ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.04.2024
Просмотров: 52
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Білім беру ұйым атауы | №15 тірек мектебі | ||||||
Бөлімі: | Музыка және өнер түрлері | ||||||
Педагогтің аты жөні: | Акдаулетова С | ||||||
Күні: | 1.03.2022ж | ||||||
Сынып: | 6 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақтың тақырыбы: | Кино және музыка | ||||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары: | 6.1.1.1 – тыңдаған музыкалық шығарманы талдау және өнердің түрлері, стилі және жанрларын, сонымен қатар, өнердің өзге түрлерімен байланысын анықтау; 6.1.2.3 – көркем бейнені құруда музыка және өнердің басқа түрлерінін көркемдеуші құралдарын салыстыру; 6.1.3.1 – әуеннің көңіл-күйі мен көркем бейнесін жеткізе отырып, екі дауыспен,немесе канон элементтерін қолдана отырып, әртүрлі стильдегі және жанрдағы әндерді орындау; | ||||||
Сабақтың мақсаты: | Барлық оқушылар:Әуеннің көңіл-күйі мен көркем бейнесін жеткізе отырып, екі дауыспен,немесе канон элементтерін қолдана отырып, әртүрлі стильдегі және жанрдағы әндерді орындайды. Көпшілік оқушылар:тыңдаған музыкалық шығарманы талдау және өнердің түрлері, стилі және жанрларын ажыратады: Кейбір оқушылар:өнердің өзге түрлерімен байланысын анықтайды. | ||||||
Сабақтың барысы: | |||||||
Сабақтың кезеңі (уақыты) | Педагог әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | |||
Сабақтың басы Сабақтың ортасы Сабақтың соңы | Амандасу,түгендеу 1-тапсырма. Ән орындау. «Балапан қаз» Бұл өлке біздің ауыл жайлаған жер-ай, Желіге асау құлын байлаған жер-ай. Көзіме от жалындай көрінеді-ай, Тебісіп құлын-тайдай ойнаған жер-ай. Ей, ахау, сарбаз, Ұшырдым ұясынан балапан қаз-ай. Бұл өлке біздің ауыл күзеген жер-ай, Қаракөз бойын сылап түзеген жер-ай. Көзіме от жалындай көрінеді-ай Қолаң шаш уәдесін үзбеген жер-ай. Ей, ахау, сарбаз, Ұшырдым ұясынан балапан қаз-ай. - Әннің мазмұнын әңгімелеп беріңіз? - Сөз мәтінінде немесе негізгі әуенінде кездесетін қиын жерлерге мән беріңіз? 2-тапсырма. Ақпаратпен танысу Алғашқы кезеңі — тұңғыш киноның шыққан жылы (1895, ағайынды Луи және Огюст Люмьерлер ойлап тапқан). Ол “жанды фотография” түрінде пайда болып, көп кешікпей көркем фильм, деректі кино және ғылыми-көпшілік кино деп аталатын үш салаға бөлінді. Тұңғыш фильмдерде баяндалатын оқиға таспаға ірі бөлшектермен түсіріліп, бір-бірімен астына жазылған мәтіндер арқылы ғана жалғасты. Кинода дыбыс болмағандықтан, актерлер сөйлейтін сөздің орнын театрлық шебер ойынымен, бейнелі ыммен толықтырды. 3 –тапсырма. Анықтама. Мұхамеджанов Төлеген Мұхамеджанұлы – композитор, симфония, опера, камералық туындылардың авторы. Сан алуан киноларға, театр қойылымдарына шығармалар жазған. Көптеген әндері, романстары, танымал аспаптық музыкалыры бар. Қуат Абдоллаұлы Шілдебаев – 50-ге жуық ән, камералық симфония, оркестр мен фортепианоға арналған концерт, қылқобыз және үрмелі аспаптар оркестріне, орган мен оркестрге арналған шығармалардың авторы. Оның «Отан Ана», «Сағым дүние», «Жан Ана», «Осенний мотив» атты әндері халыққа кең танымал. Рефлексия -Мен не білдім? -Бүгін мен не үйрендім? -Мен үшін қандай тапсырма қиын болды? -Ал қай тапсырманы мен оңай орындадым? | Әнді үйрену кезінде мұғалім шығарманы таза интонациямен орындалуына, ырғағына, динамикалық белгілеріне назар аударады. Кино өнерінің шығу тарихымен танысады. | Ашық алақан «Бас бармақ» | Интер белсенді тақта http://youtube.com/watch?v=XfniaSW363o Оқулық Рефлексия тақтайшасы |
Білім беру ұйым атауы | №15 тірек мектебі | ||||||
Бөлімі: | Музыка және өнер түрлері | ||||||
Педагогтің аты жөні: | Акдаулетова С | ||||||
Күні: | | ||||||
Сынып: | 6 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақтың тақырыбы: | Кино және музыка /жалғасы/ | ||||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары: | 6.1.3.1 – әуеннің көңіл-күйі мен көркем бейнесін жеткізе отырып, екі дауыспен,немесе канон элементтерін қолдана отырып, әртүрлі стильдегі және жанрдағы әндерді орындау; 6.2.2.2 – компьютерлік бағдарламаларды (Audacity, Soundation, Windows Movie Maker, Киностудия) қолдана отырып, музыкалық композицияларды редакциялаужәне интерпретация жасау | ||||||
Сабақтың мақсаты: | Барлығы:Тыңдаған музыкалық шығарманы талдайды. Көпшілігі: Өнердің түрлері, стилі және жанрларын, сонымен қатар, өнердің өзге түрлерімен байланысын анықтайды. Кейбірі: Шығармашылықпен жұмыс жасайды. | ||||||
Сабақтың барысы: | |||||||
Сабақтың кезеңі (уақыты) | Педагог әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | |||
Сабақтың басы Сабақтың ортасы Сабақтың соңы | Амандасу,түгендеу «Сұрақтар ілмегі» Кино өнерін ең алғаш алып келген кімдер? Ең алғашқы фильдер айырмашылығы қандай? Қазақ жерінде шыққан ең алғашқы туынды? Қазіргі кино өнері мен кеңес үкіметі кезеңіндегі кино өнерінің айырмашылығы мен ұқсастығы қандай? Кино мен музыка өнерін не байланыстырады? 1-тапсырма .Ақпаратпен танысу Қазақ мултьфильмдерінің музыкасы. Мультфильмдерде орнатылатын музыканы анимациялық музыка деп атайды. Ол латынша anime ,яғни жан деген мағынаны білдіреді. Суретке жан бітіріп, әр түрлі кейіпкерлердің сөз көмегінсіз ақ мінездемесін музыкалық құралдармен жеткізу –анимациялық музыканың міндеті. 2-тапсырма. Анықтама. Нұрғиса Атабайұлы Тілендиев 1925 жылы 1 сәуірде Алматы облысы Іле ауданы Шилікемер ауылында дүниеге келген. Қазақтаң әйгілі күйші-композиторы, дирижер, домбырашы. КСРО халық артисі (1984), Халық қаһарманы (1998) 3-тапсырма. Ән орындау. «Дастарқан» Әнін жазған-К.Дүйсекеев Өлеңін жазған-А.Нысалин | Сұрақтарға нақты жауап береді Фильм құрастырады Нұрғиса Тілендиевтің өмірі мен шығармашылығымен танысады. Әнді хормен орындайды. | Ашық алақан «Бас бармақ» әдісі | Жеке тапсырма-лар Оқулық Сотка Музыка оқулығы Фонохрестоматия Интернет ресурсы |
Бөлімі: | Музыка және өнер түрлері | ||||||
Педагогтің аты жөні: | Акдаулетова С | ||||||
Күні: | | ||||||
Сынып: | 6 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақтың тақырыбы: | Жобаны құрастыру және дайындау | ||||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары: | 6.2.1.1 – музыкалық-шығармашылық жұмыс жасау үшін идеялар ұсыну, жоспарлау және музыкалық материалға интепретация жасау; 6.2.2.1 – музыкалық көркем құралдарын, музыкалық аспаптар мен дауысын қолдана отырып, музыкалық композицияларшығару және импровизация жасау | ||||||
Сабақтың мақсаты: | Барлық оқушылар:Музыкалық көркем құралдарын, музыкалық аспаптар мен дауысын қолдана отырып, музыкалық композицияларшығару және импровизация жасайды. Көпшілік оқушылар: музыкалық-шығармашылық жұмыс жасау үшін идеялар ұсынады, жоспарлау және музыкалық материалға интепретация жасайды. Кейбір оқушылар:Өз шығармашылығын көрсетеді. | ||||||
Сабақтың барысы: | |||||||
Сабақтың кезеңі (уақыты) | Педагог әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | |||
Сабақтың басы Сабақтың ортасы Сабақтың соңы | Сәлеметсіңдер ме балалар! Үшінші тоқсанда өтілген тақырыптар бойынша ұсынылатын жобаларды таңдауларың қажет.Олар «Музыка және өнер», «Музыка және театр», «Музыка және кино»тақырыптары бойынша ұсынылатын бірнеше жобаларды таңдап, бірнеше топқа бөлу. Жоспарлау. Бұл кезеңде тақырыпты топ болып талқылау кезеңі болады. Оның нәтижесінде 5-6 тақырыпта бөлініп шығады және оны орындаушылар анықталады. Жобаны жоспарлау дегеніміз орындалатын іс-әрекетті жоспарлау болып табылады. Жобаны дайындау. а)жобаның мақсатын анықтау қажет. ә)жоба тақырыбына сәйкес әр түрлі деректерден ақпарат іздеу керек б)Жобаның жұмыс жоспарын құру.Жоба үлгісі бойынша бүгін біз сендермен «Музыка және поэзия»тақырыбын алып отырмыз. Бейнежазбаны көріп, тамашалаңдар. 2-тапсырма. «Сұрақтар ілгегі» әдісі арқылы сұрақтарға жауап бер. - Музыка дегеніміз не? -Поэзия дегеніміз не? Екеуінің айырмашылығы қандай? 3-тапсырма. Шығармашылық жұмыс Рефлексия: -Мен не білдім? - Бүгін мен не үйрендім? -Мен үшін қандай тапсырма қиын болды? -Ал қай тапсырманы мен оңай орындадым? | Оқушылар алдымен тақырып таңдайды. Шағын деректі фильм жасайды | | Оқулық |
Бөлімі: | Музыка және өнер түрлері | |||||||
Педагогтің аты жөні: | | |||||||
Күні: | | |||||||
Сынып: | 6 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақтың тақырыбы: | Жобаны таныстыру | |||||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары: | 6.3.1.1 – шығармашылық көрсетілімнің бағдарламасын таныстыру, оларды критерияларға сәйкес бағалау, өзінің және өзгелердің жұмысын жақсарту үшін түрлі ұсыныстар енгізу; | |||||||
Сабақтың мақсаты: | Барлық оқушылар:Шығармашылық көрсетілімнің бағдарламасын таныстырады, оларды критерияларға сәйкес бағалайды. Көпшілік оқушылар: өзінің және өзгелердің жұмысын жақсарту үшін түрлі ұсыныстар енгізеді. Кейбір оқушылар: Өз шығармашылығын көрсетеді. | |||||||
Сабақтың барысы: | ||||||||
Сабақтың кезеңі (уақыты) | Педагог әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы Сабақтың ортасы Сабақтың соңы | Сәлеметсіңдер ме балалар! 1-ші тапсырма. Презентация. Бітірген жұмыстарыңды көрсетіңдер, бағалаудың негізгі критерийлерін ескере отырып, өз жобаларыңның мазмұнын ауызша суреттеңдер: - Жоба тақырыбының сәйкестігі; - Командалық жұмыс, топта рөлдерді бөлу; Өлеңді дыбыстау және музыкалық сүйемелдеу; - Шығармашылық тәсіл; - Тайм менеджмент. 2-ші тапсырма. Талқылау - Сенің жобаңның идеясы неде? - Сенің жобаңды қайда қолдануға болады? - Қандай іс-әрекет сізге ең қатты ұнады? - Сіздің қай жұмысыңыз жемісті болды? - Өзіңнің орындауыңды қалай жетілдіруге болады Жобаны таныстыру. Жоба тақырыбы: «Музыка» мен «Поэзия» Рефлексия: -Мен не білдім? - Бүгін мен не үйрендім? -Мен үшін қандай тапсырма қиын болды? -Ал қай тапсырманы мен оңай орындадым | Оқушылар өз жұмыстарымен таныстырады. Сұрақтарға жауап береді. Оқушы пікірі | «Шапалақ» әдісі бойынша бағалайды «Бес саусақ» әдісімен бағалайды | Интер белсенді тақта. |
Бөлімі: | Музыка-өмір тынысы. | ||||||
Мектептің атауы | №15 тірек мектебі | ||||||
Педагогтің аты жөні: | Акдаулетова С | ||||||
Күні: | | ||||||
Сынып: | 6а | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақтың тақырыбы: | Интеллектуалды музыка. | ||||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары: | 6.1.1.1 – тыңдаған музыкалық шығарманы талдау және өнердің түрлері, стилі және жанрларын, сонымен қатар, өнердің өзге түрлерімен байланысын анықтау; 6.1.2.4 – ауызша және жазбаша жұмыстар орындау барысында музыкалық терминологияны пайдалану; | ||||||
Сабақтың мақсаты: | Барлық оқушылар: тыңдаған музыкалық шығарманы талдау және өнердің түрлері ,стиль және жанрдың сонымен қатар өнердің өзге түрлерімен байланысын анықтайды Көптеген оқушылар: бір бірін бағалайды Кейбір оқушылар: дәстүрлі халық әндері мен аспаптық музыканың жанры мен стильін анықтайды | ||||||
Сабақтың барысы: | |||||||
Сабақтың кезеңі (уақыты) | Педагог әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | |||
Сабақтың басы Сабақтың ортасы Сабақтың соңы | Амандасу 1-тапсырма.Талқылау. «Интеллектуалды музыка» деп күрделі құрылымды, терең мағыналы ,ойлы шығармаларды айтуға болады. Мұндай туындылар орындаушыданасқан шеберлікті және тыңдаушыдан да мол түсінік қажет етеді. Әр халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан музыкасы және оны тыңдап бағалай алатын тыңдаушылары бар.Қазақтың ән күйлерінің ішінде философиялық терең ойға құрылған кемел туындылар баршылық. Мысалы Абайдың әндері,мен Дәулеткерейдің күйлерін осындай шығармалардың қатарына қосуға болады. 2-тапсырма.Зерттеу. Қазақ халқының мәдени рухани әлемінде Абай Құнанбаевтың алатын орны ерекше. Абай қазақ әдебиетіндегі ұлы тұлға, маңдай алды ақын. Абайдың үш ішекті домбырасы Батыс күйшілік мектебінің аса көрнекті тұлғаларының бірі Дәулеткерей Шығайұлы 1820 жылы Орал облысы Орда ауданы Қарамола деген жерде дүниеге келген.Қазақ халқының аспаптық күй өнерін дамытушы. 3-тапсырма. Ән тыңдау. Абайдың «Сегіз аяқ» әні Рефлексия
| Оқушылар өз ойларын ауызша жеткізеді. Абай шығармаларының ерекшелігін анықтайды. Батыс күйшілік мектебінің аса көрнекті тұлғаларының бірі Дәулеткерей Шығайұлының өмірі мен танысады. Оқушылар пікірі | Бір бірін «Бас бармақ» әдісімен бағалады. | http://youtube.com/watch?v=zjT0Xizc5GI Оқулық Бейнежазба,оқулы |