Файл: Кейс 1 Орта мектепте химияны оытуды масаттары, оушылара химиялы орта білім беруді міндеттері.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.04.2024
Просмотров: 48
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
3. Массасы 70 г целлюлоза триацетатын алу үшін целлюлозаның қандай массасы қажет?
Кейс 16
-
«Спирттер» тақырыбын түсіндірудің қысқаша сабақ жоспарын құрастырыңыз
Спирттің құрамында гидроксил тобы -ОН болады. гидроксил тобы – спирттің функционалдық тобы. Функционал топ деп заттың осы класына тән химиялық қасиеттерін анықтайтын атомдар тобын айтады.
Құрамындағы сутек атомдары бір немесе бірнеше гидроксил топтарымен алмасқан көмірсутектің туындылары спирттер деп аталады.
Мысалы: Метан СН4 метил спирті СН3ОН
Этан С2Н6 этил спирті С2Н5ОН, этиленгликоль С2Н5(ОН)2
Спирттер құрамындағы гидроксил топтарының санына байланысты біратомды және көпатомды болып бөлінеді.
Физикалық қасиеті
Спирттердің меншікті салмағы бірдей: төмен, немесе судан жеңіл. Бірінші үш өкілі суда жақсы ериді, жоғарғылары қатты заттар және суда ерімейді. Молекулалық массасы өскен сайын, қайнау температуралары жоғарлайды.
Этил спиртінің алынуы
-
Құрамында қанты бар заттар ашығанда этил спирті түзілетіні өте ертеден белгілі болды. Бұл процесс органикалық өршіткі – ашытқы ферментінің қатысуында жүреді. Глюкозаның спирттік ашуын жинақталған түрде мына теңдеу арқылы өрнектеуге болады.
ашытқы
С6Н12О6 → 2С2Н5ОН + 2СО2↑
глюкоза этанол
-
Этиленді гидраттау (су қосу) арқылы этанол алуға болады.
СН2 = СН2 + Н – ОН →СН3 – СН2ОН
Химиялық қасиеттері
-
Көмірсутектер сияқты құрамында көміртек пен сутек атомдары болғандықтан спирттер жанғанда да көміртек (IV) оксиді мен су түзіледі және жылу бөлінеді:
С2Н5ОН + О2 → 2СО2↑ + 3Н2О + Q
-
концентрациялы күкірт қышқылы сияқты суды сіңіретін заттардың қатысуында этил спиртінен этилен алуға болады.
Н2SO4 конц.
СН3 – СН2ОН → СН2 =СН2 + Н – ОН
-
«Сірке қышқылының қасиеттерін зерттеу» зертханалық жұмыстың жазбаша нұсқаулығын сызбанұсқа түрінде көрсетіңіз
Реактивтер мен құралдар: сірке қышқылы ерітіндісі, индикатор әмбебап, натрий гидроксиді, фенолфталеин, магний және мырыш түйірлері, натрий карбонаты, сынауықтар | ||||||||
Байқау нәтижелерін жазу |
-
Массасы 70 г пропион қышқылының этил эфирін дайындау үшін қанша пропион қышқылы қажет?
Кейс 17
-
«Карбон қышқылдары» тақырыбын түсіндірудің қысқаша сабақ жоспарын құрастырыңыз
Сабақ тақырыбы: Карбон қышқылдары (9сынып)
Сабақ мақсаттары : карбон қышқылдарының құрамын білу және сірке қышқылының химиялық қасиеттері мен қолданылуын сипаттай алу.
Сабақ басында:
- оқушылардың зейінін шоғырландыру
- оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын/ОМ анықтап алу
- оқушылардың «жақын даму аймағын», сабақ соңында күтілетін нәтижелерді анықтау
Мұғалімнің түсіндіруі: карбоксилдік–COОH топтың құрылысымен таныстыру.Бұл органикалық қышқылдарың функционалдық тобы екендігін түсіндіру. Каброн қышқылдарының жіктелуіне тоқталу.
Тапсырма
Карбон қышқылдарының алғашқы төрт өкілінің құрылымдық формуласын жазу.
-
«Азот қышқылының қасиеттері» зертханалық жұмыстың жазбаша нұсқаулығын сызбанұсқа түрінде көрсетіңіз
Зертханалық жұмыс
Азот қышқылының қасиеттері
Реактивтер: азот қышқылы, натрий гидроксидінің ерітінділері, бор, мыс оксиді, лакмус | ||
Химиялық ыдыстар мен зертханалық құрал жабдықтар: сынауықтар, сынауықтарға арналған тұрғы, қышқыл, спиртшам | ||
1 тәжірбие | 2 тәжірбие | 3 тәжірбие |
Азот қышқылының сынауықтағы ерітіндісіне лакмус қосып, үстіне натрий гидроксидін ақырындап тамыз. | Сынауыққа аздап бор ұнтағын салып, үстіне сұйылтылған азот қышқылын қос. | Сынауыққа аз мөлшерде мыс оксидін салып үстіне сұйылтылған азот қышқылын қос. |
Бақылағаныңды жаз | | Ерітіңді түсі қандай |
| | Сынауықты аздап қыздыру керек, ерітіндінің түсу қалай өзгереді, ол нені білдіреді |
-
Массасы 30 г метилэтилэфирін алу үшін қанша көлем (қ.ж.) этилен қажет?
Кейс 18
-
«Көмірсулар» тақырыбын түсіндірудің қысқаша сабақ жоспарын құрастырыңыз
Сабақтың тақырыбы: Көмірсулар ( 9 сынып)
Сабақ негізделген оқу мақсаты: көмірсулардың жіктелуін биологиялық маңызы мен қызметін түсіндіру
1.Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгендеу
2. Ынтымақтастық ахуалын туғызу
«Шаттық шеңбері» арқылы оқушыларды ортаға дөңгелете орналастырып,бір-бірлеріне жақсы тіліктер білдіреді.
Үй тапсырмасын тексеру
«Plickers» ойыны арқылы үй тапсырмасын сұрау (тест) Қ.Б «Мадақтама» әдісі арқылы бағалайды.(оқушыларға жарайсың,керемет деген сөздер айтылады)
3.Сынып оқушыларын «Мозаико» әдісі арқылы 3 топқа бөлу (моносахаридтер,дисахаридтер,полисахаридтер сөздері жазылған қағаз қималары арөылы топтастырылады) Оқушылар құрастырған қиындылардан қандай сөздер пайда боды? Бұл сөздерді не байланыстырады? Ендеше бүгінгі тақырып не туралы болмақ?
4.Сынып оқушыларын оқу мақсаты мен бағалау критерийлерімен таныстыру.
5.Тыңдалым алды тапсырма: «Миға шабуыл»әдісі 1.Күнделікті өмірде көмірсуларды қандай тағамдар құрамынан кездестіреміз? 2.Тірі жасуша құрамында қандай органикалық заттар болады? Осыдан кейін мұғалім крахмалға сапалық реакция тәжірибесін көрсетеді. Шикі картоп кесегіне тамызғышпен йод ерітіндісін тамызады. Картоп беті көк түске боялады.Мұғалім сұрақ қояды: неліктен йод қоңыр түсті болғанымен, картоп көк түске боялды? Оқушыларға ойлануға және өз жауаптарын сыныптастарымен талқылауға 1 минуттай уақыт беріледі. Бірнеше оқушыдан жауабы сұралады.
6.«Көмірсулардың құрамы» бейне жазба көрсетіледі
7.Топтық жұмыс «Көршіңе әңгімелеп бер» әдісі (Әр топ өздерің топтарына түскен жаңа тақырыптың ішіндегі ең мағыздыларын көршілеріне дауыстап баяндап береді.Көршілері сол тақырыпқа байланысты сұрақтарын қоя алады)
І-топ: моносахаридтер
ІІ-топ: дисахаридтер
ІІІ-топ: полисахаридтер
Қ.Б «Төрт сөйлем» әдісі арқылы бағаланады (Пікір: Тыңдаған мәтін бойынша қысқаша өз ойларын ауызша айтады Дәлел: Пікірлеріне бір сөйлеммен дәлел келтіреді
Мысал: Пікірлерін өмірмен байланыстырып бір мысал келтіреді Қорытынды: Мазмұн бойынша қорытынды жасайды)
-
«Спирттерге сапалық реакциялар» зертханалық жұмыстың жазбаша нұсқаулығын сызбанұсқа түрінде көрсетіңіз
Зертханалық жұмыс
Спирттерге сапалық реакциялар
Реактивтер: Этанол, бутанол 1, су, натрий гидр 10%, мыс сульфатты 3%, фуксин ерітіндісі |
Хим ыдыстар мен зерт құрал -жабдықтар: сынауықтар, сынауықтарға арналған тұрғы, кәрлен табақша, сіріңке, шыра |
Жұмыс барысы |
1 тәжірбие. Спирттердің судағы ерігіштігі | 2 тәжірбие. Жануы | 3 тәжірбие. Көпатомды спирттерге сапалық реакция |
Сынауықтарға 5 мл ден этанол және бутанол -1 құйыңдар. Спирттердің үстіне фуксин тамызылған 20 мл су қосыңдар. | Екі кәрлен табақшаның біреуіне шамамен 2мл бутанол -1 құйып , оларға тұтанған шыраны жақындатыңдар. | Сынауыққа 5 мл глицерин ерітіндісін құйып оған 5-6 тамшы мыс сульфатын тамызып үстіне тұнба түзілгенше натрий гидроксидінн қос. |
Спирттердің тығыздығы судың тығыздығынан аз болғандықтан олар жоғары қаббаты құрайды. Сынауықты шайқа. Этанол жақсы ериді, бутанол- 1 аз ериді. | Этанол көгілдір, әлсіз жарқырайтын жалынмен ал бутанол -1 жарық жалынмен жанады. | |
Тапсырма | Тапсырма | Тапсырма |
Спирттердің судағы ерігіштігіне көңіл аударып, тиісті қорытынды жасандар | Тәжірбиеде байқаған құбылыстарды түсіңдіріп тиісті қорытынды жаса | Тәжірбиеде байқаған құбылыстарды түсіңдіріп тиісті қорытынды жаса |
-
Өнімнің шығымы 40% болса, 25 г формальдегид алу үшін қанша грамм метанол жұмсау керек?
Кейс 19
-
«Аминқышқылдары. Нәруыздар» тақырыбын түсіндірудің қысқаша сабақ жоспарын құрастырыңыз
-
«Нәруыздардың денатурациясы» зертханалық жұмыстың жазбаша нұсқаулығын сызбанұсқа түрінде көрсетіңіз