Файл: 1саба Жанды табиат блімі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.03.2024

Просмотров: 73

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«Кемеге» де мінеміз, Толқындарды тілеміз.

«Ракетамен» ұшамыз, Көктен əрі асамыз.

Тоқтар аға жолымен Талай жұлдыз ашамыз.
Бала, бала, баламыз, Бақшамызға барамыз. Одан көп-көп қызықтар Күнде біздер аламыз.
Е. Өтетілеуұлы

3-тақырып. «Уақыт»
Сағат
Тілдері асығып Тықылдап тұр сағат. Тыңдады ақ мысық, Құлағын тоса қап.
«Тықылдақ бұл несі!» –

Үңіліп байқады.

«Қатты ғой іргесі» –

Басын ол шайқады.
Бұғынып, жақындап, Қояды түртіп бір, Жатсынып, жатырқап, Сағаттан үркіп тұр.
Ақ мысық айбатты, Ақ мысық жүректі. Бас салды сағатты, Қоңырау шыр-р етті.
Шырылдап, бажылдап, Сағат тұр тік төне.

Өн бойы қалшылдап, Ақ мысық зытты, əне!..
Т. Бердияров
Талап пен сағат
Қылығы бар Талаптың Бəрімізге ұнайтын.

Жатар кезде Сағаттың

Қоңырауын бұрайтын.

Қоңырауы сағаттың Таң атқанын білдіріп, Оятады

Талаптың

Құлағына шыңғырып.
Əдеті бар Талаптың Қорылдайтын көп уақыт, Қолындағы сағаттың Қоңырауын тоқтатып.

Қ. Баянбай
Төрт мезгілді аңсау
Қар жауса ғой боратып Түніменен, шіркін-ай! Ойнасақ біз қар атып Күніменен, шіркін-ай!
Жылғалардан су ағып, Көктем келе қалса ғой! Бала біткен қуанып, Айдын көлге барса ғой!
Құрып қойып қармақты, Суға қарап отырсақ.

Қапса сазан салмақты, Бір-бірімізді шақырсақ.
Кең далада жайқалып Көз жетпейтін сағымдай, Самал желмен шайқалып Тұрса, шіркін, егінжай!
Шөпті жинап, тынығып, Мөлдір суға малтысақ! Каникулда шынығып, Демалып бір шалқысақ!
Неткен əсем, шіркін-ай, Сары жапырақ толы бау! Мектеп жақтан бір күні-ай Күмбірлесе қоңырау!

Ж. Кəрбозин

Бір аптада
Бір аптаның күндері өтті: Дүйсенбіде гүлдер ектім, Сейсенбіде жуа тердім, Сəрсенбіде су əкелдім, Бейсенбіде бақша баптап, Жұма күні тақпақ жаттап,

Сенбіде мен кино бардым, Жексенбіде бір демалдым.
М. Жаманбалинов

Көктем
Көзін қадап көкте күн, Қараса қарды ерітіп, Туыпты айы көктемнің, Жан иесін сергітіп.
Қыста қатқан көлдердің Мұз көйлегі жыртылып, Сең жүзгенін мен көрдім, Толқынды теуіп бұлқынып.
Тарғыл тартып тау басы, Қарды қағып, буланып, Ашылғандай арнасы, Сай-салада су ағып.
Қар астында сарсылып, Күн сағынған қара жер. Денесі буға малшынып, Төсін керген дала, өр ...
Қарсыз қарды аңсаған Өріске шығып мал дағы. Жүзі жарқын барша адам Жадыраңқы жан-жағы.
Нұр ойнап мөлдір көзінде Мектептегі баланың, Бітеді деп аз күнде Қуанады сабағы.
Жанданған дала, ой мен қыр Көңілді колхоз ауылым, Жортқан таңнан трактор, Тілімдеп жердің сауырын.

Жаз
Аймағымды аялап, Алтын қанат туса жаз; Айдын көлді қиялап

Қаңқылдап ұшар үйрек, қаз.
Аққу жүзіп көлінде, Гүлге қонып көбелек,

Сұлу жазда менің де Көңіліме күй келед.
Аймақтың алақанынан Көктемде жерге шашылған, Ұзарып өсіп інжу дəн,

Ат құлағын жасырған.
Шалқар егін жайқалып, Секілді шексіз дария, Теңселгендей шайқалып, Толқындай ұрған жарына.
Күзетінде елінің Тұрған түнгі солдаттай, Күзетшісі егіннің

Ырысын күткен ардақтай.
Көз тіксең қырға азырақ, Қой, қозы шулап жамырап, Жайлауда жылқы азынап, Даусынан тау жаңғырад.
Қайыруға дауыстап, Жылқышыдан шықса айқай, Осқырынап, ойқастап, Шапқылаған құлын, тай.
Құрық алып жылқышы, Қой қайырып малшылар, Күзетіп малды түн іші, Сызылтып салған əн шығар.
Елге ойдағы, қырдағы

Қақтырып жарқын жаз жайраң ...

Қызып еңбек думаны Шаттанып жұртым мəз-мейрам.
Күз
Көтеріле аспандай, Көкте сұрша бұлт көшіп;

Жергеуінж шашқандай,

Күміс моншақ шық түсіп.
Қайың, терек басынан Сарғыш тартып жапырақ, Жерге түсіп шашылған, Жел соқса тек қалтырап...
Тау басына бусанып Бозғыл тұман оралып;

Сарқырап ағып, шу салып, Өзені мың бұралып.
Мəуе пісіп балбырап, Маужыраған қоңыр күз. Алма пісіп албырап, Көзді тартқан, көріңіз.
Беті қызыл алмадай Балаларды ойнаған Анасындай аймалай Мектеп тұр қол бұлғаған.
Жерде жазғы жайқалған Орып болып егінін,

Көз жіберсең байқалған, Көңілдірек ел бүгін.
Қыс
Жауып тұтас жер бетін Көктен күміс ұшқындар, Көрсетті қарлы келбетін, Лебі суық қысқы ызғар.
Тысқа шықсақ жер аппақ, Белуардан омбы қар.

Тұрса да аяз жалақтап, Емес дене домбығар.
Қарасаң ағаш басына, Қар жамылып жапырақ, Көлді көк мұз жасыра, Тұр айнадай жалтырап.
Алтайы қызыл ақ құйрық, Ақша қарға түлкі аунап, Жараған аста ат жүйрік, Аңшылар жүр түлкі аулап.
Қыр жолына көз тіксең, Құлдырап жеккен ат шана, Сызылып қарға із түскен, Ауыздыған шайнап ат шаба.
Жүре ме бала ойнамай, Соғыпты қардан ақ қала. Суықтан беті алмадай Қызарған, ойнап топ бала.
Жауып тұтас жер бетін Көктен күміс ұшқындар,

Көрсеткен қарлы келбетін, Лебі суық қысқы ызғар.

Т. Жароков

Құрылысшы:_Үлгілерге_қараймын_Үй_іргесін_қалаймын._Өрнектерін_оямын.Терезесін_қоямын.Құрылысшы'>4-тақырып. Сəулет өнері Құрылысшы:

Үлгілерге қараймын Үй іргесін қалаймын. Өрнектерін оямын.

Терезесін қоямын.
Құрылысшы:
Терезеден күн күліп, Аулада гүл құлпырып. Шаттансын барлық балалар, Бақыт тапсын
аналар.
Құрылысшы:
Үйге толы ырыс-құт, Үйлесіп тұр тыныштық. Еңселі əр үйіміз,

Елге тартқан сыйымыз. 5-тақырып. Өнер Сурет сала білемін

  • Былай сал, – деп, – суретті, Ағам мені үйретті.

Күн артынан күн өтті, Сала бердім суретті. Бəрін де өзім ұнаттым, Бірде ініме сынаттым.

Сиыр салсам: – Шошқа! – деп, Өзін салсам: – Басқа! – деп, Айтты сынын, саспады, Күліп, жыртып тастады.

Ал сол інім бір күні Салғанымда түлкіні, Деді: – Мұның ұнады, Əдемі екен құлағы.

Мен күлімдей қарадым –

Ішім жылып барады.

Ісмерлік
Төбесінде тұлымшақ –

Сатып алдық қуыршақ.

«Қуыршақ қой! – десе де, –

Жап-жалаңаш... Көшеде

Қалай алып жүреміз?» –

Дейміз дағы, күлеміз.
Киім іздеп сабылдық, Тəтемізге жалындық. Көйлек тігіп бермеді, Қолын бір-ақ сермеді. Көйлек іздеп сабылдық, Апамызға жалындық.
–Жұмысымды бөгеме! Жуусыз тұр тегене.

«Тігіп ал», – деп көйлекті, Апам бізге үйретті, – Иығын піш, жеңін піш, Дөңгелентіп белін піш.

«Тəуекел!» – деп көрсеңдер, Қиын емес, сенсеңдер.
Енді əуреге түспедік, Айтқандарын істедік. Жаға, жеңі бүгілді, Əсем көйлек тігілді.
Осыдан соң ойлансақ: Ерінбей-ақ қолға алсақ, Іскер болады екенбіз, Жалыныппыз бекер біз.
Ж. Кəрбозин
Əн салып береді
Белгілі ауылға Атамның өнері. Көңілді шағында Қамшы өріп береді.
Бабында үнемі Əр алуан аспабы. Жұмырлап тіледі

Қайыстан таспаны.
Дауысы тегінде

«Тəйт» деуден аспайды.

Кіріссе өрімге, Əндете бастайды.
Атамның жанына Жүгіріп келемін. Таңырқап тағы да, Тыңдаймын өлеңін.
Сезбейді əуелі

Ол кімнің келгенін. Білмейді əдемі

Əн салып бергенін.
Қ. Баянбай


6-тақырып. Атақты тұлғалар Абай ата

Таң қылған даңғыл талайды, Артына тастап жарқын із Сүйеді ұлы Абайды Əнқұмар

Жыршы халқымыз.
Көтерді ол туын жоғары Қадірлеп егіз өнердің: Тəңірі ондай жоқ əлі Əсем əн менен өлеңнің.
Қайғыға батты ол күні-түн Қамын жеп қара халықтың. Үзбеді бірақ үмітін,

Туар деп ертең жарық күн.
Тікті де көзін қырымға, Сынады ойсыз бектерді. Үгіттеп елді ғылымға, Жалқауды жаны жек көрді.
Қазына сүзіп тереңнен, Өзі өзін салды азапқа. Əн де көп,

Жыр көп, Дегенмен,

Абайсыз қазақ қазақ па?!.
Махамбет ата
Махамбет атам ер болған, Елінің жыртып намысын,

Еңку де еңку жер шалған Қара баланың қамы үшін.
Тілегін қуған жақынның, Еркіндік,

Теңдік

Арманы.

Қанаты болған батырдың Астына мінген тарланы.
Тең ұстап найза, Қаламын,

Алдында ханның саспаған. Исатай сынды ағаның Қалың ну қолын бастаған.
Найзасын ұштап күні-түн, Қайтпады жаудың бірінен. Халқының асыл үмітін Оятты отты жырымен.
Батыр һəм ақыныаптты ал ,

Қазақ боп туған Махамбет. Айтамын бүгін мақтанып:

  • Ол – менің нағыз атам! – деп.



Құрманғазы ата
Дауылпаз туған данышпан –

Ұлы күй-атам бұл менің. Бақытты көріп алыстан, Бұғауын бұзған түрменің.
Көрсе де қуғын-сүргінді, Қоштасып елмен, Үйменен,

Халқының мұңын жыр қылды Қаһарын шашқан күйменен.
Артта қап қанша шақырым, Қашқын боп қайда барса да, Шылбырын ұстап атының, Қалың жұрт шықты қарсы ала.
«Ұлым!» деп қазақ себебі Білетін Құрманғазыны.

Шаттыққа елдің бөледі Домбырасының сазы – үні.
Бар қазақ Өнер,

Ой қуған

Бас иер бүгін Құрманға. Құрмансыз өтпес той-думан, Домбыра мен күй тұрғанда!..
Б. Қошым-Ноғай

Ыбырай
Жырын жаттап жатамыз Жалықпастан қыс-жазы. Ұлы Ыбырай атамыз – Ұстаздардың ұстазы ...
Ұран тастап көп елге:

«Кел, балалар, оқылық!» –

Деген сөзін көңілге

«Ықыласпен тоқылық!»
Бұларды да мектепте Білдік алғаш оқып біз! Ұлы болып кетсек те, Ұлы ұстазға – шəкіртпіз!
Ж. Əбдірашев

Жамбыл ата
Жүрсе де, мейлі, қай тұста, Тілегіне елдің сай түсіп, Жеңген-ді талай айтыста Құлмамбеттермен айтысып...
Сыйлады кəрі, Жас демей

Халқының осы əз ұлын. Тыңдады Қастек, Қаскелең

Ақылы менен əзілін.
Халқының ғажап тұрмысын Қуанып,

Кеше ол əн қылды. Ұғынса сұлу жыр күшін,

Ұмытпайды елі Жамбылды. Көкірегіне кек тұнып, Жырлады Ленинградты.

Дұшпандарына оқ қылып, Ағыл да тегіл жыр
атты.

Сынығы еді асылдың, Қиын да қызық өмірі. Жиырмасыншы ғасырдың Атанды ол алып Гомері!..
Б. Қошым-Ноғай

7-тақырып. Су – тіршілік көзі Сүңгілер

Етегінде шатырдың Тізіліп ап сүңгілер Терезеден ақырын Бөлме ішіне үңілер. Деді сонда Күн апай:

  • Сығалама, қарағым! Ал шатырдан құласа, Күн қинала қарады.

  • Ұрысты! – деп сүңгілер, Көзден жасы тамады-ай!

  • Күн апайым ұрды! – дер, Кейбір шатақ баладай.


Ж. Кəрбозин
Су-Ана
«Су – тіршілік, білсеңдер, Судан ырыс күткен жер ... Суды лайлап,

Түкірме!..» –

Деп үйретер үлкендер ...
Ө. Ақыпбекұлы

Қырау
Түн ішінде бұл қыстың Көзі қалай көреді?

Үкі таққан үндістің Суретін сап береді.
Көр, кəнеки, қаймықпай, Мүйізінен бұланның!

Сызады ол айнытпай Қауырсынын қыранның.
Қарт Арарат тауларын, Сібірдің ну орманын,

Жетісудың бауларын Көрдім талай салғанын.
Таңертеңнен телміріп, Терезеге қараймын.

Салар едім мен мұны, Əуреленсем талай күн!..

8-тақырып. Демалу мəдениеті. Мерекелер Бірінші қыркүйек

Қалың бала жиылған Кең ауланы толтырды. Жаңа келген қиырдан Жыл құстары секілді.
Төңіректі түрленткен Гүлдер неткен көп еді! Қыркүйекте бір көктем Мектепте өстіп келеді.
Қ. Баянбай
Жаңа жыл жыры
Аппақ бүгін қыр – дала, Ақ дастарқан жапқандай. Халық біткен қарбалаң Қонақ күтіп жатқандай.
Көңілде көп қуаныш Əрбір көзге жақсы үміт. Кетер жылға мың алғыс Əкелген көп жақсылық.
Жаңа жылда алдағы Көңіл өсіп кеңейсін. Ортақ ойы, арманы Жақсы достар көбейсін.
Оқ атпасын ешкім де, Өмір деген тым ыстық, Жұмыр жердің үстінде Бұзылмасын тыныштық.
Ə. Дүйсенбиев

Демалыс
Қинамайды мені анам, Бүгін үйде демалам.
Тəртіп сақтау керек деп, Жүгірмеймін дедектеп.
Ретін тауып мұндайда, Болады бет жумауға.
Бүгін дəмсіз бөкпенді Жемесең,

Түк етпейді.
Болады үйде жүргенде Таза киім кимеуге.
Келген жоқпын мен үйге Шығу үшін сейілге.
Түскі ұйқыны ...

Қой əрі,

Түнде ұйықтасам болады.
Келдім екен үйіме, Түсем ерке күйіме.
Қ. Баянбай
Аналар мерекесі
Ана жайлы – Ойлы əн, жыр, Жаз да,

Жұртты толғандыр. Халықаралық...

Ж-о-қ!..

Бүкіл адамзаттық мейрам бұл!..
Таңдай қағар тамсана, Тіршіліктің басы – Ана! Қыздырайық тойды біз, Бар əлемге жар сала!