Файл: Биохимия оди 100 балл Ауызды толы емес млшерін андай тсті реакциялар кмегімен растауа болады.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.04.2024

Просмотров: 35

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Жауабы: химиялық аты-нафтохинон, физиологиялық аты- антигеморрагиялық

Тамақ көздері-бауыр, қырыққабат, арахис майы, асқабақ, шпинат

Синтетикалық туындысы:викасол (суда еритін)

К витамині витамерлеріне К1 витамині филлахинон және К2 витамині менахинон жатады.Филлахинон ол өсімдіктерде синтезделеді,құрамында изопреннің 4 қалдығы бар 1,4-нафтахинон.Ал менахинон ішек микрофлорасында синтезделеді,оның 5 изопреноид тізбегі болады.К витаминінің синтетикалық туындысы викасол деп аталады.

Биологиялық рөлі:

1.Қан ұю үрдісіне қатысады:

2.Қан ұю факторларының: протромбин , проконвертин, Кристмас факторы және Стюарт факторының активтенуіне қатысады.

3.К витамині гамма-глутамилкарбоксилазаның коферменті ретінде глутамин қышқылын карбоксилдеп, гамма-карбоксиглутамин қышқылын түзеді.

4.Ол кальций иондарын байланыстырады.

5.Остеогенезге : сүйектің остеокальцин нәруызының синтезіне қатысады.

6.К витамині остеокласттарды тежейді, остеобласттарды стимулдейді.

К витамин ішек микрофлорасында синтезделеді. Өсімдіктерде: орамжапырақ, шпинат,көк томаттарда кездеседі.Тәуліктік дозасы 1,0-2,0 мг.

3) Белгіленген белгілерге биохимиялық түсініктеме беріңіз.

Жауабы: К витамині ішек микрофлорасымен синтезделеді және өт арқылы бірге сорылады. Өт жолдарының өтпеуі витаминнің сорылуын бұзады және қанның ұюының нашарлауына және қан кетуіне әкеледі
31-сұрақ

Әр түрлі ауруларда оттегінің белсенді формаларының деңгейі күрт артады, бұл жасуша мембраналарының бұзылуына әкеледі. Бұған жол бермеу үшін антиоксиданттар қолданылады.

1)Қандай витамин (сөзбе-сөз, химиялық және биологиялық атау) күшті табиғи антиоксидант болып табылады?

Е витамині –химиялы атауы токоферол,ал биологиялық атауыбедеулікке қарсы витамин немесе антистерильдік деп аталады.Классификациясы бойынша майда еритін витаминдердің қатарына жатады,олар тек майлы орталарда,май қышқылдарынд ериді және өт қышқылының әсерінен жылдам ыдырайды.Бұл витаминнің химиялық құрылым негізіне токол спиртіне жалғасқан көміртегі атомының ұзын тізбегі жатады,ол тізбек қаныққан изопрен қалдықтарына тұрады.Сондықтан о токол спиртінің метилденген туындысы болып саналады.Е витаминінің құрылымына жақын және оның активтілігіндей әсер етуші 4 түрлі зат алынады:альфа,бетта,гамма және дельта.Осылардың ішіндегі табиғи күшті антиоксидант – альфа токоферол болып табылады.Оттегінің белсенді формалары әдетте бос радикалдар түрінде кездеседі.Табиғи күшті антиоксидант альфа токоферолдың өзі химиялық тұрғыдан бос радикал болып табылады,құрылысында үш СН3 радикалы бар.Демек ол оттегінің активті формаларымен өзараәрекеттесе алады және олардың токсиндік әсерін нейтральдап отырады.Сонымен қатар бұл жерге С витаминінің де қатысы бар,себебі ол Е витамині токоферолдың бос радикалдарын тотықсыздандырып отырады және антиоксиданттық қызметін де атқарады.
Биологиялық рөлі:

1.Антиоксидант, мембрана құрамына кіріп, фосфолипидтер құрамындағы көп қанықпаған май қышқылдарын пероксидтік тотығудан қорғайды

2.Каротин мен А витаминінің қос байланысын тотығудан қорғайды

3.Убихинонның синтезін бақылайды,себебі ол митохондрияның негізгі антиоксиданты болып табылады.

4.Тікелей және тікелей емес гипоталамус, гипофиз арқылы жыныс бездеріне әсер етеді.

Авитаминозы:

  • Эритроциттердің гемолизінің жоғарылауы

  • Бұлшық ет дистрофиясы, бедеулік, бауыр некрозы, мишықтың жұмсаруы. Себебі, мембраналар бұзылады, липидтердің пероксидтік тотығуының өнімдері жиналады.

  • Сперманың қозғалуының нашарлауы

  • Әйелдерде түсік болуы.ОЖЖ зақымданады

  • Азооспермияға әкелуі мүмкін

Е витамині мен провитамині табиғатта өте кең таралған.Жүгері майы,бидай майы,зығыр және күріш майы,мақта токоферолдың бай көзі.Жануар текті өнімдерде ол аздау кездеседі.Тәуліктік дозасы 20-40 мг.

2)Осы витаминнің антиоксиданттық әсерін сипаттаңыз. Схемалық реакцияны жазыңыз.
Е витамині өте жоғары антиоксиданттық әсер көрсетеді. Антиоксидант, мембрана құрамына кіріп, фосфолипидтер құрамындағы көп қанықпаған май қышқылдарын пероксидтік тотығудан қорғайды

Витамин липидтердің тотығуын баяулатып, жаусша клеткаларын бұзатын бос радикалдардың өсуіне кедергі келтіреді. Ол майлар тотығуының негізгі үзгіші, ол осы реакция барысында өзгеріп кетеді, сол кезде С витамині қоса қажет болады. Ол қалыпқа келтіріп, қайта іске қосып отыруға көмектеседі. Ол тоферилхинонға дейін тотыға лауына байланысты – қанықпаған май қышқылдарының пероксидті тотығуы қарсы ірекет жасайды.

3)Белгіленген белгілерге биохимиялық түсініктеме беріңіз.

Ол қанықпаған майлар деградациясына қарсы әрекет етеді. Биомембрана құрлымдық компонеттері - фосфолипидтер мен белоктардыңды қорғап жатады. Ол осы қасиеті арқылы клетка бүтіндігін бүзатын-бос радикалдарды жоюға қатысады. Ал біздегі жасуша мембранасының бұзылысы – осы Е витамин жетіспеуінен туындап отыр, яғни митохондриялық тотығу, фосфорлану нәтижесінде-цитохром катализі барысында тіндерде реактивті оттегілер пайда болады. Олардың саны жоғары болса – жасушалық деңгейдегі тотығудың зақымдануы болады. Осы кезде антиоксиданттық жүйе /каталаз, глутатион, витаминдер мен минералдардан тұрады/ іске қосылып, бос радикалдарды жоя бастайды. Бұл жүйенің қызметінің бұзылысы, біздің ситуацияда – бос радикалдардың жасуша мембранасының бұзылысынан байқауға болады.


32. Анамнезінде бірнеше рет түсік тастаған жүкті әйелге терапия тағайындалады, оның ішінде витаминдік препараттар бар.

1) Жүктіліктің пайда болуына ықпал ететін дәруменді көрсетіңіз (әріп, химиялық және биологиялық атауы).

2) Осы витаминнің биологиялық әсерінсипаттаңыз.

3) Белгіленгенбелгілергебиохимиялықтүсініктемеберіңіз.

1.Менің ойымша екі витамин сәйкес келіп тұр түскен адам қарашы мүмін В9 фолиевая кислота болуы мүмкін или Е витамині болуы мүмкін.

В9 витамині, Хим атауы: Фоль қышқылы, Био атауы: антианемиялық , өсіру витамині.

Е витамині, Хим атауы: Токоферол, Био атауы: антиоксидант немесе бедеулікке қарсы витамин.

2. В9 витаминінің биологиялық рөлі

- организмнің әртүрлі туа біткен ақаулардан қорғанысының маңызды элементтеріне жатады (дамудың физиологиялық нормасынан ауытқу және ұрықтың деформациясы пайда болуы);

- қан жасушаларының түзілуіне қатысады (лейкоциттер мен эритроциттер);

- ағзаның қалыпты дамуы мен өсуі үшін қажет;

- бауырдан жиналған (жинақталған) майды шығарады;

- жатырішілік даму кезінде жүйке жүйесінің жасушаларының түзілуі мен түзілуін реттейді, баланың жұлынында және миында түрлі ақаулардың дамуына жол бермейді;

- жыныс мүшелерінің, ішек жолдарының, жүйке, қанайналым және иммундық жүйелердің қалыпты жұмысын сақтау үшін қажет;

- анемияны емдеуге қатысады;

- нуклеин қышқылдарының, амин қышқылдарының, нейротрансмиттерлердің (норадреналин және серотонин), пиримидиндер мен пуриндердің синтезіне, холин алмасуына ықпал етеді;

Витаминді қабылдау әсіресе жүктілікті жоспарлау кезінде және бірінші триместрде (ұрықта нейрондық түтік ақауларының алдын-алу) өте маңызды. Витамин түсік тастау, босанғаннан кейінгі қан кету және шала туылған нәрестелердің туылу қаупін азайтады.


Е витаминінің ағзадағы функциялары өте маңызды. Токоферолдың биологиялық рөлі келесідей:

* Антиоксиданттық әрекеттің арқасында денсаулықтың жалпы деңгейін жоғарылатады, ауруларға қарсы тұрады

* Терінің күйін жақсартады, оның компоненттерін уақтылы жаңартады

* Жасартатын әсері бар

* Тамырларды атеросклероздан қорғайды, жүрек-тамыр ауруларының дамуын баяулатады

* Жыныстық гормондардың өндірісін жақсартады, жүктіліктің ықтималдығын арттырады, бедеулікпен күреседі. Осыған байланысты Е дәрумені ерлер мен әйелдерге баланы жоспарлау кезінде, сондай-ақ гонад аурулары кезінде қолдану ұсынылады.

* Қанның ұюын қалыпқа келтіреді

* Зақымдалған тіндердің сауығуын тездетеді

* А дәрумені мен селеннің әсерін күшейтеді.

3. Фолий қышқылы бірқатар ферменттердің коферменті бола отырып, көптеген қосылыстардың биосинтезінде бір көміртекті фрагменттерді тасымалдайды: метионин мен тимин биосинтезінде метил тобы, серин биосинтезінде оксиметилдік, пурин негіздерінің ісігінде формильдік және т.б. фолий қышқылының негізгі белсенді түрі - редуктаза дигидрофолаты ферментінің көмегімен түзілетін тетрагидрофол қышқылы.

Фоль қышқылы плацента тінінің және жатырдағы жаңа қан тамырларының қалыптасуында маңызды рөл атқарады, сондықтан жүктілік кезінде фолий қышқылының жетіспеушілігі оның мерзімінен бұрын үзілуіне әкелуі мүмкін.

33. 10 жасар қыз бала жиі өткір респираторлық инфекциялармен ауырады, содан кейін киімдерді ысқылаған жерлерде бірнеше нүктелік қан кетулер байқалады.

1) қандай дәрумен жетіспеушілігі (сөзбе-сөз, химиялық және биологиялық атауы) орын алады?

P витаминінің жетіспеушілігінен орын алған. Биол аты- Капилляр беріктігін нығайтатын витамин.

Химиялық атауы рутин, биофлавоноид.

Р витамині,капилляр беріктігін нығайтатын витамин • С витаминді тотықсызданған күйінде ұстап тұрады • Пролингидроксилазаны активтілігін жоғарлатады, коллаген синтезіне қатысады • Гиалуронидазаны тежейді (бұл фермент қан тамырларының өткізгіштігін жоғарлатады) • Лизосомалардың мембранасының беріктігін жоғарлатады Р витамині • Антиоксидант • ТӨТЛП тотығуын төмендетіп антиатерогенді әсер көрсетеді. Гиповитаминозы • Қызыл иектің қанауы • Ұсақ нүктелі қан құйылулар (петехиялар), жалпы әлсіздік,тез шаршау, аяқ— қолдарының қақсауы. Петехиялар


2) Осы витаминнің биологиялық әсерін сипаттаңыз. Схемалық реакцияны жазыңыз.

Р вмтамині дәнекер тінінің жасушааралық матриксін тұрақтандырып, капиллиялар өткізгіштігін төмендететді. Аскорбин қышқылының әсерін күшейтеді және оның организімде жиналуын қамтамасыз етеді. Биофлавоноидтар аскорбин қышқылн тотығудан қорғайды және дигидроаскорбин қышықлын аскорбин қышқылына айналдырады.

3) Белгіленген белгілерге биохимиялық түсініктеме беріңіз.

Тамақ өнімдерінде Р дәруменінің жетіспеушілігімен капиллярлардың өткізгіштігі жоғарылайды, нәтижесінде теріде, шырышты қабаттарда және тері асты тіндерінде, әсіресе физикалық әсерге, қысымға ұшыраған жерлерде қан кетулер пайда болады. Мұндай қан кетулер әдетте ұсақ, пунктуалды сипатта болады және петехиялар деп аталады. Бұл Р дәрумені гиалурон қышқылын бұзатын, бір-бірімен тамыр жасушаларын нығайтатын және цементтейтін ферменттің белсенділігін тежейтіндігімен байланысты. Р дәрумені өзінің биологиялық қасиеттерін С дәрумені болған кезде жақсы көрсетеді.Гиалуронидазаны тежейді (бұл фермент қан тамырларының өткізгіштігін жоғарлатады)

34. Алкоголизммен ауыратын науқастар калориясының негізгі бөлігін алкогольден алады. Оларда жүйке жүйесінің дисфункциясы, психоз және есте сақтау қабілетінің төмендеуі байқалатын тән витаминдік жетіспеушілік болуы мүмкін (Вернике-Корсакофф синдромы).

1) Бұл процесте қандай витамин жетіспейді (сөзбе-сөз, химиялық және биологиялық атауы)?

В1 витаминінің жетіспеуінен пайда болады.

Биологиялық аты-антиневриттік

Химиялық аты- тиамин

Кофермент – Тиаминдифосфат

Ферменттер: кетоқышқылдарының декарбоксилазасы, транскетолаза.

2) Осы витаминнің биологиялық әсерін сипаттаңыз. Схемалық реакцияны жазыңыз.

Тиамин кофермент тиаминпирофосфаттың құрамына кіреді, тиаминпирофосфат үш ферменттің –пируват-дегидрогеназаның, альфа-кетоглутаратдегидрогеназаның және транскетолазаның простетикалық тобы.Бұл ферменттер кетоқышқылдардың декорбаксильденуіне қатысады.

Реакциялар:пируват пен α-кетоглутараттың тотығудан декарбоксилдену реакциясы;

глюкозаның пентозофосфатты жолмен тотығуы.

3) Белгіленген белгілерге биохимиялық түсініктеме беріңіз.

B1 витамині қозуды жүйкемен орындаушы ағзаға өткізуге қатысып, холинэстеразаны бәсендетіп солайша ацетилхолиннің әсерін күшейтіп,ОЖЖ симпатикалық бөлігінде қозуды өткізетін симпатиндерді ынталандырады.