Файл: Оу дістемелік кешеніне тсіндірме жазба Курсты масаты.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.04.2024

Просмотров: 58

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Қазақстан экономикасының нарықтық қатынасқа көшуіне байланысты банкиердің алдынан мүлдем жаңа көкжиектер ашылды. Меншікті мемлекет иелігіне алу мен жекешелендірудің нәтижесінде жеке меншік, еншіктің ұжымдық және акционерлік формалары, кооперативтік қозғалыс кеңінен дамып, аралас меншік түрлерінің негізінде кәсіпорындар құрылды. Банк жүйесінің реформасы инвестициялық қорлардың рөлін арттыру жолымен және сауықтырушы банктерді құру арқылы жекешелендірілген кәсіпорындардың қайтадан құрылуына ықпалын тигізе алады. Инвестициялық қорлар жекешелендірілген кәсіпорындар саудасына қатысуы мүмкін және оларды қарызға акционерлік капиталға айырбастауы ықтимал, яғни меншік құқығы қолға өтеді. Банк жүйесінің реформасы жеке кәсіпорындарға банктік реформаның барысында елімізде құрылуы тиіс ипотекалық банктер де көмек көрсете алады. (Сейткасимов Г.С., 270 бет). Банк – бұл ақшалай қаражатты тарту үшін және оларды өз атынан мерзімінде қайтару, төлеу шартымен орналастыру үшін құрылатын ұйым. Банктің негізі тағайындауы – ақшалай қаражатты несие берушіден қарыз алушыға, сатушыдан сатып алушыға ауыстырудағы делдалдық. Сондай-ақ ақша, бағалы қағаздар эмиссиясын, қысқа мерзімді кредит беруді, қайтарылатын, төленетін және мерзімді әр түрлі несиелер беру жолын жүзеге асыратын кредит-қаржы мекемесі болып табылды. Банк жүйесі - ұлттық банктердің қарамағында бар және олар кредиттік операцияларын сипаттайтын термин. Банк жүйесіне мыналар кіреді: а) мемлекеттік, ұлттық банктер мен олардың мекемелері. Олар ұсыныстарын жолдауға тиіс. орталық банктердің ортақ ақшаға негіздеоген және резервтік жүйе міндеттін атқаратын бірыңғай жүйесін құрайды. Орталық ұлттық банктер республиканың Жоғарғы Кеңесіне бағынады, экономикадағы болып жатқан процестерге өз бағасын және парламенттің қарауына өз ұсыныстарын жолдауға тиіс. Оның айналысқа ақша шығаруға, яғни ақша айналысын реттеп отыруға ерекше құқығы бар. Мұндай реттеу коммерциялық банктерге берілетін кредиттердің көлемін өзгерту, бағалы қағаздар мен шетелдік валютаны сатып алу, коммерциялық банктер Мемлекеттік банкте орналастырылатын міндетті резервтердің нормаларын өзгерту және нақты экономикалық жағдайларға сәйкес кредиттер бойынша проценттік ставкаларды өзгерту жолымен де жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылдың 30 тамызындағы «Қазақстан Республикасы банктері мен банк қызметі туралы» Жарлығына сәйкес елімізде екі деңгейлі банк жүйесі әрекет етеді. Ұлттық банк мемлекеттің орталық банкі болып табылады, әрі банк жүйесінің жоғары деңгейін білдіреді; Ұлттық банктің міндеттері, қызмет принциптері, құқықтық статусы және өкілеттіліг республика Президентінің «ҚР Ұлттық банкісі туралы» заңдық күші бар Жарлығымен анықталады. Қалған банктер банк жүйесінің төменгі «екінші) деңгейін білдіреді. Бұл, оның ішінде: 1. Мемлекетті банк – ҚР Үкіметінің шешімі негізінде құрылған екінші деңгейдегі банк. 2. шетелдік қатысушылармен құрылған банк – екінші деңгейдегі банк. Бұл банктің үштен бір акциясы ҚР-дың резиденті еместерінің, ҚР резиденті – заңды тұлғалардың меншігінде, иелігінде немесе басқаруында болады. 3. Мемлекеттік банк. Олар халықаралық келісімшарттың негізінде немесе құрылтайшылардың келісімі негізінде құрылып, әрекет етеді. Құрылтайшылар – ҚР Үкіметі мен осы келісімшартқа қол қойған мемлекет. 4. Банк операциясының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым - банк болып табылмайтын заңды тұлға. Ол Ұлттық банк берген лицензияның негізінде банк операциясының жекелеген түрлерін жүзеге асыра алады [2, 10]. Қазіргі уақытта банкаралық қатынастардың дамуы тұсында банктер бір-бірінен несие алу және бір-біріне несие беру қатынастары дамып отыр. Осындай ссудалық пайыздың түрлеріне ЛИБОР — лондон банкаралық мөлшерлемесі, ПИБОР — париж банкаралық мөлшерлемесін жатқызуға болады. Ішінде еңтанымалы ЛИБОР - лондон банкаралық мөлшерлемесі. Мұндай жағдайда ЛИБОР мөлшерлемесіне маржа қосылып несиелік мәміле жүзеге асырылады. АҚШ тәжірибесінде ПРАМ-РЕЙТ банкаралық мөлшерлеме қолданылады. Бұл ресми банкаралық мөлшерлемеден өте жоғары, бірақ ұсақ және орта фирмаларға беретін несие бағасынан төмен. Ссудалық пайыз қарыз алушының қаржылык жағдайына тікелей байланысты белгіленеді, егер ол тұрақты болса онда оның мөлшері төмен не керісінше. Іс жүзінде барлық елдерде пайыз саясатын реттеуге мемлекет араласады. Мұндағы максат несиеге деген бағаны төмендету, инфляцияны тежеу, ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз ету. Ссудалық пайыз тауар өндірісі мен несиелік қатынастардың даму жағдайында пайда болады. Ссудалық пайыз несиесіз өмір сүре алмайды. Ссудалық пайыз — уақытша пайдалануға берілген құнның бағасын білдіреді. Ссудалық пайыз: 1. несиені пайдаланғаны үшін төлем; 2. несиеге есептелетін үстеме ақы; несие берушінін, шығыстарының орнын толтыру тәсілі. Ссудалық пайыз банк пайдасының көзі болып табылады. Сондықтанда банктер пайыз сомасын толық және уақтылы алғанды қалайды. Ссудалық пайыз есебінен банктер депозиттерге пайыз төлейді. Несиеден алатын ссудалық пайыз бен депозитке төлейтін пайыздың арасындағы айырма банктің маржасын білдіреді. Ссудалық пайыз екі қызмет атқарады: 1 бөлу; 2 ссудалық капиталды өсіру. Бөлу қызметі жаңадан құрылған кұнды не пайданы бөлуді сипаттайды. Пайыз арқылы пайданы бөлу меншік иесінің
ауысуын баяндайды, яғни қарыз алушы өзінің тапқан пайдасының бір бөлігін кредитордың пайдалануына береді. Ссудалық капиталды өсіру қызметі банктің несие беруші ретіндегі несиелік әлеуетін арттыруды көздейді. Ссудалық пайыздың мынадай түрлері болады: Базалық мөлшерлеме — мұндай пайызбен несиені банктер өздерінің сенімді қарыз алушыларына, не бірінші класты клиенттерге береді. Іс жүзінде базалық мөлшерлемені несиелік ресурстардың құнына байланысты аныктайды.

Несиенің нысандары, оның құрылымымен және белгілі бір дәрежеде несиелік қатынастардың мәнімен тығыз байланысты келеді. Несие нысаны -бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың негізгі қызметтерінің яғни, әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер барысында толық сақталатын көрінісін білдіреді Несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы байланыстар қалай өзгергенімен де, несиенің нысаны сол күйінде сақталады. Несиенің екі нысаны бар: тауарлы және ақшалай. Мұндағы тауар түрінде берілетін несиені- коммерциялық, ал ақша түріндегі несиені- банктік деп атайды. Қалған несиенің түрлері осы екі нысанының тәжірибеде қолдануынан туады. Коммерциялық несие - бұл қарыз берушінің қарыз алушыға қарызға берген тауарын білдіреді. Коммерциялық несие - бұл вексель айналысының пайда болуына себеп болған, экономикадағы несиелік қатынастардың алғашқы нысаны. Несиенің бұндай нысанының басты мақсаты - тауарлардың өту үдерісін жеделдету, сондай-ақ одан пайда табу. Мұнда қарыз алушы да және оны берушілер ретінде кәсіпкерлер мен бизнеспен айналысатындар бола алады. Коммерциялықнесие көбіне тауарды сатып алушыда нақты ақшаның болмай калуы барысында туындайды. Мұндай жағдайда, айналыс құралы ретінде, қарыз алушының көрсетілген соманы уақытында төлейтіндігін куәландыратын арнайы қарыздық міндеттеме - вексель қолданылады. Коммерциялық несиенің банктік несиеден айырмашылығы төмендегідей:

- қарыз беруші рөлінде банктік мекемелер емес, яғни тауар немесе қызметгі сатумен айналысатын кез келген занды тұлға бола алады;

- коммерциялық несие тек қана тауар нысанында беріледі;

- қарыз капиталы өнеркәсіптік немесе сауда капиталымен байланысты;

- коммерциялық несиенің орташа құны сол кезендегі банктік пайыз мөлшерімен салыстырғанда төмен болады;

- қарыз беруші мен қарыз алушы арасындағы несиелік мәміленің заңи түрде рәсімделуі барысында, бұл несие үшін төленетін ақы тауар бағасының құнына қосылады.

Банктік несие - бұл банктік мекемелерден қарыз алушыларга ақшалай турде берілетін несиені білдіреді. Банктік несие - бұл экономикадағы кеңінен тараған несиелік қатынастардын, нысаны болып табылады. Банктік несие бойынша несиелік қатынастың құралына несиелік шарт немесе несиелік келісім жатады. Банктік несиеде несие беруші: банк және арнайы қаржы мекемелері болса, ал қарыз алушылар ретінде: кәсіпкерлікпен немесе бизнеспен шұғылданатын қаржы ресурстарына деген сұранысы бар кез келген занды ұйым болып табылады. Мұндағы қарыз берушінің басты мақсаты - бұл пайыз түрінде табыс алу. Несиенің түрлері коммерциялық және банктік несиеден туындайды. Коммерциялық банктер өздерінің клиенттеріне әр түрлі несиелер береді.


1. Стандартты несие - қайтарылу уақыты жетпеген, бірақ қайтуында ешқандай күмән жоқ несиелер;

2. күмәнді несиелер - қайтарылу уақыты кешіктірілген, мерзімі ұзартылған және банк үшін тәуекел туғызатын несиелер. Соңғы қабылданған активтердің жіктеу ережесіне сәйкес, күмәнді несиелер ішінара бөлінеді: 1-санатты күмәнді, 2-санатты күмәнді, 3-санатты күмәнді, 4-санатты күмәнді, 5-санатты күмәнді.

3. Үмітсіз несиелер - қайтару уақыты кешіктірілген, мерзімі еткен ссудалар шотына жазылған несиелер.

Ипотекалық несие-бұл қозғалмайтын мүліктерді (тұрғын үйді, өндіріс ғимараттарын, жерді және т.с.с.) кепілге ала отырып, ұзақ мерзімге берілетін несие. Халыққа берілетін ипотекалық несиені үш түрге бөлуге болады:

1. тұрғын үй құрылысына арналған жерді сатып алуға берілетін ипотекалық несиелер;

2. түрғын үй құрылысына және қайта құруға берілетін ипотекалық несиелер;

3. тұрғын үйді сатып алуға берілетін ипотекалық несиелер

Овернайт несиесі - өтімділікті қолдау мақсатында бір түнге берілетін банкаралық несиенің түрі.

Онкольдық несие - кредитордың алғашқы талабы бойынша өтелетін қыска мерзімді несие.

Банкаралық несие-банктердің бір-біріне беретін несиесі.

Овердрафт (ағылш. оvеrdraft - жоспардан жоғары) -клиенттің ағымдық шотындағы қаражат қалдығынан төлейтін төлемдер сомасы жоғары болған жағдайда банктің беретін қысқа мерзімді несиесінің ерекше нысаны. Мұндай жағдайда клиенттің шотынан қаражатты толық көлемде шегеріп тастап, банк, шоттағы қалдықтан асатын сомада клиентке автоматты түрде несие береді. Овердрафт нәтижесінде, бухгалтерлік тілмен айтқанда банкте дебеттік қалдық түзіледі. Овердрафты келісімшарт бойынша банктің сенімді клиенттері ғана пайдалана алады, ол келісімшартга овердрафтың ең жоғарғы сомасы, овердрафт бойынша несие беру және оны қайтару шарты көрсетіледі. Овердрафтың басқа қарыздардан ерекшелігі, несиені қайтарудағы барлық сома клиенттің ағымдық шотында есепке алынады. Маусымдық несие - жабдықтаушының қаржыландыру уақыты мен түсімді алу мерзімі арасындағы уақыт бойынша алшақтықты жабуға арналған несие. Маусымдық несие көбіне ауыл шаруашылығы өндірушілеріне егін салып, одан табыс алғанға дейінгі шығынды жабу мақсатында беріледі. Лизингтік несие - банк клиенттерінің құрал-жабдықтарды және техниканы жалға алумен байланысты берілетін несие. Сенім несиесі - банктің сеніміне кірген, төлем қабілеті жоғары корпоративтік клиенттерге берілетін несие. Мұндай несиелер қамтамасыз етусіз беріледі. Консорциалдық несие - ірі жобаларды несиелеу мақсатында банктердін өзара қосылып беретін несиелері. Мұндай несиелер негізінен ірі жоабалрды несиелеуде бір банктің несиелеу шегінен асқан жағдайда қолданылуы мүмкін. Инвестициялық несиелер - жаңа өндіріс орнын ашуға, ендірісті қайта құруға және кенейтуге арналған ұзақ мерзімді несие. Инновациялық несие - банк клиентгерінінөндіріске озық технологияларды немесе нау-хауды игеруімен байланысты берілетін ұзақ мерзімді несие. Вексельдік несие - банктің сенімді клиентеріне вексель нысанында берілетін қысқа мерзімді несиесі. Мұндай вексельдерді банктер шағарады және олардың номиналдыұ құны болады, сондай-ақ олардың бағасы жай банктік несиеге қарағанда біршама арзан. Рамбурстық несие-шикізаттарды ішке алып кіру және жартылай фабрикат және дайын өнімдерді сыртқа шығару тәжірибесінде пайдаланылатын несие. Контокорренттік несие - клиенттің барлық түсімдері мен төлемдері есепке алынатын банктегі бірыңғай ағымдық (контокорренттік) шоты бар, өзінің тұрақты клиенттеріне банктің беретін несиесі. Ломбардтық несие - тауарлы-материалдық құныдылықтар мен мүліктік құқықтарды, бағалы металдарды, бағалы қағаздарды және т.б. кепілге ала отырып, қысқа мерзімге несие берушінің қатаң тіркелген сомада беретін несиесі. Форфейтингтік несие-сыртқы сауда операцияларында қолданылатын коммерциялық вексельді сатып алу жолымен экспортерлерді немесе сатушыларды қысқа мерзімді (180 күнгедейінгі) несиелеу нысаны. Банк экспортердан сатқан тауары үшін импортердің (сатып алушының) берген ақшалай міндеттемесін (векселін) сатып алуы аркылы экспортердің сатқан тауарының құнын толық немесе жартылай төлейді. Кейіннен импортер форфейтордың көрсеткен міндеттемесі бойынша ақшалай соманы оған төлейді. Тез арада төлегені үшін форфейтор-банк экспортерден пайыз ұстап қалады. Факторингтік несие - жабдықтаушынын, немесе банк клиентінің жабдықтаған тауары мен көрсеткен қызметгері үшін төленбеген төлем талабын (шот-фактурасын) банкке сатумен байланысты несиелік операция. Экспорттық несие - экспорты колдау құралы ретінде өнімді сатуды қаржыландыру мақсатында сатып алушыға немесе оның банкіне берген несие. Фирмалық экспорттық несие экспортер тарапынан беріледі де банктен қаржыландырмайды. Банктік экспорттық несие банктен шетелдік сатып алушыларға тікелей беріледі. Несиелік желі - келісілген лимит шегіндегі белгілі бір уақыт ішіндегі қарыз алушығы несие беріп отыруға несиелік мекеменің оған берген заңды түрде рәсімделген міндеттемесі. Несиелеу объектісіне қарай:


- меншікті айналым қаражаттарын толықтыруға;

- материалдық запастар жиынтығы мен өндіріс шығындарына;

- сыртқы экономикалық қызметке байланысты тауарларды экспорттау мен импорттауға;

- азаматтардың жеке қызметтері үшін шикізаттар, материалдар, құралдар және басқа да мүліктер алуына;

- ломбардтық, кепілдік және ссудалық операцияларға;

- театрлар және демалыс үйлерінің кірістері мен шығыстары арасындағы маусымдык үзілістерге;

- күрделі жұмсалымдарды қаржыландыруға;

- тез өтелетін тиімділігі жоғары шараларға.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында АҚШ, Германия және Малайзия мемлекеттерінің тәжірибесін ескере отырып, жасалынған тұрғын үй ипотекалық несиелеу жүйесі қызмет етуде. Аталған жүйе бойынша тұрғын ипотекалық несиелерін берушілер екі деңгейден тұрады: бірінші деңгейде - алғашкы тұрғын үй ипотекалық несиесін берушілер, соның ішінде: банктер мен банктік емес ұйымдар; екінші деңгейде - алғашкы тұрғын үй ипотекалық несиесін берушілерден берген несиелері бойынша талаптарын және кепіл құкықтарын сатып алуды жүзеге асыратын, қайта қаржыландырушы ұйымдар. Мұңдай тұрғын үйді ипотекалық несиелеу жүйесінің Қазақстандағы қызмет етуі, езге ТМД елдерінен ерекшелендіріп тұрады.Тұрғын үй ипотекалық несиесін беруші екінші деңгейіне банктер және жаңадан құрылған мамандандырылған «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ және банктік емес ұйымдарға банктердің құрылтайшылығымен ашылған ипотекалық компаниялар жатады. Қайта қаржыландырушыға «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ жатады. Аталған компания тұрғын үй нарығын бюджеттен тыс қаражат кездері есебінен қаржыландыруды жүзеге асыруда және ипотекалық несиелеуді енгізуге маңызды рөл атқаруда. Қазақстандағы тұрғын үйді ипотекалық несиелеу жүйесіндегі басты ерекшелік мұндағы Қазакстан Ипотекалық компаниясының қызмет етуімен байланысты. Қазақстан Ипотекалық компаниясы (ҚИК) 2001 жылы ақпанда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ықпалымен құрылды. Оның қызметінің басты мақсаты еліміздегі ипотекалық несиелеу жүйесін дамыту және тұрғын үй құрылысын ұзақ мерзімді қаржыландыру тұжырымдамасын іс жүзіне асыру болып табылады.

1. Екінші деңгейдегі банктерге қойылатын талаптар: банктердің ипотекалық несиелер беруге және оларға қызмет керсетуге және өзге де банктік операцияларды жүргізуге арналған лицензиясы болуы керек; банк екінші денгейдегі банктердегі жеке тұлғалардын, салымдарын (депозиттерін) міндетті түрде ұжымдық кепілдендіру (сақтандыру) жүйесіне мүше болуға тиіс. Банк өтініш бергенге дейін 3 ай ішінде Ұлттық Банктің пруденциалдық нормативтерін және орындалуға міндетті өзге нормаларды орындауға тиіс. «Тәуелсіз халықаралық аудиторлық үйымдар тізіміне» енген тәуелсіз-аудиторлық ұйымдардың біреуімен әткен қаржылық жылдағы 1 жылдық қаржылық есебін тапсыруға тиіс.


2. Банктіқ операциялардыы, жекелеген түрлерін жүзеге асырушы ұйымдарға койылатын талаптар: ипотекалық несиелер беруге және оларға қызмет көрсетуге және езге де банктік операцияларды жүргізуге арналған лицензиясы болуы керек; Ұлттық банктің ең төменгі жарғылық капиталға қоятын талаптарын орындауы тиіс.

3. Серіктес банктер қызметкерлеріне қойылатын біліктілік талаптары: Серіктес банктердің құрылымдық бөлімшелерінде компания ұсынған ипотекалық несиелеу бағдарламасы бойынша оқу курсынан өткен кемінде екі маман болуға тиіс; ипотекалық несиелер беру және оларға қызмет көрсетуді жүргізуші серіктес банктер қызметкерлерінің банк жүйесінде кемінде 2 жылдық тәжірибесі немесе ипотекалык несиелер беру және оларға қызмет көрсетуге байланысты 1 жылдық тәжірибесі болуы қажет. Серіктес банктердің ішкі құжаттарына қойылатын талаптар: ипотекалық несиелерді рәсімдеу, беру және қызмет көрсету тәртібін реттейтін іштей құжаттары болуға тиіс; ипотекалық несиелердің қайтарылмау тәуекелін бағалау әдістемесі болуы тиіс; ипотекалық несиелерді беру және қызмет көрсету үрдісінде тәуекелдерді басқару әдістемесі болуы керек. Бүгінгі күні ипотекалық несиелеудің үлесі (тұтыну несиесімен қоса алғанда) банк несиелері құрылымында біршама жоғары болып отыр. Экономикадағы өсу тұсында банктеріміз әзінің активтерін осындай несие түріне бағыттауды дұрыс санайды. 2009 жылдың 1 қаңтарына Қазақстандағы жұмыс жасайтын банктер саны 37 құрады, соның ішінде Алматы қаласында 32 банк, 31 филиал және 284 есеп айырысу-кассалық бөлімдер қызмет етеді. Жалпы банктердің 90%-ының бір ірі қалада болуы банк капиталының республиканың өзге өңірлерде дұрыс бөлінбеуіне ықпал етуін көрсетеді. Банктердің тек Алматы қаласында шоғырлануы, оның бұрынғы астана, қазіргі қаржы орталығына айналу себебіне байланысты болып отыр. Халықаралық сарапшылардың бағалауынша 15 млн. халқы бар ел үшін 33 банк көптік жасайды екен. Банктердің кептігі банктердің бәсекелестігін арттыра түсетіндігін ескерсек, Үкіметтің «үлкен үштіктің» банк нарығын монополияландыруы туралы айтылған сыны орынсыздау сияқты көрінеді. Әсіресе «үлкен үштіктің» банктік қызметтер нарығын монополияландыруы, олардың банктік топ құруымен тікелей байланысты болып отыр. Қазақстан Республикасында бүгінгі күні мынадай банктерден кұралған 9 банктік топ қызмет етуде: «Қазкоммерцбанк» АҚ, «ТұранӘлемБанкі» АҚ, «Қазақстан Халык Банкі» АҚ, «Темірбанк» АҚ, «ЦентрКредитБанкі» АҚ, «НұрБанк» АҚ, «Каспий Банкі» АҚ, «АБН АМРО Қазақстан Банкі» ЕБ АҚ, «АСҚ Банкі» АҚ. Еншілес банктердің немесе шетелдік банктердің қызмет етуінің біздің банктік сектордың дамуы үшін оң және теріс әсер етуі мүмкін. Оң жағы ондай банктердің болуы бәсекелестікті тудыра отырып, банктің қызметтері мен операцияларының сапаларын арттыруға ықпал етеді. Яғни жаңа технологиялармен жұмыс жасауға ынталандырады. Ал теріс әсері бүгінгі күні олардың көбі, шетелден қарыз алуға жатысты бар мүмкіндіктерін пайдаланып, банктердің сыртқы қарыздарының өсуіне ықпал етуде. Біздің ойымызша, банктердің қатарында бүгінгі күні өңірлік банктер жетіспейді.