Файл: 1саба Жанды табиат блімі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.03.2024

Просмотров: 72

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Зор мереке – Көктем бұл, Көктен

Күн боп төккен нұр... Майда қоңыр самал ол Сипап өтер беттен бір!..

Теңеп Күнге, Көктемге,

Қадіріне жетем бе?! Жерге, Отанға

Осы есім, Қосарланбас бекерге?!
Құтты болсын Жаңа жыл!
Тілеймін мен бар əлемде Дос көп болсын жанашыр! Ата, əже! Ата, əже!

Құтты болсын Жаңа жыл!
Тілеймін мен бар адамға Жаңа бақыт, жаңа жыр! Папа, мама! Папа, мама! Құтты болсын Жаңа жыл!
Ғ. Жұмабаев
Жаңа жыл
Жаңа жыл! Жаңа жыл! Не əкелдің сен бізге? Бау-бақшаң толған гүл, Төлдерің семіз бе?

Бауырсақ, балмұздақ, Концертке ... молсың ба? Бізді алға барғызбақ

Сен Жаңа жылсың ба? Жаңадан көп түрлі Машина бергейсің.

Жаңадан көк сырлы Үйлерге кіргейсің. Жаңа жыл! Жаңа жыл! Жаңалық ізде сен.

Жаңа əн, жаңа жыр Жазып бер бізге сен!
Х.Ерғалиев

Балаларды қорғау күні
Балалардың бақшасында бүгін той –

Балаларды қорғау күні, біліп қой!
Алақай-ау, алақай!

Той тойлайық, балақай! Қызарғанша алақан, Қол соғайық, балақан!

Тақпақ айтып, кезектесіп, бір-бірлеп, Кел, қосылып əн шырқайық, би билеп!
Алақай-ау, алақай!

Əн шырқайық, балақай! Қызарғанша алақан, Қол соғайық балақан!
Тілін алып тəрбиеші тəтелер. Гүл жайнайық елімізде мəпелер!
Алақай-ау, алақай!

Гүл жайнайық, балақай! Қызарғанша алақан, Қол соғайық балақан!
Е. Өтетілеуұлы

Бірінші мамыр
Мамыр кеп жайнатты Қаланы,

Мамыр кеп жайнатты Даланы!
Күні бұл көктемнің Арайлы,

Күлімдеп көктен Күн Қарайды.
Қолына көгілдір Ту алып,

Шықты жұрт шеруге Қуанып.
Шарықтап өлеңім, Мейрамдап, Көшеде келемін Жайраңдап.
Қолымда қызыл гүл, Жалауым,

Нұр бөлеп жүзімді, Барамын.
Мамыр кеп жайнатты Қаланы,

Мамыр кеп жайнатты Даланы!

Құтты болсын, Наурыз
Құтты болсын, Наурыз, Үйге ат ізін салыңыз.

Ұлы күні ұлыстың Дастарқанда барымыз.
Құтты болсын, Наурыз, Сарқылмасын сары уыз. Кенелсін көгөніске Гүлдеп бақша-бауымыз!
Құтты болсын, Наурыз, Жалқаулық – қас жауымыз. Дала толып егіске,

Малға толсын тауымыз!
О. Асқар
Бірінші сəуір
Көптен күттім сəуірді мен Алдау үшін Маратты, Сəті түсіп соның, міне:

–Аға! – деп жалт қараттым, –
Кітабыма бір қарамай, Айтып едім өтірік,

Сол сабақта Құрбан ағай Қойды маған «екілік».
... Сосын Марат ұрсып маған, Сөйледі-ай кеп,

Сөйледі:

  • Үйден

Аттап бір шықпа да, Оқы,

Ойынды қой! – деді.
Келдім де тез шешімге мен, Қадап оған көзімді:


  • «Күлкі күні» ... Кешір! – деп ем, Тыңдамады сөзімді.


Қамады əкеп өз бөлмеме, Шертті де бір шекемнен. Сенбеді шын сөздерге де, Алдаппын ғой бекер мен.
Күлкі күні, міне, қызық, Күлкі болдым көргенге.

Жалғыздықтан елегізіп Отырмын мен бөлмемде!..
Б. Қошым-Ноғай

16 желтоқсан – Тəуелсіздік күні
Тəуелсіздік –

Бақ туын

Қолға ұстаған сəт бүгін. Ақсарбас қой – құрбандық, Болсын дəйім шат күнім!
Болашаққа серпін нық, Көкке атады бөркін жұрт ... Тəуелсіздік – ынтымақ, Тəуелсіздік – еркіндік ...
Қыста келген бақыт бұл, Қыспай берген жақұт, нұр. Аппақ қардай пейілін Əлемге

Еплтіұмршашы

!..
Ө. Ақыпбекұлы

Мазмұны

Алғы сөз 3

«Көркем еңбек» пəні бойынша ОƏК-нің негізгі құрамы 5

Ұзақмерзімді жоспар 9

Тақырыптық-күнтізбелік сабақ жоспары 11

Ортамерзімді жоспар 14

Қысқамерзімді жоспар 74

№1 қосымша 171

№2 қосымша 176

Оқу - əдістемелік б а с ы л ы м Раупова Надежда Алимовна КӨРКЕМ ЕҢБЕК

ОҚЫТУ ƏДІСТЕМЕСІ

Жалпы білім беретін мектептің 3-сынып мұғалімдеріне арналған Редакторы Н. Бекхожаева

Көркемдеушi редакторы А. Бекқожанова

Техникалық редакторы Ұ. Рысалиева

Корректоры Ү. Бахова


205
Компьютерде беттеген И. Джарбулова




ИБ №047

Теруге 20.02.2018 берiлдi. Басуға 09.07.2018 қол қойылды. Пiшiмi 60×841/8.

Офсеттiк қағаз. Офсеттiк басылыс. Əрiп түрi «мектептiк».

Шартты баспа табағы 24,18. Есептiк баспа табағы 14,6. Таралымы 4000 дана. Тапсырыс №3592.
«Атамұра» корпорациясы» ЖШC, 050000, Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 75.

Қазақстан Республикасы «Атамұра» корпорациясы» ЖШС-нiң Полиграфкомбинаты. 050002,


206
Алматы қаласы, М. Мақатаев көшесi, 41.