Файл: Куpcты Жмыc тaыpыбы Оpындaaн aбылдaaн араанды2021 Жоспар Кіріспе.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 27.03.2024
Просмотров: 35
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Автордың «Мұстафа Шоқай» драмасының басты мақсаты әлемге танымал қоғам қайраткері, ақиқат үшін алысып, азаттық үшін таласқан Мұстафа Шоқай бейнесін ұлт болашағын ойлайтын қайраткер тұрғысында таныту, оның баға жетпес құнды еңбектерін, тұжырымды ойларын бүгінгі жас ұрпақтың санасына ұялату болып табылады.
Драма тыңшылар мен құйыршықтардың, алашордашылар мен ішкі халық жауларының істерін тінтуші, тергеушінің сөзінен басталады. «Сонымен, мыналар – жапон тыңшылары, мыналар – ағылшынның итаршылары, мына топ – герман құйыршықтары. Бұлар – ішкі халық жаулары. Алашордашылар бір бөлек... өңшең сатқын. Қаптап кеткен. (Бір папканы қолына алып). Бұл – Шоқай. Мұстафа! Бұл – түрік-герман-ағылшын-француз шпионы. Қашып жүр, ел қыдырып, су сыдырып, Совет үкіметін жамандап... Сталиннің өзі не деді? Шоқайдың көзіне көк шыбын үймелет деді! Қолыма бір түсер, қыл арқан қолымызда!» [13, 235 б.]. Одан әрі драма желісі Мұстафа үйінен дәм татты деген желеумен Әміре Қашаубаевты тергеу ісімен, ұзақ уақыттан кейінгі Шоқайдың жұбайы Мария Яковлевнамен кездесуімен жалғасады.
Драмадағы өзекті оқиғалардың бірі – Алашорда үкіметінің басшылары Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Башқұрт үкіметінің басшысы Зәки Валиди және Түркістан үкіметінің өкілі Мұстафа Шоқайдың бас қосуы. Бұл отырыста талқыланған негізгі мәселе түркі халықтарының федерациясын құру болса, «алдымен, халқымыз аштықтың алдында тұр, ақша, азық-түлікті қамдайық. Елден жігіт жинап, әскер ойнату керек. Қару-жарақ жетімсіз. Көбі құр қол жүр. Соңғысы, ел сауатсыз, надансоқ. Саясатты ұқпайды. Ортақ тіл – газет шығарып көзін ашу, ұғымын байқату» [13, 244 б.] деген Ахмет Байтұрсыновтың сөзінен ұлт зиялыларының негізгі мақсат, тілектерін анық байқаймыз.
Опасыздардың Мұстафадан ала алмаған өштерін інісі Нұртазаның отбасынан алуы, Нұртазаны ату жазасына кесуі, жұбайы Мария Яковлевнаны қамауға алуы – кер заманның айқын бір дәлелі. Мұстафаның қандастарымыз қамалған тұтқындар лагерінде болуы, ондағы аштықтан күйзелген, ауру, құр сүлделері қалған жадау тұтқындардың көрінісі жан түршіктіреді. Отандастарын бостандыққа шығаруға, тар қапастан алып шығуға жанталасқан Мұстафа ақыры у қосылған су бергеннен кейін қаза табады. Тарихи шындықтың көркемдік шешімі бұл.
Жазушы-драматург Рахымжан Отарбаев драматургиясы өлген тарихқа жан бітіріп, тарихи тұлғалардың ұлт бостандығы үшін сіңірген толассыз еңбектерін, біз білмейтін жаңа қырларын ашуға септігін тигізді десек, «Бейбарыс сұлтан», «Жәңгір хан», «Бас», «Сырым батыр», «Мұстафа Шоқай» сынды тарихи драмалары бұған дәлел.
«Шеберліктің түп атасы – талғам. Талғамы биік жазушы ешқашан арзанға алданбайды» [15, 5 б.] дейді жазушы Д. Исабеков автор туындылары хақында. Оның әр шығармасындағы әрбір сөзін талғам таразысынан өткізіп барып, сол арқылы жанды образ жасап шығарғанына туындылары дәлел. Тарихтағы табандылық пен тамырдағы тектілікті ұштастыра отырып, тұлға мен тобыр тартысқан замана шындығы бүкпесіз суреттеліп, тарихи тұлға бейнесі жаңашыл көзқарас тұрғысынан бейнеленіп, көркемдік шешімін тапқан драматургтың әр туындысы қалың оқырман мен көзі қарақты көрерменге ой салары сөзсіз. [16, 6 б.]
ҚОРЫТЫНДЫ
Соңғы жиырма жылда заман басқа, заң басқа, жер бетіндегі адамзаттың құлқы өзгереді, адам қуанатын жақсылықтар мейлінше азайып, адам шошитын сан түрлі сұмдықтар мейлінше көбейіп келеді. Бүгінгі адамзаттың бойындағы алапат құбылыстар қазақты да айналып өткен жоқ. Қазақ деген күні кеше дейін ақкөңіл, аңқылдаған халықтың мінез-құлқы да адам танымастай өзгерді. Жақсылығы басым ба, жамандығы көп пе білмеймін, бірақ бұдан 20-30 жыл бұрынғы қазаққа бүгінгі қазақ мүлдем ұқсамайды. Әсіресе, адалдық сертке беріктік, кішіпейілдік, намысқойлық, қайырымдылық тағы басқа құндылықтардың қасиеті көмескіленіп, керісінше намыссыздық, сатқындық, жағымпаздық, қатыгездік, уәдесіздік, екі сөзділік сияқты адам баласы төзбейтін қылықтардың нормаға айналып, күнделікті тірлікте алға шығуы арқылы халықтың өмірге деген көзқарасы мен таным түйсігіне бір апат келді ме деп түршігесің. Бұл – өмір! Өмір болғанда бар тыныс-тірлігін, мінез-құлқын, көзқарасын жаңартқан тіпті басқа өмір.
Дыбыс жылдамдығындай шапшандықпен өтіп жатқан уақыттың шылауына жармасып қалып қоймау да жер басып жүрген кез-келген екі аяқты пендеген сын. Ал, қолына қалам алып, халық тұшынатын сөз жазғысы келіп жүрген қаламгерге екі есе сын. Өмір ағымына ілесіп, қым-қуыт тірліктің, сол тірліктің басынан өткізіп жатқан адамның көркем бейнесін жасап жүрген қаламгерлер де дәл бүгін аса көп емес. Жазғандары талғампаз оқырман тұшынып оқитын сол азғантай жазушының арасынан Рахымжан Отарбаевты алабөтен ерекшелеп айтсақ артық етпес.
Қазақтың қара сөзін қиыстыра отырып түрлі бейнелерді өмірге əкелген жазушының шығармашылық белесі бүгінде қазақ прозасының айтарлықтай дəуірін қалыптастырып отыр. Автор тың теңеулері, айшықты бояулары, тосын шешімдері арқылы да оқырманын бей-жай қалдырмайды. Кейде адам бойындағы кемшіліктерді ашып көрсететін шығармалары да көпшілікке түрлі ой салады. Рақымжан Отарбаев – қазақ əдебиетіндегі белгілі есім.
Cөздің қадір-қасиетін терең түсініп, қазақтың шұрайлы әдеби сөзіне титтей шаң жұқтырмаған драматург Рахымжан Отарбаев 62 жасқа қараған шағында дүние салды. Қазақ әдебиетіндегі орны әлдеқашан мөрленген Рахымжан аға өзінен кейінгі жас толқынға қаншалықты жақын болса, соншалықты алыс болған қаламгер. Ерекше талантымен қатар, ерекше харизмасымен де көпті өзіне тартатын тұлға. Қара сөзіндегі ақынның халқын намысқойлыққа, еңбексүйгіштікке, іскерлікке шақырған идеялары, халықтың бойындағы жағымсыз қылықтарды сынай отырып, одан арылудың жолдарын көрсетуі, ұлттық дамудың тиімді экономикалық маңызын назарға салуы, еліне еңбекқорлықты, іскерлікті, мал табу жолдарын айтқан өсиетнамасын болашақ ұрпаққа, ел сенімін арқалаған ағаларымызға оқытып, таныстыру бүгінгі біз бен сіздің парызымыз.
Туған халқы қара сөзден құйын тұрғызған Рахымжанның еңбегін, артында қалған мұрасын болашақта лайықты бағалап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізеді деп сенеміз.
Пайдаланған әдебиеттер:
-
Құлкенов М. Теңіздей терең, даладай кең. Орал қаласы. 2016 жыл, 24 қараша. -
Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл -
Бақтыгереева А. РАХЫМЖАН – ӨЗІНДІК МІНЕЗ, ӨЗІНДІК ҚОЛТАҢБАСЫ БАР ҚАЛАМГЕР. – Орал. 2016 жыл, 24 қараша. -
http://adebiportal.kz -
Кенжебай М. Әңгіме туралы әңгіме. Zhasalash.kz. 2013 жыл, 24 желтоқсан. -
Кенжеғалиева М. О. ЖАЗУШЫ-ДРАМАТУРГ РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВТЫҢ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ӨМІРЛІК ПРОБЛЕМАЛАР КӨРІНІСІ. – Орал, 2016 -
Любимова Т.Б. Комическое, его виды и жанры. – М.: Знание, 1990. – 156 стр. -
Отарбаев Р. Шыңғыс ханның көз жасы. Хикаяттар мен әңгімелер. – Астана. Фолиант, 2014. – 224 б. -
Отарбаев Р. Біздің ауылдың амазонкалары. – Астана. Фолиант, 2006. – 424 б. -
Елеукенов Ш. Екі қоянды – бір оқпен // Қазақ әдебиеті. – 29 маусым, 2012. -
Походня С.И. Языковые виды и средства реализации иронии. – Киев: Наукова думка, 1989, – 128 с. -
Бағдәулетқызы Ә. Театр: Көркемдік. Суреткерлік. Сергектік. adebiportal.kz. 2015 жыл, 11 қараша. -
Отарбаев Р. Айна-ғұмыр. Пьесалар. – Астана: Фолиант, 2013. – 512 б. -
Сұлтан Т. Жазушымен сұхбат. «Алматы ақшамы» газеті. 2015 жыл, 1 қазан. -
Исабеков Д. Қара сөздің ерікті тұтқыны. Кітапта: Отарбаев Р. Аспандағы ақ көбелектер. – Астана: Фолиант, 2009. – 344 бет. -
Сұлтанғалиева Р. Б. РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ ДРАМАТУРГИЯСЫ: ТАРИХИ ДРАМА, ТАРИХИ ТҰЛҒА, КӨРКЕМДІК ШЕШІМ ЖӘНЕ ЖАҢАШЫЛ КӨЗҚАРАС. -
Рахметұлы С. ««Бас» романының басты мазмұндарына шолу». adebiportal.kz. Моңғолия, Баян-Өлгий аймағы. 2015 жыл, 25 тамыз.