Файл: Кейс 1 Орта мектепте химияны оытуды масаттары, оушылара химиялы орта білім беруді міндеттері.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.04.2024
Просмотров: 51
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Реактивтер: жұмыртқа нәруызы ерітіндісі, сірке қышқылы, су, мыс (2) сульфаты, қорғасын нитраты | ||||||
Құрал – жабдықтар: сынауық, спиртшам, шыны таяқшалар | ||||||
|
-
Бензол мен фенолдың қоспасына бромды су қосқанда, 4,97 г трибромфенол алынады. Қоспады неше грамм фенол болғаны?
C6H5OH+3Br2=C6H2OHBr3+3HBr
n(C6H2OHBr3)=m/Mr =4.97/331=0.015 моль
m(C6H5OH)=n*Mr =0.015*94=1.41 г
Кейс 20
1. Химияны оқытудағы көрнекілік. Көрнекілік түрлері. «Органикалық заттардың ерекшеліктері» тақырыбын түсіндіруде қандай көрнекі құралдар дайындауға болады
Химияны оқыту барысында алуан түрлі көрнекі құралдар пайдаланылады, олар 5 топқа жіктеледі:1) заттар мен әрекеттер (заттар, құралдар, құбылыстар); 2) көлемді көрнекі құралдар (макеттер, нақпішіндер); 3) бейнелеу көрнекі құралдары (суреттер, картинкалар, плакаттар, диапозитивтер, фильмдер); 4) графикалық көрнекі құралдар (сызбанұсқалар, диаграммалар); 5) символикалық көрнекі құралдар;
Білімнің көзі осы көрнекі құралдар болып табылатын әдістер –көрнекі әдістер, ал сөзбен түсіндірілетіндері –сөз әдістері деп аталады.
Органикалық химияда қойылатын тәжірибелердің техникасы күрделі болуынан, көбінесе, көрнекі көрсетулер жасалады. Көрнекі көрсету тәжірибелері тиісті нәтиже бермейтін жағдайларда ғана зертханалық тәжірибелер жүргізіледі. Тәжірибелер жасауда сурет бойынша түсіндіру және зерттеу әдістері қолданылады. Сөз, көрнекілік және тәжірибені ұштастырудың түрлері материалдың мазмұнына және оқушылардың өткендегі әзірлігіне қарай анықталады.
2. «Қаныққан көмірсутектер» тақырыбын түсіндірудің қысқаша сабақ жоспарын құрастырыңыз
Қаныққан көмірсутектер алкандар және циклоалкандар болып бөлінеді.
Алкандар – молекуласындағы көміртек атомдары өзара тек тек дара δ байланыстар арқылы байланысқан жалпы формуласы С
пН2п+2 болатын алифатты қаныққан көмірсутектер.
Алкандардың молекуласы шегіне дейін сутек және көміртек атомдарымен қаныққан. Сондықтан олар қаныққан (шектелген) көмірсутектерге жатады. Барлық қаныққан көмірсутектер атауының соңына – ан деген жұрнақпен бітеді. Алғашқы 4 – еуі С1 – С4 — газ, С5 – С15 — сұйық, С16 – дан бастап қатты күйде болады. Қаныққан көмірсутектердің барлығы суда ерімейді, органикалық еріткіштерде ериді. Байланыс үзілген кезде көмірсутек молекулалары бос радикалдарға айналады
Химиялық қасиеттері
-
Жану – алкандардың ең маңызды реакцияларының бірі.
СН4 + О2 =CO2+2H2O
-
Қатты қыздырған кезде жай заттарға ыдырайды.
СН4 С + 2Н2
-
Галогендермен әрекеттесу алкандарға тән сапалық реакция.
СН4 + Cl2 = CH3Cl + HCl
-
Нитрлеу реакциясына түседі.
С2Н6 + НNO3 = С2Н5NO2 + H2O
Алкандар жанған кезде көп жылу бөлетіндіктен отын ретінде кеңінен қолданылады. Каучук, резеңке өндірісінде, типографиялық бояуы, азотты тыңайытқыштар алуда қолданылады. Изооктан жоғары сапалы, іштен жанатын қозғалтқыштырдың бензиннің негізгі бөлігі. Сұйық алкандар матор отыны ретінде қолданылады. Жоғары алкандардан С17 – ден жоғары спирттер, еріткіштер, сабын, карбон қышқылдары, жағармайлар, т.б. заттар алынады.
3. Массасы 9,24 г циклогександы никель катализаторы қатысында дегидрлеп бензол алды. Егер тығыздығы 0,88 г/мл болса, алынған бензолдың көлемін есептеңдер.
Кейс 21
-
Химия тілінің оқу – тәрбиелік маңызы қандай? Органикалық химияның алғашқы ұғымдарын түсіндіру әдістемелерін сипаттаңыз
Методикалық әдебиеттерде оқыту құралдарына табиғи объектілер және олардың алуан түрлі бейнелері, оқу жоспары, бағдарламалар, оқулықтар мен оқу құралдары, мұғалімге арналған методикалық әдебиеттер жатқызылады. Осылардың соңғылары химияның тілімен жазылады да, алғашқылары тіл арқылы білім көзіне айналды.
Білім− сананың қызметі, ол бақыланатын, зерттелетін объектіге айналу үшін тіл арқылы берілуі керек.Сонымен, химиялық тіл дегеніміз химиялық білімді тіркейтін, сақтайтын, бірден –бірге жеткізетін арнайы таңбалар жүйесі.
Химиялық тіл мектептегі химияны оқыту барысында жан−жақты дидактикалық қызмет атқарады.Химиялық тіл арқылы оқушыларға жаңа білім беріледі.
Химиялық тіл оқушыларға тәрбие берудің және оларды дамытудың ең тиімді құралы. Заттар мен құбылыстардың шарттастығын, олардың арасындағы себеп − салдар байланысын ашу, тікелей көзге түспейтін мәнін түсіндіру арқылы химиялық тіл оқушыларда ғылыми көзқарас қалыптастырады.Химияның қоғам өміріндегі маңызын, экологиялық мәнін түсінуге мүмкіндік береді.
-
«Органикалық қосылыстардың гомологтық қатары» тақырыбын түсіндірудің қысқаша сабақ жоспарын құрастырыңыз
-
Көлемі (қ.ж.) 400 мл метан мен этиленің қоспасы 40 г 3,2% - ті бром суын түссіздендіреді. Қоспадығы этиленнің көлемдік үлесін анықтаңдар.