрету емес, оның әрбір элементтерін дұрыс сақтауға, дәптерге қалай болса, солай жазбай, жазуға машықтандыру міндеті де тұр. Таза, әдемі жазуды талап ету баланың әсемдік сезімін оятып, мінез-құлқын тәрбиелеп, жауапкершілікке, тыңғылықтылыққа, ұқыптылыққа үйретеді. Бірақ бұл үрдіс баяу қалыптасады. Мұндай мақсатқа жету көптеген талаптарды орындаумен тікелей байланысты.

Балаларды жазуға үйрете отырып, олардың жеке дара ерекшелігін ескеру керек: балалардың жазу қабілеттерін білу, көзінің көру қабілетін ескеру, қимыл – қозғалыстарын ескеру қажет. Тәрбиеші баланың дұрыс отыруын, дәптерді орналастыруын, қаламсапты ұстауын, әріптің формасын, тез немесе баяу жазуын байқап отыруы керек. Мұның бәрі тәрбиешінің баламен жеке жұмыс істеріне, ата – анасына кеңес беруге, үйге тапсырманы дұрыс беруге көмектеседі.


Жазу үрдісін жүзеге асыру үшін жазу құралдарының (қаламсап, қарындаш, бор) көмегі керек. Бұл заттардың қолданылу жолдарын білуі міндетті.

Ережесі:

1. Жазудың құралдарын пайдалана білу;

2. Дәптердің дұрыс орналасуы;

3. Дұрыс отыра білу;

4. Қолдың дұрыс қозғалысы;

Дұрыс жазу үшін:

1. Үлгі мен жазудың нәтижесін салыстыра білу;

2. Баспа әріпті жазбаша түрде жаза білу;

3. Әріптің дұрыс жазылуын білу;

4. Әріпті байланыстыра білу ( үзіліссіз, жоғарғы жағынан, төменгі жағынан );

5. Әріптің біркелкілігін сақтау;

6. Сызықтар арасында және бір сызықта жаза білу;

7. Жазудың басталуы және бір жолды дұрыс толтыра білу;

8. Жазудың бағытының дұрыстығы;

Бұл ережелер бірден емес 2 - 3 жылда қалыптасады. Жазу барысында бала көптеген талаптарды орындау қажет. Кейбір балалар әріптің жазылу жолын жеке көрсетсе ғана дұрыс жазады. Тәрбиеші баланың дәптеріне жазып көрсетеді, ал бала сол бойынша жазады. Ал, біреулері оның қолын ұстап бағыттап отырғанда ғана жаза алады.

Балалар дұрыс бағытта қозғала отырып жазу үшін тәрбиеші түсіндіргеннен кейін балалар бірінші оны көзін жұмып ауада жазады. Осыдан кейін ғана олар жаза бастайды.

Гигиеналық талап дегеніміз – оқу , жазу жұмыстарының атқарылатын физиологиялық шаралардың жиынтығы . Бұл шаралардың орындалуы оқушының психо – физиология дамып жетілуін қамтамасыз етеді .

1 . Сынып бөлмесінде партаға дұрыс отыру ережелерінің ілініп тұруы .

2 . Сынып бөлмесіне жарықтың сол жақтан түсуі .

3 . Оқушының партаға кеудесін тік ұстап түзу отыруы ( оқушылардың белі орындықтың арқалығына тіреліп тұруы шарт ) .

4 . Оқушының кеудесінен партаның арасындағы қашықтық 4 – 5 см сәйкес болуы керек .

5 . Оқушының басы алды – артына аз солға қисаймай тік болуы және дәптердің бетімен оқушының арасындағы қашықтық 25 – 30 см сәйкес болуы керек .

6 . Оқушының екі аяғы үшбұрышталып партаның кергішіне не төртбұрышталып еденге тиіп отыруы керек .

7 . Оқушының 2 – ші сыныптағы партасының бетінде болып дәптердің жоғары , төмен жылжуын сол қолдың ықпалымен жүзеге асады .

8 . Оқушының қаламсап ұстаған жұдырығы оның көкірек тұсында болуы .

9 . Оқушының жұмыс дәптері партасының бетінде көлбеу жатуы ( есік жағы жоғары , терезе жағы төмен ) .

10 . Дәптердің жоғары немесе төмен жылжуы тек сол қолдың ықпалымен жүзеге асады .

11 . Оқушы қаламсапты ұшынан 2 – 3 мм қашықтықта үш саусақтың көмегімен қатты қыспай еркін ұстап жазуы .

11.Сауат ашудағы оқудың түрлеріне (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, мәнерлеп оқу, түсініп оқу) талдау жасаңыз.