Файл: Осы масаттар негізінде арнаулы курс алдында мынадай міндеттер тр.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 27.03.2024
Просмотров: 35
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Үшіншіден, бұл заң химиялық реакция теңдеуін жазуға, сол теңдеу көмегімен есептеу лер жүргізуге мүмкіндік туғызды. Демек ,бастапқы заттардың біреуінің массасы белгілі болса реакцияға түскен басқа заттардың не түзілген заттардың массасын есептеп шығаруға болады.
Мысалы: 12г күкіртті темір ұнтағымен қыздыру нәтижесінде 33г темір сульфиді түзілді.Қанша грамм темір реакцияға қатысты?
Берілгені: m(FeS) = 33г Шешуі: 33г – 12г = 21г Жауабы: m(Fe) = 21г
m(S) = 12г
Т/к: m(Fe) = ?
-
Массасы 24г мыс сульфиді түзілу үшін 16г мыс алынған. Ал күкірттің неше грамы керек? -
Массасы 56г магний сульфидін алу үшін 32г күкірт жұмсалды. Ал магнийдің қанша грамы жұмсалады?
Сабақ соңында оқушыларға қойылатын бекіту сұрақтары:
-
Зат массасының сақталу заңын ашқан кім? -
Зат массасының сақталу заңының анықтамасын айт. -
Реакция нәтижесінде зат массасының сақталатынынқалай дәлелдеуге болады?
17 сабақ
Ертінділер концентрациясын көрсету жолдары
Ертінділердің маңызды сипаттамаларының біріне концентрация жатады.
Концентрация – ертіндінің немесе еріткіштің белгілі мөлшеріндегі еріген заттың мөлшері. Ертіндінің концентрациясын шамамен анықтау үшін концентрациялы және сұйылтылған деген түсініктер қолданылады. Концен-трациялы ерітіндіде еріген заттың мөлшері көп болады, ал сұйытылған ертіндіде еріген заттың мөлшері аз болады.
Ертіндінің массасы тұрақты болғанда оның концентрациясы үлеспен немесе процентпен көрсетіледі.
Массалық үлес –еріген зат массасы ертінді массасының неше үлесі екенін көрсететін сан.
Массалық процент – ертіндінің 100 массалық бірлігінде еріген заттың неше массалық бірлігі бар екенін көрсететін сан.
Массалық процент массалық үлестен 100 есе көп болады, яғни массалық үлестен массалық процентке көшу үшін массалық үлесті 100-ге көбейту керек.
Көлемі тұрақты ертіндінің концентрациясы еріген заттардың молі, эквивалент санымен көрсетіледі.
Молярлық концентрация – бір литр ертіндіде еріген заттың моль саны.
Нормальдық концентрация – бір литр ертіндіде еріген заттың эквивалент санымен өлшенеді.
Мольдік концентрация – 1 кг еріткіште еріген заттың моль саны.
1-мысал. 250г суда 50г FeSO4 · 7H2O кристалогидраты ерітілді.Ерітіндідегі кристалогидраттың және сусыз темір (II) сульфатының массалық үлесін есепте.
Шешуі. Алынған ерітінді массасы – 300 г, яғни
m
ерт= mН2О+ mзат
mерт= 250г + 50г = 300г
Кристалогидраттың массасы пропорция арқылы есептейеді:
300г ерітінді - 100%
50г кристалогидрат - х%
х=50г · 100% / 300г=16,7%
М(FeSO4)=152г/моль
М(FeSO4·7H2O)=278г/моль
Темір (II) сульфаты массасын келесі пропорция арқылы есептеледі:
278г / 152=5/х
х=152 · 50 / 278=27,4г
Сусыз тұздың 300г ерітіндідегі массалық үлесі келесі жолмен анықталады:
300г ерт – 100%
27,4г – х%
х=27,4г·100% / 300г=9, 1%
2-мысал. Құрамында 8% (массасы бойынша) сусыз тұзы бар ерітінді дайындау үшін қанша грамм су және мыс купоросы CuSO4·5H2O қажет. 8% мыс сульфатының тығыздығы 1,084 г/моль.
Шешуі. 1 литр ертіндінің массасы келесі формуламен анықталады:
mерт=1.084г/мл ·1000мл=1084г
Сусыз тұздың массасы келесі пропорция арқылы есептеледі:
1084г ерт – 100%
х – 8%
х = 1084г · 8% / 100%=86,7г
М(CuSO4·5H2O) = 250г/моль
М(CuSO4) = 160г/моль
250г – х
160г – 86,7г
х = 250г · 86,7г / 160г = 135,6г
Ерітінді дайындауға қажет су массасы :
mH2O =mерт – mCuSO4=1084г- 135,6г=948,4 г
3-мысал. Көлемі 100мл 15%-тік (массасы бойынша) күкірт қышқылының
(тығыздығы 1,10 г/мл) ертіндісін дайындау үшін 96%-тік (массасы бойын
ша) күкірт қышқылының (тығыздығы 1,84г/мл) қандай көлемі және судың
қанша массасы қажет.
Шешуі. 15%- тік 100 мл күкірт қышқылының ерітіндісінің массасы
mерт=ρ·v=1,10г/мл · 100мл=110г
110г ерітіндідегі күкірт қышқылының массасы:
110г – 100%
х - 15%
х=110г·15%/100%=16,5г(H2SO4)
Енді құрамында 16,5г күкірт қышқылы бар 96 %-тік ерітіндінің көлемін
анықтаймыз.Көлемі 1мл , массасы 1,84г ерітінді құрамындағы күкірт
қышқылының массасын табамыз.
1,84г ерт - 100%
х – 96%
х=1,84г·100%/96%= 1,77г(H2SO4)
1 мл ерт – 1,77г
хг ерт – 16,5г
х=9,32 мл
Ерітінді дайындауға қажетті су массасы :
MН2О=mерт- mН2SО4=110г – 16,5г =93,5г( су)
4 –мысал. 10%-тік сілті ерітіндісін дайындау үшін көлемі 200мл 30%-тік
(массасы бойынша) NaOH (ρ=1,33г/мл) ертіндісіне қанша көлем су қосу
қажет.
mерт= ρ ∙ v = 1,33г/мл ∙ 200мл = 266г
30%-тік NaOH ерітіндісіндегі еріген зат массасы :
х – 30%
266г – 100%
х= 266г∙30% / 100%= 79,8 г NaOH
Алынған ерітінді массасы :
х– 100%
79,8г – 10%
х =79,8г ∙ 100% / 10% = 798 г ерітінді
Ал су массасы :
MН2О=798г-266г =532 г
5-мысал. 15%(массасы бойынша) күкірт қышқылы (ρ =1,10г/мл) ерітіндісінің мольдік, молярлық,нормальдық концентрациясын есепте.
Шешуі Мольдік концентрацияны есептеу үшін,ең алдымен 1000г суға
сәйкес күкірт қышқылының массасын есептейміз:
85г су – 15г күкірт қышқылы
1000г су- х г
х=176,5 г
Мольдік концентрациясы :
М(H2SO4)= 98 г/моль
m=176,5г / 98г/моль= 1,80моль/ г
Нормальдық концентрациясы:
Э(H2SO4)=98г/моль / 2=49г/моль
1000мл күкірт қышқылының ерітіндісінің массасы:
mерт=1,10г/мл∙100мл=1100г
1100г – 100%
х – 15%
х=1100г∙15% / 100%= 165г
Формула бойынша:
СH=165г/ 49г/моль= 3,37Н
Пропорция бойынша :
1Н – 49г
х – 165г
х= 1Н∙165г / 49г= 3,37Н
1000мл күкірт қышқылының ерітіндісінің массасы:
mерт=1,10г/мл ∙ 1000мл=1100г
1100г – 100%
х - 15%
х = 1100г ∙ 15% / 100%= 165г
Формула бойынша :
СМ=165г / 98г/моль=1,68моль/ л
Пропорция бойынша:
1М – 98г
х– 165г
х =165г ·1М/ 98г = 1,68 М
6-мысал. Құрамында 150г су және 50г тұздан тұратын ерітіндідегі тұздың
массалық үлесін есепте.
Шешуі. 1 жолы формула бойынша:
W=mзат /mерт∙100%
mерт
=mзат + mН2О= 50г+150г=200г
W=50г/200г∙100%=25%
2 жолы пропорция бойынша:
200г – 100%
50г – х%
х =50г∙100%/200г= 25%
7 – мысал. 500 мл 0,1М калий нитраты ерітіндісін дайындау үшін қанша
грамм калий нитраты керек.
Шешуі. М(KNO3) =101г/моль
Пропорция арқылы калий нитратының массасын есептейміз:
1М- 101г
0,1М – х
х =0,1М∙101г/ 1М=10,1г KNO3
Енді 500мл 0,1М ерітіндідегі еріген зат массасын келесі пропорция арқылы анықтаймыз:
1000мл – 10,1г
500мл – х
х= 500мл∙10,1г /1000мл =5,05 г KNO3
8- мысал. Көлемі 500мл 0,5Н ерітінді дайындау үшін 96%-тік(массасы бойынша) H2SO4 (ρ=1,84г/мл)ерітіндісінің қанша көлем қажет.
Шешуі. 500мл 0,5Н ерітіндідегі қышқыл массасы:
М(H2SO4)=98г/моль
Э(H2SO4) = 49 г/моль
1000мл – 49 г
500 мл – х
х =49г∙500мл /1000мл= 24,5г
1H – 24,5г(H2SO4)
0,5Н – хг
х= 0,5Н∙24,5г/1H= 12,25г H2SO4
Ерітінді массасын пропорция арқылы есептейміз:
Х – 100 %
12,25г – 96%
х =12,25г∙100%/96%= 12,8 г ерітінді
Көлемді формула арқылы анықтаймыз:
mерт=ρ∙v
v=mерт / ρ=12,8г / 1,84г/мл=7 мл