ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 26.04.2024

Просмотров: 17

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

2-мәтін

Қашанда қазақ халқы ұлттық киімді қадір тұтқан. Қазақ қыздарының ұлттық киімін - баршын, торғын, шәйі, қырмызы сияқты жұмсақ нәзік маталарды пайдалана отырып, бүрмелі етек, бүрмелі жеңін аса кең етіп көлбеңдете тіккенінде қазақтың бүкіл тұрмыс-салты жатыр емес пе?! Қыз балалардың, әйел адамдардың киімін жұмсақ, нәзік матадан тігетіні нәзіктігі мен әдептілігі үстіндегі киімінен-ақ көрініп тұрған ғой. Етекеңінің кең болатыны қазақтың дархандығын, үрімді-бұтақты екендігін, мейірімін, қонақжайлылығын, даладай кең пейілін, қолының жомарттығын білдіреді. Кең етектің

7

қабат-қабат бүрмесі жеті сатыдан тұрады. Жеті қазына, жеті кие, жеті қат жер, жеті ата тазалығы осы ұғымға сиып тұр. Әйел ұлтты тәрбиелейді, келген қонаққа ілтипат
көрсетіп, дәмін ұсынған әйел атаулының киген киімдері арқылы бұрынғы бабаларымыз елдігімізді таныған.

(http://collegy.ucoz.ru/publ/89-1-0-12313 (108 сөз)

Мәтіндерді салыстыру

1 -мәтін

2- мәтін

Стилі







Айырмашылығы








2-тапсырма

Мәтінді оқып, мазмұн бойынша шағын жоспар құрыңыз.

Сол күні қазақтың ең әдемі аруы атағы үшін 21 үміткер сынға түсті. Көркіне ақылы сай қаракөз қыздарымыздың барлығы да жеңістен үмітті. Алайда, елдің ең сұлу аруы атану үшін бойжеткендерімізге жеңіл болған жоқ. Байқауға қатысушыларға қойылған талаптар өте жоғары болды. Бұл сайыста арулар сұлу әрі көрікті ғана емес, сондай-ақ ана тілін құрметтейтін, тарихын, салтәстүрін білетін, әдебиет пен мәдениеттен хабары болуы шарт.

Байқау бірнеше кезеңнен тұрды. Мұнда бойжеткендер шығармашылық және зияткерлік белсенділіктерін көрсетті. Сынға түскен аруларымыз сондай-ақ, қазақ эстрада жұлдыздарымен бірге ән шырқап, би билеп, өнерлерін паш етті. Арулардың өнерін белгілі тележүргізуші Айгүл Мүкей, отандық опера при
масы Нұржамал Үсенбаева, ақын Айнұр Тұрсынбаева, байқаудың продюсері Баян Есентаева, театр және кино актері Ғани Құлжановтар бағалады.

«Қазақ аруы» байқауының бас жүлдесі 20 жасар маңғыстаулық Гүлназ Жолановаға бұйырды. Ару тәжін Гүлназға байқаудың былтырғы жеңімпазы Әйгерім Қанатбаева табыстады.

( http://lite.bnews.kz/kk/photonews/post/10189/ 133 сөз) Жоспар

Кіріспе бөлім ____________________________ Негізгі бөлім ____________________________ Қорытынды бөлім ________________________

3-тапсырма

Сізге досыңыздан хат келді делік. Хатқа жауап жазыңыз (40-45 сөз). Сәлем, Бақытжан!

Хал қалай? Өзім жақсымын. Отбасым аман-есен. Мен өз фирмамды ашқым келеді. Онда шаштараз, сән салоны болады деп ойлаймын. Барлық қағаздарды дайындап жатырмын.

Сенен бір көмек керек. Фирмамды қалай атауды білмей
тұрмын. Сенің ойыңша, атау қандай болу керек? Мүмкін, қос атау ма? Немесе тарихи атау ма?


8

4-тапсырма

Мәтінді мұқият оқып шығып, тест сұрақтарына жауап беріңіз.

«Отан отбасынан басталады» деп жатамыз. Жанұяның береке-бірлігі әр сәбидің, әр баланың болашақ қадамы. Өйткені ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің. Отбасы ол да бір шағын ғана мемлекет.

15 мамыр - халықаралық отбасы күні. Атаулы күн 1993 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясымен бекітілген. Бұл күнді белгілеу түрлі мемлекеттерде қоғамның назарын отбасына аудару қажеттігінен туындаған. Отбасы күні алғаш рет 1994 жылы аталып өтті.

Отбасы сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, яғни кез келген зиялы қоғамның діңгегі. Отбасының аман-саулығы әрбір елдің дамуы мен келеш