Файл: 20 балл Сауат ашу дістемесіні алыптасуы мен даму тарихын баяндаыз.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 27.03.2024

Просмотров: 84

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Оқушыны дұрыс оқуға үйрету жұмысы 1-ші сыныптан басталып, әрбір жеке сөзді дыбыстап емес, буындап оқуға үйрету керек. Әліппе кезеңінде бірінші тоқсанда сөзді буындап оқып үйренген оқушы, екінші тоқсанда сөзді буынға бөлмей, тұтас оқи алатын болады. Ал 2-ші сыныпта сөйлемді бірден оқиды.3-4-ші сыныптарда сөйлемді сазына келтіріп дұрыс, мәнерлеп оқуға жаттығады.

Оқушы оқығанын шапшаң оқу арқылы тез түсіне алады. 3-4-ші сынып оқушылары өзіне берілген тақырыпты ежіктеп оқыса, онда оның мазмұнын түсіне алмайды. Тақырыпты тым баяу оқыған оқушы сол тақырыптың мазмұнын түгел айтып бермек түгіл, бір сөйлемнің өзінде де не айтылғанын аңғара алмай қалады. Сондықтан да шапшаң оқу тексті дұрыс оқып, оның мазмұнын түсіну үшін қажет.

Шапшаң оқу дегеніміз—тақырыптағы сөздерді қалай болса солай бастырмалатып оқу немесе сөздердің ара жігін айырмай оқу емес, оқығанын түсінетіндей қалыптағы шапшаңдықпен оқу, әрбір оқушы мінезінің әрқилылығы сияқты, оқу жылдамдығы да әр түрлі болады. Осыған орай, әр оқушының бір минут ішінде оқыған сөз саны сан алуан болып келеді.

Шапшаң оқу, түсініп оқу, дұрыс оқу бір-бірімен тығыз байланысты. Сөзді дұрыс оқитындар ғана шапшаң оқи алады. Белгілі бір жылдамдықпен оқығанда, сол оқығанының мазмұнына түсінсе ғана, оны шапшаң оқыды деуге болады. Шапшаң оқуға жаттықтыру әр сабақ сайын жүргізіліп отырады. Дегенмен, шапшаң оқуға төселдіру үшін арнаулы сағаттар бөлініп, арнайы жұмыстар жүргізу қажет.

Мәнерлеп оқу — мәтінді, оның мазмұнын тыңдаушыға әсерлі етіп жеткізу үшін, ондағы сөздердің дыбыстық үйлесімін, екпінін, дауыс ырғағын, әуенін сақтап айту. Мәнерлі оқудың қажетті шарттарына дауыстың анық есітілуі, оның үнділігі, әуені, яғни дауыс күшінің, үннің биіктеуі мен төмендеуі, оку қарқынынын бірде жылдам, бірде баяулауы, лебізділігі жатады. Оқу техникасы дұрыс тыныс алуды, үннің құлаққа жағымды, сөздің, буынның ашық, айқын болуын талап етеді. Мәнерлеп оқу дегеніміз — қарапайым сөйлеу тіліне жақын, еркін оқу. Оқушылардың тілін мәнерлеп оқуға жаттықтыру үшін жүргізілетін жұмыстар:

– Шығарманы дыбыс таспасына жазып тыңдауды ұйымдастыру;

– Оқушыларға сұрақ-жауап қойып әңгімеге тарту, жазып алу;

– Жазып алынған әңгімені дәптерден оқу, салыстыру;

Мәнерлеп оқудың принципі – шығарманың көркемдік мәні мен безендірілуін түсіну. Мәтіннің аудиторияға қаншалықты түсінікті екенін анықтау маңызды. Оқуды тиімді ету оқу кезінде қойылған тапсырманы, мақсатты түсінуге көмектеседі. Шығарманы жеткізудің сәттілігі көп жағдайда оқырман сөзінің көркемдігіне, сауаттылығына, жарқындығына байланысты. Мазмұн мәтінді жіберу кезінде қандай құралдарды пайдалану керектігін дәл анықтауға мүмкіндік береді. Мәнерлеп оқу шығарманың идеясын, сезімін, мазмұнын жеткізу құралдары бойынша табанды, көп уақытты қажет ететін жұмысты білдіреді.


Түсініп оқу дұрыс оқу сапасы арқылы іске асады. Түсініп оқу барысында оқушыларда елес, ұғым, бейне, жоғары сезімдер пайда болады. Түсініп оқуға дағдыландырудың маңызды бір жолы – кіріспе әңгіме. Сонымен қатар оқудың алдында саяхатқа шығу, тәжірибе, бақылау жасау да түсініп оқуға дағдыландырады. Қорытынды әңгіме де оқушының түсініп оқуына септігін тигізеді. Ата-аналар мен мұғалімдер балалармен күнделікті өмірде қолдана алатын оқуды түсінуді жақсартудың қарапайым стратегиялары бар. Бұл жай кейбір ерекшеліктерді ескеру, мысалы, Ең маңызды қадам - оқуға дейін, оқыған кезде және оқығаннан кейін сұрақтар қою екенін біліңіз. Оқушылардың түсініп оқу дағдыларын жетілдіруге арналған қадамдары да бар. Бірінші және негізгі қадам - жалпы оқу дағдыларын жетілдіру. Оқушыларға өздерін қызықтыратын тақырыптар бойынша кітаптарды таңдауға көмектесіңіз және оларды күн сайын кем дегенде 20 минут оқуға шақырыңыз. Содан кейін оқушыларды анда-санда тоқтатуға шақырыңыз және оқығанын ақыл-оймен немесе оқитын серіктеспен дауыстап қорытындылаңыз. Олар өз ойларын жазып алу үшін жазбалар немесе графикалық ұйымдастырғышты қолданғысы келуі мүмкін. Оқушыларға неғұрлым жақсы түсіну үшін алдымен тараудың тақырыптары мен субтитрлерін оқып, оқитын материалдары туралы түсінік беру керектігін ескертіңіз.

12.Дыбыстық талдаудың жүргізу тәртібіне сәйкес мысалмен талдау жасаңыз.

Дыбыстық (фонетикалық талдау) - сөздерді дыбыс, буын түрлеріне қарай талдау.

1. Дауысты дыбыстарға арналған фонетикалық талдаудың үлгісі:

а - жуан, ашық, езулік дауысты;

ә - жіңішке, ашық, езулік дауысты;

о – жуан, ашық, еріндік дауысты;

ө - жіңішке, ашық, еріндік дауысты;

е - жіңішке, ашық, езулік дауысты;

ұ – жуан, қысаң, еріндік дауысты;

ү - жіңішке, қысаң, еріндік дауысты;

ы - жуан, қысаң, езулік дауысты;

і - жіңішке, қысаң, езулік дауысты;

у - жуан, қысаң, еріндік дауысты;

и - жіңішке, қысаң, езулік дауысты;

э – ашық, езулік дауысты; (орыс тілінен енген сөздерде ғана кездеседі).

2. Дауыссыз дыбыстарға арналған фонетикалық талдаудың үлгісі:

б – ұяң дауыссыз;

в - ұяң дауыссыз;

ғ - ұяң дауыссыз;

д - ұяң дауыссыз;

ж - ұяң дауыссыз;

з - ұяң дауыссыз;

й – үнді дауыссыз;

к – қатаң дауыссыз;

л – үнді дауыссыз;

м - үнді дауыссыз;

н - үнді дауыссыз;

ң - үнді дауыссыз;

п - қатаң дауыссыз;

р - үнді дауыссыз;

с - қатаң дауыссыз;


т - қатаң дауыссыз;

у - үнді дауыссыз;

ф - қатаң дауыссыз;

х - қатаң дауыссыз;

ц - қатаң дауыссыз;

ш - қатаң дауыссыз;

щ - қатаң дауыссыз (орыс тілінен енген сөздерде кездеседі, бірді – екілі қазақ сөздерінде ұшырайды. Ащы, тұщы)

Мысалы, "шығарма" сөзіне фонетикалық талдау жасап көрейік:

Ең алдымен дауысты дыбыстарды тауып, астын бір сызады, содан кейін дауыссыздарын тауып, астын екі сызу керек. Осыдан соң оларды бір дыбыс екі қайталанбайтын етіп, жеке – жеке тізіп жазамыз:

шығарма: шы – ашық буын, ғар – бітеу буын, ма - ашық буын.

ш – қатаң дауыссыз;

ы – жуан, қысаң, езулік дауысты;

ғ – ұяң дауыссыз;

а – жуан, ашық, езулік дауысты;

р – үнді дауыссыз;

м – үнді дауыссыз;

а – жуан, ашық, езулік дауысты

13.«Әліппені» оқыту барысында жүргізілетін тіл дамыту жұмыстарының әдістемелік, психологиялық ерекшеліктеріне баға беріңіз.

Бүгінгі бастауыш сынып мұғалімдері, сондай-ақ кейбір әдіскерлер де бірінші сынып оқушыларының тілін дамыту жұмыстарын ең әуелі олардың сөздік қорын байытудан, жаңа сөздер үйретуден, бұрын білетін сөздерінің мағыналарын нақтылаудан, басқаша айтқанда, сөздік жұмысынан бастап жүр. Олар сөз тіркестері мен сөйлем құрату, балалардың байланыстырып сөйлеуін дамыту жұмыстарына сөздік жұмысынан кейін, екінші кезекте көшу қажет деп есептейді.

Сауат ашу кезеңінде жүргізілетін тіл дамыту жұмыстарының жүйесі бастауыш мектептің басқа сыныптардағы жұмыстарға ұқсай бермейді. Себебі сауат ашу барысында оқыту ісі талдау және жинақтау үдерісінің бірлігінен тұратынын жоғарыда айтқанбыз. Яғни әліппеге дейінгі кезеңде, негізінен, оқушылардың бұрыннан қалыптасқан сөйлеу дағдыларына сүйеніліп, оларға мәтіннен сөйлемді, сөйлемнен сөзді, сөзден дыбысты бөлгізу жұмыстары жүргізіледі. Бұл кезеңде балаларды байланыстырып сөйлеу дағдылары бағаланып, оларға сөйлем мен сөз туралы түсінік беріледі.

Ал әліппе кезеңінде, яғни оқушыларды нақтылы дыбыстарды оқуға және үйрету негізінде, сөздік жұмысының, балалар күн сайын ұшырасатын жаңа сөздердің мағыналарын меңгерту ісінің бірінші кезекке шығатыны белгілі. Сонымен бірге бұл кезеңде балалардың ауызекі байланыстырып сөйлеу дағдыларын жаңа сапаға көтеру жұмыстары жалғасып, олардың жазба тілінің негіздерін қалыптастыру міндеті жүзеге асырыла бастайды.

Әліппеден кейінгі кезеңде балалардың байланыстырып сөйлеуін дамыту жұмысы қайтадан бірінші кезекке шығарылады.


Алайда, бұл кезеңдегі байланыстырып сөйлеу дағдысын дамытуға бағытталған жұмыстардың сипаты әліппеге дейінгі кезеңмен салыстырғанда мүлде өзгеше. Оқушылар сөз тіркесі мен сөйлемді саналы түрде түсініп, өз ойларын жүйелі баяндау тәсілдерін меңгереді.


14.Сауат ашу сабақтарында қолданылатын көрнекіліктерге талдау жасаңыз.

Көрнекілік – педагогикадағы дидактикалық тәсіл. Ол ақпараттың, дәрістің, үгіт-насихаттың, жарнаманың танымдылығы мен пәрменділігін арттыру жолы, оқытуда заттар мен құбылыстардың әр қайсысының өзіне тән жаратылыс бітімін, әр қилы сыр-сипаттарын сезім мүшелері арқылы байқау, қабылдауға баулиды. Оқушының байқау, көру қабілеттерінің ерекшеліктерін ескеріп, дамытатын – көрнекілік.

Оқу-әдiстемелiк кешеннiң бiр бөлiгi ретiнде көрнекiлiк құралдары пән мазмұнының, ұйымдастырылуының, оқу әдiстемесi мен оқу-тәрбие жүйесiнiң бiртұтастығын талап етедi. «Көрнекiлiк құралдары» ұғымының мазмұны психологиялық және педагогикалық әдебиеттерде әр түрлi сипатта берiледi. «Көрнекiлiк» деген терминнiң өзi «көру» етiстiгiнен шықса да, қазiргi кезде ол әр түрлi сезiм мүшелерi арқылы әсер ету дегендi бiлдiредi.

Педагогикалық сөздiкте «көрнекiлiк» – оқушылардың тiкелей қабылдауындағы нақты бейнелерде қалыптасатын оқытуға негiзделген дидактикалық ұстаным» деген анықтама берiлген. Оқушы санасында көрнекiлiк бейнелердi қалыптастырудың құралдары ретiнде мектепте әр түрлi оқу жабдықтары қолданылады.

Сауат ашу кезеңіндегі ең негізгі басты құрал — Әліппе және Әліппе серігі. Әліппенің бас жағындағы түрлі тақырыптарға салынған суреттер де оқушылармен жүргізілетін дайындық жұмыстары үшін ең, қажетті көрнекі құрал болып есептеледі. Әліппеде әрбір жаңа әріпті үйрету барысында жекелеген заттардың суреттері және тақырыптық суреттер де беріледі. Сонымен қатар онда балалардың ойы мен тілін дамыту үшін сюжетті картинкалар, әңгімелер, жұмбақтар т. б. бар.

Әліппеге қосымша көрнекі құрал — кеспе әліппе. Кеспе әліппеден олар буын, сөз, сөйлем құрайды және оларды талдап, оқып үйренеді.

Әріптерді естерінде жақсы сақтау үшін суретті ал – фавит қолданылады; онда әрбір әріптің суреті мен атауы және сол әріптен басталатын заттың суреті салынады.

Сауат ашу сабақтарында көрнекілікті қай кезде, қандай мақсатпен қолданады.

1. Көрнекілік оқушыларды сөйлету мақсатымен қолданылады. Ондай сюжетті суреттерді көрсете отырып, сөз, сөйлем, әңгіме құрайды. Құраған әңгімелерді сөзге, буынға және дыбысқа талдайды. Мұндағы мақсат танысуға тиісті дыбысты сөйлеу тілінен ажырата білу

2. Тіл дыбыстарын олардың сөз ішінде беретін ұғымдармен ұштастыру мақсатымен де жекелеген заттың суреттері немесе сюжетті суреттер пайдаланылады .

3. Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру, тәрбие беру мақсатымен де сурет және басқа көрнекіліктер қолданылады .