Файл: 1саба Жанды табиат блімі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.03.2024

Просмотров: 77

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.




№2 қосымша



Бұл материал мұғалімге «Көркем еңбек» пəні бойынша сабақтарды қызықты əрі алуан түрлі етіп жүргізуге көмектеседі. Мұғалім əрбір сабаққа тақпақтарды, музыкалық үзінділер мен видеоларды өзі таңдайды. Сондай-ақ бұл материалдарды жасаған жұмыстарын таныстырғанда пайдалануға болады.


1-тақырып. Жанды табиғат



Күлімдейді жауқазын
Қар астынан сығалап, Күлімдейді жауқазын.

Қар шытса қабақ, бұға қап, Дірілдейді жауқазын.
Көктегі күннен қуат ап, Жылылық беріп Жер-Ана, Қар астынан туа сап, Өсіпті осы гүл бала.
Қызғалдақ жарып қымсынып, Еркелеп күнге қарайды.

Жас бойын сылап, сілкініп, Ақ бетін ашып арайлы.
Əзілдеп жауса ақ жауын, Астында тұрад балаша, Балдырған бала жауқазын, Не деген көркем, тамаша!

Гүлге бұлбұл келеді
Сыбанып ап білекті, Қолына алып күректі. Көктемеде Гүлсім қыз

«Көгерсін» деп гүл екті.
Нұрын септі күн күліп, Жер балқыды жылынып. Жан бітті гүл дəніне, Бойына ыстық жүгіріп.

Жан біткен соң өседі, Топырақты теседі.

Жарық күннен жар тілеп, Жапырағын төседі.
«Өс!» деді күн күркіреп. Жаңбыр жауды сіркіреп. Жаңбыр мен күн жар болып, Өсті гүлдер дүркіреп.
Жапырағы жайқалды, Жас түйіндер байқалды. Аз болмай-ақ гүл ашты, Қыз еңбегін қайтарды.
Қызық болды, не керек! Келді ұшып көбелек.

Келді ұшып бұлбұлдар, Гүлсімге де со керек.
Гүл құлпырды. Жайнады. Көбелектер ойнады ...

Тамылжытып тəтті əнін Таңда бұлбұл сайрады.
Тына тыңдап бұл əнді, Гүл ұйқыдан оянды.

Қыза тыңдап бұл əнді, Қыз ұйқыдан оянды.
Гүл қасына із келді,

Із келген жоқ қыз келді. Құрбы қыздар Гүлсімге Қысқа күнде жүз келді.
Деді Гүлсім: – Ей, қыздар! Келсін десең бұлбұлдар, Гүл егіңдер күрек ап, Гүлге бұлбұл ынтызар!..
Сүйейік табиғатты, аялайық
Жайын жүргім келеді, жайын жүргім, Ортасында еркелеп сансыз гүлдің.

Тілсіз, тылсым табиғат тілін ұғып, Қызығына батасың терең сырдың.
Əр гүл саған елжіреп сыр шертеді. Таң-тамаша ол қызық бір ертегі.

Еркіндікті, кеңдікті көңілің сезіп, Қиянаттан, қыспақтан жирентеді.

Жібек гүлдер жүзіңді жаңартады, Жұпар ауа жаныңды тазартады. Жақсылығын бергенге міндет қылмай, Ала бер деп, алғанша тағы айтады.
Көкіректі гүлдерге қойып ашып, Гүл кілемнің үстімен жүрсең басып. Ауырлықтар əуелгі артта қалып, Көтеріліп кетеді көңілің
тасып.
Торқа, жұмсақ тосады алақанын, Аялаған анадай балапанын.

Гүлін иіскеп аунасаң көкірегіне, Есіңе кеп түседі бала шағың.
Не деген керемет ең, бай табиғат! Жасаулы дастарқаның жас сəби бақ. Жемісін жеп, аунасам гүл көрпеңе, Ренжімей, боласың оған да шат ...
Сүйейік табиғатты, аялайық!

Біз де онан жақсылықты аямайық! Анадай табиғаттың аясында Жадырап жас балаша дем алайық!
Ө. Тұрманжанов
Кемпірқосақ
Жеті түсті қарындаш – Тату-тəтті қарындас Күні бойы болдырып, Ұзақ-ұзақ жол жүріп, Көлге бірге барыпты, Қол ұстасып алыпты ...
Күн еді бір жауынды, Артқа тастап ауылды, Жетеуінің жолымен Мен де жүріп көріп ем, Байқадым бір қызықты: Кемпірқосақ сызыпты!...

Көгершін
Ауламызға қонды кеп Бір көгершін жаралы. Кенет көзі мөлдіреп, Маған үнсіз қарады.

Ұстап алып жем бердім, Емдеп,

Қайта ұшырдым. Кетпейді енді:

«Сендердің, –

Дегендей, – бір құсыңмын.

Қозым, қозым, қозым ...
Қайттың ба сен қыр кезіп, Қозым, қозым, қозым?

Жаудыр қағып тұр көзің, Көзің, көзің, көзің.
Енеңді сен көрдің бе, Қозым, қозым, қозым?

«Мамалап» кеп емдің бе, Өзің, өзің, өзің?
Шаршап келдің даладан, Қозым, қозым, қозым!

Жоқ па, сірə, «мамадан»

Басқа сенің сөзің?!

«Зообақ»
Əлімханның өзінде

«Зообақ» бар шап-шағын: Қоян бақты кезінде

Ішіне кеп бақшаның.
Тасбақасы тағы бар, Бар жəне бір ешкісі. Шатырынан табылар Көгершіндер кешкісін.
Олай қарай кісіні Жібермейді бір күшік, Торға салды мысығын, Қалмасын деп қырқысып.
Бəрі жақсы-ау, Ал бірақ

Мынаған ой бөлмеген: Ұйықтап кетсе ол балбырап, Тышқан өрер бөлмеде!..

Көжек
Көжек қыста дауылды Малақайын кимеді.

Сөйтіп бірде ауырды, Анық суық тигені.
Ұзақ жатты бүрісіп, Қаны қашып түрінен. Бір суыды,

Бір ысып

Маңдайы да түнімен.
Қағып əрең кірпігін, Айықпасын ол ұқты. Дəрігер деп кірпінің Инесінен қорықты ...
Б. Қошым-Ноғай

Түйе


  • Иланбасаң, Өлше кеп,

Су ішемін он шелек. Төзе аламын бірақ та, Нəр татпай-ақ бір апта.

Тырналар
Ұзын сирақ тырнамыз, Бай келеміз жырға біз. Оңашаны сүймейміз, Жиналып ап билейміз.
Ұшқан кезде тізіліп, Жұрт қарайды қызығып. Бұлттан əрі асқанда,

Əн шырқаймыз аспанда.
М. Жаманбалинов
Шырша
Үйге енген бұралып

Көк шыбығын шыршаның Қарсы аламыз қуанып, Құшақ жайып

Жыл сайын.

Тойдың көркі, Құты деп,

Жібек желек жабамыз. Үлбіретіп,

Үкілеп, Алқа,

Тана тағамыз.
Шоқжұлдызға балаймыз, Шашырата шам жағып. Би билеп,


Əн саламыз,

Шыршаны шыр айналып.
...Қуаныштан шынайы Жайнап келіп

Жыл сайын,

Үйден қурап шығады Шыбықтары шыршаның.
Қ. Баянбай

Тасбақа
Іші пысқан тасбақа Сырғанауды қалады. Қырқа жаққа таң ата Кетті сүйреп шананы.
Қыбыр-қыбыр күн жүрді, Апта жүрді, ай жүрді.

Дем алмастан түн жүрді, Шаршағанда жай жүрді.
Өліп-өшіп қыратқа Бір күндері жетіпті. Əттеген-ай! Бірақ та

Көктем шығып кетіпті.
Ж. Кəрбозин
2-тақырып. Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен Жақсы мен жаман

(Санамақ)
1

Қайыр күтпе баладан Өз мысығын сабаған.

Кім алдаса анасын, Оған қалай нанасың.
«Екі» болса алғаны

Бала ұятқа қалғаны.
Ойнап жүріп жыласа, Орынды емес бұл аса.
Келсе сөзі анайы, Мақтамас бұл баланы.
Жала жапқан басқаға –

Барып тұрған масқара.
Қашқан бала қораздан –

Су жүрек қой ол жазған.
Добын қимас ойнауға Ұят сараң болған да.
Кім мақтанса көбірек,

Жайсыземзін жөні жоқ.
Ерінсе қол жуғанға, Нассың дейміз мұндайда.
Мұнша уақыт санарлық Бар екен ғой жамандық.
2

Бəрі жақсы баланың

«Беске» оқыған сабағын.
Айналайық баладан Көгершінді аяған.
Адал болса досына, Азаматың осы да.
Ойнатса кім інісін, Мақұлдаймыз мұнысын.
Əділ болсаң ойында, Жақсы мінез оның да.
Күтсе бала əжесін, Жақсы дейміз дəл осың.
Өскен бала ауылда Ойнар аттың жалында.

Өзі түйме қадаса, Мұндай бала тамаша.
Барын берсе қолдағы, Бала жомарт болғаны.
Уəдесін сақтаған Баланы жұрт мақтаған.
Болады əрі санауға, Жақсылық көп қалайда.

Жалқаудың оянуы
Барлық жалқау атаулы Болады ғой бір түрлі. Оятсаң ел қатарлы, Бұздың дейді ұйқымды.
Жастыққа бас тығады, Екі көзін ашпайды.

Оянып тек құлағы, Дыбысты ести бастайды.
Тұрып сəске болғанда, Беті-қолын шаяды.

Оянбайды сонда да Олардың қол-аяғы.
Еңбек еттік
Қашанғы енді тебем доп, Етсем екен нені ермек? Екі қолды қусырып, Қалай жүрем селеңдеп.
Ойлай келе тереңдеп, Етпек болдым мен еңбек. Қайырып кеп

Сəскеде

Қойдым төлді көгендеп.
Апам қашан келер деп, Отырам ба елеңдеп.

Салып шықтым Бояумен

Қабырғаға көп өрнек.
Оралды апам жеделдеп, Ақ жаулығы желеңдеп.

Қайта ағытты төлдерді, Бұлар аштан өлер деп.
Қайда алғысқа бөленбек, Қайда терің төленбек?! Қайта ақтады бөлмені, Шебер шығар сенен деп.
Кетті қырға төл өрлеп, Қабырғада жоқ өрнек... Сөйтіп,


Мен де, Апам да

Еттік бүгін көп еңбек.
Қ. Баянбай

Ұмытшақ
Шығарады жоқ дауды, Əлкен шашып асықты.

Ат қып мініпдоықтау ,

Қамшы қылар қасықты.
Тысқа шығып біз кетсек, Оқтау, қасық жоқ болар.

«Жоғалды-ау!» – деп, іздесек, Ол да іздеуге оқталар.
Сұрау салып əркімге:

  • Таптыңыз ба, сіз? – дейді.

  • Ойнап ем, – деп, – əлгінде, Өзі қоса іздейді.


Ж. Кəрбозин

Мақташы мені, апатай!
Мақташы мені, апатай:

«Балам менің мықты, – деп, – Тоқты емес, қошқардай Телқозыны жықты», – деп.
Мақташы мені, апатай:

«Жүрегі мұның түкті, – деп – Қасқырдан да қорықпай, Алқымынан сықты»,– деп.
Мақташы мені, апатай:

«Балам менің мықты, – деп, –

Жарысқанда қалыспай, Жұрттан озып шықты», – деп.
Ө. Тұрманжанов

Міне, үлкен азамат
Шынықтырып денені, Тісін жуып тазалап, Мектебіне келеді, Міне, үлкен азамат.
Орамалы қалтада, Үсті-басы таза, бап. Отыр алғы партада, Міне, үлкен азамат.
Жазықсыздан жолдасын Жатса біреу жазалап, Аямайды ол басын, Міне, үлкен азамат.
Ойнамайды орынсыз Үйдің ішін мазалап. Кездессеңіз, оны сіз Дейсіз үлкен азамат.
С. Мəуленов
«Рақмет»
Із қалдырдым қаншама, Қаншама жер тапталды: Күні бойы,

Шаршамай, Домалаттым ақ қарды.
Оны қолмен ақырын Төбесінен бір басып:

  • Осы Аяз атаның,

Болсын, – дедім, – тұлғасы.
Дөңгелете жөнелдім, Тағы бірін асығып. Қарбыздай ғып көлемін:

  • Болсын, – дедім, – басы бұл.


«Басты» орнына қондырдым, Өзгесі өте тез болды.

Қос таяқты «қол» қылдым, Екі көмір «көз» болды.

Қойдым: «Осы мұрын», – деп,

«Бетке» қадап сəбізді. Қарап едім түріне, Нақ клоун тəрізді.
Мақтадан «мұрт» қадалды, Түсі, əрине, ақ болды.

Дəу тымағы атамның, Төбесіне шақ болды.
Көрген сайын Ол енді

Шат жүзімен арайлы:

«Рақмет саған» дегендей, Күлімсіреп қарайды.
М. Жаманбалинов
Бала, бала, баламыз
Бала, бала, баламыз, Бақшамызға барамыз. Күні бойы қызыққа Батамыз да қаламыз!
Қиынсынып қашпаймыз, Шынығамыз жастай біз – Көңілді əуен сазымен Жаттығуды бастаймыз.
Иілеміз оңға бір, Иілеміз солға бір. Тəрбиеші қарайды Аяққа бір, қолға бір.
Үйренеміз өнер біз, Шетімізден шеберміз: Тақпақ айтып, əн шырқап, Билеп-билеп береміз.
Əйбат жасыл ауламыз, Көбелек те аулаймыз, Бізге арнайы жасаған

Сырғанаймыз «таудан» біз.
Міне «вагон», кіреміз,

«Поезбен» жол жүреміз.