Файл: Осы масаттар негізінде арнаулы курс алдында мынадай міндеттер тр.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 27.03.2024
Просмотров: 39
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
7 – 8 сабақ
Сабақтардың тақырыбы: Химиялық реакция теңдеулері бойынша есептеулер.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Химиялық реакция типтері мен реакция теңдеулерін теңестіру ұғымдарын қалыптастыруды одан әрі жалғастыру.
Дамытушылық: Реакция теңдеулері бойынша сандық есептер шығаруды үйрену.
Тәрбиелік: ұқыптылыққа, өз еркімен жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: АКТ, Д.И.Менделеев кестесі, үлестірме материалдар;
Тірек білім мен біліктер: Зат мөлшері, заттың салыстырмалы молекулалық массасы, зат мөлшерінің өлшем бірлігі, заттың салыстырмалы молекулалық массасын есептеу.
Сабақтың мазмұны.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Ой шақыру.(Үй тапсырмасын тест арқылы тексеру)
Мини тест
Химиялық реакция типтері нешеге жіктеледі:
А) 2
Ә) 3
Б) 4
-
Бір заттың бірнеше затқа айналып ыдырауын ............ реакциясы деп атайды?
А) Қосылу Ә) Айырылыу Б) Орынбасу
-
CuO + 2HCI = CuCI2 + H2O берілген химиялық реакция қай типке жатады?
А) Алмасу
Ә) Айырылу
Б) Қосылу
4. СuCI2 + Zn = ZnCI2 + Cu берілген химиялық реакция қай типке жатады?
А) Қосылу Ә) Орынбасу Б) Айырылу
-
Атом – молекулалық ілімінің неше қағидалары бар?
А) 7 Ә) 8 Б)9
6. Екі немесе бірнеше заттың бірігіп, бір күрделі затқа айналуын ....... реакциясы деп атайд?
А) Айырылу
Ә) Қосылу
Б) Орынбасу
-
Химияда зат мөлшерінің (ν) өлшем бірлігі ретінде ........қабылданған?
А) грамм
Ә) килограмм
Б) моль
-
Атом-молекулалық ілімнің қағидасы?
А) Барлық заттар атомдар мен молекулалардан құралады
Ә) Атомдар мен молекулалар үздіксіз қозғалыста болады
Б) Барлық жауап дұрыс.
Дұрыс жауабтары.1. Б, 2. Ә, 3. А, 4. Ә, 5. А, 6. Ә, 7.Б, 8. Б;
ІІ. Өзіндік жұмыс.
Өзіндік жұмыс орындау арқылы реакция теңдеулерін теңестіруді еске түсіру, оны орындатуға түрлі тәсілдерді ұсыну:
1-тапсырма: Төмендегі реакция теңдеулерін теңестіріңдер, қай реакция типіне кіретінін анықтаңыздар?
| |
Ca + CI2 = Ca CI2 ( ) Na2 O = Na + O2 ( ) Ғе + СuCl2 = Ғе Cl2 + Cu( ) | AI + CI2 = AI CI3 ( ) K 2 S + Na = Na 2 S + K ( ) Zn O + HCl = ZnCl2 + H2 O( ) |
Дұрыс жауабы.
Ca + CI2 = Ca CI2 (қосылу) 2Na2 O = 4Na + O2 (айырылу) Ғе + СuCl2 = Ғе Cl2 + Cu(орынбасу) | 2AI + 3 CI2 = 2 AI CI3 ( қосылу ) K 2 S + 2Na = Na 2 S + 2K ( орынбасу ) Zn O +2 HCl = ZnCl2 + H2 O( алмасу) |
ІІІ. Жаңа сабақ:
Зат массасының сақталу заңын қайталай отырып, реакция теңдеулеріне сүйеніп сан есептерін орындау заңды іске асырудың бір жолы екенін оқушылар есіне салу.
Оның практикалық мәні зор. Ең алдымен оңайырақ теңдеулерді пайдаланып, есеп шығаруды дағдыландырады. Одан әрі күрделірек есептерді беруге болады.
Оқушыларға теңдеуге сүйеніп зат мөлшерін, содан соң массасын табуға арналған есепті талдап, кітаппен жұмыс жасауды ұсынуға болады.
Химиялық реакция теңдеуі бойынша есеп шығару реті
1. Есептің шартымен мұқият танысу
2. Есеп шартын таңбалармен жазып жобасын құру ( есептің берілгенің жазу)
3. Реакция теңдеуін жазу
4. Реакцияны теңестіру
5. Есеп шартында айтылған заттардың астын сызу
6. Теңдеу бойынша есеп шығаруға қажет мәліметтерді анықтау ( есеп шартынабайланысты молекулалық масса, зат мөлшері, көлем,атом саны)
7. Теңдеудегі формула үстіне есеп шартында берілгенін, ал астына теңдеуден табылған шамаларды жазамыз
8. Пропорция құрып теңдеуді есептейміз
Есеп. № 1.
20 г кальций ауада жанғанда түзілетін кальций оксидінің СаО массасы қанша?
Берілгені: m (Са)=20 гр
Табу керек: m (СаО)-- ?
Шешуі: 1) Кальций металының ауада жанғандағы реакция теңдеуін жазып теңестіреді?
2 Ca + О2 =2 CaО
2) реакцияға қатысатын қажетті заттардың формулалары бойынша массаларын есептейді:
Мr (Са) =40 2М (Са)= 40 г*2= 80 г
Мr (СаО) =40+16=56 2М (СаО)= 56г * 2= 112 г
3) тиісті формулалардың астына берілген және іздейтін шамалар жазылады.:
2 Ca + О2 =2 CaО
80г 112г
20г х г
4) теңдеу бойынша:
80г Са оттекпен әрекеттескенде 112г СаО түзілді,
Ал 20 г Са оттекпен әрекеттескенде х г СаО түзіледі. Бұдан мынадай пропорция құруға болады.
80г :20г =112г : х г, х=20 г* 112г / 80г = 28 г CаО түзіледі. Жауабы m (СаО)=28г
Есеп. № 2.
Кальций мен оттек әрекеттескенде 56 г СаО түзіледі. Реакцияға қатынасқан оттектің массасы мен зат мөлшері қанша?
Берілгені: m (СаО)=56 гр
Табу керек: m (О2)-- ?
ν (О2) ---?
Шешуі:
2 Ca + О2 =2 CaО
32г 112г немесе 1 моль ----112г
х г 56 г 2 моль ----56г
Бұдан х=32г* 56г / 112г = 16 г (О2 ) түзіледі, және ν= m / М
ν= m / М =16 г/ 32г / моль = 0,5 моль (О2) табылады:
Жауабы: m (О2)—16г
ν (О2) ---0,5 моль
Химиялық реакция теңдеулерін жаза білу және ол бойынша есептер шығаруды қорытындылап жүйеге келтіру.
ІҮ. Тақтамен жұмыс. (10 минут)
Есептер жинағынан есеп шығару. № 1-157есеп. Бертолле тұзының 2,45 грамы айырылғанда 1,49 грамм калий хлориді түзілді: Осы кезде оттектің қанша массасы бөлінгенін табыңдар?
№ 1-157есеп. Берілгені: m (КСІО3)=2,45г
m (КСІ)=1,49 г
Табу керек: m (3О2)-- ?
Шешуі
2КСІО3 ----- 2КСІ + 3О2
2,45г 1,49г х г
245г 149г 96г
Х= 2,45*96/245=0,96 г: х = 1,49*96/ 149= 0,96 г
Ү. Деңгейлік тапсырмалар.(7 минут)
«Өзіңді бағала» (Деңгейлік тапсырмалар үш деңгейде беріледі, әр оқушы өз деңгейінің шамасына қарай тапсырма алады. І деңгей көк түсті үлестірме қағаз, ІІ деңгей жасыл түсті үлестірме қағаз, ІІІ қызыл түсті үлестірме қағаз. І деңгейге толық жауап берілсе «3» деген баға, ІІ деңгейге толық жауап берілсе «4» деген баға, ІІІ деңгейге толық жауап берілсе «5» деген баға алады.
1. деңгей. 1 Химиялық элементтердің олардың таңбаларын оларға сәйкес келетін қазақша және латынша атауларымен сәйкестілігін табу
1. Сu темір cupprum
Fe сынап ferrum
H сутек hudrogenuim
-
Деңгей. Мына заттардың салыстырмалы молекулалық массасын есепте?
Мr (СО)= Мr (BaО)= Мr (Al 2О 3)=
Дұрыс жауабтары: Мr (СО)=28г Мr (BaО)=153г Мr (Al 2О 3)= 102 г
3. Деңгей. Есеп. № 1.
30 г Барий ауада жанғанда түзілетін барий оксидінің ВаО массасы қанша?
Берілгені: m (Ва)=30 гр
Табу керек: m (ВаО)-- ?
Шешуі:
2 Вa + О2 = 2 ВаО
30г х гр
274г 306 г
Бұдан х=30г* 306г / 274 г = 33,50 г (ВаО) түзіледі
ҮІ. Білімді бекіту.(2 минут)
-
Химиялық реакция теңдеуі бойынша есеп шығару ретінің неше шарты бар? -
Бірінші шартты ата? -
Екінші шартты ата? -
Үшінші шартты ата? -
Төртінші шартты ата?
Химиялық реакция теңдеулері бойынша есептеулер.
Есептер жинағынан есеп шығару. № 1-158есеп.
Жұмыс дәптерінен № 82 есеп (1 минут)
9 - 10 сабақ
Электролит ертінділері
7.1. Әлсіз электролиттер. Диссоциациялану константасы және дәрежесі
Электролиттердің иондарға ыдырау қабілетін сандық
жағынан диссоциациялану дәрежесін анықтайды. Электролиттік диссоциациялану дәрежесі α дегеніміз иондарға ыдыраған молекулалар санының жалпы ерітілген молекулалар санына қатысы.
Ал еріткенде иондарға толық ыдырамайтын заттарды әлсіз электролиттер деп атайды. Оның ертінділерінде диссоциацияланбаған молекулалар мен оның өнімі – диссоциациялану ионы арасында тепе-теңдік орнайды. Мысалы, сірке қышқылының ертіндісіде мына тепе-теңдік орнайды:
СН3СООН ↔ Н+ + СН3СОО-
Мұның константасы сәйкес бөлшектердің концентрацияларының қатынасымен байланысты:
К = [Н+][СН3СОО-] / [СН3СООН]
АХ электролиті А+ және Х- иондарына диссоциацияланғандықтан, диссоциациалану дәрежесі мен константасы мына қатынаспен байланысты (Оствальдытың сұйылту заңы):
К = α2См / (1- α)
Мұндағы См – электролттік мольдік концентрациясы, моль/л.
Әлсіз электролиттедің диссоциациялану дәрежесі өте аз болғандықтан, 1– α ≈ 1. Сондықтан диссоциациялану константасы мынадай болады:
К = α2См, бұдан α=√К / См.
Бұл теңдеу электролит ертіндісінің концентрациясының азаюына, яғни сұйылуына байланысты оның диссоциациялану дәрежесінің артатынын көрсетеді.
Егер ертіндідегі АХ электролитінің диссоциациясы α тең болса, онда ертіндідегі А+ және Х- иондарының концентрациясы бірдей:
[А+] = [Х-] = αСм
мұнда жоғарыдағы қатынасқа α мәнін қойып, анықтаймыз:
[А+] = [Х-] = См√К/См =√КСм
Қышқылдың дисоциациясы мен байланысыт есептеулерде көбінесе К константасынын емес константасының диссоциациялану көрсеткішін қолданған қолайлы, олл мына қатынаспен анықталады:
рК = lgК
1-мысал. 0,1 М ертіндідегі сірке қышқылының диссоциациялану константасы 1,32 · 10-2 тең. Қышқылдың диссоциациялану константасы мен рК мәнін анықта.
Шешуі. Берілген есепті, сұйылту заңының теңдеуіне қойып:
К = α2См / (1 – α) = (1,32 · 10-2)2 · 0,1 / (1 – 0,0132) = 1,77 · 10-5
Бұдан рК =lg(1,77 · 10-5) = 5 lg1,77 = 5 – 0,25 = 4,75
К = α2См теңдеуіне жақын есептеу К мәніне әкеледі:
К = (1,32 · 10-2)2 · 0,1 = 1,74 · 10-5
Бұдан рК = 4,76.
2-мысал. Цианосутектің (синиль қышқылы) диссоциациялану константасы 7,9 · 10-10 тең. 0,001 М ертіндідегі НСN диссоциациялану константасын анақта.
Шешуі. НСN диссоциациялану константасы өте аз болғандықтан, есептеу үшін мына теңдеуді қолдануға болады:
α =√К/См = √7,9 ∙ 10-10 / 10-3 = 8,9 · 10-4
3-мысал. 0,1 М НОСІ хлордау қышқылы ертіндісіндегі сутек ионының концентрациясын есепте (К = 5 · 10-8).
Шешуі. НОСІ диссоциациялану дәрежесін анықтаймыз:
α = √ К/См = √ 5 ∙ 10-5 / 0,1 = 7 · 10-4
бұдан: [Н+] = α См = 7,4 ∙ 10-4 · 0,1 = 7 · 10-5
[Н+] = √ КС қатынасын пайдалана отырып, есепті басқа әдіспен де шешуге болады. Онда [Н+]= √ 5 ∙ 10-8 · 0,1 = 7 · 10-5 моль/л.
Күшті электролиттер. Иондар активтілігі
Сулы ертінділерінде толық диссоциацияға түсетін электролиттер күшті электролиттер деп аталады, оларға көптеген тұздар, сілтілік және сілтілік жер металдар гидрооксидтер, кейбір қышқылдар HCl,HBr, HІ, HСlO4, HNO3, H2SО4.
Күшті электролиттерде иондар концентрациясы көп болғандықтан, ионаралық тартылыс күші өте аз концентрацияда да байқалады. Нәтижесінде иондар еркін қозғала алмайды да толық диссоциацияға сәйкес қассиетті көрсете алмайды. Сондықтан ионның ертіндідегі жағдайын көрсету үшін, иондар концентрациясымен қатар, активтілікті, яғни шартты концентрацияны қолданады.
Ион активтілігі а (моль/л) ертіндінің молярлық концентрациясымен См байланысы келесі өрнекпен беріледі:
а = f · Cм,
а – ион активтілігі
f - активтілік коэффициенті
Активтілік коэффициенті ертінді құрамы мен концентрацияға, ионның заряды мен табиғатына тығыз байланысты.
Бірақ сұйытылған ертінділерде ион табиғаты оның активтілік коэффициентіне әлсіз әсер етеді.