Файл: аза тілі (оыту аза тілінде) пнінен тосанды жиынты баалауды спецификациясы 7сынып.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 27.03.2024

Просмотров: 69

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


1.Тұжырымның дұрыс нұсқасын + белгісімен көрсетіңіз.

[2]



Тұжырым

Дұрыс

Бұрыс



Жалғыз тұратын адамның қажеттілігі де, шығыны да аз болады.









Егер адамның жақын тумалары болмаса, қартайған кезінде оған қарайтын адам болмайды.









Достар бір-бірінің жасырын істерін біліп қойып, езулерін жия алмады.









2. Екі достың біреуімен ғана келісу қажет болса, қайсысының іс-әрекетін құптар едіңіз. 4-5 сөйлеммен жауап беріңіз.

[3]

__________________________________________________________________
Жазылым
Төменде берілген тақырыптардың біріне тиісті құрылым мен стильді (ресми, бейресми) қолдана отырып, жазба жұмысын (мақала, әңгіме, эссе немесе хат) жазыңыз. Етістіктің есімше, көсемше түрлерін, тұйық етістікті қолданыңыз.

[10]

  1. Өзіңіз куә болған мерекелік шараны есіңізге түсіре отырып, «Өнерлі өрге жүзер» тақырыбында жаңалық жазыңыз.

  2. «Өмірде шынайы, өзіңе серік болатын дос табу қиын» деген пікірмен келісесіз бе? Өз ойыңызды жазыңыз.

Балл қою кестесі

Тыңдалым және айтылым



Балл

Грамматика мен лексиканы дұрыс қолдануы

Сұрақты түсіну мен толық жауап беру қабілеті

1

9-10

Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын өте жақсы түсінеді.

Сөз саптауы дұрыс, анда-санда мардымсыз қателерді жібереді.

Тақырыпты өте жақсы түсінеді.

Күтпеген сұрақтарға жауабы тез әрі орынды.

Талқылау кезінде өз ойын толық жеткізе алады.

2

7-8

Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын жақсы түсінеді.

Сөз саптауы дұрыс, анда-санда қателер жібереді.

Тақырыпты жақсы түсінеді.

Күтпеген сұрақтарға жауабын ойланып, әрі орынды жеткізеді.

Талқылау кезінде өз ойын түсінікті жеткізе алады, бірақ кейде сырттан қолдауды қажет етеді.

5-6

Грамматикалық және лексикалық құрылымдарды қолдану аясын орташа түсінеді.

Сөз саптауы дұрыс, қателері байқалғанмен, түсінуге кедергі тудырмайды.

Тақырыптың негізгі тараптарын түсінеді, бірақ күрделі сұрақтарды талдауда едәуір қиналады.

Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады.

Талқылау кезінде қолдауды қажет етеді, жауаптарын алдын ала дайындап келгендей көрінеді.

3-4

Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын аздап түсінеді.

Сөз саптауы нақты емес, түсініспеушілікті тудырады.

Тақырыпты түсінуде қиналады.

Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады, тақырыпты ашуды дамыта алмайды.

Талқылау кезінде жақсы қолдаусыз өзін көрсете алмайды.

1-2

Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын өте аз түсінеді.

Түсініспеушілікті тудыратын, қайталанып келетін қателер жиі кездеседі.

Тақырыпты түсінуде қатты қиналады.

Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады, тіпті жауап бере алмайды.

Талқылауға өте аз қатысады.



Оқылым



Жауап

Балл

1

А, С

2

2

Ықтимал жауабы: Адам баласының достық сезімі өсе келе отбасы мүшелеріне, еліне деген сүйіспеншілігі мен сенімінің арқасында қалыптасады. /Оқушы жауабы ескеріледі./

3

3

А, В

2

4

Ықтимал жауабы: Мен отбасы мүшесі бар жігіттің іс-әрекетін құптар едім. Қазақ отбасыларында баласы бар үй-базар дейді. Бала-шағасы бар адамдар ешқашан жалғыз қалмайды. Олар қартайған шақта балалары бағады, асырайды. /Оқушы жауабы ескеріледі./

3

Барлығы

10


Жазылым



Балл

Сипаттамасы

1

9-10


Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен көркем тіл құралдары орынды қолданылған.

Ойын еркін әрі толық жеткізеді, күрделі әсерлерді жеткізе алады, техникалық қателерді жібермейді.

2

7-8


Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен тіл құралдары үйлесімді түрде қолданылған.

Ойын анық әрі еркін білдіруі тиісті әсерді береді, жіберілген кейбір техникалық қателер түсінуді қиындатпайды.

5-6

Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен кейбір сипаттау құралдары қолданылған.

Ойын анық білдіреді, бірақ бір сарыннан шықпайды, техникалық қателер (мәтіндегі сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы, шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) жалпы әсерді бұзады.

3-4

Құрылымы жүйесіз немесе анық емес, нақты суреттеу мен қарама – қайшылықтарды баяндау қабілеті жетіспейді.

Сөз саптауы нақты болғанымен, жүйесіздік байқалады, жиі техникалық қателер (сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы, шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) жібереді.

1-2

Көркем тіл құралдары аз қолданылған немесе мүлдем қолданылмаған.

Сөздер кейде анық емес, техникалық және құрылымдық қателер (сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы, шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) мағынаны толық түсінуге қиындық келтіреді.




3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ


Жиынтық бағалауға шолу

Ұзақтығы: 40 минут

Оқылым – 15 минут

Жазылым – 25 минут

Тыңдалым мен айтылым бөлек тексеріледі

Балл саны: 30

Тапсырмалар түрлері

Көп таңдауы бар сұрақтар

Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар

Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы

Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 компоненттен тұрады: біріншісі - тыңдалым, айтылым және әдеби тіл нормаларын, екіншісі - оқылым және әдеби тіл нормаларын, үшіншісі - жазылым және әдеби тіл нормаларын тексеруге арналған.

Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы

*Тапсырма

Қамтылатын мақсаттар

Тапсырмалар түрлері

*Тапсырмалар сипаттамасы

*Орындау уақыты, мин

Балл

1


7.1.1.1 Мәтін үзінділерін тыңдай отырып, оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжау

7.1.5.1 Проблемалық сұрақтарға тыңдалған мәтіннен деректер келтіре отырып, дәлелді жауап беру, өз жауабын өзгенің жауабымен салыстыру, талқылау

7.1.3.1 Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажырата білу

7.4.4.4 Одағай түрлерін ажырата білу, қолдану

Толық жауап

ты қажет ететін сұрақтар

Тапсырма жұппен орындалады. Білім алушыларға 120-150 сөзден тұратын тақырыпқа қатысты мәтіндер беріледі, оқушы жеке отырып оқиды (немесе аудио арқылы тыңдатуға болады).

Білім алушылар мәтінді тыңдау барысында проблемаларды анықтап, көзқарастарды ажыратуы тиіс. Проблемалық сұрақтарға тыңдалған мәтіннен деректер келтіре отырып, дәлелді жауап беріп, өз жауабын өзгенің жауабымен салыстырып, талқылап, мазмұндауда қолдануы қажет. Тыңдаушы жұбы мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қояды. Дәл осылай екінші оқушы тапсырманы қайталайды. Бағалау екі оқушыға жеке-жеке қойылады. Тапсырма оқушының тыңдаған мәтінін көркемдегіш құралдар арқылы жеткізуін бағалайды.

Тыңдалым мен айтылым сабақтан тыс, қосымша уақытта өткізіледі (әр білім алушыға 3-5 минут беріледі)


10

2-4


7.2.1.1 Мәтіндік және графиктік (кесте, диаграмма, сурет, шартты белгілер) ақпаратты интерпретациялау

7.2.4.1 идеясы ұқсас публицистикалық және көркем әдебиет стиліндегі мәтіндердің тақырыбы, құрылымы, мақсатты аудиториясы, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау

7.2.5.1 Мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастыру

7.4.4.3Шылау түрлерін ажырата білу, орынды қолдану

Көп таңдауы бар және қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар

Мәтінді оқып, мазмұны негізінде берілген сұрақтарға жауап береді және мәтінге қатысты өз пікірін, көзқарасын 4-5 сөйлеммен жазады.

15

10

5

7.3.3.1 Мәтін құрылымын (кіріспе бөлім, жалпы мәлімет беру, детальді мәлімет беру) сақтай отырып, графиктік мәтін (шартты белгі, сурет, сызба) түрінде берілген процесті сипаттап жазу

7.3.2.1 Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, шағын мақала, нұсқаулық, әңгіме құрастырып жазу

7.3.4.1 Эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдары немесе себептеріне өз көзқарасын жазу

(дискуссивті эссе)

7.3.5.1 Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша тірек сөздер мен сөз тіркестерін синонимдік қатармен ауыстыра отырып, жинақы мәтін жазу

7.4.4.3 шылау түрлерін ажырата білу, орынды қолдану

Жазбаша толық жауап

ты қажет ететін сұрақ

тар

Білім алушылар ұсынылған екі тақырыптың бірін таңдап, жазба жұмысын орындайды.

Жазылым жұмысында жанрлық, стильдік ерекшеліктерді ескеруі, көркемдегіш құралдарды орынды қолдануы, орфографиялық нормаға сай жазуы бағаланады.



25

10

Барлығы

40 минут

30


Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгісі

«Қазақ тілі Т1» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Тыңдалым мен айтылым

Тапсырма

1. Мәтінді оқып шығыңыз. Проблемалық сұрақтарға тыңдалған мәтіннен деректер келтіре отырып, дәлелді жауап беріп, өзгенің жауабымен салыстырып, талқылап, мазмұндауда қолданып, көтерілген басты мәселені анықтаңыз. Өз көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеңіз.

2. Өз жұбыңызды мұқият тыңдауға тырысыңыз. Оның мәтіні бойынша маңызды деп санайтын екі сұрақ қойыңыз. Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді қатысып, пікіріңізді білдіріңіз. Одағайды қолданыңыз.

[10]
1-мәтін

Әдемі орауыштағы виртуалдық өмір. Дерт пе, әлде қажеттілік пе?

«Әлемді жаулаған әлеуметтік желілер неше түрлі гламурлық көріністерге толы. Адамның жеке өмірінің күн сайын онлайн режимінде таратылу ауқымы кеңейіп келеді. Тіпті, бұрынғыдай жүздесіп, көзбе-көз шүйіркелесу мүмкін болмай қалды. Керек болса, лифто-дәретхана, ванна, спорт-фитнес және өзге де «селфшоттар» ғаламторды жаулап алды. Тордағы қауымдастықтар «эксгибиционистер» және «вуаейристер» болып қақ айырылды. Гламурдың бас сұқпаған саласы жоқ. Біздің жеке өмірімізге, әдебиетке, өнерге, тіпті, ғылым саласына да ендеп барады. Қазірде әлем халқының 57 пайызы бетпе-бет тілдесуден гөрі ғаламтор арқылы тілдеседі екен. Әлеуметтік желі адамдарды шынайы өмірден алыстатады. Бұл әсіресе, жастар арасындағы күрделі проблема болып отыр. Күн ұзаққа желіде отыратын бала адамдармен шынайы араласа алмайды, тұйықталып, ғаламторға тәуелді болады. Заманауи қоғам қайда бағыт алды? Бұл «кесел» қашанға дейін созылады? Келешекте интернет-технологиялар бізді несімен таң қалдырады?.
2-мәтін

Әлеуметтік желі — қауіп пе, қажеттілік пе?

«Internet World Stats» агенттігінің зерттеуіне сүйенсек, Қазақстанда 5,6 миллион адам әлеуметтік желілерді пайдаланады. Интернеттің осы бір құдіреті әлемнің ақпарат кеңістігінде оң әсер еткенімен, жас ұрпақтың келешегіне тигізетін зиянды екені айтылуда.

Қолы қалт етсе, әлеуметтік желіге шұқшиятын жеткіншектеріміздің кез келген уақытта алаяқтың арбауына түсіп қалуы өте оңай. Сайттарды шарлап, жағымсыз қылықтарға бой үйретеді. Әлеуметтік желілер - уақыт ұрлаушылар. Адамның желіге тәуелділігі сондай, бас алмастан отырып минуттардың, оның артынан сағаттардың қалай жылжып кеткенін байқамай да қалады. Мұның соңы қайда апарып соғады? Бір жағынан жан-жақты білімді ұрпақ өсіру үшін ғаламтор игілігін пайдаланбасқа болмайды. Екіншіден, уақытымызды үнемдейміз. Сонымен әлемді жаулаған әлеуметтік желі қазақ болашағына қауіп пе, қажеттілік пе?