ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.04.2024
Просмотров: 89
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Басқа қызметке ауысу туралы өтініш.
Өтініштің бұл түрінің ерекшеліктері: қызметкер осы уақытта атқарып жүрген қызметін жазады да, мәтінде ауысу себебін жазады.
Оқу демалысына, аяғы ауырлығына және отбасы жағдайына байланысты кету (демалысқа шығу) туралы өтініш.
Өтініш мәтініне сәйкес құжаттың – оқитын жерінен анықтама, ауруды куәландыру парағы болуы тиіс. Бұл анықтамаларсыз сұрақтың шешілуі мүмкін емес. Құжаттар өтінішпен бірге көрсетіледі.
Өтінішті құру үшін мыналар қажет:
Грамматикалық минимум
Барыс септігі – ға/-ге -қа/ -ке
Шығыс септігі – дан/ - ден - тан/ - тен
Есептік сан есім
Жіктеу есімдігі
Қысқарған сөздер
Лексикалық минимум
Терминдер және терминдік сөз тіркестері
Номенклатуралық атаулар
Жалқы есімдер
Ай аттары
Коммуникативтік минимумдар
Қарату формалары мырза/ ханым
Етістік - өтінемін, сұраймын; жіберу, қабылдау, рұқсат ету, бөлу, босату, ауысу
Тұрақты клише үлгілер: басқа жұмысқа ауысуыма байланысты, денсаулығыма байланысты, отбасы жағдайыма байланысты
Негізгі сөздік
Заявление - өтініш
Прошу - сұраймын, өтінемін
Проживающий – тұратын
Прилагается – тіркелген
Өтініш жазылатын негізгі жағдайлар:
-
жұмысқа қабылдау -
жұмыстан босату -
басқа жұмысқа ауыстыру -
кезекті демалыс сұрау -
материалдық көмек
Тәжірибелік жұмыс:
А.Өтініш түрлерімен танысу ,оқушылардың алдарындағы өтінішпен жұмыс істеу барысында 8 тұрақты жағдаймен, интервалдармен, реквизиттердің орналасу тәртіптерін анықтау
Б. Өтінішті құру жоспары:
_______5______
_____________
_____3________
_1___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
___0_____ / _________6_____/
-
Өтініш адресаттан тұрады, ол 5 – жі жағдайда орналасады
Мыс: «Арай » ЖШС
Қазақ тілінде кәсіпорынның атауы бірінші болып тырнақшаға алынып, басылады
-
лауазымы мен жолдап отырған адамның аты – жөні, тегі жаңа жолдан басталынып басылады
Ескерту: Қазақстанда адамның есімі бірінші болып жазылады, әкесінің аты, тегіне жалғаулар қосылады
Мыс: директоры
А. Ж. Асқаров м – ға
-
Адресантты басу үшін егер жұмысқа қабылдау туралы өтінішті басатын болса, онда мекен – жайы жазылып, тұратын
Жанар Серікқызы
Сыздықовадан
Егер жұмыстан шығарылса, онда лауазымы жазылады да адамның тегіне – дан/ ден, - тан/ - тен деген жалғаулар қосылады
Ескерту: адресат пен адресанттың арасын 2 интервал арқылы бөліп жазуға болады, жоларалық интервал 1,5 интервал
-
3 интервал қалдырғаннан соң өтініш сөзі бас әріптермен жазылады
Мыс: ӨТІНІШ
Ескерту: Егер өтьінішті еркін жазған болса, онда өтініш сөзі барлығы кіші әріптермен жазылады
-
Мәтін 1 жағдайдан басталып басылады
Жіктеу есідігі а) Мені -
б) 2007 жылғы 26 мамырынан бастап -
в) өз еркіммен -
жұмыстан шығаруыңызды өтінемін.
-
3 интервалдан кейін 0 – жағдайға датасы басылады:
Ескерту: датаны жазудың 3 тәсілі бар
-
26.05.07. -
26.05.2007 -
2007 жылғы 26 мамыр
-
6 – 7 жағдайларға қолы не болмаса анықталған қолы басылады
/ Сыздықова/
Жұмысты тексеру : Оқушылардың орындаған жұмыстарын тексеру
Түзету жұмыстары: Құжаттарға қойылатын талаптар бойынша тексеру
Үйге тапсырма беру: Орындаған жұмыстарын А4 қалыпты форматқа ресімдеу
№ 7 Тәжірибелік жұмыс
Тақырыбы: Бұйрық
Жұмыс мақсаты: Бұйрық және оның түрлеріне, реквизиттер құрамы туралы түсінік беру, А4 қалыпты форматтарында жұмысқа қабылдау, жұмыстан шығару, басқа жұмысқа ауысу, демалыс сұрау туралы бұйрық түрлерін құрастыру біліктерін қалыптастыру, негізгі қызмет бойынша бұйрықты ресімдеуге үйрету
Материалдық қамтамасыздандыру: дайын үлгілері, оқушылардың папкалары, әдебиеттер: А . А Адельгужинов, К. Е. Ермекбаев, Тұрпатты ережелер, Астана – 2003,Скала В. И., Скала Б В., Скала Н.В, Қазақстан Республикасында іс қағаздарын жүргізу, Алматы – 2007, М. Қасымбеков., Қ.Әлімқұлов., Екі тілде іс жүргізу , Алматы - 2004, Делопроизводство Адильбек Жақып, Астана – 2000, А. Алдашева, Ресми іс қағаздары, Алматы -2001
Әдістемелік нұсқаулар:
БҰЙРЫҚ
Бұйрық – (негізгі қызмет бойынша) мекеме басшысының жеке басшылықты негізге ала отырып мекеменің негізгі және қауырт жұмыстарын (тапсырмаларын) шешуге бағытталған құқықтық акті.
Бұйрық – бұл, негізгі тұлға (тәртіп орнатушы) басқаратын құжат.
Бұйрықпен: мекеменің қызмет тәртібі (реті); жұмысты ұйымдастыруда шешім мен жүктеме; ұйымдық мекемелер; жұмыстар саны, есебі; тексерудің қорытындылары және т.б. беріледі.
Бұйрықты тек керекті жағдайда ғана шығарады. Бұйрыққа өзгертуді, қосымша сөз қосуды, жоюды тек жаңа бұйрық беру негізінде іске асырады.
Бұйрық жобасының дайындығына келесі сатылар жатады:
-
сұрақтың мәніне қарау; осы сұрақ бойынша басылған заң шығарушы актілермен және басқа құжаттармен танысу, мекеменің ақпаратты-анықтамалық құжаттарын қайта қарау (анықтамалар, есептер, хаттар); -
құжаттың мәтінін дайындау; -
мәтіннің келісімдігі; -
бұйрыққа қол қою; -
орындаушылардың есіне.
Бұйрықтың мәтіні екі бұйрық беруші және анықтаушы бөліктен тұрады.
-
Анықтаушы бөлігінде деректер баяндалады, бұйрық шығару үшін қандай себебі мен мақсаты бар екендігі айқындалады. Егер, бұйрықтың негізіне мемлекеттік ұйымдар құжаты тиісті болса, онда құжаттың аты, авторы, уақыты, күні, нөмірі, бас әрпі, сөзі көрсетілуі тиіс. Анықтаушы бөлімнің жоқ болуы да мүмкін. -
Бұйрық беруші бөлігі БҰЙЫРАМЫН сөзімен басталады, табулятордың нольдік жағдайында (сол жақтан) бас әріптермен жазылады.
Бұйырушы пунктер мынадай жүйеде (нобайда) жасалынады:
-
орындаушы, атқарушы (қызметкердің аты, фамилиясы, аты-жөні немесе құрылымдық бөлім, мекеме); -
іс-әрекет; -
уақыт, берілетін мерзім.
Бұйрық соңғы пункті келесі түрде беріледі: бұйрықтың орындалуын жүктеу (қызметкердің аты-жөні, фамилиясы). Егер басшы бұйрықтың орындалуын өзі қадағаласа онда жүктеу пунктін жазу керек емес. Бұйрықтың уақыты – оған қол қойылған уақыт, оның жарамды уақыты. Бұйрыққа мекеме басшысы қол қояды, ол болмаған жағдайда – орынбасары. Бұйрықта басшылықта жазылған басшы болмаса онда бұйрық қайта жазылады.
Бұйрықты дайындау құрылымдық ұйымға, арнайы қызметкерге беріледі.
Бұйрыққа өзгертулер мен толықтырулар қол қоюшының рұқсатынсыз енгізілмейді.Бұйрықтың жобасына бұйрық тиісті ұйымдар, қызметкерлер, бөлімдер тізімі жіберіледі. Бұйрықтың қосымша көшірмелері басшының рүқсатымен жасалады.
Бұйрықтың көшірмесі мен үзінділерін, олардан таратылатын тізімді ғана жасауға болады.
Тәжірибелік жұмыс:
А.бұйрықтың түрлері: негізгі қызмет бойынша және жеке құрам бойынша бұйрық түрлерімен танысу, айырмашылықтарын білу, оқушылардың алдарындағы бұйрықтармен жұмыс істеу барысында 8 тұрақты жағдаймен, интервалдармен, реквизиттердің орналасу тәртіптерін анықтау
Б. ( мәтін нобайымен жұмыс істеңіз)
-Т. Елшібековті жұмысқа қабылдау керек.
-
қандай лауазымға қабылдайсыз? -
Жалақы көлемі қандай? -
Басқа реквизиттерді өзіңіз толықтырыңыз. -
Сол сияқты жұмыстан шығару туралы жеке құрам бойынша бұйрық құрастырыңыз.
В. Динамо фабрикасы. БҰЙРЫҚ 00.00.00. № 25
Қарағанды қаласы.
Цехтардың жұмыстарындағы көрсеткіштерді жетілдіру туралы. Фабриканың негізгі цехтарының жұмыстарындағы жоспар әжне есеп беру көрсеткіштерін одан әрі жетілдіре түсу мақсатымен бұйырамын. Фабрика директоры О. Т. Темірланов.
Негізгі қызмет бойынша бұйрық құрастырыңыз
Жұмысты тексеру : Оқушылардың орындаған жұмыстарын тексеру
Түзету жұмыстары: Құжаттарға қойылатын талаптар бойынша тексеру
Үйге тапсырма беру: Жеке құрам бойынша өтініштеріне қарап, басқа жұмысқа ауыстыру және демалыс беру туралы бұйрық құрастырыңыз және орындаған жұмыстарын компьютерде теру
№ 8Тәжірибелік жұмыс
Тақырыбы: Анықтама
Жұмыс мақсаты: Анықтамаға және оның түрлеріне, реквизиттер құрамы туралы түсінік беру, анықтаманың түрлеріне байланысты бланк түрлерін айыру, қызметтік және жеке адамға қатысты анықтама түрлерін құрғызып үйрету
Материалдық қамтамасыздандыру: дайын хат үлгілері, оқушылардың папкалары, әдебиеттер: Скала В. И., Скала Б В., Скала Н.В Қазақстан Республикасында іс жүргізу – 2001,Екі тілде іс жүргізу М. Қасымбеков., Қ.Әлімқұлов., - Алматы, 2004,Л. Дүйсембекова, Іс қағаздарын қазақша жүргізу, Делопроизводство Адильбек Жақып, Астана – 2000,
А. Алдашева, З . Ахметжанова, Ресми іс қағаздары,
Әдістемелік нұсқаулар:
АНЫҚТАМА
Анықтама – 1) белгілі бір деректер мен оқиғаларды сипаттайтын, растайтын құжат; 2) қызметтік сипаттағы деректерді растайтын құжат. Бір сөзбен айтқанда Анықтама – қандай да бір нақты жағдайды, істі растайтын құжат.
Анықтамалар екі түрде болады:
1. Өндірістік ұйым қызметінде нақты жағдайлар мен атқарылған істерді растайтын және көрсететін анықтамалар.
Анықтамаларды жоғарғы ұйымның немесе мекеме басшысының бұйрығымен жоспардың орындалуы, тапсырмалардың іске асырылуы туралы ақпарат алу үшін жазылады (беріледі). Оларды белгілі бір мерзімге (уақытқа) береді. Мұндай анықтаманың мәтіні екі бөліктен тұрады:
Бірінші бөлігінде анықтаманы жазуға себеп болған жағдайлар мен іс-әрекеттер жазылады;
Екінші бөлігінде нақты мәліметтер беріледі.
Анықтамаға тұжырымдар мен пікірлер жазылмайды. Бұл анықтаманың баяндау хаттан өзгешелігі. Анықтамаға анықталған уақыт аралығындағы мәлімет тіркеледі. Анықтаманың бұрыштамасында құжатта көрсетілген мәліметтердің уақыты немесе күні көрсетілуі мүмкін.
Мысалы: «2001 жылдың 1 кварталы бойынша...»
Анықтама жазылған істің жағдайын анық бейнелеуі тиіс, сондықтан жазылған мәліметтің тыңғылықты түрде берілуі және тексерілуі талап етіледі.
Анықтамада кестелер (таблица) берілуі мүмкін.
Мекеменің жетекшісіне жазылған анықтамаға жоғарғы ұйымның бұйрығы бойынша жазған адам және мекеме басшысы қол қояды.
Қаржы жөніндегі анықтамаларға бас есепшіде қол қояды.
Мекеме үшін шығарылған анықтама А4 формат парағында жазылады, ал ішкі анықтамалар таза параққа сол реквизиттермен жазылады.
Анықтаманың уақыты (мерзімі) қол қойылған күннен есептеледі.
2. Тұрғылықты жерін, оқуын, атқаратын қызметін растайтын анықтамалар: заңды дәлелденген анықтамалар болып саналады.
Оларды мекемелердің сұрап, талап етуіне қарай береді. Бұлар күнделікті және көп жазылатын анықтамалар түрі. Мұндай анықтамаларды жазуға А5 форматты трафератты бланкісі қолданылады. Трафераттық анықтаманың айрықша белгісі, ол мекен-жай иесінің мәтіннің екінші бөлігіне жазылуы.
Мәтін анықтама берілген адамның аты-жөні, әкесінің атынан басталып жазылады. Мәтіннің соңында анықтаманың қай мекемеге берілгендігі көрсетіледі. Мәтінде ескірген және керек емес сөздер қолданылмауы тиіс: «Осы анықтама», «шын мәнінде оқиды».
Мәтінге қол қойылып және мөр басылып куәландырылады.
АНЫҚТАМАНЫҢ үлгі-формуляры мына деректемелерден тұрады:
-
мекеменің аты (ішкі анықтама үшін – министрліктің, басқару мекемелерінің, құрылымдық ұйымдардың аты) – құжат авторы; -
құжат түрі – АНЫҚТАМА; -
уақыты, нөмірі; -
жазылған, берілген жері (қала); -
бұрыштамасы; -
мәтіні; -
мекен-жай иесі; -
қосымшаның бар болуы туралы мәлімет (егер қажет болса); -
қол қою; -
мөр (қажет болған жағдайда).
Тәжірибелік жұмыс:
АНЫҚТАМА
Осы анықтама _____________________________________________
(аты-жөні)
_______________________ болып жұмыс істейтіндігі туралы берілді.
(лауазымын көрсету)
Анықтама1_________________________________________________
(берілген органның атауы)
көрсету үшін берілді.
___________ қаласы
(______ ауданының) әкімі2_______________ ___________________
(қолы) (аты-жөні)