Файл: Шымкент кампусы.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 24.04.2024

Просмотров: 13

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Ф-ОБ-012/060

ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

ШЫМКЕНТ КАМПУСЫ

ЖОҒАРҒЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ БІЛІМІНЕН КЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ФАКУЛЬТЕТІ

«ЖАЛПЫ ДӘРІГЕРЛІК ПРАКТИКА 1» КАФЕДРАСЫ


«БЕКІТЕМІН»

Жоғарғы медициналық білімінен

кейінгі білім беру факультетінің

деканы, PhD C.Туктибаева

___________________
«____» ___________ 2022ж.

«Жалпы дәрігерлік тәжірибе 2» пәнінің
СИЛЛАБУСЫ

(SYLLABUS)


Пән коды: ZhDТ 6101

Білім беру бағдарламасы: 5В130100 –Жалпы медицина, «Жалпы тәжірибелік дәрігер» интернатурасы

Академиялық кредит/сағат: – 16/480

Тәжірибелік сабақтар – 5/150

ОБИӨЖ – 5/150

ИӨЖ – 6 /180

Kyрсы: 7

Оқу семестрі: XIII, XIV

Емтихан: XIII, XIV

Шымкент, 2022 ж.

«Жалпы дәрігерлік тәжірибе 2» пәнінің силлабусы ХҚТУ-нің Сенат мәжілісінде №2 хаттама «27» 10.2017 жылы бекітілген Медицина бағытындағы мамандықтардың білім беру бағдарламасы

2017/2018 негізінде және ҚР медициналық оқу орындарында интернатура бойынша дайындықты жүзеге асыратын кафедраларда оқу-әдістемелік құжаттамаларды әзірлеу жөніндегі №10 нұсқау хат (07.04.2010ж) талаптарына сәйкес дайындалған.


Силлабус «Жалпы дәрігерлік практика 1» кафедрасының мәжілісінде талқыланған.
Хаттама № ____ “______” __________ 2022 ж.

Кафедра меңгерушісі __________________ м.ғ.к., К.Т.Кулаев

Факультеттің оқу-әдістемелік комитет кеңесінде қаралған және мақұлданған.
Хаттама № ____ “______” __________ 2022 ж.
Факультеттің оқу-әдістемелік комитет Кеңесінің төрағасы, аға оқытушы
__________________А.Т.Туганбаева

1. Оқытушылар туралы жалпы мәлімет:
Тузельбаев Нурдилла Келжанович - м.ғ.д., профессор. Дәрігерлік жұмыс өтілі – 52 жыл, педагогикалық – 48 жыл. Тәжірибелік сабақтар, семинарлар өткізеді. 149 ғылыми мақалалар, 5 оқу құралы және 1 монографияның авторы.

Казбекова Кенжетай Сулейменовна - м.ғ.к., доцент. Дәрігерлік жұмыс өтілі – 47 жыл, педагогикалық – 26 жыл. Тәжірибелік сабақтар, семинарлар өткізеді. 70 ғылыми мақалалар, 2 оқу құралы және 1 атлас. «Омарали» клиникасында науқастарды қабылдайды.

Жанадилов Шайзинда -м.ғ.д., доцент. Дәрігерлік жұмыс өтілі -49 жыл, педагогикалық -48. Тәжрибелік сабақтар, семинарлар өтізеді. 240 аса ғылыми мақалалары, 5 өнертапқыштық куәлігі,  7 монографиясы, 9- оқулықтар және оқу құралдары, 8- зияткерлік куәлік авторы.


Сартаева Қаламқас Алмешовна – м.ғ.к., доцент міндетін атқарушы, жоғары санатты дәрігер-терапевт. Дәрігерлік жұмыс өтілі – 39 жыл, педагогикалық – 29 жыл. Тәжірибелік сабақтар жүргізеді. Жалпы тәжірибелі дәрігер. Тәжірибедегі дәрігерлердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастырады. №2 Қалалық клиникалық ауруханасы, емхана бөлімінде консилиумдеріне қатысады, ауру тарихтарына эксперттік бағалаулар, аудиттік жұмыстар жүргізеді. 75-тен артық ғылыми мақаланың авторы. 13 оқу құралының авторы.

Джакипбекова Зулпия Камитбековна - м.ғ.к., аға оқытушы. Дәрігерлік өтілі – 38 жыл, педагогикалық өтілі – 25 жыл. Практикалық сабақтар, семинарлар өткізеді. 46-дан астам ғылыми мақаланың, 2 оқу құралының, 1 монографияның авторы. Амбулаториялық науқастарға кеңес береді.

Кайназаров Ракымбай Тажибаевич - оқытушы. Бірінші категориялы дәрігер. Дәрігерлік стажы - 42 жыл. Педагогикалык стажы - 9 жыл. «Интертич» емханасында ауруларга консультация, дәрігерлік семинарларга қатысады. Ғылыми еңбектер саны - 9. Оқу методикалык құралы - 1.

Ташимбетова Оразкуль Жакипбековна – кафедра аға оқытушысы. Тәжірибелік сабақтар жүргізеді. Дәрігерлік жұмыс өтілі – 31 жыл, педагогикалық – 16. Жоғары санатты дәрігер-терапевт, жалпы тәжірибелі дәрігер. 18 мақаласы бар.

Туганбаева Алия Таспулатовна кафедра аға оқытушысы, дәрігерлік жұмыс өтілі – 27 жыл, педагогикалық – 27. Қазақ және орыс тілдерінде сабақ жүргізеді. №14 емхана орталығында науқастарды қабылдайды. І санатты жалпы тәжірибелі дәрігер. Ғылыми еңбек саны – 35, әлемдік рейтингтік ғылыми журналдардағы жарияланымдарының саны - 1, оқу-әдістемелік құралы -9.

Доланова Гульзира Отаровна – кафедра магистр-оқытушысы. Тәжірибелік сабақтар жүргізеді. Дәрігерлік жұмыс өтілі – 23 жыл, педагогикалық – 12. №11 Шымкент қалалық емханада науқастарды қабылдайды. І санатты дәрігер-терапевт. 11 мақаласы бар. Ғылыми еңбек саны – 10, оқу-әдістемелік құралы -3.

Джакипбекова Жауказын Жанибековна – аға оқытушы, жоғары санатты дәрігер- терапевт. Дәрігерлік жұмыс өтілі – 24 жыл, соның ішінде педагогикалық – 13 жыл. «№2 Қалалық ауруханасы» емханасында сарапшы дәрігер қызметің жасайды. Тәжірибелік сабақтар жүргізеді. Жалпы тәжірибелі дәрігер .10-нан артық ғылыми мақаланың авторы, 2 оқу құралы бар.

Бекназарова Замира Абдурахимовна
– кафедра аға оқытушысы. Тәжірибелік сабақтар

жүргізеді. Дәрігерлік жұмыс өтілі – 23 жыл, педагогикалық – 21 жыл. Жоғары санатты дәрігер-терапевт, жалпы тәжірибелі дәрігер 2 моностатья, 29 бірлескен мақалалары, 2 оқу құралы бар.

Мырзабекова Гаухар - кафедра оқытушысы. Тәжірибелік сабақтар жүргізеді. Дәрігерлік жұмыс өтілі – 22 жыл, педагогикалық – 20 жыл. Жоғары санатты дәрігер- терапевт., І санатты дәрігер-терапевт, жалпы тәжірибелі дәрігер. 8 бірлескен ғылыми мақаласы баспадан шыққан.

Сапарбаева Дана Ахназаровна – кафедра оқытушысы. Тәжірибелік сабақтар жүргізеді. Дәрігерлік жұмыс өтілі – 10 жыл, педагогикалық – 2 жыл. Жалпы тәжірибелі дәрігер.

Оралбек Айжан Оралбекқызы - кафедра магистр-оқытушысы. Тәжірибелік сабақтар жүргізеді. №3 Шымкент қалалық емханада науқастарды қабылдайды. Педагогикалық жұмыс өтілі – 14. 8 бірлескен ғылыми мақаласы баспадан шыққан.
Байланыс ақпараты:

Шымкент қ-сы, Байтұрсынов көшесі 7/7, №1 оқу ғимараты, № 109 аудитория, «Жалпы дәрігерлік практика 1» кафедрасы. Электрондық мекен-жайы: VOP_13@mail.ru.
1.1 Пәннің саясаты:
Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ медицина мамандықтарының «Медициналық білім беру саласындағы педагогикалық стратегия» талаптарына сәйкес интерндерге медициналық білім беруде қолданылатын бағалау әдістері құзыреттілік бағыт идеологиясына сəйкес келеді жəне WFME, LCME/CACMS, AMC, GMC талаптарына, сондай-ақ BEME, AMEE жетекшіліктеріне негізделеді.

Педагогикалық стратегия шеңберінде бағалаудың келесі екі түрі қолданылады: 1) Формативті бағалау оқыту үдерісімен бірге жүреді, оның мақсаты-интерннің құзыреттіліктерін дамыту болып табылады. Мұндай бағалау әдісі интерннің білім алу үрдісін бақылауға, интерннің немесе оқу бағдарламасының кемшіліктерін анықтауға, ал анықталған жағдайда оны оқу үрдісінің соңына дейін түзетуге мүмкіндік береді. Бұл бағалау әдісі, сонымен қатар білім беру әдісі болып табылатыны сондықтан. Мысалы: интерннің кері байланыс жасауы және интерннің өзін-өзі бағалауы. 2) Суммативті бағалау әдісі оқытудың соңында қолданылады. Оның мақсаты- оқытудың нәтижесіне жеткендігін анықтап, құжатқа енгізу. Мысалы: қорытынды сабақ, аралық бақылау, емтихан. Университеттің оқу үдерісін ұйымдастыру және емтихан регламентінің 7 бабына сәйкес интерндердің сабаққа қатысуы міндетті. Интерндердің сабаққа келмеген күндері, әрбір семестр бойынша жеке есептегенде жалпы оқу бағдарламасындағы сағат мөлшерінің 10% аспауы тиіс. Денсаулығы бойынша сабаққа келмеген күндері осы пайыздық шектеу ішіне кірмейді. Денсаулығы туралы анықтамасы университет клиникасына немесе АИ–да үш күнде тіркеліп, сабаққа деканаттан өтеуге рұқсат қағазымен келуі тиіс. Себепті жіберген сабақтарын блокқа дейін өтеуі қажет. Интерн сабаққа қатыспаған кезде өтілген тақырыптарды және пән оқытушысы тарапынан берілген тапсырмаларды өз бетінше орындауы қажет. Сабаққа келмеген интерндер үшін өтілген сабақ қайталанбайды. Интерн семестр соңындағы немесе оқу жылы соңындағы емтиханға кіруі үшін, денсаулығына байланысты сабақтан қалған күндерін есептемегенде, пән бойынша аудиториялық сабақтардың ең кемі 90%-на қатысуы қажет. Сабақтарға қатыспауына немесе өтпелі балл жинай алмауына байланысты емтиханға жіберілмейтіні туралы, сессия басталмас бұрын пән оқытушысы тарапынан интернге хабарланады. Сессия басталмас бұрын кафедра меңгерушісінің ұсынысы негізінде ол интерн деканат тарапынан емтиханға жіберілмейді.

2 Бағдарлама

2.1 Кіріспе
Бүкіл одақтық денсаулық сақтау ұйымы (БДҰ) медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсетуді (МСАК) барлық адамдар денсаулығын қамтамасыз ететін стратегияның алдыңғы қатардағы құралы санайды, себебі ол – денсаулық сақтау жүйесінің басты қызметін атқарады және қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму процесінің маңызды бөлігі. Денсаулық сақтау жүйесінің барлық іс-шараларының сапасы мен тиімділігі, елдің жұмыс істеу қауқарының сақталуы, жанұя және тұрғындар арасындағы әлеуметтік қорғалмаған топтар, соның ішінде мүгедектер, қарт және егде жастағылар арасында туындайтын көптеген медициналық-әлеуметтік мәселелерді шешу – МСАК жағдайына байланысты. Сол себептен талап етілетін білім деңгейін, біліктілік пен тәжірибелік дағдыларын игерген МСАК дәрігерлерін дайындау интернатура өту барысындағы негізгі міндеттердің біріне жатады.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Жалпы дәрігерлік практика» интернатура түлектерін оқытудың соңғы нәтижелеріне сәйкес оқу курсы келесі құзіреттіліктердің дамуына бағытталған:


Рөлдермен берілген құзіреттіліктер

Оқытудың соңғы нәтижелері

Салыстырмалы үлестірілімі

И1. ҒАЛЫМ, ЗЕРТТЕУШІ


И1.1. БІЛІМІН ҚОЛДАНУ: мамандандырылған тәжірибеде биомедициналық , клиникалық, әлеуметтік ғылымдарды қолданады.

0,1

И2. ДӘРІГЕР-КЛИНИЦИСТ


И2.3. МЕДИЦИНАЛЫҚ ПРОЦЕДУРАЛАР: интернатура мамандығына сәйкес медициналық процедуралардың кең ауқымды түрлерін меңгергендігін көрсетеді.


0,2

И2.4. АЙҒАҚТЫ МЕДИЦИНА: клиникалық тәжірибеде айғақты медицинаның қағидаларын қолдана біледі.

0,1

И3. КӘСІБИ ТҰЛҒА


И3.1. ӨЗІН-ӨЗІ ДАМЫТУ: өмір бойы үздіксіз кәсіби дамуға деген қабілетін көрсетеді.


0,2

И3.3. ТОПТА ЖҰМЫС ЖАСАУ: әртүрлі топтардағы жұмыс жасау мен өзгелерді үйрету қабілетін көрсетеді.

0,1

И4. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ


И4.1. ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ МЕДИЦИНА: жекелеген адамдардың, топтардың және қауымдардың денсаулығына өз мамандығы аясында әр түрлі факторлардың әсер етуін түсінеді.


0,2

И4.2. МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚҰЖАТНАМА: денсаулық сақтау саласының заңдылықтарына сәйкес өз мамандығына сәйкес медициналық құжаттарды рәсімдеуді біледі.

0,1



2.2 Пәнің мақсаты: Алдын алу медициналық шараларын іске асыра алатын және жынысына, сонымен қатар ауруының сипатына қарамастан оның жанұялық, өмір сүріп жатқан қоғамдағы ерекшеліктерін, мәдениетін ескере отырып, үздіксіз медициналық көмекпен қамтамасыз ету жауапкершілігіне қабілетті, МСАК жүйесінде жұмыс атқара алатын жалпы тәжірибелік дәрігерді (жанұялық дәрігерді) дайындау.
2.3 Оқытудың мақсаттары:

  • МСАК жүйесінде дәлелді медицина ұстанымдарына негізделген негізгі медициналық емдеу – диагноздық, алдын алу және реабилитациялық іс – шараларды жүргізу дағдыларын нығайту және мониторинг жасауды үйрету;

  • Интерннің биоэтика принциптерін және емделушінің құқығын сақтай отырып, емделушімен, олардың туған – туысқандарымен, әріптестерімен жұмыс барысында коммуникативті дағдыларды жетілдіру;

  • Кәсіби қызметтің барлық уақытында өзіндік білімдер мен дағдыларын жетілдіру және үздіксіз кәсіби білім алуға қажеттілікті баулау, ғылыми – зерттеу жұмысына дағдыларды дамытуын жалғастыру.


2.4 Пәнді оқудың соңғы нәтижесі:
Оқу курсы бағдарламасындағы оқытудың соңғы нәтижелері

Білім алу деңгейі

Рөлдермен берілген компетенциялар

Оқытудың соңғы нәтижелері

И 1.1.


БІЛІМІН ҚОЛДАНУ: мамандандырылған тәжірибеде биомедициналық , клиникалық, әлеуметтік ғылымдарды қолданады.

Білім (когнитивті) домені:

Анализ: клиникалық тәжірибесінде биомедициналық, клиникалық, әлеуметтік, тәртіби білімдерін санаттарға салыстырады

И 2.3.



МЕДИЦИНАЛЫҚ ПРОЦЕДУРАЛАР: интернатура мамандығына сәйкес медициналық процедуралардың кең ауқымды түрлерін меңгергендігін көрсетеді.


Білім (когнитивті) домені:

Анализ: интернатура мамандығына сәйкес медициналық процедуралардың кең ауқымды түрлерін меңгергендігін көрсетеді.

Дәлдік'>Дағдылар (психомоторлы) домені

Дәлдік: тәжірибе барысында сабақ талабына сай жасалатын машықтарды дәлдікпен орындайды.

Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені:

Құндылықтарды үйлестіреді: өз іс-әрекетінің құндылыктарын үйлестіре отырып, дұрыс ұйымдастыра алады.

И2.4.



АЙҒАҚТЫ МЕДИЦИНА: клиникалық тәжірибеде айғақты медицинаның қағидаларын қолдана біледі.

Білім (когнитивті) домені:

Анализ: жалпы дәрігерлік тәжірибеде айғақты медицинаның қағидаларын зерттейді.

Дағдылар (психомоторлы) домені:

Дәлдік: жалпы дәрігерлік тәжірибеде айғақты медицинаның қағидаларын тиімді ұйымдастыра алады

Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені: Құндылықтарды үйлестіреді:: айғақты медицинаның принциптер түсіндіреді.

И3.1.

ӨЗІН-ӨЗІ ДАМЫТУ: өмір бойы үздіксіз кәсіби дамуға деген қабілетін көрсетеді.


Білім (когнитивті) домені:

Анализ: өмір бойы үздіксіз кәсіби дамуға деген қабілетін көрсетеді

Дағдылар (психомоторлы) домені:

Дәлдік: өз уақытын, жұмыс жағдайларын, сондай-ақ оны қызметтік жағымсыз факторлардан қорғауды тиімді ұйымдастыра алады

Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені: Құндылықтарды үйлестіреді: медициналық дағдыны орындау барысында этикалық принциптер мен ұлтаралық ерекшеліктерді түсіндіреді, .

И3.3.

ТОПТА ЖҰМЫС ЖАСАУ: әртүрлі топтардағы жұмыс жасау мен өзгелерді үйрету қабілетін көрсетеді.

Білім (когнитивті) домені:

Анализ: әртүрлі топтардағы жұмыс жасау мен өзгелерді үйрету қабілетін көрсетеді.

Дағдылар (психомоторлы) домені:

Дәлдік: әртүрлі топтардағы жұмыс жасау мен өзгелерді үйрету қабілетін тиімді ұйымдастыра алады

Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені: Құндылықтарды үйлестіреді: әртүрлі топтардағы жұмыс жасау мен өзгелерді үйрету қабілетін ерекшеліктерді түсіндіреді .

И4.1.

ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ МЕДИЦИНА: жекелеген адамдардың, топтардың және қауымдардың денсаулығына өз мамандығы аясында әр түрлі факторлардың әсер етуін түсінеді.


Білім (когнитивті) домені:

Анализ жекелеген адамдардың, топтардың және қауымдардың денсаулығына өз мамандығы аясында әр түрлі факторлардың әсер етуін талдайды.

Дағдылар (психомоторлы) домені:

Дәлдік: жекелеген адамдардың, топтардың және қауымдардың профилактикалық жұмыстарды ұйымдастыра алады

Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені: Құндылықтарды үйлестіреді: жекелеген адамдардың, топтардың және қауымдардың профилактикалық жұмыстардын манызын түсіндіреді .

И4.2.


МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚҰЖАТНАМА: денсаулық сақтау саласының заңдылықтарына сәйкес өз мамандығына сәйкес медициналық құжаттарды рәсімдеуді біледі.

Білім (когнитивті) домені: Манипуляция Анализ: денсаулық сақтау саласының заңдылықтарына сәйкес жалпы дәрігерлік практика мамандығы бойынша медициналық құжаттарды сауат-ты рәсімдей алады.

Дағдылар (психомоторлы) домені:

Натурализация: медициналық құжаттарды рәсімдеуге қатысты нормативті-құқықтық базаны ескере отырып, оларды қатал сақ-тайды.

Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені:Құндылықтарды үйлестіру: медициналық құжаттарды дұрыс рәсімдеудің маңыздылығын түсінеді.