Файл: 1саба Жанды табиат блімі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.03.2024

Просмотров: 71

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



1-сабақ

«Жанды табиғат» бөлімі


Сабақтың тақырыбы: Сені қоршаған орта. Симметрия дегеніміз не?

Мектеп

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні

СЫНЫП: 3

Қатысқан оқушылар саны

Қатыспағандар

Оқу мақсаттары

Жанды табиғатқа деген сүйіспеншіліктері мен қызы- ғушылықтарын ояту. Табиғаттағы әртүрлі құбылыс-

тарды түсінуге ықпал ету.

Бағдарламалық міндеті

3.2.1.1

3.2.3.1

Мақсатқа жету үшін орындалатын міндеттер

Мұғалім үшін: «жанды табиғат» түсінігімен, таби- ғаттағы әртүрлі нысандармен, табиғаттағы симметрия құбылысымен таныстыру. Екі жағы бірдей

симметриялы бейнелер жасап үйрету.

Оқушылардың шығармашылық міндеті: әртүрлі тәсілдермен симметриялы бейне жасау. №1 жұмыс

дәптерінің 3–5-беттеріндегі тапсырмаларды орындау.

Оқушылардың міндеті

«Жанды табиғат» терминінің мағынасын түсіндіре білу, табиғат нысандарын суреттеу. Оқулықтағы және мұғалімнің сұрақтарына жауап беру.

Табиғат басты суретші екенін дәлелдеу.

Екі жағы бірдей симметриялы құбылысты түсіндіре білу.

Тірек сөздер: табиғат, жанды табиғат, жанды табиғат нысандары, екі жағы бірдей симметрия, симметрия осі.
Талқылауға арналған сұрақтар мен оған берілетін жауаптар:

1. Табиғат дегеніміз не?

Жауап. Табиғат – адамды қоршаған орта. Табиғатты адам жасаған жоқ, ол ұзақ даму нәтижесінде пайда




болды. Теңіз, мұхит, өзен, тау мен тас, шөл дала,

өсімдіктер мен жануарлардың бәрі табиғатқа жатады.


  1. Табиғат нысандарын атаңдар. Жауап. Табиғат

нысандары – микроағзалар, өсімдіктер мен жануарлар және адамның өзі.


  1. Неліктен табиғатты басты суретші деп атайды? Жауап. Түсі, пішіні әртүрлі гүлдер мен өсімдіктерге, жануарларға назар салып қарасаң, табиғаттың нағыз суретші екеніне көзің жетеді. Суретшілердің

туындыларынан көріп жүргеніміздің бәрі табиғаттан алынған.


  1. Симметрия деген не?

Жауап. Кез келген заттың оң жағы мен сол жағы сәйкес келсе (бірдей болса), екі жағы бірдей симметрия деп аталады.


  1. Симметрия құбылысын қай жерден көруге болады? Жауап. Жан-жануарлар: аңдар, құстар, жәндіктер симметриялы. Ағаштағы жапырақтар, гүлдер, басқа да көптеген заттар симметриялы.




  1. Симметриялы бейнені қалай жасауға болады?

Жауап. Симметриялы бейнені монотипия тәсілімен, екі бүктелген қағазды қию арқылы жасау оңай.



Күтілетін нәтиже

Барлық оқушылар: жанды табиғат дегеніміз не екенін, оған нелер жататынын біледі. Жанды және жансыз табиғат нысандарын ажыратып, симметрия

құбылысын түсіндіре алады.

Оқушылардың көпшілігі: табиғаттың әсемдігін түсі, пішіні, сызығы арқылы суреттеп, тәсілдердің бірін

таңдап, симметриялы бейне жасай алады.

Кейбір оқушылар: бірнеше тәсілмен симметриялы бейне жасай алады.

Бұрын алған білімдері

Сенің айналаңдағы түстер. 1-сынып.

Жануарларды бейнелейміз. 2-сынып.

Пәнаралық байланыстар

Бұл сабақта мына пәндермен байланыс орнайды:

жаратылыстану, әдебиеттік оқу. Оқушылар табиғатты бейнелеу барысында жаратылыстану сабақтарынан меңгергендерін пайдаланады. Шығармашылық

шабыттарын арттыру үшін №2 қосымшадағы 1-тақы- рыпқа арналған өлеңдерді оқиды.

Сабақтың барысы

Сабақ

кезеңдері

Жоспарланған жұмыс түрлері

Дереккөздер

Сабаққа кіріспе

Сыныпта жақсы психологиялық ахуал мен шығар- машылық жағдай жасау. Мұғалім жанды табиғаттың не екенін еске түсірулерін сұрайды. Табиғат суреті

бейнеленген фотосуреттерге қарап, жанды табиғат ны-

Суретшілердің жан-жануарлар мен өсімдіктерді

бейнелеген гра-





сандарын атауды, жанды табиғат нысандары қандай сипаттарға ие екенін еске түсіруді ұсынады.

Фотосуреттерді қарау барысында оқулықтағы

«Табиғатты неліктен шебер суретші дейді?» сұрағына жауап беріп, оны дәлелдеуді тапсырады.

фикалық және кескіндеме жұ- мыстары.

Алған бі- лімнің өмірмен байланы- сы. Жаңа білім мен дағдыға қол жет- кізу

Мұғалім оқушылардың зейінін көркем еңбек саба- ғында жанды табиғатты меңгерудің өзіндік ерекшелік- тері бар екеніне аударады, дәлірек айтқанда, оқушы- лар табиғаттың әсемдігіне, оны байқап, сүйсінуге үй- реніп, суретші табиғатқа қарап көргенін бейнелейтінін түсінулері керек.

Мұғалім одан әрі табиғаттың құпиясы көп екенін, со- лардың бірімен бүгінгі сабақта танысатындарын ай- тады. Алдымен табиғаттың тамаша суретші екеніне көз жеткізіп алайық. Оқушылар бірнеше суретті қарап шығып, табиғаттың нағыз суретші екенін дәлелдесін.

Оқулық.
Анималист- суретшілер мен пейзажшылардың графикалық және кескіндеме жұ- мыстарының ре- продукциялары.



Материал- ды

түсіндіру

Мұғалім «Симметрия дегеніміз не?» тақырыбымен таныстырады. Тақырыпты оқулық бойынша түсіндіре отырып, оқушылардың сабаққа деген

қызығушылықтарын оятады. Сабақты түсіндіру

барысында фотосуреттерді көрсетеді және тақтаға симметриялы бейнені сызады. Оқушылардан кез келген затты мысалға алып, симметрия құбылысын көрсетуді сұрайды. Симметриялы бейнені салу оңай емес екенін, ол үшін сызғышты пайдаланып, үнемі өлшеп отыру керегін айтады. Ал екі жағы бірдей симметриялы бейнені қалай салуға болады?

Балалардың жауабын тыңдап, оларды дұрыс жауап беруге талпындырады: симметриялы бейнені монотипия тәсілімен, сондай-ақ екі бүктелген қағаз парағын қию арқылы орындаған жеңіл.

Оқулық, 6–7, 12– 13-беттер.

Тәсілдердің бірін пайдаланып, сим- метриялы бейне жасап көрсету (монотипия, екі

бүктелген қағазды қию).

Өздік жұмысты орындау

Табиғат нысандары бойынша сұрақтарды қарастыр- ғаннан кейін, оқушылар жұмыс дәптерінің 3-бетіндегі тапсырманы орындайды.

Екі жағы бірдей симметриямен танысып, 4–5-беттер- дегі тапсырмаларды орындайды.

Мұғалім жеке-дара кеңес береді, оқушыларға қажет жерінде көмектесіп, қателері болса түзетеді.

Жұмыс дәптері, түсті қарындаштар не фломастерлер.

Сабақтың қорытын- дысы

Орындалған тапсырмаларды қысқаша талдайды. Оқушылар сабақтағы жұмыстарын бағалайды.




Қосымша ақпарат

Дифференциациялау Оқушылардың бәрі тақырыпты талқылауға қатысады, мұғалімнің сұрақтарына жауап береді. №1 жұмыс дәптерінің 3- бетіндегі тапсырманы

орындайды.

Оқушылардың тақы- рыпты меңгергенін қалай тексересіз?

  1. Оқушылардың мұға- лімге берген жауабы- нан (оқулықтағы);

  2. жасаған жұмыстары-

АКТ-мен байланыс
Сабақтың барысында мұғалім СD-дискідегі материалдарды, сондай-ақ интерактивті тақтаны да қолдана алады.


Оқушылардың көпшілігі 4, 5- беттердегі тапсырмалардың

бірін орындайды.
Кейбір оқушылар 4, 5-беттер- дегі екі тапсырманы да

орындайды немесе монотипия жасап, қағаздан суреттерді қиып, өз бетінше жұмыс

істейді.

нан (жақсы жасалған жұмыстарды ғана

бағалаңыз);

3) жасаған жұмысты талқылауларынан.

Мұғалім өздік жұмыстың

басында оқушылардың есіне қайшымен жұмыс істеу ережесін салады.

Оқушыларға қалай қолдау көрсетесіз?
Сабақтың барысында оқушыларды бағалайды: Жарайсың, сен сұрақтарға толық жауап бересің!Сен өте байқампазсың! Сен табиғат

нысандарын жақсы суреттейсің (суретшілер туындыларын)!

Сен тапсырманы жақсы орындауға тырыстың! Сен жұмыстарды талқылауға

белсене қатыстың! және т.б.

Бағалау

Сабақта оқушыларды бағалау:

  1. оқушылардың мұға- лімнің және оқулықта- ғы сұрақтарға жауабы;

  2. туындылардың ре- продукцияларын сурет- теуі;

  3. жұмысты талдап, талқылауға қатысуы;

  4. жұмыс дәптерінде орындалған тапсырма- лар (жақсы жасалған

жұмыстарды ғана баға- лаңыз).

Құндылықтармен байланыс

Анималист-суретшілер мен пейзажшылардың жұмыс- тарын, жанды табиғат фото- суреттерін көрсетіп, таби- ғатқа, туған өлкеге сүйіс- пеншіліктерін оятып, эсте- тикалық көзқарастарын қа- лыптастыруға септігін ти- гізетін №2 қосымшадағы өлеңдер мен материалдарды қолданады.

Рефлексия. Мұғалім жылдың басында әрбір оқушыға бірнеше смайлик дайындап қояды. Оқушыларды сабақ барысында смайликтермен бағалайды. Мысалы: «Өте қызық!», «Мен көп жаңа нәрсе білдім!», «Мен көп нәрсе үйрендім!», «Маған қиындау болды!», «Мен бә- рін орындап үлгермедім!», «Мұның маған пайдасы бар!» және т.б. Оқушылар сабақтың соңында смайликтерін көрсетеді. Сабақтың қалай өткенін, ең қызықты нәрсе не болды,

қандай жаңа нәрсе білгендерін, нені үйренгендерін айтады.

2-сабақ


Сабақтың тақырыбы: Суреттегі штрихтің әсерлілігі. Бояу жағындысы – кескіндемеші-суретшінің әсерлегіш құралы

Мектеп

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні

СЫНЫП: 3

Қатысқан

оқушылар саны

Қатыспағандар

Оқу мақсаттары

Шығармашылық қабілеттерін арттыру, жаңа әсерлегіш

құралдар: штрих және бояу жағындысымен таныстыру.

Бағдарламалық міндеті

3.1.3.1

3.2.1.1


Мақсатқа жету үшін орындалатын міндеттер

Мұғалім үшін: штрих пен бояу жағындысының әсерлі мүмкіндіктерімен таныстыру.

Оқушылардың шығармашылық міндеті: білім- біліктерін №1 жұмыс дәптерінің 7–11-беттеріндегі тапсырманы орындағанда пайдалану.

Оқушылардың міндеті

Мұғалімнің және оқулықтағы сұрақтарға жауап беру.

Штрих пен бояу жағындысын сипаттау. Штрих пен бояу жағындысы туралы білімдерін пайдаланып, графикалық және кескіндеме туындыларын суреттеу.

Тірек сөздер: штрих – қысқа сызық, штрих әртүрлі болады, штрих әртүрлі фактураларды бейнелеуге көмектеседі. Бояу жағындысы – бояулы қылқаламның ізі, ол алуан түрлі болады. Суретші бояу жағындысы арқылы табиғаттағы әртүрлі заттарды бейнелейді.

Талқылауға арналған сұрақтар мен оған берілетін жауаптар:

  1. Сызық туралы не білесің? Ол қандай болады? (Өткен материалды еске түсіреміз).

Жауап. Сызық әртүрлі болады: түзу, тік, көлденең, көлбеу; дөңгелектенген; зигзаг тәрізді, жіңішке, түрлі түсті. Ол өкпелі, көңілді, салмақты, нәзік болып, әртүрлі көңіл күйді білдіреді.

  1. Штрих қандай болады? Онымен нені бейнелеуге болады?

Жауап. Қысқа, айқыш-ұйқыш. Онымен қылқан шөпті, шырша мен кірпінің тікенін және т.б. бейнелеуге

болады.

Жұмсақ әрі нәзік. Онымен үлпілдек жүнді балапанды, мысықты, қауырсынды бейнелеуге болады.

Дөңгелектенген, шапшаң. Онымен бұйра шөптер мен қошақанды, ағаш жапырағын, жағалаудағы тастарды бейнелеуге болады.

  1. Бояу жағындысы қандай болады? Штрих туралы жауаппен бірдей.

  2. Бұл әсерлегіш құралдар суретшілерге жұмысын әсерлі етіп көрсетуге көмектесе ме? (Сұрақ оқулықтағы

бірнеше иллюстрацияны немесе график және кескіндемеші-суретшілердің репродукцияларын көргеннен кейін қойылады.)

Жауап. Иә, көмектеседі. Толық жауап беруді талап ету керек, картиналардың бірін мысал ретінде келтіреді.

  1. Сендерге штрих табиғаттағы қандай нысандарды бейнелегенде керек болады?

Жауап. Ағаш жапырақтарын, шөп, шырша, кірпі, теңіз толқынын, өзен суын, аңдар мен құстарды және т.б.

бейнелегенде керек болады.

  1. Штрихты немен салуға болады?

Жауап. Қарындаш, бор, қалам, фломастер, пастельмен.

  1. Бояу жағындысын немен жазады? Жауап. Бояу және қылқаламмен.

  2. Штрих пен бояу жағындысы сендердің көмекшілеріңе айнала ала ма? Олармен орындаған жұмыстарың әсерлі





бола ма? (Сұрақ сабақтың соңында қойылады.)

Балалардың жауабы жаңа тақырыптар қаншалықты қызықты болғанын көрсетеді.



Күтілетін нәтиже

Барлық оқушылар: штрих пен бояу жағындысының әсерлі мүмкіндіктерін; графика және кескіндеме

туындыларынан штрих пен бояу жағындысын байқап, оларды суреттей алады.

Оқушылардың көпшілігі: жұмыстарын әсерлі көрсету үшін штрих пен бояу жағындысын пайдалана алады.

Кейбір оқушылар: табиғат нысандарының фактурасын бейнелегенде штрих пен бояу жағындысымен жұмыс

істей алады.

Бұрын алған білімдері

Сызық қандай болады? 1-сынып. Сызықтың әсерлі мүмкіндіктері. 2-сынып. Біздің айналамыздағы түстер.

1-сынып. Пейзажды қалай саламыз? 2-сынып. Түстің әсерлі мүмкіндіктері. 2-сынып.

Пәнаралық байланыстар

Бұл сабақта мына пәндермен байланыс орнайды: жаратылыстану, әдебиеттік оқу. Оқушылар

жаратылыстану сабақтарында табиғатты бейнелеу барысында меңгерген білімдерін пайдаланады.

Шығармашылық шабыттарын дамыту үшін №2

қосымшадағы 1-тақырыпқа арналған өлеңдерді оқиды.

Сабақтың барысы

Сабақ

кезеңдері

Жоспарланған жұмыс түрлері

Дереккөздер

Сабақ та- қырыбы- на кіріспе

Сыныпта жақсы психологиялық ахуал мен шығармашылық жағдай жасау. Мұғалім оқушыларға сызықтың әсерлі мүмкіндіктерін еске түсіруді сұрайды, балалар сызық көрерменге нені білдіре алатынын айтады. Оқушыларға өздері білетін материалдар жаңа тақырыпты меңгеруге септігін

тигізеді.

Анималист- суретшілер мен пейзажшылардың графикалық және кескіндеме

жұмыстары.

Алған білімнің өмірмен байланы- сы. Жаңа білім мен дағдыға қол жеткізу

Мұғалім жаңа тақырыпты түсіндіреді, ал оқушылар табиғат нысандары (жануарлар, өсімдіктер) қандай

болатынын суреттейді. Мұғалім оқушылардан нысан- дарды салу барысында жануарлардың үлпілдек жүнін, құстардың қауырсынын, кірпінің тікенегін сала алды ма екенін сұрайды. Өзі сол жануарлардың фотосу- реттерін не репродукцияларын көрсетеді. Балалардың жауабын тыңдағаннан кейін, мұғалім суретшінің жаңа көмекшілері – штрих және сызықпен таныстырады.

Олармен танысу арқылы оқушылар табиғат нысан-

дарын жақсырақ қабылдап, бұрын назарына ілінбеген нәрселерді елей бастайды. Сондай-ақ оқушылар штрих және бояу жағындысы арқылы әсерлі

жұмыстар орындайды.

Тақтаға әртүрлі штрих пен бояу жағындыларын көрсету үшін қағаздар ілінеді. Фломастерлер.
Оқулық.
Анималист- суретшілер мен пейзажшылардың графикалық және кескіндеме

жұмыстарының репродукциялары.

Материал- ды

түсіндіру

Оқушылар сызықпен танысты. Ал бүгін сызықтың көмекшісі – штрихпен танысады. Мұғалім тақтаға немесе ватман қағазына алдымен сызықты, одан кейін

бірнеше штрихті сызып көрсетеді. Одан кейін тағы да

Оқулық.