Файл: Химиялы ндірісте жмыс жасайтын ер адам дрігер абылдауында келесі шаымдармен.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 25.04.2024

Просмотров: 123

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


* гомеостазды мұқият түзетуден кейінгі жоспарлы операция

* +консервативті емдеу

* шұғыл операция

* кейінге қалдырылған операция

* жедел операция
#63

*!Дәрігердің қабылдауына гипертониялық аурумен ауыратын 50 жастағы науқаскелді. 3 күн бұрын оң жақ жамбас аймағына магнезия инъекциясын жасаған. Осыдан кейін иньекция орнында ауырсыну және ісіну пайда болды. Дене қызуы 37С дейін жоғарылаған. Қарап тексергенде инфильтраттың көлемі шамамен 10 см. Пальпация жасағанда ауырады, терінің гиперемиясы жоқ. Сіздің емдеу тактикаңыз?

* инфильтраттың таралуын алдын алу үшін инфильтрат айналасында антибиотиктер енгізу

* абсцессті анықтау кезінде абсцессті ашу, дренаждау .

* асқынулардың дамуының алдын алу үшін антибиотиктер мен сульфаниламидті препараттар енгізу.

* физиоемдеу

* + инфильтраттың пункциясы, диагнозды анықтау үшін антисептиктермен компресс және консервативті емдеу.

#64

*!Оң жақтағысан флегмосын ашқаннан кейін емделушіде дене температурасы төмендеді, бірақ жарадан іріңнің көп бөлінуі байқалады. Сіздің тактикаңыз қандай?

* Жара қуысының ультрадыбыстық кавитациясы

* +Жараны тексеру және қосымша тіліктер жүргізу

* Инфузиялық ем

* Резеңке түлекпен дренаждау

* Антибиотикотерапияны күшейту
#65

*!Сол қолының III саусағының тырнақтық фалангасын соғып алғаннан кейін 3 күн өткен соң науқаста ауру сезімі күшейіп, тырнағының астында ақ дақ пайда болды. Ең ықтимал диагнозыңыз және әрі қарай тактикаңыз?

* сіңірлік күбіртке, іріңдікті ашу

* паронихия, іріңдікті ашу

* буын күбірткесі, экзартикуляция

* сүйек күбірткесі, секвестрэктомия

* +тырнақ күбірткесі, тырнақ пластинасын алып тастау, іріңді ашу
#66

*!Буын панарициясы бар науқастаұзақ тиімсіз емнен кейін дистальды фалангааралық қосылыс аймағында пандактилит дамыды. Сіздің кейінгі тактикаңыз:

*тұз ерітіндісі бар ванналар, кварцпен сәулелендіру, антибиотиктерді сүйек ішіне енгізу

* кең лампасты тіліктер, антибиотиктерді сүйек ішіне енгізу

* +саусақтың экзартикуляциясы

* фалангаралық қосылысты ажырату, некрэктомия

*саусақ фалангасының дистальды бөлігін алып тастау, антибиотиктер енгізу
#67

*!Қант диабеті бар науқаста "Жауырынаралық карбункул"диагнозы қойылған. Мұндай жағдайда төменде көрсетілген хирургиялық тактикалардың қайсысы НЕҢҰРЛЫМ тиімді?

* Бойлық тілік жасау және некроэктомия

* Тікелей тілік жасау және некроэктомия

* Сау тіндердің жиегінен кесіп алып тастау


* +Крест тәрізді тілік жасау және некрэктомия

* Гипертониялық ерітіндісі бар турунданы сызықтық тілік жасай отырып дренаждау
#68

*!Гангренозды аппендицитке байланысты аппендэктомия операциясынан кейін науқаста 13 тәулікте жамбас астауынының тереңінде ауру сезімі, дене температурасының жоғарылауы, тенезма және кіші дәретінің бұзылыстары пайда болды, лейкоциттері 14х109/л. Қандай қосымша тексеру әдісін жүргізу керек?

* іш қуысы мүшелерінің шолу рентгенографиясы

* +тік ішекті саусақпен тексеру

* хромоцистоскопия

* ректороманоскопия

* ирригография

#69

*!23 жастағы ер адам,осыдан бір жыл бұрын гангренозды аппендицитке байланысты аппендэктомия жасалған науқас емханағакелді. Қарап тексергенде оң жақ мықын аймағында ұзындығы 10 см болатын қатайған операциядан кейінгі тыртығы бар. Тұрғызып пальпация жасағанда тыртық аймағында жұмсақ эластикалық ісік тәрізді түзіліс анықталады, науқасты жатқызып тексергенде жаңағы түзіліс апоневроздағы көлемі 2-3 см болатын ақаудан құрсақ қуысына еніп кетеді.

Төменде көрсетілген диагноздардың ішінен қайсысы ең ықтимал?

* + операциядан кейінгі вентральды жарық

* Түзелмейтін жарық

* қысылған жарық

* операциядан кейінгі жараның іріңдеуі

* іш қуысының абсцессі
#70

*!Емханада хирург науқаста 12-елі ішектің перфорацияланған жарасына күдіктенді. Ол қандай тексеру әдісін жүргізуі керек?

* гастродуоденоскопия

* асқазанның контрасты рентгенографиясы

* + іш қуысының шолу рентгенографиясы

* ангиография

* лапароскопия
#71

*!Емханаға 35 жастағы ер адам эпигастралды аймағындағы қатты ауру сезіміне шағымданып келді. Анамнезінде: бірнеше жыл бойы эпигастрий аймағындағы ауру сезімі, қыжыл мазалаған. Кенеттен іштің жоғарғы бөлігінде қатты ауырсыну сезімі болған, үйі емхананың жанында орналасқан, айтуына қарағанда емханаға әзер қиналып жеткен. Қарап тексергенде терісі бозарған, суық тер қаптаған. Гемодинамикасы тұрақты. Науқастың төсектегі жағдайы: аяқтарын ішіне бүгіп оң жақ қырымен жатыр. Ішін пальпация жасағанда бұлшық еттері қатайған, қатты ауырады. Бауыр тұйықтығы анықталмайды. Ойық жараның тесілуі деген диагнозы болғаны ойландырады. Емханалық жағдайда аталғандардың қайсысы ЕҢ қолайлы тактикалық шешімболып табылады:
*динамикасын амбулаторлық жағдайда бақылау

*емхана жағдайында аспаптық және зертханалық зерттеу

*+жедел жәрдем машинасы арқылы шұғыл хирургиялық стационарға жеткізу



*инфузиялық терапиядан жүргізіп "жедел жәрдем" хирургиялық стационарына жолдама беру

*күндізгі стационарға жіберу
#72

*!Емханаға 25 жастағы ер адам оң жақ шап аймағындағы жарықты томпаюға шағымданды. Анамнезінде: 5 жылдан бері шап жарығымен жүр. 1 сағат бұрын жаттығу барысында жарықтың аймағында кенеттен қатты ауырсынуы болып жарық ішке қарай енбей қалды. Қарап тексергенде жарықтың қысылып қалу белгілері анықталады: ауру сезімі, орнына түзелмеуі, кернелуі, «жөтел түрткісі» симптомы теріс. Гемодинамикасы тұрақты. Іш астардың тітіркену белгілері жоқ. Емхана жағдайында аталғандардың қайсысы неғұрлым тиімді тактикалық шешім болып табылады:

* амбулаторлық жағдайда динамикасын бақылау

* емхана жағдайында аспаптық және зертханалық зерттеу

* +жедел жәрдем арқылы шұғыл хирургиялық стационарға жеткізу

* инфузиялық терапияжүргізіп "жедел жәрдем" хирургиялық стационарына жолдама беру

* күндізгі стационарға жіберу
#73

*!Емханаға 55жастағы әйел адам оң жақ қабырға астының ұстамалы ауру сезіміне, жүрек айнуына, құсуға, аузының өт татуына шағымданып келді. Анамнезінде ӨТА бірнеше жылдан бері ауырады, майлы, қуырылған тамақ жегеннен кейін кейде оң жақ қабырға астында ауру сезімі мазалап жүрген. Ауру сезімі спазмолитиктерді қолданғаннан кейін басылады. Соңғы ауырсыну синдромы әдеттегі дәрілермен басылмады, дене температурасы 37,7С. Гемодинамикасы тұрақты. Пальпация кезінде ішіоң жақ қабырға асты ауырады және кернелген, өт қабының проекциясында көлемі ұлғайған ауырсынатын өт қабы пальпацияланады. Щеткин-Блюмберг белгісі оң. Емхана жағдайында аталғандардың қайсысы неғұрлым тиімді тактикалық шешім болып табылады:

* амбулаторлық жағдайда динамикасын бақылау

* емхана жағдайында аспаптық және зертханалық зерттеу

* +жедел жәрдем арқылы шұғыл хирургиялық стационарға жеткізу

* инфузиялық терапияжүргізіп "жедел жәрдем" хирургиялық стационарына жолдама беру

* күндізгі стационарға жіберу
#74

*!Емханаға 65 жастағы ер адам оң жақ қабырға асты мен эпигастрий аймағының ауру сезіміне, терісі мен склерасының сарғаюына, терісінің қышынуына шағымданып келді. Анамнезінде: оң жақ қабырға астында ұстамалы ауырсынудан кейін терінің және көз склерасының сарғаюы пайда болды, зәрінің қошқылдануы, нәжісінің түссізденуі пайда болды. Қарап тексергенде терісі мен склерасының аздап сарғайғаны байқалады. Дене температурасы қалыпты. Гемодинамикасы қалыпты. Ішін пальпация жасағанда оң жақ қабырға асты аздап ауырады, өт қабы пальпацияланбайды, перитониттің белгілері жоқ. Инфекционистің қабылдауына болып гепатитті растамады. Емхана жағдайында аталғандардың қайсысы неғұрлым тиімді тактикалық шешім болып табылады:


* амбулаторлық жағдайда динамикасын бақылау

* емхана жағдайында аспаптық және зертханалық зерттеу

* +жедел жәрдем арқылы шұғыл хирургиялық стационарға жеткізу

* инфузиялық терапияжүргізіп "жедел жәрдем" хирургиялық стационарына жолдама беру

* күндізгі стационарға жіберу
#75

*!Емханаға 52 жастағы әйел адам іштің ортаңғы сызығы бойында орналасқан отадан кейінгі тыртықтың ортасындағы жарықтық томпаюға шағымданып келді. Анамнезінде: 10 жыл бұрын перитонитке байланысты операция жасалған. Ұзақ уақыт жүргенде және физикалық күштеме түскенде ыңғайсыздық туғызады.

Қарап тексергеде іші тынысқа қатысады, ортаңғы сызық бойында операциядан кейінгі тыртық бар, тыртықтың ортаңғы бөлігінде көлемі 20,0х15,0 см болатын жарықтық томпаю анықталады, горизонтальді жағдайда жарық түзелмейді, пальпация кезінде ауыратын жұмсақ эластикалы консистентциялы, кернелмеген түзіліс анықталады, пальпаторлы жарық орнына түзелмейді, жөтел түрткісі симптомы оң. Ішек перистальтикасында айтарлықтай өзгерістері жоқ. Перитонит белгілері жоқ. Емхана жағдайында аталғандардың қайсысы неғұрлым тиімді тактикалық шешім болып табылады:

* амбулаторлық жағдайда динамикасын бақылау

* емхана жағдайында аспаптық және зертханалық зерттеу

* жедел жәрдем арқылы шұғыл хирургиялық стационарға жеткізу

* күндізгі стационарға жіберу

*+жоспарлы тәртіппен хирургиялық емдеуге хирургиялық стационарға жіберу
#76

*!Емханаға 32 жастағы ер адам эпигастральды аймақтағыаздаған ауру сезіміне шағымданып келді. Анамнезінде бірнеше жылдан бері ойық жара ауруымен ауырады. Осыдан 6 сағат бұрын эпигастрий тұсында кенеттен қатты ауру сезімі пайда болып, суық тер басып, ауырсынуды басатын және ұйықтататын дәрі қабылдағаннан кейін ұйықтап қалған; Аурудың қарқындылығы айтарлықтай бәсеңдеп, жүрек айнуы мен іштің кебуі сақталған. Гемодинамикасы тұрақты.Науқастың төсектегі жағдайы: аяқтарын ішіне қарай бүгіп оң жақ бүйірімен жатыр. Ішін пальпациялағанда іші аздап қатайған, ауырады, ішінің төменгі бүйірлік беттерінде перкуторлы дыбыс тұйықталған. Бауыр тұйықтығы анықталмайды. Емхана жағдайында аталғандардың қайсысы неғұрлым тиімді тактикалық шешім болып табылады:

* амбулаторлық жағдайда динамикасын бақылау

*емхана жағдайында аспаптық (шолу рентгенографиясы, ЭФГДС, іш қуысын УДЗ) және зертханалық зерттеу

* жедел жәрдем арқылы шұғыл хирургиялық стационарға жеткізу

* күндізгі стационарға жіберу

*+жоспарлы тәртіппен хирургиялық емдеуге хирургиялық стационарға жіберу

#77

*!Емханаға 62 жастағы әйел адам ішінің кебуі, үлкен дәреті менжелдіңшықпауына шағымданып келді. Анамнезінде бір жылдан бері тамақ ішіп болғаннан кейін ішінің шұрылдауы, кебуі, іш қатуы «қой құмалағы» тәріздес үлкен дәреті, нәжісінің құрамында шырыштың болуы мазалап жүрген. Бір тәуліктен астам іші ауыра бастаған, ауру сезімі ұстамалы түрде болып үлкен дәреті мен желі шықпаған, жүрек айнуы қосылған. Қарап тексергенде іші бір келкі кепкен, пальпация жасағандаіші ауырады, аздап қатайған, перкуторлы – тимпанит, аускультация кезінде – перистальтикасы жоғарылаған. Щеткин-Блюмберг симптомы теріс. Емхана жағдайында аталғандардың қайсысы неғұрлым тиімді тактикалық шешім болып табылады:

* амбулаторлық жағдайда динамикасын бақылау

*емхана жағдайында аспаптық (шолу рентгенографиясы, ЭФГДС, іш қуысын УДЗ) және зертханалық зерттеу

* +жедел жәрдем арқылы шұғыл хирургиялық стационарға жеткізу

* күндізгі стационарға жіберу

* жоспарлы тәртіппен хирургиялық емдеуге хирургиялық стационарға жіберу
#78

*!Емханаға 57 жастағы әйел адамсанның жоғарғы бөлігіне дейінгі оң жақтағы аяғының айқын ісінуіне және кернеп ауруына шағымданып келді. Анамнезінде: ісіну компьютермен ұзақ жұмыс істегеннен кейін пайда болған және ісіну одан арыүдеуде. Қарап тексергенде оң аяқтың терісі жылтыр, аздап көгерген, қолмен ұстағандасау аяқпен салыстырғанда жергілікті температурасыжоғары, пальпация кезінде айқын ісіну және ауырсыну анықталады. Емхана жағдайында аталғандардың қайсысы неғұрлым тиімді тактикалық шешім болып табылады:

*амбулаторлық жағдайда динамикасын бақылау

*емхана жағдайында аспаптық (УДДГ, дуплексті сканерлеу, флебография) және зертханалық зерттеу

*+жедел жәрдем арқылы ангиохирургиялық стационарға жеткізу

* күндізгі стационарға жіберу

* жоспарлы тәртіппен хирургиялық емдеуге хирургиялық стационарға жіберу
#79

*!Емханаға 45 жастағы ер адам эпигастрий аймағына берілетін белдемелі түрдегі ауру сезіміне, бірнеше рет құсуға, іштің кебуіне шағымданып келді. Анамнезінде: ӨТА 5 жылдан бері ауырады, алкогольді және майлы тағамды қабылдағаннан кейін ауру сезімі пайда болып қарқыны үдей түскен, құсу жеңілдік әкелмейді. Қарап тексергенде бетіқызарған, дене температурасы қалыпты, тахипноэ, тахикардия, АҚ – 110/70. Пальпация жасағанда іші кепкен, жұмсақ, эпигастрий, сол жақ қабырға асты қатты ауырады, перитониттің белгілері жоқ. Емхана хирургі көргеннен кейін жедел панкреатит диагнозы қойылды. Емхана жағдайында аталғандардың қайсысы неғұрлым тиімді тактикалық шешім болып табылады: