Файл: Орта таырып Блімше.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 24.04.2024

Просмотров: 45

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.







ақшалар қазынасын, ескі семсерлер мен сынған ыдыс сынықтарын және басқа да көптеген заттарды қалдырады. Осы заттарға қарап, өткен уақытта адамдардың қалай өмір сүргенін білуге болады. Бірақ жазба дереккөздерді оқымасам, бұл мәліметтер жеткіліксіз болып

табылады.

Бұл туралы ақын былай жазған: Қорғандар үнсіз мүлгиді,

Ғасырлар үнін тыңдадым. Жазулар ғана жеткізер

Ежелгі дүние сырларын.

Ақынның бұл жыр жолдарын қалай түсінесіңдер?
Мұғалім: Бүгін сендер жазудың қалай пайда болғанын, ежелгі уақытта адамдар жазуға не қолданғанын, ежелгі түркі

бабаларымыздың жазбалары қандай болғанын біле аласыңдар.


ФТ. Оқушылар жауаптары:

– ежелгі адамдардан қазіргі уақытқа дейін «үнсіз» қорғандар, ыдыс, сүйек қалдықтары ғана жетті.

Өткен оқиғалар туралы тек жазулар ғана «сөйлейді».







Ортасы

Мұғалім: – Егер өздеріңнен алыста жүрген достарыңа бір нәрсені

хабарлау керек болса, онда не

істейсіңдер? («Миға шабуыл» тәсілі). Мұғалім тақтаға жазады:

  • телефон,

  • электрондық пошта,

  • пошта.
















Мұғалім: Ежелгі адамда мұндай құралдар болмаған, олар әріптерді де білмеді. Сол кезде адамдар сурет пен жазуды ойлап тапты. Сурет түсінікті болу үшін оларды қарапайым түрде, оңай тануға болатын белгілермен

бейнеледі. Ондай суретпен жазылған жазуды пиктография деп атайды.

Пиктография суретті жазу. Фиктограммада белгілі бір оқиғалар туралы ақпаратты сурет әңгімелермен берген.
Мұғалім: – Оқулықты ашыңдар. Оқулық мәтінін (1-абзац) оқимыз және «Оқушы дәптеріндегі»

А тапсырмасын орындаймыз.
Мұғалім: Түстер бойынша топтарға

бөліну (қызыл, сары, жасыл, көгілдір, көк).

Топтық жұмысқа тапсырма: Оқулықтағы пиктограммаға назар аударыңдар. Ежелгі адам суреттердің көмегімен шағын оқиғаны айтқан.

Келіңдер, оның мазмұнын ашайық.

Дәптердегі В1 тапсырмасын орын- даймыз. Пиктограмманың (суреттердің) көмегімен досыңа хат жаз.


Оқулық мәтінін (1-абзац) оқиды және «Оқушы

дәптеріндегі» А

тапсырмасын орындайды.
Т. Әр топ пиктограмманы түсіндіруге өз нұсқаларын ұсынады. Мысалы: Мен адаммын. Аң аулауға бара жатырмын. Бұғы өзенге су

ішуге келді. Мен сол жерде оны атып аламын. Бұл суретті жазуды түсіндіретін басқа да нұсқалары болуы мүмкін.
Ж. Оқушылар пиктограмманың көмегімен достарына хат жазады.





Оқулық


Оқушы дәптері Оқулық

Оқушы дәптері








Хатыңды парталас көршіңе көрсет. Ол сені дұрыс түсіне алды ма?

Қорытынды жаса (дәптердегі В2 тапсырмасы).

Суретті хаттың мәнін түсіну үнемі мүмкін болмайды: хат жолдаушының не айтқысы келгенін хатты алушы

басқаша түсінуі мүмкін. Мұғалім оқушыларды адамдар сол себепті суретпен хат жазудан бас тартып, алдымен белгішелер, содан соң әріптер арқылы хат жазуға көшті

деген қорытындыға әкеледі. «Ежелгі адамдар жазуды неге жазған?» деген сұраққа жауап береміз. Оқулық

мәтінін (2 және 3абзац) оқыңдар, осы абзацқа арналған тапсырманы

орындаймыз.
Сазбалшықта, қайыңның қабығында, таста жазылған жазуларды қарап шығып, өз оқулықтарымен

салыстырады.

Ж. Оқушы жұппен жұмыс істей отырып, парталас көршісіне хатын көрсетеді. Ол оның мәнін түсіндіруге тырысады.

Жұмысты орындап

болғаннан кейін оқушылар пиктограмманың көмегімен ойды жеткізу қиын деген корытындыға келеді.
Оқулық мәтінін (2-абзац) оқып, осы абзацқа арналған тапсырманы орындайды.


ФТ. Оқушылардың жауаптары:

– ежелгі уақытта адамдар сазбалшық тақтайшаларға, қайыңның қабығына, тасқа, қағазға және т.б.

жазған.






https://www.youtube.co m/watch?v=UGzccYvq9 31
Оқулық







Қағаз уақыт өте келе, жазу үшін негізгі материалға айналды, өткені:

  • оған жазу жеңіл (мысалы, тасқа жазуды қашау керек);

  • қағаз кітаптарды тасымалдау қолайлы (саз «кітаптар» сынып қалуы мүмкін болды, ал тас «кітаптарды» орнынан қозғалту қиын еді);

  • сақтау үшін көп орын алмайды, ұзақ уақыт сақтауға болады;

  • қағаз арзан материал, оны

даярлауға көп шығын жұмсалмайды деген қорытынды жасалады.
Сергіту сәті: «Әуесқой мысық». Басты қозғалту:

Төмен/жоғары – 2 рет:

Солға/оңға – 2 рет. 4 рет қайталау.
Мұғалім: – Бұдан мөлшермен 1,5 мың жыл бұрын біздің бабаларымыз

  • түркілер өз әліпбиін жасаған. Ол 38 таңбадан тұрады. Ғалымдар ежелгі түркі жазуларын оқып шықты. Олар оны руна жазуы деп атады. Түркілер өз жазбаларын өз билеушілерінің құрметіне тасқа жазып қалдырған.

«Оқушы дәптеріндегі» С. тапсырмасын орындаймыз.
Тапсырманы орындау көп уақытты алуы мүмкін, сондықтан жұмысты балалар үйде аяқтауларына болады.

ФТ. Оқушылар оқулық мәтінін оқып, мәтінге арналған тапсырманы орындайды.

Сергіту жаттығуын орындайды.


Ж. Оқушылар руна

жазуының әріптерімен өз аттарын жазады. Қажет

болған жағдайда мұғалімнің көмегіне жүгінеді.


ФТ. Оқушылар тақтада

«Суреттер» → «Таңбалар»

→ «Әріптер» деген





Оқулық

Оқушы дәптері








Мұғалімнің назарына! Бұл күрделі тапсырма. Сондықтан оқушыларға оны орындау барысында дұрыс кеңес беру үшін мұғалім дайындалуы керек:

Руна жазуында бір дыбыс кейде

бірнеше белгілерді немесе жазудың бір белгісі екі түрлі дыбысты берген. Ең алдымен өз аттарыңды жазып көріңдер.
«Иә-жоқ» ойыны.

  1. Ең алдымен хатты бір-біріне суреттермен жазған. (иә)

  2. Суретті жазу пиктография деп аталады. (иә)

  3. Адамдар біртіндеп әліпбиді ойлап тапты. (иә)

  4. Ежелгі уақытта адамдар тек қағазға жазған. (жоқ)

  5. Біздің бабаларымыз түркілердің өз әліпбиі болған. (иә)

«Логикалық тізбек» тапсырмасы.

Мұғалім: – Алдарыңда тақтада

«әріптер», «суреттер», «белгілер»деп жазылған үш карточка бар. Оларды ретімен орналастырыңдар.

жазулары бар карточкалардың логикалық тізбегін құрастырады.







Соңы

Өзіндік баға беру бетін толтырамыз («Оқушы дәптеріндегі» тапсырма).
ҚБ. Тақырыпта түсінгеніне сәйкес келетін көңіл күйін белгілейді.

«Оқушы дәптеріндегі» тапсырманы орындайды.

ҚБ. Өзіндік баға беру бетін толтыру

Оқушы дәптері







ҚБ. «Мен де!» тәсілі.

Мұғалім: – Сабақта үйренген әртүрлі дағдыларыңды өз беттеріңше атап көріңдер. Сөйлемді «үйрендім» деген сөзбен аяқтаңдар. Оны істей алатын балалар «Мен де!» деп жауап береді.

Мұғалім: – Балалар, сендер бүгін

жазба тарихын танып-білуге алғашқы қадам жасадыңдар. Сендерге

адамзаттың мәдени жетістіктерін зерттеуде алдағы уақытта табыстар тілеймін!
Үй тапсырмасы «Оқушы дәптеріндегі» С. тапсырма.


Сабақта үйренген әртүрлі дағдыларыңды өз

беттеріңше атаңдар. Сөйлемді «үйрендім» деген сөзбен аяқтайды. Оны істей алатын балалар «Мен де!» деп жауап береді.
ҚБ. Оқушылар: Мен (пиктограмма салуды, өз атымды руна әріптерімен жазуды, бұрынғы

болғандарды анықтауды...) үйрендім.

ҚБ. «Мен де!» тәсілі.






    1. сабақ





Ортақ тақырып: Бөлімше:

Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті

3.1. Ежелгі мәдениеттер мен өркениеттер

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сынып: 1

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

«Алтын адам» неліктен мемлекеттік символға айналды?

Оқу бағдарламасына

сәйкес оқыту мақсаттары

1.3.1.2 – ежелгі заманның танымал тарихи ескерткіштер/жәдігерлері туралы әңгімелеу.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:

  • «Алтын адам» сөзінің мағынасын білетін болады;

  • «Алтын адамның» киімі мен қару-жарақтарының элементтерін атап бере алады.








Көптеген оқушылар:

  • сақ дәуірінің тарихи ескерткіші – «Алтын адамды» сипаттап бере алады;

  • Неге «Алтын адамның» киімі мен қару-жарағында аңдар мен жануарлардың бейнелену себебін талдап әңгімелей алады;

  • «Алтын адам» туралы аңызды мұғалімнің көмегімен ақпараттан тауып оқи алады.

Кейбір оқушылар:

  • «Алтын адаммен» сұхбаттың сұрақтары мен олардың айтуы мүмкін деген жауаптарын құрастыра алады;

  • «Бір тарихи жәдігерге» экскурсия ұйымдастыра алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

Сабаққа психологиялық көңіл күй қалыптастыру.
Мұғалім:

  • Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бәрің маған қараңдар.

Экскурсия жетекшісі бүгін мен. Бір минутты да жоғалтпай Жолға шығуға шақырам!

Бар білімді жолға ала шық! Күлімдеуді де ұмытпа!

  • Сабақта барлықтарыңның зейінді, тапқыр болғандарыңды, ең бастысы алған білімдеріңді қалай жұмыс

істеуде көрсете алуларыңды қалаймын.
Үй тапсырмасын тексеру.

Сәлемдеседі.

Оң психологиялық көңіл күй қалыптастырады.

Ж. Дәптердегі үй тапсырмасын жұптасып өзара тексеріңдер (А, В1-4, С тапсырмалары).


ҚБ. «Бас бармақ» тәсілінің көмегімен өзара баға беру.










Мақсатты тұжырымдау.

«Тізім» тәсілі.

Бір бет қағаз бен қалам алыңдар, 2 минут ішінде сақтар туралы не

білетіндеріңді жазыңдар. Еске түскен нәрселердің бәрін жазыңдар. Бастаңдар.
Мұғалім: – Жарайсыңдар, балалар! Сақтар тарихынан көп нәрсе естеріңде қапты. Ал қазір геолог ғалымдардың тапқан жәдігерлерін қараңдар:

баскиімі, қаруы, алтындалған ыдыс.
Бұл жәдігерлер Алматыға жақын орналасқан Есік қорғанынан

табылды. Біздің ғалымдар 1969 ж. осы қорғанды қазуға кірісті. Ол ертеректе тоналған екен. Бір

жақсысы тонаушылар оның бір жақ бүйірінде жерленген сақ

жауынгерінің мүрдесін көрмеген. Ол ғылымға «Алтын адам» деген атпен енді. Балалар, бүгін сабақта не туралы айтатын боламыз? Дұрыс.

Біз «Алтын адам» туралы айтатын боламыз.

Ж. Оқушылар тізім құрап, уақыт өткен соң оқиды: Сақтар ежелгі уақытта Қазақстан аумағында тұрған. Томирис – сақ патшайымы. Сақтар Отанын жаулардан қорғаған. Сақтар киімдерінде, әшекейлерінде, қаруларында аңдарды бейнелеген.

Сақтардың артында үлкен қорғандар қалған және т.б.


Мадақтау.

1 бет қағаз

Ортасы

Мұғалім: – Қазіргі уақытта алтын киімді жауынгерді қару-жарағымен астанадағы Президент мәдени орталығының көрме залына

қойылған. Біз сендермен Президент