Файл: Оу дістемелік кешеніне тсіндірме жазба Курсты масаты.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.04.2024

Просмотров: 56

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Валюталандыру

Клиенттің немесе корреспонденттің жеке есептік шоты бойынша, банк жазған әрбір сомаға пайыздар есептелетін датаны белгілеу үшін колданылатын термин.

Валюталық реттеу

Елдің төлемдік балансын нығайтуды, ұлттық валютаның тұрақтылығын, ішкі валюталық рыноктың дамуын және оны қадағалап, бақылауды қамтамасыз ету мақсатында валюталық операцияларды өткізу тәртібін тұрақтандыру бойынша өкілеттелген мемлекеттік органдардың (валюталық реттеу органдары) қызметі.

Валюталық реттеудің мақсаттары мен міндеттері

  • Валюталық, реттеудің мақсаты тұрақты экономикалық өсуге қол жеткізу және экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттің саясатына жәрдемдесу болып табылады.

Валюталық реттеудің міндеттері:

  • Қазақстан Республикасында валюталық құндылықтардың айналысының тәртібін белгілеу;

  • Қазақстан Республикасының дүниежүзілік экономикаға одан әрі кірігуі үшін жағдайлар жасау;

  • Валюталық операциялар мен капитал легі жөніндегі ақпараттық базаны қамтамасыз ету болып табылады.

Валюталық басқыншылық

Шетелдік валютаның комақты партиясын банктің сатып алуы немесе сату жолымен жүзеге асырылатын валюталық рынок пен валюта курсына әсер ету үшін елдің Ұлттық банкісінің мақсатты түрде бағытталған бір реттік елеулі әрекеті. Валюталық басқыншылық мемлекеттің мүддесіне орай, шетелдік валюталардың бағамын реттеу үшін жүзеге асырылады.

Валюта операциялары

Валюталық құндылықтарға меншік құқығының және өзге де құқықтардың көшуіне, сондай-ақ валюталық, құндылықтарды төлем қаражаты ретінде пайдалануға байланысты операциялар; валюталық құндылықтарды, ұлттық валютаны, номиналы ұлттық валютамен көрсетілген бағалы қағаздарды және төлем құжаттарын, резиденттер шығарған номиналы жоқ бағалы қағаздарды Қазақстан Республикасына әкелу, жіберу және аудару, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан әкету, жіберу және аудару.

Валюта құндылықтары

Валюталық заңнамаға сәйкес, елдің аумағында айналысқа түсуге қатысты ерекше режим бекітілген құндылықтар. Мыналар валюта құндылықтары болып табылады:

  • шетел валютасы;

  • номиналы шетел валютасымен көрсетілген бағалы қағаздар және төлем құжаттары;

  • резидент еместер шығарған номиналы жоқ бағалы қағаздар;

  • тазартылған құйма алтын;

  • резиденттер мен резидент еместер арасында, сондай-ақ резидент еместер арасында операциялар жасалған жағдайда қолданылған ұлттық. валюта, номиналы ұлттық. валютамен көрсетілген бағалы қағаздар және төлем құжаттары;

  • резиденттер мен резидент еместер арасында, сондай-ақ резидент еместер арасында операциялар жасалған жағдайда қолданылған резидент шығарған номиналы жоқ бағалы қағаздар.


Валюта тәуекелдігі

Қор және тауар биржаларында сыртқы сауда, кредиттік және валюталық операцияларды өткізу кезінде, ұлттық валютаға қатынасы бойынша шетелдік валюта курсынын өзгеруімен байланысты валюталық құндылықтарды жоғалту қаупі. Ашық валюталық ұстанымы бар болған кезде пайда болады.

Валютаның қайтымдылығы - бір ел валютасының басқа бір елдердің валютасына қолданыстағы валюталық бағам бойынша айырбасталу мүмкіндігі; алтын стандартында - банк билеттерін алтынға айырбастаудың әртүрлі нысандары. Аралық режимдегі валютаны ішінара қайтымды валюта деп атайды. Мұндай жағдайда қайтымдылық белгілі бір валютаның нақты иелеріне және операциялардың жекелеген түрлеріне қолданылады.

Валютаның бағамын белгілеу - валютаның бағамын айқындау. Валютаның бағамын белгідеудің тарихи тұрғыда екі әдісі қалыптасқан, олар тікелей белгілеу, мұнда шетел валютасы өлшемінің бағамы ұлттық валютаның белгілі бір сомасымен көрсетіледі (мыс., 1 АҚШ доллары = 6,8 француз франкі); жанама түрде белгілеу, мұнда валюта өлшемі ретінде валютаның белгілі бір сомасына теңестірілетін ұлттық валюта қабылданады (мыс., 1 стерлинг фунт = 1,55 АҚШ доллары). Кең таралғаны валютаның бағамын тікелей белгілеу әдісі. Валютаның бағамын ресми түрде орталық банк белгілейді, бейресми түрде банкілер банкілер белгілейді. Валюта биржалары сақталған елдерде валютаның бағамын бегілеу күннің белгіл бір уаытында тіркеледі. Алайда биржалық белгіленім негізінен анықтамалық сипатта болады. Валюта нарығының көбінде бағам белгілеу кезінде фиксинг - валютаның банк аралық бағамын әрбір валюта бойынша сұраным мен ұсынымды салыстыру жолымен айқындау рәсімі қолданылады. Сонан соң сатушының бағамы (жоғары) мен сатып алушының бағамы (төмен) белгіленеді. Банкілер сатылатын шетел валютасын сатып алынатын валютадан гөрі қымбатқа бағалайды

 

 

 

26 – Дәріс. Валюталық курстар және валюталық нарық

Жоспары : 1. Валюталық курс

                     2. Валюталық нарық

Халықаралық валюталық қатынастар — ұлттық шаруашылықтары қызметтерінің нәтижесінен өзара қызмет ететін және әлемдік шаруашылықтағы валюталардың қызмет етуі барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы.

Валюталық қатынастардың жекелеген элементгері ерте Грекияда және Ертедегі Римде вексель түрінде пайда болған. Келесі даму кезеңіне 
Лиондағы және Батыс Еуропа елдерінің басқа да сауда орталықтарында орта ғасырлық вексель жәрмеңкелері жатады. Мұнда аудармалы вексель (тратта) бойынша есеп айырысулар жүргізілген. Феодализм қарсаңында және өңдірістің капиталистік тәсілінің құрылуымен байланысты банктер арқылы халықаралық есеп айырысулар жүйелері дами түсті.

Халықаралық валюталық қатынастар халықаралық экономикалық қатынастарды жалғастырады. Валюталық қатынастардың жағдайы ұлттық және әлемдік экономиканың дамуына, саяси тұрақтылыққа, елдер арасындағы күштердің шекті қатынасына тәуелді болып келеді. Сыртқы экономикалық байланыстарда, оның ішнде валюталык байланыстарда саясат пен экономика, дипломатия мен коммерцияөнеркәсіптік өндіріс пен сауда бір-бірімен өзара бітісе байланысуы валюталық қатынастардың ұлттық және әлемдік шаруашылықтағы орнының ерекшелігін көрсетеді.

Капиталдың шеңбер айналысы үдерісінде ұлттық нарықтан әлемдік нарыкка қосылуы нәтижесінде ұлттық ақшалардың ішіндегі ақшалай капиталының бір белігі шетел валютасына айналады немесе керісінше. Ол көріністі халықаралық есеп айырысуларда, валюталық, несиелік және қаржылық операциялардың барысында байқауға болады.

Шаруашылықтың интернационализациялануы жағдайында ұдайы өндірістің сыртқы факторларға: әлемдік өндіріс динамикасы, шетелдік ғылым мен техника деңгейіне, халықаралық сауданын, дамуына, шетел капиталына ағымына арта түседі. Сондықтан да, бұл валюталық қатынастар мен ұдайы өндірістің арасында тікелей және кері байланыстың болатынын көрсетеді.

Халықаралық валюталық қатынастар тұрақсыздығы мен валюталық дағдарыс ұдайы әндіріс үдерісіне кері әсерін тигізеді.

Шаруашылық байланыстардың интернационализациялануы негізінде халықаралық валюталық қатынастар біртіндеп бір формаларға ие болады.

Валюталық жүйе — ұлттық заңдылықтармен немесе мемлекет аралық келісімшарттармен бекітілетін валюталык, қатынастарды ұйымдастыру және реттеу нысаны.

Валюталық жүйелер үш түрге бөлінеді:

  • Ұлттық валюталық жүйе;

  • Дүниежүзілік валюталық жүйе;

  • Аймақтық немесе мемлекетаралық валюталық жүйе.

Тарихта, ұлттық валюталық жүйе ең бірінші қалыптаскан.

Ұлттық валюталық жүйе — халықаралық төлем айналымын жүзеге асыратын, ұдайы өндіріс үдерісіне қажетті валюталық ресурсты құрайтын және оны пайдалануға көмектесетін экономикалық қатынастар жиынтығын білдіреді.


Ұлттық валюталық жүйе - елдің ақша жүйесінің бір бөлігі. Оның ерекшеліктері елдің құрамдас экономикасының және сыртқы экономикалық байланыстардың даму дәрежесі мен жағдайына байланысты анықталады.

Ұлттық валюталық жүйе дүниежүзілік валюталық жүйемен тығыз байланысты. Дүниежүзілік валюталық жүйе XIX ғасырдың ортасына таман құрылған.

Дүниежузілік валюталық жүйе — бұл халықаралық несие-қаржы институттары мен валюталық құралдардың қызмет етуін қамтамасыз ететін халықаралық келісімшарттар мен мемлекетаралық құқықтық нормалар кешенін қамтыды.

Дүниежүзілік валюталық жүйелердің қызмет ету сипаты мен тұрақтылығы дүниежүзілік шаруашылықтың құрылымдылық кағидаларының сәйкес келуі дәрежесіне және алдыңғы қатарлы елдердің мүдделеріне байланысты болып келеді.

Ұлттық және дүниежүзілік валюталык жүйелер арасындағы байланыс пен айырмашылықтары олардың негізгі элементтерінен көрінеді.

Аумақтық валюталық жүйе өнеркәсібі дамыған елдердегі әлемдік валюталық жүйе төңірегінде құрылады. Мысалы, Еуропалық валюталық жүйе (ЕВЖ) — бұл Еуропалық қоғамдастыққа мүше елдердің валюта аумағында ұйымдастырылу — экономикалық нысанындағы қатынастарды білдіреді.

Мұндағы, валюталық паритет— валюталық бағамның негізі болып табылатын заңды тәртіпте белгіленетін екі валюта арасындагы шекті қатынасы.

ХВҚ жарғысы бойынша валюталық паритет СДР негізінде (арнайы қарыз алу құқығы) белгіленеді.

Егер де, ұлттық валюталық жүйе, ұлттық валютаға, яғни елдің ақша бірлігіне негізделсе, ал дүниежүзілік валюталық жүйе — бір немесе бірнеше резервтік валюталарға немесе халықаралық есептеу бірліктеріне негізделеді.

Резервтік валюта — бұл басқа елдер үшін валюталық паритет пен валюталық багшды анықтауда негіз ретінде қызмет ететін және валюталар бағамын реттеу мақсатында валюталық интервенция жүргізуде пайдаланылатын халықаралық төлем және резерв құралы қызметін атқаратын, әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің еркін ауыстырылатын ұлттық валюталары.

Валюта — бұл біріншіден, сол елдің ақша бірлігі; екіншіден, шетел мемлекеттерінің ақша белгілері; үшіншіден, халықаралық есептесу бірліктері және төлем құралы (СДР, еуро.).

Валюталық бағам — бір елдің ақша бірлігінің екінші бір елдің ақша бірлігіне қатысты бейнеленетін бағасы.

Валюталық бағамның қажеттігі:

  1. тауарлар мен қызметтермен сауда-саттықта, капиталдар мен несиелер қозғалысы барысында өзара валюталарды айырбастайды. Импортер ұлттық валютасын шетелден тауар алғаны үшін шетел валютасына ауыстырады.

  2. дүниежүзілік және ұлттық нарықтағы бағаларды, сол сияқты әр елдің құндық көрсеткіштерін салыстыруға;

  3. фирмалардың және банктердің шетел валютасындағы шоттарын үздіксіз қайта бағалап отыруға;


Валюталық бағамға әсер ететін факторлар ықпал етеді:

  • Инфляция қарқыны. Инфляция қаншалықты жоғары болса ол елдің валютасының бағамы төмен болады. Ақшаның инфляциялық құнсыздануы, ол ел валютасының төлем қабілеттігін және басқа елдің валютасына қатысты бағамын төмендетеді.

  • Төлем балансының жағдайы. Егер де төлем балансынының жағдайы активті болса, онда шетелдік борышқорлар жақтан ұлттық валютаға сұраныс өсіп, ұлттық валютаның курсын жоғарылатуға

мүмкіндік береді, ал пассивтік болса, борышқорлар оларды өздерінің сыртқы міндеттемелерін етеу үшін шетел валютасына сатып, ұлттық валюта бағамын темендетеді.

  • Әр елдегі пайыз мөлшерлемесіндегі айырма. Бұл фактордың валюталық бағамға әсері екі жағдаймен болады:

         Елдегі пайыз мөлшерлемесіндегі өзгерістер, капиталдың халықаралық қозғалысына, ең алдымен қысқа мерзімді қозғалысына әсер етеді. Шын мәнісінде пайыз мөлшерлемесінің өсуі, шетел капиталының ішке ағылуын ынталандырып, ал оның төмендеуі ұлттық капиталдың шетелге шығуына

жол береді;

         пайыз мөлшерлемесі валюталық нарықтағы операцияларға және ссуданың капиталдар нарығына әсер етеді, яғни, шетелден арзан несие алып, оны ішкі нарықка орналастырады.

  • Валюталық нарықтар қызметі мен алып-сатарлық валюталық операциялар. Егер қандайда бір валюта бағамы түсетін болса, оны банктер тез арада тұрақты валютаға сатуға тырысады.

  • Белгілі бір валютаның Еуронарықта және халықаралық есеп айырысуда пайдалану дәрежесі. Мысалға: Еуробанктер 60—70% операцияларын АҚШ ($) долларында жасағандықтан, оған деген сұраныс пен ұсыныс ауқымы анықталады.

  • Халықаралық төлемдердің жеделдетілуі немесе кешіктірілуі де валюталар бағамына әсер етеді.

  • Валютаға деген ұлттық және халықаралық нарықтағы сенімділік дәрежесі.

  • Валюталық саясат. Нарықтың және мемлекеттік реттеудің шекті қатынасы оның динамикасына әсер етеді.