ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.03.2024

Просмотров: 88

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«Құқытары» бөлімінде маманның өз міндеттемелерін орындауға қажетті құқықтары анықталады.

«Жауапкершілік» бөлімі өз міндеттемелерін сапасыз және өз мезгілінде орындамағаны үшін жауапкершілікті белгілейді.

«Лауазым бойынша байланыстар» бөлімінде хабар алмасу мен қызметтік өзара қатынастар шеңбері, құжаттардың жүргізілу тәртібі т.б. белгіленеді.

Лауазымдық нұсқаулықты бөлімшенің басшысы жасайды және кәсіпорынның басшысы бекітеді.

Ұйымдастыру және басқару мәселелері бойыша вице-президент бас директорға бағынады. Ол барлық басшылық комиттердің жұмысына, болашақ түпкі мақсатты жоспарлауға байланысты өтетін мәжілістерге қатынасады. Ұйымдастыру және басқару мәселелері бойынша вице-президенттің бөлімі мынадай қызметтердің орындалуына әкімшілік жауапкершілікте болады:

  • Жоспарлауды ұйымдастыру;

  • Қаржылық жоспарлау мен бақылау;

  • Іс жүргізу жүйесі;

  • Болашақ жоспарлау.

Ұйымдастыру және басқару мәселелері бойынша вице-президент:

  • Компания мен оның бөлімдері үшін олардың табысы мен активтерін қысқа мерзімді және ұзақ мерзімде жоспарлаудың әдістерін ұсынады, соынмен бірге, мақұлданған әдістерді енгізіп, қолдану туралы үкім береді;

  • Компанияның қаржы жоспарлары мен олардың нәтижелерін түсіндіріп талдайды;

  • Фирманың бас бөлімшесінің ұйымдық құрылымын қарастырады және қабылдаған бюджеттің орындалуына басшылық ждасайды;

  • Басқару қызметіндегі маңызды орындарға кадрларды таңдап ұсынады;

  • Қаржы операцияларын жоспарлау бойынша зерттеулер жүргізеді



10 Дәріс. Жеке құрам бойынша ереже. Штат кестесі

Жоспар

  1. Жеке құрам бойынша ереже

  2. Штат кестесі


Бұл құжат дәстүрлі түрде «Ішкі еңбек тәртібінің ережесі» деп аталады. Онда жұмысшыларды жұмысқа алу, босату тәртібі, кәсіпорын мен қызметкерлердің негізгі құқықтары, міндеттері, кәсіпорындағы еңбек шарттары мен ұйымдастырылуы анықталады. Құжат еңбек туралы заңға негізделеді, жұмыс беруші мен жұмысшының өзара қатынасын реттейді.

Құжаттың үлгісі мынадай деректерден тұрады; кәсіпорынның атауы, құжаттың аты, күні, номері, шығарылған орны, мәтіннің тақырыбы, бекіту белгісі, құрастырушылардың бұрыштасмасы, құжатқа еңбек ұжымының келісу туралы белгісі.

«Жалпы ережелерде» ереженің құқықтық негізі анықталады, мамандардың санаттары белгіленеді (басшы қызметкерлер, қызметкерлер, жұмысшылар)

«Жұмысқа алу» бөлімінде түрлі санаттағы қызметкерлерді жұмысқа алудың тәртібі мен мерзімі, еңбек қатынастарын рәсімдеудің тәртібі түсіндіріледі.


«Жұмыс уақыты мен демалыс уақыты» бөлімінде жұмыс аптасының, жұмыс күнінің ұзақтығы, демалыс күндері, мерзімінен артық жұмыс істеудің шарттары белгіленеді.

«Еңбек демалысы» бөлімінде демалыстың ұзақтығы, кезеңдері, ақы төлеу және демалыстың әр түрлі түрлерін алудың тәртібі қарастырылады. Демалысқа шығу құқығының болуына еліміздің заңымен кепілдік беріледі. Ережеде бұл құқық бұзылмауы тиіс.

«Іс-сапар және ауыстыру» бөлімінде (бұл жерде екі бөлім болуы мүмкін) басқару істерінің мерзімі, шарттары және тәртібі белгіленеді.

«Еңбекақы, әлеуметтік сақтандыру және өтемақы төлеу» бөлімі өте маңызды бөлім болып есептеледі. Бұл бөлімде еңбекақының түрі (келісімді немесе мерзімді), еңбегі үшін сыйақының көлемі мен шарттары, төлеудің кезеңдері, өтемақының мөлшері мен төлену тәртібі анықталады.

«Мадақтау және жазалау шаралары» бөлімінде моральдық және материалдық мадақтау, жазалаудың түрлері, шарттары және тәртібі белгіленеді.

«Қызметтен босату» бөлімінде әр түрлі санаттағы жұмысшыларды қызметтен босатудың шарттары мен тәртібі, бұл жағдайдағы кепілдіктер мен өтемақылар қарастырылады.

Қызметке алу, босату және жазалау жөніндегі еңбек даулары бағыныштылық немесе заңдар негізінде шешіледі.

Штат кетесі

Кәсіпорынның құрылымы, сандық құрамы, біріншіден «Құрылым және штат саны» деген құжатта бекітіледі. Құжаттың мәтіндік бөлімі кесте түрінде орындалады.

Құжат кәсіпорынның бланкісінде жасалып, оған басшының орынбасары қол қояды, бас есепшімен келісіліп, бірініші басшы бекітеді.

Кәсіпорнның лауазымдық және сандық құрамы, жалақы қоры көрсетіліп, «Штат кестесінде» бекітіледі.

Штат кестесіне кәсіпорын басшысының орынбасары қол қойып, бас есепшімен келісе отырып, кәсіпорын басшысы бекітеді.Бекіту белгісінде кәсіпорынның жалпы штат саны, еңбекақының айлық қоры көрсетіледі.

Бұл аталған құжаттарға тек директордың бұйрығымен өзгерістер енгізіледі.

11 Дәріс. Бұйрық - жарлық құжаттары

Жоспар

  1. Бұйрық – жарлық құжаттары

  2. Бұйрық түрлері

Кәсіпорынның ағымдағы қызметі бұйрық-жарлық құжаттары арқылы реттеліп басқарылып отырады.

Бұйрық – басшының мекемені басқарудың барысында, алда тұрған маңызды, ағымдағы, күнделікті, кадрлық т.б. мәселелерді шешу мақсатында беретін, қарамағындағылар орындауға тиісті ісқағаздарының бір түрі.

Бұл құжаттың жауапкершілігі оған қол қоятын лауазымды адамға жүктеледі. Бұйрық ауызша да, жазбаша да беріледі.


Мазмұны жағынан бұйрықтар 2 топқа бөлінеді:

1. Мекеменің негізгі жұмыстарына байланысты.

2. Жеке құрамға байланысты.

1) Кәсіпорын жұмысын ұйымдастыру, қаржыландыру, жоспар­лау, өнімді өткізу сияқты өндірістік мәселелерді шешуге бағытталған бұйрықтар мекеменің негізгі жұмыстарына байланысты бұйрық деп аталады.

2) Азаматтарды жұмысқа қабылдау, жұмыстан босату, басқа жұмысқа ауыстыру т.б. сияқты мәселелерді шешуге бағытталған бұйрықтар жеке құрам бойынша бұйрық деп аталады.

Жеке құрам бойынша бұйрықтар кадрлар бөлімінде дайындалады.


Жеке құрам бойынша бұйрықтарда оның cебебі көрсетіледі. Мысалы:

  1. Зейнеткерлікке шығуына байланысты

  2. Басқа жұмысқа ауысуына байланысты

  3. Кәсіпорынның жойылуына байланысты

  4. Келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты

  5. Өз өтініші бойынша

  6. Бала күтімі үшін демалыс алуына байланысты

  7. Еңбек тәртібін ұдайы бұза бергендігіне байланысты

  8. Ресми сапарға кетуіне байланысты

  9. Себепсіз жұмыстан қалуына байланысты

  10. Айрықша жұмыс жағдайлары үшін.

Барлық бұйрықтарда, ең алдымен, мекеменің атауы, күні, айы, жылы көрсетілуі тиіс. Содан кейін «№7 БҰЙРЫҚ» деген сөз және не туралы бұйрық екені жазылады.

Мекеменің негізгі жұмыстарына байланысты бұйрықтар жеке құрам бойынша бұйрықтардан бөлек нөмірленіп, жеке жүргізіледі.

Бұйрықтар мәтіні 2 бөліктен тұрады.

  1. «Айқындаушы бөлік» (констатациялық).

  2. «Өкімдік бөлік».

Айқындаушы бөлікте бұйрық беруге негіз болған дерек көрсетіледі. Егер бұйрықтың берілуіне жоғары тұрған ұйымнан келіп түскен құжат негіз болса, онда ол құжаттың атауы, нөмірі, күні осы бөлікте жазылады.

Өкімдік бөлік «БҰЙЫРАМЫН» деген сөзден басталады да, бұйрық мазмұны жаңа жолдан басталып, әр пункті араб цифрларымен белгіленеді.

Бұйрықтың өкімдік бөлігі нақты, қысқа, анық, басы артық түсіндірмелерсіз жазылады. Онда тек не істеу керек, кім істеу керек және қашан істеу керек деген мәселе ғана сөз болады.

Егер бұйрық орындаушының үнемі атқаруға тиіс мәселесіне бай- ланысты болса, онда атқару мерзімі көрсетілмейді.

Егер бұйрық бірнеше пункттен тұрса, оның барлығының орындалуы­на бір ғана адам жауапты болса, онда ол соңғы пунктте ғана көрсетіледі.

Бұйрық мәтініндегі етістіктер бұйрық райдың ІІІ жағы арқылы жазы­лады.

Сондай-ақ мекеме ішіндегі жұмысты жүргізу ыңғайына қарай бұйрықтарды мынадай түрлерге бөлеміз:

  1. Жыл бойы үздіксіз атқарылатын жұмыстарға байланысты бұйрықтар.

  2. Күнделікті мәселелерге байланысты бұйрықтар.

  3. Арнайы бұйрықтар.

  4. Төтенше жағдайға байланысты бұйрықтар.


Жыл бойы үздіксіз атқарылатын жұмыстарға байланысты бұйрықтар ұйым жұмысының жалпы тәртібін реттеу мақсатында шығарылады. Онда ұйымның күн тәртібі, жұмыс уақытының ұзақтығы, үнемі жұмыс істейтін комиссия құрамы, күзетті ұйымдастыру тәртібі, тексеру, бақылау тәртібі т.б. белгіленеді. Мұндай бұйрықтарға мекемедегі жұмыс ағымына қарай жыл бойы толықтырулар мен қосымшалар енгізілуі мүмкін.

Күнделікті мәселелерге байланысты бұйрықтар мекеме жұмысының күнделікті болып жатқан түрлі мәселелеріне байланысты беріледі. Оған жұмысқа қабылдау, жұмыстан босату, мекеме ішіндегі басқа жұмысқа ауыстыру, демалыс беру, іссапарға жіберу т.б. жөніндегі бұйрықтар жатады.

Төтенше жағдайға байланысты бұйрықтар мекемеде күтпеген оқиға болған кездегі іс-әрекет, жұмыс тәртібін реттеу, оқиғаға байла­нысты түрлі шаралар белгілеу мақсатында беріледі. Мұндай бұйрықтар мазмұнында лауазымды адамдарға жүктелетін міндет анық көрсетіліп, кей жағдайда оларға қосымша өкілеттік те беріледі.

Арнайы бұйрықтар, көбіне, қаржы-экономикалық мәселелерге бай­ланысты беріледі. Мысалы, жыл немесе тоқсан қорытындысы бойынша ақшалай сыйлық тағайындау, еңбегі сіңген қызметкерлерді құттықтау, мадақтау, көтермелеу т.б. Мұндай бұйрықтар 2 дана етіп басылып, 1 да­насы марапатталған адамға тапсырылады.

Бұйрықты дайындау барысында, оның орындалуына мүдделі меке­мелермен және құрылымдармен келісіледі. Келіскені туралы бұйрық жобасының бір данасына белгі (бұрыштама) қойылады. Бланкке басылған бұйрыққа мекеме басшысы қол қояды. Бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Құрылымы:

1. Мекеме атауы.

2. Жазылған күні, айы, жылы, орны.

3. Бұйрықтың тақырыбы.

4. Құжат нөмірі, атауы.

5. Айқындаушы бөлік (Бұйрықты беруге негіз болған дерек, бұйрықтың мақсаты).

6. Өкімдік бөлік (Негізгі мәтіні).

7. Бұйрықтың орындалуын қадағалаушы тұлға жайлы мәлімет (міндеті, аты-жөні, лауазымы).

8. Бұйрық беруші адамның лауазымы, аты-жөні, қолы.

12 Дәріс. Қызметтік хаттар

Жоспар

  1. Қызметтік хаттар туралы түсінік

  2. Қызметтік хаттың түрлері