Добавлен: 26.04.2024
Просмотров: 199
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
7 | Биік белтемірге асыла тартылу (рет саны) | 12,3 | 1,46 | 13 | 1,36 | Р>0,05 |
8 | 1000 м жүгіру (сек) | 253 | 8,35 | 257 | 6,87 | Р>0,05 |
9 | Алға еңкею (см) | 6,9 | 1,6 | 7,2 | 1,5 | Р>0,05 |
10 | Білек динамометриясы (кг) | 26 | 1,5 | 27 | 1,6 | Р>0,05 |
Оқу-жаттығу процесін ұйымдастыру мен өткізудің шарттары мен талаптарына сәйкес әрбір сыналушы жеке күнделік жүргізді, онда ол осы тестілер кешенінің нәтижелеріндегі жеке көрсеткіштерін жазып жүрді.
Педагогикалық эксперимент барысында модельдік сипаттамаларды қолдану арқылы эксперименттік топтың жаттығу процесі жүргізілді. Гір көтерумен айналысатын спортшының дене қасиеттерін дамытуды басқаруда әзірленген модельдік сипаттамаларды пайдалану нақты қадамдарды көздеді:
- Қимыл-қозғалыс тесттерінің ұсынылған кешені бойынша дене дайындығы деңгейін диагностикалау жүргізілді;
- Алынған нәтижелер әзірленген кестелік мәліметтерді қолдану арқылы балға айналдырылды;
- Модельдік сипаттамалармен сәйкессіздік мәндері, қорытынды модельдік бағалау анықталды және гір көтерумен айналысатын жасөспірімдердің дене дайындығының «күшті» және «әлсіз» жақтарын көрсететін объективті қорытындылар жасалды;
-
Алынған мәліметтер негізінде сыналушы спортшының дене дайындығына жеке ұсынымдар мен түзету бағдарламалары құрылды және әзірленді.
Өте күрделі модельдерді құрастыру міндетті емес. Жақсы практикалық нәтижелерді ұйымдастырушылық-педагогикалық құралдар арқылы жасауға болатын спортшыларды дайындау жүйесінде салыстырмалы түрде қарапайым модельдерді қолданғанда да алуға болады [81,82,83].
Бұл біздің зерттеуімізде ұстанған ұстанымымыз (көзқарасымыз).
Л.Я. Аркаев [10], спортшыларды дайындауда математикалық модельдер мен имитациялық модельдеуді пайдалану өте перспективалы іс екенін, бірақ ол әр түрлі профильдегі жоғары білікті мамандар (сарапшылар, механиктер, математиктер және бағдарламашылар) тобының жеткілікті ұзақ жұмысын талап ететінін атап көрсетеді.
Тест нәтижелерін балға айналдыру үшін біз Microsoft Excel компьютерлік бағдарламасының көмегімен қарапайым функцияларды қолдандық. Толық қол жетімді дербес компьютерді (ДК) пайдалану әлдеқайда жылдам және ең бастысы, дәлірек өңдеуге және дұрыс нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік берді. Сондай-ақ, компьютерді пайдалана отырып, спортшының дене дайындығы деңгейін көрсететін гір көтеруші дене дайындығының күлтелі диаграммасы құрылды, ол бізге спортшы дайындығының «әлсіз» және «күшті» жақтарын айқын көрсетті.
Сабақтар модельдік дене дайындығының артта қалған жақтарын жою үшін әзірленген кешендерді қолдану арқылы бір жыл бойы жүргізілді, содан кейін бақылау және эксперименттік топтардың бірдей тесттері бойынша дене дайындығына қайтадан тестілеу жүргізілді.
Гір көтеруші спортшылардың көрсеткен нәтижелерін талдай отырып, біз бақылау тобында толтырылған допты итеру тестісінен басқа барлық дерлік тесттерде айтарлықтай өзгерістер бар екенін көреміз. Айтарлықтай өзгерістер келесі тесттерде болды: 30 м жүгіру, гірді кеудеге көтеру, тіреле жатқан қалыпта екі қолды бүгіп-жазу, бір орыннан ұзындыққа секіру, допты екі қолмен төменнен лақтыру, биік белтемірге асыла тартылу, 1000 м жүгіру, алға еңкею, білек динамометриясы (16-кесте).
19-кесте. Экспериментке дейінгі және кейінгі бақылау тобының дене дайындығы диагностикасының нәтижелері
№ | Бақылау жаттығулары | Экспериментке дейін | Эксперименттен кейін | P | |||
| | Х | о | Х | о | | |
1 | 30 м (сек) жүгіру | 4,57 | 0,071 | 4,45 | 0,07 | Р<0,05 | |
2 | Гірді кеудеге көтеру (саны) | 50 | 3 | 60 | 2,3 | Р<0,05 | |
3 | Толтырылған допты итеру (м) | 9,32 | 0,94 | 9,57 | 0,89 | Р>0,05 | |
4 | Тіреле жатқан күйде екі қолды бүгіп-жазу (рет саны) | 39,06 | 1,9 | 41,53 | 2,61 | Р<0,05 | |
5 | Бір орыннан ұзындыққа секіру (см) | 199 | 7 | 211,13 | 6,15 | Р<0,05 | |
6 | Екі қолмен допты төменнен лақтыру (м) | 8,92 | 0,22 | 9,13 | 0,2 | Р<0,05 | |
7 | Биік белтемірге асыла тартылу (рет саны) | 12 | 1,46 | 13,5 | 1,4 | Р<0,05 | |
8 | 1000 м жүгіру (сек) | 253 | 8,35 | 243 | 8 | Р<0,05 | |
9 | Алға еңкею (см) | 6,9 | 1,55 | 8,9 | 1,1 | Р<0,05 | |
10 | Білек динамометриясы (кг) | 26 | 1,5 | 29 | 1,4 | Р<0,05 |
Эксперименттік топта барлық тесттерде қайталау тестісін өткізгеннен кейін 14 жастағы гір көтерушілердің дене дайындығын диагностикалау үшін ұсынылған барлық тесттерде елеулі өзгерістер тіркелді (17-кесте).
17-кесте. Экспериментке дейінгі және эксперименттен кейінгі эксперименттік топтың дене дайындығын диагностикалау нәтижелері
№ | Бақылау жаттығулары | Экспериментке дейін | Эксперименттен кейін | P | |||
| | Х | о | Х | о | | |
1 | 30 м (сек) жүгіру | 4,57 | 0,09 | 4,25 | 0,12 | Р<0,05 | |
2 | Гірді кеудеге көтеру (саны) | 49 | 4 | 63 | 2,5 | Р<0,05 | |
3 | Толтырылған допты итеру (м) | 9,33 | 0,74 | 9,82 | 0,59 | Р<0,05 | |
4 | Тіреле жатқан күйде екі қолды бүгіп-жазу (рет саны) | 39,07 | 1,7 | 45 | 2,47 | Р<0,05 | |
5 | Бір орыннан ұзындыққа секіру (см) | 200 | 5,47 | 218 | 6,23 | Р<0,05 | |
6 | Екі қолмен допты төменнен лақтыру (м) | 8,92 | 0,19 | 9,3 | 0,24 | Р<0,05 | |
7 | Биік белтемірге асыла тартылу (рет саны) | 12 | 1,36 | 14,3 | 1,45 | Р<0,05 | |
8 | 1000 м жүгіру (сек) | 253 | 6,87 | 234 | 10,1 | Р<0,05 | |
9 | Алға еңкею (см) | 7,2 | 1,47 | 10,53 | 1,06 | Р<0,05 | |
10 | Білек динамометриясы (кг) | 27,2 | 1,6 | 31,4 | 1,3 | Р<0,05 |
Эксперименттік топтағы нәтижелердің өсу динамикасын көрсететін фактілер әзірленген модельдік сипаттамаларды пайдаланатын эксперименттік әдіс жас гір көтерушілердің дене дайындығын басқаруда ең тиімді екенін көрсетеді, ол өзін толығымен ақтады, бұған барлық қимыл-қозғалыс тесттеріндегі оң өзгерістер айғақ: 30 м жүгіру - 7%, гірді кеудеге көтеру - 28,6%, толтырылған допты итеру - 5,3%, тіреле жатып екі қолды бүгіп-жазу - 15,2%, бір орыннан ұзындыққа секіру - 9%, екі қолмен допты төменнен алға лақтыру – 4,3%, биік белтемірде асыла тартылу – 19,2%, 1000 м жүгіру – 7,5%, алға еңкею – 46,3%, білек динамометриясы – 15,4%.
Эксперименттен кейінгі бақылау және эксперименттік топтардың нәтижелерін салыстырғанда, тесттердің көпшілігінде айтарлықтай айырмашылықтар байқалатынын атап өткен жөн (18-кесте), мысалы: 30 м жүгіруде, гірді кеудеге көтеруде, тіреле жатып екі қолды бүгіп-жазуда, бір орыннан ұзындыққа секіруде, допты екі қолмен лақтыруда, 1000 м жүгіруде, алға иілуде, білек динамометриясында. Ешқандай елеулі айырмашылықтар тіркелмеген тесттерге келесілер жатады: толтырылған допты итеру және биік белтемірге асыла тартылу. Бұл тесттерде айтарлықтай айырмашылықтардың жоқтығына қарамастан, эксперименттік топтағы нәтижелердің орташа мәні бұрынғысынша бірдей тесттердегі бақылау тобының нәтижелерінен жоғары.
18-кесте. Эксперименттен кейінге 14 жастағы гір көтерушілердің дене дайындығын диагностикалау нәтижелері
№ | Бақылау жаттығулары | Экспериментке дейін | Эксперименттен кейін | P | ||
| | Х | о | Х | о | |
1 | 30 м (сек) жүгіру | 4,45 | 0,07 | 4,25 | 0,12 | Р<0,05 |
2 | Гірді кеудеге көтеру (саны) | 60 | 2,3 | 63 | 2,5 | Р<0,05 |
3 | Толтырылған допты итеру (м) | 9,57 | 0,89 | 9,82 | 0,59 | Р>0,05 |
4 | Тіреле жатқан күйде екі қолды бүгіп-жазу (рет саны) | 41,53 | 2,61 | 45 | 2,47 | Р<0,05 |
5 | Бір орыннан ұзындыққа секіру (см) | 211,13 | 6,15 | 218 | 6,23 | Р<0,05 |
6 | Екі қолмен допты төменнен лақтыру (м) | 9,13 | 0,2 | 9,3 | 0,24 | Р<0,05 |
7 | Биік белтемірге асыла тартылу (рет саны) | 13,5 | 1,4 | 14,3 | 1,45 | Р>0,05 |
8 | 1000 м жүгіру (сек) | 243 | 8 | 234 | 10,1 | Р<0,05 |
9 | Алға еңкею (см) | 8,9 | 1,1 | 10,53 | 1,06 | Р<0,05 |
10 | Білек динамометриясы (кг) | 29 | 1,4 | 31 | 1,3 | Р<0,05 |