ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 28.03.2024

Просмотров: 25

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Сабақ: №1

Мектеп:

Пәні: информатика

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

§ 1 Кіріспе. Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру.

Сабақ негізделген оқу

мақсаты

Қауіпсіздік ережесімен таныстыра отырып, компьютер сыныбында өзін-өзі алып жүру ережесі туралы түсініктерін қалыптастыру, үнемі көз жаттығуларымен, төтенше жағдайдағы іс әрекет ережелері жасауға дағдыландыру.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • Информатика кабинетіндегі қауіпсіздік ережесін сақтау тәртібін меңгеру;

  • Көз жаттығуларын өз еркімен жасай алу;

Оқушылардың басым бөлігі:

  • Төтенше жағдайда алғашқы көмек көрсете алу сонымен қатар дер кезінде қандай әрекет ету керектігін білу.

Кейбір оқушылар:

  • Информатика кабинетіндегі қауіпсіздік ережесін сақтау тәртібін меңгеру;

Тілдік мақсат

Оқушылар:

Қауіпсіздік ережесімен таныстыра отырып, компьютер сыныбында өзін-өзі алып жүру ережесі туралы түсініктерін қалыптастырады.

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Информатика, компьютер, интернет.

Сыныптағы диалог үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Қауіпсіздік ережесі не үшін сақталады?

Егер оқыс жағдайда қандай көмек бересіздер?

Компьютерден жағымсыз иіс шыққан жағдайда не істейсіздер?

Талқылауға арналған тармақтар:

Көз жаттығуларының тиімді жақтары қандай?

Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?

Жалпы қауіпсіздік талаптар:

  1. Мұғалімнің рұқсатынсыз құрал-жабдықтарды орнынан қозғауға, сымдарға, разеткаларға тиісуге тыйым салынады.

  2. Мұғалімнің рұқсатынсыз сыныпқа кіруге және сыныптан шығуға болмайды.

  3. Дербес компьютерде су киіммен және су қолмен жұмыс істеуге болмайды.

  4. Үстелге дербес компьютердің жанына сөмке, портфель, артық заттар қоюға болмайды.

  5. Үстелде тек дәптер мен қалам ғана жату керек.

  6. Пернетақтаның үстіне ештеңе қоюға болмайды.

  7. Компьютер сыныбында жүгіруге, ойнауға, жолдастарының көңілін қажетсіз аударуға, бөгде жұмыстарды істеуге тыйым салынады.

Жазылым бойынша ұсыныстар:

Компьютер – компьютер- computer, informatik- информатика – информатика, ғаламтор - интернет- internet

Алдыңғы тақырып

8 сыныпта өтілген қауіпсіздік ережесін еске түсіріп, қандай көз жаттығуларын жасадық.

Жоспар

Жоспарлаған

уақыт

Жоспарлаған жаттығулар (төмендегі

жоспарланған жаттығулармен қатар

ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы

10 минут

Миға шабуыл

  1. Шаттық шеңберін құру

  2. «Миға шабуыл»

  3. АКТ-да деңгейлік тәжірибелік жұмыстарды дұрыс орындау.

  4. Жаңа тақырыпты қорытындылау.

Ұйымдастыру.

Суреттер арқылы 2 топқа бірігу.

«Миға шабуыл» Қалай ойлайсыңдар, компьютер алдында неге көп отыруға болмайды?

Жалпы қандай қауіпсіздік ережелерін информатика кабинетіне қосуға болады?

Үлестірмелер, оқулық, жұмыс дәптері

Ортасы

15 минут

10 минут

Оқушы білгендерін тыңдай отырып, жаңа сабақ тақырыбымен және мақсатымен таныстыру.

Ендеше, бүгінгі жаңа сабағымыз

« Техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау және жұмыс орнын ұйымдастыру».
« Техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау және жұмыс орнын ұйымдастыру » тақырыбында конспекті жазу.
«Есте сақтайық» ойыны жазған конспектіге көз жүгіртіп дәптерді жабу арқылы есте сақтау қабілеттерін байқау.

Көздеріңді шаршатпаудың жолы қандай?

Ол үшін мына талаптарды орындау керек.

  1. Мониторға дейіінгі арақашықтықты 55-65 см –ден кем болмауы керек (созылған қолдың ұзындығы)

  2. Компьютер алдында жұмыс 25 минуттан аспауы керек.

  3. Жиі-жиі көз, мойын, арқа үшін арнайы белгіленген жаттығулар жасап отыру керек.

  4. Экранның ортасына қарау керек.

  5. Компьютермен жұмыс істегенде әрбір 10-15 минут сайын көзге арналған жаттығуларды орындай отыру керек.

Көзге жасалатын жаттығуларды түсіндіре отырып жасап көрсету.

Электронды оқулықпен жұмыс.

Оқулық,

маркерлер,

плакаттар,

стикерлер,

үлестірме қағаздар,

интерактивті тақта

Аяқталуы
10 минут

«Кілтті сөздер» әдісі арқылы жаңа тақырыпты бекіту.

Критерийлер арқылы өзін-өзі бағалау. Топтық жиынтық бағалау.
Үйге тапсырма: §1

Бағалау.

Кері байланыс жабыстырғышқа жазып өту.

Жиынтық бағалау парағы

Оқулық,

күнделік

Үлестірме қағаздар

Қосымша ақпарат: Информатика 9-сынып Арман-пв баспасы,

авторы Сапарғалиева Б.Қ,Масалимова Н.Е, 2013 жыл

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс. Құндылықтардағы байланыс

Рефлексия

Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма?бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарланған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағамдау.

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз?)

1: топтық жұмыс

2: постер қорғау.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз?)

1: бағалау

2: деңгейлік тапсырмалар

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Кері байланыста жазылған ұсыныстар мен сұраныстарға негізделемін.

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Сабақ: №2

Мектеп:

Пәні: информатика

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Құжаттармен бірлесіп жұмыс жасау

Сабақ негізделген оқу

мақсаты

Компьютерлік желілерде ақпараттық қауіпсіздікті сақтау

Қазақстан Республикасының заңнамасымен таныстыру

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • Информатика кабинетіндегі қауіпсіздік ережесін сақтау тәртібін меңгеру;

  • Ақпараттық қауіпсіздік туралы мағлұмат алу;

Оқушылардың басым бөлігі:

  • Төтенше жағдайда алғашқы көмек көрсете алу сонымен қатар дер кезінде қандай әрекет ету керектігін білу.

Кейбір оқушылар:

  • Информатика кабинетіндегі қауіпсіздік ережесін сақтау тәртібін меңгеру;

Тілдік мақсат

Оқушылар:

Қауіпсіздік ережесімен таныстыра отырып, компьютер сыныбында өзін-өзі алып жүру ережесі туралы түсініктерін қалыптастырады.

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Информатика, компьютер, интернет.

Сыныптағы диалог үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Қауіпсіздік ережесі не үшін сақталады?

Егер оқыс жағдайда қандай көмек бересіздер?

Компьютерден жағымсыз иіс шыққан жағдайда не істейсіздер?

Талқылауға арналған тармақтар:

Көз жаттығуларының тиімді жақтары қандай?

Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?

Жазылым бойынша ұсыныстар:

Компьютер – компьютер- computer, informatik- информатика – информатика, ғаламтор - интернет- internet

Алдыңғы тақырып

қауіпсіздік ережесін еске түсіріп, қандай көз жаттығуларын жасадық.

Жоспар

Жоспарлаған

уақыт

Жоспарлаған жаттығулар (төмендегі

жоспарланған жаттығулармен қатар

ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы

15 минут

Миға шабуыл

  1. Жағымды ахуал туғызу

  2. «Миға шабуыл»

  3. АКТ-да деңгейлік тәжірибелік жұмыстарды дұрыс орындау.

  4. Жаңа тақырыпты қорытындылау.

Ұйымдастыру.

«Тілекті тізбек» (информатиканың терминдерін пайдаланып тілек айту) бір - бірімізге жақсылық тілеп, қуанышымыз бен жүрегіміздің жылуын бөлісейік

1-оқушы Интернеттей ауқымды,

Пейілің кең болсын!

2- оқушы

Процессордай ақылды

достарың көп болсын!

3-оқушы

Әрбір күнді күлкімен,

Қуанышпен бастаңыз,

Көңілсіз күндер боп жатса,

Корзинаға тастаңыз

4-оқушы

Бұл өмірде ешқашан,

Шыңғырған вирус шықпасын!

Мазалап жатса егер кеп,

DoctorWeb пен Kasper қорғасын!

5-оқушы

Power point слайдтындай

Құлпырыңыз демекпін!

«Миға шабуыл»
Жалпы қандай қауіпсіздік ережелерін информатика кабинетіне қосуға болады?

Үлестірмелер, оқулық, жұмыс дәптері

Ортасы

10 минут

Практикум
10 минут

Оқушы білгендерін тыңдай отырып, жаңа сабақ тақырыбымен және мақсатымен таныстыру.

Ендеше, бүгінгі жаңа сабағымыз

« Компьютерлік желілерде ақпараттық қауіпсіздік, ақпаратты қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы.».
Слайдтар арқылы жаңа сабақты түсіндіру. Білім берудің ақпараттық ресурстары және оның тарихын түсіндіру,

Ақпараттық ресурстардың жасалу жолдарын көрсету, білім берудің электрондық ресурстарымен таныстыру

Білім берудің ақпараттық ресурстары тарихын түсініп алады. Керекті мағлұматтарды дәптерлеріне жазады.

Электронды оқулықпен жұмыс.

1.Электрондық ресурстарды пайдаланып, информатика пәніне қатысты электронды материалға шолу жасаңдар

2. «Қоршаған ортаны ластаудан қорғау» сайтынан табиғатқа қамқорлық жасауға шақыратын ақпарат көздерін іздеңдер

Оқулық,

үлестірме қағаздар,

интерактивті тақта

Сабақты қортыныдылау

5 мин

«Үш түрлі күнделік» әдісі

Қауіпсіздік дегеніміз не екенін білдіңдер? Бүгін нені ойға түйдіңдер? Ең маңыздысы қайсы екен? дәптерлеріне орындауға беремін

Бүгінгі сабақтан ерекше әсер еткен немесе ой салған тұстары

Жеке түсінік беру: байқағаныңды, түйгенінді жаз

«Мұғалімге хат» сұрақтар

Дәптер, таратпалар

Аяқталуы
5 минут

Критерийлер арқылы өзін-өзі бағалау. Топтық жиынтық бағалау.
Үйге тапсырма

§2

Бағалау.

Кері байланыс жабыстырғышқа жазып өту.

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Сабақ: №4

Мектеп:

Пәні: информатика

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Программалық қамтамасыз етудегі қызметтік программалар

Сабақ негізделген оқу

мақсаты

  • программалық қамтамасыз ету, программалық жүйелер, программалаудың дамуы ұғымымен таныстыру

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • программалық қамтамасыз ету, программалық жүйелер, программалаудың дамуы ұғымымен танысады

Оқушылардың басым бөлігі:

  • дербес компьютердің дамуы мен модернизациясының екі бағытын және программалық қамтамасыз етудің жіктелуін ажырата алады

Кейбір оқушылар:

  • Программалық жасақтаманың деңгейлерін компьютерде қызметін көрсетеді

Тілдік мақсат

Оқушылар:

программалық қамтамасыз ету, программалық жүйелер, программалаудың дамуы ұғымымен танысады

Негізгі сөздер мен тіркестер:

ПЖ,жүйелік, қолданбалық, аспаптық

Сыныптағы диалог үшін пайдалы тілдік бірліктер:

1.Компьютердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құралдарды атаңдар

2.Сенімді құпия сөздің қасиеттерін сипаттаңдар.

3.Файл немесе бума құру үшін құпия Windows ОЖ құралдарымен орнатуға бола ма?

4.Қолданушының тіркеу жазбасы деген не?

5.Жаңа тіркеу жазбасын қалай жасауға болады?

Талқылауға арналған тармақтар:

Тіркеу жазбасының құпия сөзі жоғалса не істеу керек?

Жазылым бойынша ұсыныстар:

Брандмауэр, шифрлау сөздерінің 3 тілде аталуымен танысу

Алдыңғы тақырып

Қазіргі заманғы программалық қамтамасыз етулер және оның даму үрдісі

Жоспар

Жоспарлаған

уақыт

Жоспарлаған жаттығулар (төмендегі

жоспарланған жаттығулармен қатар

ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы

10 мин

Жағымды ахуал туғызу

«ортақ тұжырым» әдісі

АКТ-да деңгейлік тәжірибелік жұмыстарды дұрыс орындау.

Жаңа тақырыпты қорытындылау.

Ұйымдастыру.

Оқушыларды жылы жүзбен қарсы алу, амандасу.

«Қар көшкіні» тренингін ұйымдастыру. (Әрбір оқушы өз есімінің алдына оған бастапқа әріптен басталатын сөз қосады.Мысалы: Алғыр,Айнаш) Сынып оқушыларын «ән шырқау» әдісі арқылы 2 топқа бөлемін(оқушылар топтарына ел арасындағы көп тараған, кеңінен таныс әндердің бір шумағы жазылған карточкалар беріледі, сол әндер айту арқылы топқа бөлінеді)

Оқушылардың өткен тақырып бойынша алған білімдерін «Ортақ тұжырым» әдісі арқылы пысықтау

Топ ішіндегі оқушылар үй жұмысы бойынша бір мәселені таңдап алып, оны талқылап, ортақ тұжырымды А4 парағына жазады

Үлестірмелер, оқулық, жұмыс дәптері

Ортасы

15 минут

Практикум
10 минут

Оқушы білгендерін тыңдай отырып, жаңа сабақ тақырыбымен және мақсатымен таныстыру.

Ендеше, бүгінгі жаңа сабағымыз

« Программалық қамтамасыз етудегі қызметтік программалар».

«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі арқылы тақырыпты оқуға тапсырмалар беріледі.

1-топ:аппараттық және программалық қамтамасыз етудің диалектикасы

2-топ:программалық қызметтер

2 топқа берілген тақырыпты постер қорғауды ұсынамын.

Оқушылар жеке оқиды, жұппен талдайды, топпен талықылайды

Өзгелерді тыңдай отырып, өз білімін толықтырады.

Электронды оқулықпен жұмыс.

Оқулық,

үлестірме қағаздар,

интерактивті тақта

Сабақты қортыныдылау

5 мин

Оқулықтағы практикалық тапсырманы дәптерлеріне орындауға беремін

Оқулықтағы 29 бет

№8 практикалық жұмыс

Жауаптары:

36 div 7= 5

10 mod 3=1

63 mod 8=7

45 mod 8=5

Дәптер, таратпалар

Аяқталуы
5 минут

Критерийлер арқылы өзін-өзі бағалау. Топтық жиынтық бағалау.
Үйге тапсырма: §4

Бағалау.

Көңіл күй картасы арқылы кері байланыс алу.

не?

Ұнады?

Не үйрендім

Не?

Ұнамады?

Не

түсінбедім

Жиынтық бағалау парағы

Оқулық,

күнделік

Үлестірме қағаздар

Қосымша ақпарат: интернет мәліметтері

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс. Құндылықтардағы байланыс

Рефлексия

Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма?бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарланған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағамдау.

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз?)

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз?)

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Кері байланыста жазылған ұсыныстар мен сұраныстарға негізделемін.

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Сабақ: №5

Мектеп:

Пәні: информатика

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Программалау тілі.Паскаль тілінің алфавиті

Сабақ негізделген оқу

Мақсаты

  • Паскаль тілінің алфавитімен, элементтерімен таныстыру

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • Паскаль тілінің алфавитімен танысады.

Оқушылардың басым бөлігі:

  • Паскаль тілінің алфавитін, тыныс белгілерін, элементтерін біледі.

Кейбір оқушылар:

  • паскаль тілінде салыстыру амалдарын, логикалық функцияларды қолдана алады.

Тілдік мақсат

Оқушылар:

Паскаль тілінің алфавитімен танысады. Паскаль тілінің алфавитіне: әріптер, сандар, айыру белгілері және арнайы символдар жатады

Негізгі сөздер мен тіркестер:

begin, end, program, read,write, сан, идентификатор, тұрақты, айнымалы, функция, өрнек

Сыныптағы диалог үшін пайдалы тілдік бірліктер:

  • Div функциясы нені анықтайды?

  • Mod функциясы нені анықтайды?

  • Паскаль тілінің негізгі объектілеріне не жатады?

  • Паскаль тілінің қандай арифметикалық функциялары белгілі?

  • Екі бүтін санды бөлгендегі қалдықты анықтайтын функция қалай аталады?

  • Қандай логикалық функцияларды білесіңдер?

Талқылауға арналған тармақтар:

Паскаль тілінің негізгі элементтері мен объектілерінің қандай басты айырмашылығы бар?

Жазылым бойынша ұсыныстар:

Паскаль тілінің алфавитін жазу

Алдыңғы тақырып

Программалық қамтамасыз етудегі қызметтік программалар

Жоспар

Жоспарлаған

уақыт

Жоспарлаған жаттығулар (төмендегі

жоспарланған жаттығулармен қатар

ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы

10 мин

Жағымды ахуал туғызу

«Қаламсап» әдісі

АКТ-да деңгейлік тәжірибелік жұмыстарды дұрыс орындау.

Жаңа тақырыпты қорытындылау.

Ұйымдастыру.

Оқушыларды жылы жүзбен қарсы алу, амандасу.

«Қар көшкіні» тренингін ұйымдастыру. (Әрбір оқушы өз есімінің алдына оған бастапқа әріптен басталатын сөз қосады.Мысалы: Алғыр,Айнаш) Сынып оқушыларын «ән шырқау» әдісі арқылы 2 топқа бөлемін(оқушылар топтарына ел арасындағы көп тараған, кеңінен таныс әндердің бір шумағы жазылған карточкалар беріледі, сол әндер айту арқылы топқа бөлінеді)

Оқушылардың өткен тақырып бойынша алған білімдерін «Қаламсап» әдісі арқылы пысықтау

Оқушылардың қаламсаптарын ортаға жинап, бір қаламсапты таңдаймын және сол қаламсаптың қай оқушыныңкі екенін біліп,өткен тақырып бойынша сұрақ қоямын

Үлестірмелер, оқулық, жұмыс дәптері

Ортасы

15 минут

Практикум
10 минут

Оқушы білгендерін тыңдай отырып, жаңа сабақ тақырыбымен және мақсатымен таныстыру.

Ендеше, бүгінгі жаңа сабағымыз

« Программалау тілі.Паскаль тілінің алфавиті».

«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі арқылы тақырыпты оқуға тапсырмалар беріледі.

1-топ: Программалау тілі.

2-топ: Паскаль тілінің алфавиті

2 топқа берілген тақырыпты постер қорғауды ұсынамын.

Оқушылар жеке оқиды, жұппен талдайды, топпен талықылайды

Өзгелерді тыңдай отырып, өз білімін толықтырады.

Оқулықтағы деңгейлік практикалық тапсырманы дәптерлеріне орындауға беремін

Оқулықтағы 39-40 бет

№9 практикалық жұмыс

Жауаптары:

36 div 7= 5

10 mod 3=1

63 mod 8=7

45 mod 8=5

Оқулық,

үлестірме қағаздар,

интерактивті тақта

Компьютер, оқулық, дәптер

Сабақты қортыныдылау

5 мин

Өтілген тақырыпты қайталау үшін «өрмекші торы» әдісі арқылы қорытындылаймын

Оқушылар шеңбер болып тұрады, бір бума жіппен бастайды, жіптің ұшын қолына ұстап, тақырыпқа қатысты сұрағын қойып келесі оқушыға жіпті лақтырады. Осылай қайталана береді

Дәптер, таратпалар

Аяқталуы
5 минут

Критерийлер арқылы өзін-өзі бағалау. Топтық жиынтық бағалау.
Үйге тапсырма: §5

Бағалау.

«бағдаршам » әдісі арқылы

кері байланыс алу.

«қызыл» түс-түсінген жоқпын

«сары»түс- әлі де сұрақтарым бар

«жасыл»түс-барлығы түсікті