Файл: Кейс 1 Орта мектепте химияны оытуды масаттары, оушылара химиялы орта білім беруді міндеттері.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.04.2024

Просмотров: 49

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


S-блок, p-блок, d-блок пен f-блок Менделеевтің периодтық жүйесінде негізгі блоктар болып табылады. Барлығы 18 топ бар, s-блокқа 1 және 2 топ, p-блокқа 13-тен 18-ге дейінгі, d-блок пен f-блоктарға 3-тен 12-ге дейінгі топтар кіреді.

Химиялық элементтердің периодтық жүйесінің заманауи нұсқасы арқылы валенттілік анықтай алмаймыз.

  1. Химиялық элемент Э2О типті жоғары оксид түзеді. Оның молярлық массасы – 30 г/моль. Осы элементті атаңыздар, оның периодтық жүйеде орналасуын сипаттаңыздар.

Дано:

M(Э₂О) = 30 г/моль

Найти:

Э -?

Решение:

Mr (Э₂О) = Ar(Э) • 2 +Ar(O)

30 = 2 • Ar(Э) + 16

2 • Ar(Э) = 14

Ar(Э) = 7 г/моль

Смотрим по таблице Менделеева. Это – Li.

Ответ: Li
Кейс 12

  1. 7 класстың «Валенттілік» тақырыбын түсіндірудің қысқаша сабақ жоспарын құрастырыңыз

Жаңа сабақ: Мұғалімнің түсіндіруі

1. Оқушыларды бейметалдардың сутекті қосылыстарының мысалында  атом  валенттілік терінің жаңа қасиеттерімен таныстыру. HBr, H2S, PH3, SH4, CH4, H2O, NH3. Валенттілікке анықтама  бергеннен кейін, жоғарыда  көрсетілген заттардың формулалары жазылып, оқушыларды бромның, күкірттің, фосфордың, кремнийдің, көміртегінің, оттегінің және азоттың  валенттіліктерін осы элементтер мен  қосылған сутегі атомдарының  жалпы саны бойынша анықтауға  жаттықтыру жұмысы жүргізіледі.

2. Егер бір элементтің  валенттілігі  белгілі болса екінші элементтің валенттілігін табуға  болатындығын Al2O3 мысалымен түсіндіреміз.

Оның алгоритмі ұсынылады. (мұғалім бұл алгоритмді кесте  түрінде тақтаға іліп  қоюына болады)                                                                                    

1. Қосылыстың  формуласы жазылады:       Al2O3 ;                                                                      

2. Қосылыстағы оттегі атомының валенттігі белгілі, оны рим санымен үстіне жазу: 

         ІІ

Al2O3 ;

3. Оттектің валенттігін оның индексіне көбейтіп, алюминийдің индексіне бөлу: 

       ІІ*3=6;  6:2=III;                                                                                       

4. Қосылыстағы алюминийдің валенттігі үшке тең, оны рим санымен үстіне жазу:

    ІІІ    ІІ

 Al2O3;

Тұрақты және ауыспалы  валенттілік туралы түсінік  беріледі. Оқушыларға дәптеріне тұрақты валенттілік сақтайтын элементтерді жаздырамыз.


 I - валентті Na,  K, Ag, H;   IІ – валентті Mg, Ca, Ba, Zn, O;   III – валентті Al

Элементтердің ауыспалы валенттілік көрсететіндігін дәлелдейміз. FeCl2, FeCl3, SO2, SO3, PbO2,  CO, CO2  қосылыстарын мысалға ала отырып, бұл заттардың аталуындағы ерекшелікті түсіндіреміз. Мысалы, көміртегі (II) оксиді, көміртегі (IV) оксиді.

  1. Валенттілік, тотығу дәрежесі және химиялық байланыс ұғымдарының өзара тәуелділігін түсіндіріңіз

Орта мектептің химия курсында химиялық байланыс, валенттілік және тотығу дәрежелері арасындағы тәуелділік нақтылы ашылмайды. Методикалық әдебиеттерде валенттіліктің бүтін санмен рим цифрлары арқылы белгіленетіні, таңбасы болмайтыны айтылады. Тотығу дәрежесінің оң, теріс және ноль, бөлшек сан түрінде болып, араб цифрларымен көрсетілгендігіне назар аударылады.

Валенттілік пен тотығу дәрежелерінің сан мәндеріндегі үйлеспеушілікті түсіну үшін мұғалім үш түрлі валенттілік болатынын есте ұстаған жөн.

Валенттілік заттардың өзара әрекеттесулерінің саны, ол үшін түрлі әдіспен: а) заттың элементтік құрамы; ә) қосылыстағы атомдардың өзара орналасуының геометриялық құрылымы; б) заттардың электрондық құрылысы бойынша анықталады.

Тотығу дәрежесі дегеніміз қосылыстағы элементтің стехиометриялық валенттігі, металдық қасиеттері бар элементтер үшін оң таңбамен,бейметалдық қасиеттері бар элементтер үшін теріс таңбамен алынады. Бір элементтің ( эквиваленті бірдей ) элементтердің атомдары өзара әрекеттесіп, жай заттар түзілгенде стехиометриялық валенттілік те , тотығу дәрежесі де нольге тең болады.

Атомдардың әрекеттесуге бейімділігі олардың қосылыстағы орналасуының геометриялық құрылымы бойынша анықталған валенттілікті координация деп атайды. Ол осы қарастырып отырған атомды қоршаған көршілес атомдардың санымен анықталады.

  1. Массасы 100 г суда 6,72 л (қ.ж.) хлорсутек ерітілді. Осы алынған ерітіндідегі HCl – дың массалық үлесін пайызбен есептеңіздер.



Кейс 13

  1. Химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары туралы ұғым қалай қалыптастырылады, мысал келтіріңіз


Алғашқы мәселе оқушылардың физика пәніне және осы кезеңге дейін химиядан алған біліміне сүйеніп шешіледі. Алдымен механикалық қозғалыстың жылдамдығын өрнектеу формуласы және оның өлшем бірліктері туралы білім еске түсіріледі. Соған сәйкес реакцияның жылдамдығын өрнектейтін формуланы қорытып шығаруға тапсырма беріледі және нәтижесі талқыланады. Талқылау кезінде белгілі бір уақыт ішінде бастапқы заттардың массасы, бөлшек сандары кеміп, түзілетін заттардың бұл көрсеткіштері артатынына көңіл аударылады. Массаның өзгеруін пайдалану қолайсыз, кесімді уақыт ішінде реакцияға қатысатын заттар қанықпасының өзгеруімен пайдалану тиімді екені жөнінде қорытынды жасалады.

Катализдің түріне қарай реакцияласушы жүйенің сипаттамасы және реакцияның жүру ерекшелігі түсіндіріледі. Бұл тақырыптың соңында оқушылар мынадай қорытындыға келеді: 1) заттардың реакцияға бейімділігі құрамына кіретін элемент атомдарының терісэлектрлігіне және тотығу дәрежесіне тәуелді болады; 2) химиялық реакциялардың жылдамдығына әрекеттесуші заттардың қанықпасы, температура және катализатор әсерін тигізеді; 3) химиялық тепе -теңдік қанықпаның, температураның қысымның әсерінен жылжиды. Химиялық тепе- теңдік сырттан берілген жылуды сіңіретін, қанықпаны азайтатын, қысымды кемітетін жаққа қарай ауысады.

Оқушыларға бұрыннан белгілі химиялық реакциялардың типтері жаңа түрлерімен толысады. Оқушылар гидрогендеу және дегидрогендеу, гидраттау және дегидраттау, эфирлену және гидролиз- кереғар реакцияларымен танысады. Органикалық қосылыстар қатысатын орынбасу, қосылу және айырылу реакцияларының ерекшеліктерін, сарамандықтағы және өндірістегі маңызын анығырақ меңгереді. Жаңадан изомерлену, полимерлену, поликонденсациялану реакциялары жөнінде ұғым алады, органикалық заттардың сан алуандығы мен олардың мәнін түсінеді.

  1. «Полимерлену реакциялары» тақырыбын түсіндірудің қысқаша сабақ жоспарын құрастырыңыз







  1. Орташа молекулалық массасы 50000 деп алып полиэтилен мен полипропиленнің маромолекулаларындағы полимерлену дәрежесін есептеңіздер


  1. n = Mrмол /Mr(-C2H4)

M(-C2H4) =28г/моль

n=50000/28=1785, 7 =1786

  1. n = Mrмол /Mr(-C2H4)

М(С3Н6) =42г/моль

n=50000/42=1191

Кейс 14

  1. Электролиттік диссоциациялану теориясын оқып үйренудің методикалық тәсілдерін сипаттаңыз

Оқушыларды электролиттік диссоциациялану теориясымен таныстырудың сарамандықта қалыптасқан екі методикалық тәсілі бар. Бірінші тәсіл- ерітінділердің электр өткізгіштігін сынаудан бастап диссоциацияланудың механизмін түсіндіру, екінші тәсіл – алмасу реакцияларының ерекшелігін қарастырғаннан кейін ерітінділердің электр өткізгіштігін сынау.

Баяндалып өткен екі методикалық тәсілді жүзеге асырғанда қойылған көрнекі көрсету және зертханалық тәжірибелерді бақылаудан оқушыларда кейбір ерітінділердің электр тоғын өткізіп, енді біреулерінің өткізбейтіні, химиялық химиялық реакциялардың еріген заттар арасында ғана жүретіні неліктен деген сұрақ туады. Бұл сұраққа жауап беру үшін мына ұғымдар қалыптастырылады: ерітіндіде иондар оған диссоциациялану дәрежесі және оған сұйылтудың әсері, күшті және әлсіз электролиттер, элемент атомы мен ионының айырмашылығы, электролиттер арасындағы алмасу реакциялары және олардың ақырына дейін жүру жағдайлары; тұздар гидролизі, бейорганикалық қосылыстар қасиеттерінің иондық құрамына тәуелділігі.

Айтылғандардың негізінде электролиттік диссоциациялану теориясының негізгі қағидалары түсіндіріледі.

  1. Электролиттер ерігенде оң және теріс зарядталған иондарға ыдырайды, оң иондар зарядтарының қосындысы теріс иондар зарядтарының қосындысына тең болады.

  2. « ион » гректің «кезеген » деген мағынаны білдіретін сөзінен шыққан. Иондар- заряды бар атомдар немесе атомдар тобы. Иондар ерітіндіде ретсіз қозғалып жүреді. Тұрақты электр тогын жібергенде оң зарядталған иондар катодқа тартылады, сондықтан катиондар деп аталады, теріс зарядты иондар анодқа тартылатындықтан аниондар делінеді.

  3. Катодта және анодта электр тоғының әсерінен тотығу және тотықсыздану әрекеттері жүзеге асады.

  4. Электролиттік диссоциациялану – қайтымды әрекет. Иондардың концентрациясы артқанда иондануға кері әрекет- мольдену жүзеге асады. Электолит ерітінділеріне химиялық тепе- теңдіктің заңдылықтарын қолдануға болады.


  1. «Иондардың қасиеттері» тақырыбын түсіндірудің қысқаша сабақ жоспарын құрастырыңыз



  1. Егер электролит молекулаларының әр 200 – інің 60 – ы иондарға ыдыраса, сол заттың диссоциациялану дәрежесі қанша пайызға тең?

Кейс 15

    1. Органикалық заттар химиясының теориялық негіздері, олардың бейорганикалық химияның теорияларымен байланысы қандай?

Органикалық химияда заттардың құрылымы мен қасиеттерінің арасындағы тәуелділікті нақтылауға көбірек назар аударылады. Бұл салада бейорганикалық химиядан алған білім тереңдеп, одан әрі дамытылады.

Химияның халық шаруашылығында қолданылуы, ғылым мен өндірістің өзара шарттастығы жөніндегі білім дамытылады.пластмасса, жасанды торқалар, былғары , каучук, ауыл шаруашылығында, медицинада қолданылатын заттар өндірудегі органикалық синтездің жетістіктері баяндалады. Бұл салада және экологиялық жағдайды жақсартуда елімізде жүзеге асырылатын шараларымен таныстырады.

Оқушылардың теориялық білімі жаңа сатыға көтеріледі. Органикалық химияның теориялық көзқарастарын дамытуда және ғылыми жаңалықтарын ашуда ғалымдардың қосқан үлесіне баса назар аударылып, интернационалдық және патриоттық тәрбие беру жүзеге асырылады. А.М.Бутлеровтың органикалық заттардың құрылыс теориясы, В.В Марковниковтың атомдардың өзара әсері жөніндегі ережесі, Н.Н.Зининнің анилин алу реакциясы, М.Т.Кучеровтың ацетиленді гидраттау реакцияларының маңызы түсіндіріледі.

Органикалық химияны игеру барысында оқушыларда дүниенің материядан тұратыны, бірлігі, үздіксіз дамуы, сан өзгерістерінің сапа өзгерістеріне ауысуы, оларды танып- білуге болатыны жөнінде ғылыми көзқарас қалыптасады. Өлі табиғат пен тірі табиғаттың, бейорганикалық заттар мен органикалық заттардың арасын бөліп тұрған жоқ екені жөнінде пікір туады.

Органикалық химия оқушылардың ақыл – ойының дамуына зор әсерін тигізеді. Қисынды ойлаудың дедукция, анализ және синтез, салыстыру және жалпылау тәсілдері жиі пайдаланылады.

2. «Органикалық қосылыстардың изомериясы» тақырыбын түсіндірудің қысқаша сабақ жоспарын құрастырыңыз