Файл: Магистрлік диссертация.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Диссертация

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 26.04.2024

Просмотров: 172

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.




Гір көтеруші спортшылардың нәтижелерін талдау қорытындысы бойынша экспериментке дейін бақылау және эксперименттік топтарда модельдік деңгейге сәйкес келетін бірде-бір спортшы болмағанын көруге болады. Бірақ эксперименттен кейін айтарлықтай айырмашылық байқалады, бақылау тобында - модельдік деңгейге сәйкес 5 тест тапсырушы, ал эксперименттік топта - 14. Егер экспериментке дейін бақылау және эксперимент топтарында модельдік деңгейге сәйкес келмейтін дәрежесі аз спортшылар саны бірдей болса – 5 адам, ал эксперименттен кейін бұл көрсеткіш өзгерді. Бақылау тобында – 7, ал экспериментте – 1 сыналушы болды. Модельдік деңгейге орташаға сәйкессіздікке келер болсақ, онда нәтижелер келесідей: экспериментке дейін бақылау тобында 7, ал эксперимент тобында 9 болды. Эксперименттен кейін бақылау және эксперимент топтарында сәйкесінше орташа сәйкессіздіктің 3 және 0 нәтижесі болды. Экспериментке дейін үлкен (көп) дәрежелі сәйкессіздік бақылау тобында жалпы саннан 3 адамды, ал эксперимент тобында 1 адамды құрады. Эксперименттен кейін нәтижелер жақсы жаққа өзгерді және екі топта да үлкен (көп) дәрежелі сәйкессіздік нәтижелері көрінбеді (19-кесте).


19-кесте. 14 жастағы гір көтеруші спортшылардың дене дайындығы деңгейінің өзгеру дәрежесі


Модельдік деңгеймен сәйкессіздік дәрежесі

Экспериментке дейін

Эксперименттен кейін

БТ

ЭТ

БТ

ЭТ

Модельдік деңгей

0

0

5

14

Аз дәреже

5

5

7

1

Орташа дәреже

7

9

3

0

Үлкен (көп) дәреже

3

1

0

0








Нәтижелерді тереңірек талдау үшін экспериментке дейін және одан кейінгі әрбір жеке бақылау жаттығуында модель деңгейіне сәйкес нәтижелер саны есептелді (20-кесте).

Кестеден көріп тұрғанымыздай, экспериментке дейінгі бақылау және эксперимент топтарында модельдік деңгейге сәйкес келетін нәтижелердің жалпы саны сәйкесінше 26 және 21 болған. Эксперименттің соңында модельдік деңгейге сәйкес келетін бақылау және эксперименттік топтардағы 14 жастағы гір көтерушілердің нәтижелері мүмкін болатын 150-ден сәйкесінше 72 және 125 болды.


20-кесте. Экспериментке дейінгі және одан кейінгі әрбір тест бойынша модельдік деңгейге сәйкес келетін 14 жастағы гір көтерушілердің нәтижелерінің саны



Бақылау нәтижелері

Модельдік деңгей бағасының саны

Экспериментке дейін

Эксперименттен кейін

БТ

ЭТ

БТ

ЭГ

1

30 м (сек) жүгіру

1

1

3

14

2

Гірді кеудеге көтеру (саны)

2

2

12

15

3

Толтырылған допты итеру (м)

7

6

8

11

4

Тіреле жатқан күйде екі қолды бүгіп-жазу (рет саны)

1

0

2

12

5

Бір орыннан ұзындыққа секіру (см)

0

0

5

11

6

Екі қолмен допты төменнен лақтыру (м)

2

2

8

11

7

Биік белтемірге асыла тартылу (рет саны)

4

3

11

14

8

1000 м жүгіру (сек)

2

1

7

10

9

Алға еңкею (см)

3

3

9

15

10

Білек динамометриясы (кг)

4

3

7

12

ҚОРЫТЫНДЫ

26

21

72

125








Жоғарыда айтылғандарды ескере, гір көтерушілердің дене дайындығының әзірленген модельдік сипаттамаларын пайдалана отырып, жеке бағдарламамен айналысқан эксперименттік топ модельдік деңгейге сәйкес келетін сыналушылардың көп екенін көрсетті деп қорытынды жасауға болады. Бұл сәйкестік тек қорытынды белгілердің санынан ғана емес, сонымен қатар жекелеген қимыл-қозғалыс тесттеріндегі модельдік деңгей белгілерінің жалпы санынан да көрінеді.

Жүргізілген диагностика жеткіншек жастағы спортшының дене дайындығы деңгейі мен жарыс нәтижесі арасында өзара байланыс бар екенін көрсетті. Мәселен, 13-15 жас аралығындағы гір көтеруші спортшылар жарыстық жаттығуларда жоғары тұрақты нәтиже көрсетіп, дене дайындығының тестісінде жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Осылайша, модельдік деңгейдегі мәндерге қол жеткізу спорттық нәтижелерді жақсартуға ықпал етеді деп айтуға болады.

Алынған нәтижелерге сүйене отырып, эксперименттік топта біз жасаған модельдік сипаттамаларды пайдалану жас гір көтерушілердің оқу-жаттығу процесіне неғұрлым егжей-тегжейлі және даралай қарауға мүмкіндік береді деген қорытындыға келуге болады. Бұған жекелеген қимыл-қозғалыс тесттерінде де, тесттер кешені бойынша қорытынды бағалауда да эксперименттен кейінгі модельдік деңгейде қол жеткізілген нәтижелер саны дәлел.

Педагогикалық эксперимент нәтижелері қимыл-қозғалыс тесттерінің көрсеткен қорытындылары мен жарыс нәтижелері арасындағы өзара байланысты анықтады. Мәселен, эксперименттен кейін «Шыңғырлау» спорт клубының оқушылары арасындағы гір көтеру жарысында тесттер кешені мен жекелеген қимыл-қозғалыс тесттері бойынша модельдік деңгейге сәйкес келетін эксперименттік топтағы гір көтерушілер тесттер кешені мен жекелеген тесттер бойынша модельдік деңгейімен сәйкессіздік дәрежесі әр түрлі болған спортшыларға қарағанда жоғары нәтиже көрсетті.

Модельдік деңгейге сәйкес келетіндердің барлығы дерлік жаттығуға берілген 10 минуттық уақытты еңсере алды.

Классикалық қос сайыс қозғалыстарында модельдік деңгейдің даму деңгейі бар спортшылар айтарлықтай және тиімді түрде ерекшеленді. Бұл ең алдымен өнер көрсету сәтіндегі жарыс жаттығуында снарядты дәл, күрт, сенімді көтеруден көрінді. Бұл спортшылар гірді соңғы қалыпта бекітуді айтарлықтай оңай еңсерді.

Жүргізілген эксперименттен кейін жарыстағы эксперименттік топтың гір көтерушілері қос сайысты жинақтау бойынша нәтижені орта есеппен 60 ұпайға, ал бақылау тобы бар болғаны 35 ұпайға арттырды.


Айта кету керек, модельдік деңгейге сәйкес келетін спортшылар гір көтеру спортынан Батыс Қазақстан облысының жастар құрамасының құрамында және бүкіл Қазақстандық жарыстарда облыс намысын қорғайды.

Тарау бойынша қорытынды

Өткізілген педагогикалық эксперименттің соңғы нәтижелері жас гір көтеруші спортшылардың дене дайындығының модельдік сипаттамаларын пайдалану гір көтерушілердің дене дайындығын тиімді басқаруға және жетекші дене қасиеттерін дамыту есебінен спортшылардың шеберлігін арттыруға мүмкіндік беретінін көрсетті. Жеткіншек жастағы спортшылар дайындығының әртүрлі аспектілерінің әзірленген модельдік сипаттамалары оқу-жаттығу процесін мақсатты түрде жүргізуге мүмкіндік береді, жан-жақты дайындық негізінде жоспарланған спорттық нәтижелерге қол жеткізуге ықпал етеді. Модельдік сипаттамаларға бағдарлану жас спортшының үйлесімді дене дамуын қамтамасыз етуге, спорттық дайындықты мәжбүрлеп жасатудан аулақ болуға мүмкіндік береді.

Модельдік сипаттамаларды пайдалану гір көтеру спортында спорттық нәтижелерді жақсартудың тиімді құралы және оны гір көтеру спорт мектептерінде қолдануға болады.

ҚОРЫТЫНДЫ
Ұзақ жылдар бойғы ппрактикада тәрбие процесі алға қойған міндеттерін орындаудың көптеген әр түрлі әдістерін, құралдарын, тәсілдерін қалыптастырды. Дене тәрбиесі жалпы тәрбиенің бір құрамдас бөлігі. Оның қажеттілігін асыра бағалау өте қиын. Дене тәрбиесі – бұл денсаулықты нығайтуға, дене қасиеттерін тәрбиелеуге, тұлғаның үйлесімді дамуына, күнделікті өмірде қажетті қозғалыс дағдыларын қалыптастыруға және жетілдіруге және, әрине, физикалық кемелдікке ұмтылуға ықпал ететін мақсатты педагогикалық процесс. Айта кету керек, физикалық құрамдас бөліктен басқа, дене тәрбиесі ақыл-ой мен адамгершілікті де дамытуға бағытталған. Баланың бойында табандылық, бәсекелесті сыйлау, адалдық, мақсатқа ұмтылу, т.б. секілді қасиеттер дамиды.

Гір көтеру спортымен айналысу ағзаның тұрмыста және күнделікті өмірде қажетті функцияларын үйлесімді дамытуға мүмкіндік береді. Бұл спорт түрінің айналысатын адамның ағзасына тигізетін әсері мен қолжетімділігін ескерсек, оны еліміздің түкпір-түкпірінде дамыту қажет.

Дегенмен, осы уақытқа дейін гір көтерушілердің әр түрлі жас топтарындағы дене дайындығының құрылымы жеткілікті түрде зерттелмеген және әзірленбеген. Атап айтқанда, жас гір көтерушілердің дене дайындығының нақты цифр түрінде ұсынылған модельдік сипаттамалары, өзінің тиісті көрінісін таба алмады. Сондай-ақ тесттіден өткізілетін қасиеттердің дене дайындығының модельдік деңгейіне сәйкестік дәрежесін анықтауға арналған нормативтік талаптар жоқ. Айта кету керек, қазіргі уақытта спортшылардың дене дайындығы деңгейін көрсететін рейтингтік шкала жоқ.