Файл: Биохимия оди 100 балл Ауызды толы емес млшерін андай тсті реакциялар кмегімен растауа болады.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.04.2024

Просмотров: 38

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


2H2O2-------------------------------2Н2О+О2

каталаза


2) H2O2 бейтараптандыруға қандай кофакторлар (микроэлементтер) қатысады?

-Темір қатысады,себебі,ол каталаза мен пероксидаза кофакторы болып табылады.Каталаза құрамында 4 гем болады және темір 3 атомды болып келеді,ал пероксидазада 1гем болады.

Н2О2 сутек асқын тотығын бейтараптандыруға мыс,үш валентті темір ионы және фосфор иондары қатысады.Үш валентті темір ионы каталаза ферментінің коферментіндегі гем құрамына кіреді және оның құрам бөлігі бола отырып,каталазаның активтендіруге қатысады.Мыс тотықтырушы ферменттердің құрамына,оксиредуктазалардың құрамына кіре отырып сутек асқын тотығын ыдыратуға қатысады.Мыстың негізгі жиналатын орны – бауыр болып саналады. Сонымен қатар фосфор мен қара көмірдің біріккен комплексі каталазаны активтендіреді,каталаза арқылы сутек асқын тотығын ыдыратады.

3) H2O2 түзілуіне қандай фермент қатысады? Схемалық реакцияны жазыңыз.

-Флавиндік дегидрогеназа сутек асқын тотығын түзеді.Сутек атомдарын оттегіне беру арқылы:

Белок-ФАДН+О2------------------Н2О2+белок-ФАД

26-сұрақ
Сынап, мышьяк, висмут препараттары белсенді орталықтарда тиол топтары (SH топтары) бар фермент ингибиторлары болып табылады.

1)Бұл ферменттердің тежелу механизмі қандай?

Бұл ферменттер бәсекелес ингибирлену механизмі бойынша тежеледі.Бәсекелес ингибирлену жүру үшін ингибитор 2 үлкен қасиетке ие болу керек:ингибитор химиялық құрылысы жағынан субстратқа өте жақын болуы керек және ингибитор ферменттің активті орталығымен қайтымды түрде байланысуы керек.Сәйкесінше сынап,мышьяк,висмут химиялық табиғаты жағынан тиолдарға өте ұқсас болып келеді,сонымен қатар бұл химиялық элементтердің өзі де жалпы тиол улары деп аталып,тиол тобының өкілі болып саналады,бұлармен қоса тағы монойодацетат та бар. Сынап,висмут және мышьяк блокаторлар болып саналады,олар ингибитор ретінде ферменттердің активтілігін тежеп отырады.Бәсекелес ингибирлену механизмінде активті орталықтар мен ингибиторлардың химиялық табиғаты ұқсас болып келеді. Сонда ингибитор активті орталықты алдауы оңай болады да,активті орталықтың субстраттық аймағымен байланысқа түседі.Сосын фермент-ингибитор коплексі түзіледі.Бірақ субстраттың концентрациясын жоғарылатғанда, ол ингибиторды ығыстырып шығарып, реакция жылдамдығы артады.Мысалы, сукцинатдегидрогеназаның субстраты – янтар қышқылы, оған малон қышқылы немесе қымыздық сірке қышқылы бәсекелес ингибитор бола алады.Сол секілді осы металдар да протеиназа секілді ферменттердің активті орталықтарына бәсекелес ингибитор болады.


2)Осы ферменттерді қайта белсендіру үшін қандай амин қышқылы қолданылады?

Глутатион, цистеин, меркаптоэтанол аминқышқылдары тиол топтары бар активті орталықтарды қалпына келтіруші болып табылады.Олар ферменттердің құрылымдарын қайта реттеп,тежелген активті орталықтарды белсендіреді.
3)Ферменттерді ингибирлеудің қандай түрлерін білесіз? Реакциялардың мысалдарын жазыңыз.

Фермент активтілігінің тежелуі 2 классификацияға жіктеледі:бәсекелес және бәсекелес емес.

1.Бәсекелес ингибирлену жүру үшін ингибитор 2 үлкен қасиетке ие болу керек:ингибитор химиялық құрылысы жағынан субстратқа өте жақын болуы керек және ингибитор ферменттің активті орталығымен қайтымды түрде байланысуы керек.Сонда ингибитор активті орталықты алдауы оңай болады да,активті орталықтың субстраттық аймағымен байланысқа түседі.Сосын фермент-ингибитор коплексі түзіледі.Бірақ субстраттың концентрациясын жоғарылатғанда, ол ингибиторды ығыстырып шығарып, реакция жылдамдығы артады.Мысалы, сукцинатдегидрогеназаның субстраты – янтар қышқылы, оған малон қышқылы немесе қымыздық сірке қышқылы бәсекелес ингибитор бола алады.

2.Бәсекелес емес ингибирлену кезінде ингибитордың химиялық құрамы мүлде субстратпен ұқсас болмайды,сол үшін ингибитор активті орталықты алдап,оның субстрасттық аймағымен байланыса алмайды. Бұл кезде ингибитор активті орталықтың катализдік аймағын жауып қалады, ферменти-нгибитор-субстрат комплексі түзіледі де, реакция жылдамдығы тежеледі. Мысалы, цианидтер цитохромдардағы темір ионымен байланысып, оларды ингибирлейді; ауыр металл тұздары активті орталықтың катализдік аймағын бұғаттайды


27. Науқаста шырышты қабаты құрғақ және ымырт көрінісі нашарлайды.

1) бұл жағдайда қажетті дәруменнің химиялық және биологиялық атауын және оның әріптік белгіленуін көрсетіңіз.

1.Химиялық атауы:ретинол

2.Биологиялық:ксерофтальмияға қарсы

3.Әріптік белгіленуі:А

2) осы витаминнің провитамині қалай аталады; дәрумен және оның провитамині қандай тағамдарда бар?

Витаминнің провитамині:каротиноидтар

Тағамдарда:жануар өнімдерінде ірі қара мал ж/е шошқа бауырында,жұмыртқа саруызында,сүт өнімдерінде,балық майында өте көп.Өсімдік тамақтарынан сәбіз,томат,бұрыш,салат т.б кездеседі.

3) Осы белгілерге биохимиялық түсініктеме беріңіз.

Шырышты қабаты құрғақ,яғни көздің мүйізді қабатының құрғауы ксерофтальмия болып саналады, нәтижесінде көз жасы каналдарының эпителиі мүйізденуіне сәйкес бітеліп қалуы .Жәнеде ымырт көрінісі нашарлайды.Қараңғыда - родопсин синтезі жүреді.Жарықта пайда болған транс-ретиналды цис түріне айналдыру қажет - мұны изомераза ферменті жүзеге асырады. Транс-торлы қабық та мүмкін транс ретинолға айналады. Альдегидтің тотықсыздану реакциясы А дәрумені алкогольдік түрге тәуелді NADH тәуелді қатысуымен дегидрогеназа. Транс-ретинол, қанға бауырға түсіп,цис-ретинолға изомерленген. Цис-ретинол NAD + қатысуымен тотығады-синтездеу үшін қолданылатын цис-ретинадағы тәуелді дегидрогеназа родопсиннің визуалды пурпурасы.


28. Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі бар науқаста остеопороз дамыды. Бүйректегі синтездің бұзылуы минералды алмасудың қандай реттеушісі остеопороздың негізгі себебі болып табылады?

1) Қандай витамин жетіспеушілігі осы белгілерді тудырады?

Д ВИТАМИНІНІҢ жеткіліксіздігі

Д витаминінің авитаминозы:

-Балаларда: рахит,мешел ауруы

-Аяқ-қол сүйектерінің жұмсаруы, қисаюы

-Баланың еңбегінің бітпеуі,кеуде сүйегінің деформациясы

-Тіс жарудың кешеуілдеуі байқалады.

-Бұлшық еттің гипотониясы,іш ұлғаюы

-Желке тұсындағы шашы түсіп қалады

-Ересектерде: кариес, остеомаляция, қарт кісілерде остеопороз ауруының дамуына себеп болады.

2) дәруменнің әріптік белгіленуін, оның химиялық және биологиялық атауы мен тамақ көздерін көрсетіңіз.

Д-витамин

Химиялық атауы- кальциферол

Биологиялық атауы- рахитке қарсы

Д витамині көп мөлшерде жануар тегті тағамдарда: сары майда, жумыртка сарысында, балык майында кездеседі

3) Осы белгілерге биохимиялық түсініктеме беріңіз.

Биологиялық әсері:

1.Кальцифиролдардың негізгі қызметі кальций алмасуын реттеу болып табылады.

2.Д витамині ең бірінші теріде холестериннен 7-дигидрохолестерин түзіледі.Сосын Д3 витамині бауырда гидроксильденеді,одан кейін бүйректе 1,25-дигидроксихолекальциферол және1,24,25-тригидрохолекальциферол түзіледі.Бұл заттар бүйректен ащы ішекке және сүйек ұлпаларына барады,сол арада кальций мен фосфор алмасуын реттейді.

4.Ішекте: Са сіңірілуі жоғарылайды

5.Сүйекте: Са-тасымалдаушы протеин,остеокальцин сілтілі фосфатаза синтезі жоғарылайды. Са сүйекте жиналады.

6.Бүйректе: Са-тасымалдаушы нәруыз, сілтілі фосфатаза синтезі жоғарылайды. Са, натрий, фосфаттар,АҚ-дар, цитрат реабсорбциясы күшейеді.

Гипервитаминозы:Д витаминін шамадан тыс қолдану сүйектің деминералдануына, олардың сынғыштығына әкеледі. Қандағы кальций мөлшері артады. Бұл жұмсақ тіндердің, әсіресе бүйректің кальцийленуіне ,бүйректе тастың пайда болуына, бүйрек қызметінің жеткіліксіздігіне әкеледі. Сонымен қатар өкпе, жүрек, қан тамырларының қабырғаларында артық мөлшерде жиналуы байқалады.

3)Белгіленген белгілерге биохимиялық түсініктеме беріңіз.

Д витамині сүйек тінінің минерализациясы мен резбциясына реттеуші фактор болып табылады.Ол әдетте парадгормонмен өзара байланыста әрекет етіп,сүйектің минералдануын активтендіреді. Сонымен қатар ол фосфаттар мен кальций ионын тасымалдаушы остеокальцин синтезін жоғарылатады.Егер Д авитаминозы орын алса сүйек минералдануы бұзылып,резорбциялық қуыстар көейе бастайды,сүйек беріктігінен айырылады.Балалардың төменгі аяқтары О тәрізді
болып деформацияланып,сүйектері қисаяды.
29. 11 айлық баланы тексеру кезінде педиатр дәрігер төменгі аяқ сүйектерінің қисаюын және бас сүйектерінің минералдануының кешігуін анықтады.

1) Қандай витаминнің жетіспеуі осы патологияға әкеледі?

Жауабы: Д витамин (нақтырақ-холекальциферол Д3)

Д витаминінің авитаминозы:

-Балаларда: рахит,мешел ауруы

-Аяқ-қол сүйектерінің жұмсаруы, қисаюы

-Баланың еңбегінің бітпеуі,кеуде сүйегінің деформациясы

-Тіс жарудың кешеуілдеуі байқалады.

-Бұлшық еттің гипотониясы,іш ұлғаюы

-Желке тұсындағы шашы түсіп қалады

-Ересектерде: кариес, остеомаляция, қарт кісілерде остеопороз ауруының дамуына себеп болады.

2) Дәруменнің, оның химиялық және биологиялық атауларының, тамақ көздерінің әріптік белгілерін беріңіз. Бұл витамин организмде қалай түзіледі?

Жауабы:Д витамин, химиялық атауы-кальциферол, физиологиялық аты- антирахиттік (мешелге қарсы).

Тамақ көздері-бауыр, ашытқы, сары май, қаймақ, жұмыртқа сарысы, сүт, балық.

Организмде түзілуі:Холестерин (теріде)--7-дегидрохолестерин-- Д3витамині—бауырда-25(ОН) Д3—бүйректе-1,25(ОН)2 Д3 –ішекте-Са-тасымалдаушы нәруыз (кальбиндин)--сілтілі фосфатаза синтезі жоғарылайды-- Ішекте: Са сіңірілуі жоғарылайды

Сүйекте: Са-тасымалдаушы протеин (остеокальцин) сілтілі фосфатаза синтезі жоғарылайды. Са сүйекте жиналады.

Бүйректе: Са-тасымалдаушы нәруыз, сілтілі фосфатаза синтезі жоғарылайды. Са, натрий, фосфаттар,АҚ-дар, цитрат реабсорбциясы күшейеді.

3) Белгіленген белгілерге биохимиялық түсініктеме беріңіз.

Жауабы:Холекальциферол (D витамині) тапшылығының басты белгісі онда кальций мен фосфор құрамының төмендеуі нәтижесінде сүйек тінінің түзілуінің бұзылуы болып табылады. Сүйек матриксы өседі, ал кальцификациясы кешігеді, остеопороз дамиды, сүйектер жұмсарады (остеомаляция), қаңқасы өзгереді.

30. Өт жолдарының бітелуі бар науқастарда қанның нашар ұюы, қан кету пайда болады, бұл белгілі бір витаминнің жеткіліксіз сіңуінің салдары болып табылады.

1) Қандай витаминнің жетіспеуі осы патологияға әкеледі?

Жауабы:К витамині

К витаминінің авитаминозы:

  • Қан кету,қан ұйымау

  • Гемофилия

  • Гемморагия

  • Остеопороз

  • Өттің ішекке құйылуы бұзылады

  • Шаршағыштық,әлсіреу байқалады

2) дәруменнің, оның химиялық және биологиялық атауларының, тамақ көздерінің әріптік белгілерін беріңіз. Бұл витаминнің синтетикалық аналогы.