Файл: Гештальтпсихологиясы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 26.04.2024

Просмотров: 19

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Субъектінің тікелей аталған мазмұндағы сананың құрылымына деген затқа және операцияға деген екіжақты мағлұмат ойлау актісінің негізгі алғы шарттарын жойып жібереді. Ойлау сонымен қатар түсніктер ассоциациялары сияқты феноменальды құрылымдарды өзгертуге де апарылмайды.

Психоанализ: Ойлау мотивтелген процесс ретінде. Адам мінез– құлқының мотивтері ең алғаш психоанализмен қойылып, зерттелді. З. Фрейд бойынша, негізгі мотивтер санасыз сипатта болады және әр түрлі көрініс табады: түс көру, сөзден жаңылу, ұмыту, аурулар симптомдары.

- Түстер–бұл ырықсыз жүзеге асатын, бейнелік ойлаудың түрі.

- Еркін ассоциациялар әдісі. Ырықсыз бейнелік ойлау, еркін ассоцициялар–санасыз мотивтердің көрініс табатын маңызды аумақтарының бірі.

- Сублимация–санасыз энергияны әлеуметтік құпталған тәсілдерге ауыстыруда іске асатын шығармашылық ойлау процесі.

- Мотивті саналау адамның өзіндік саналуын, ішкі ойлау типін қажет етеді.

Аутистік ойлау тұжырымдамасы Э. Блейлермен шығарылған. Аутизм адамның ішкі өмірінің басымдылығымен, сыртқы өмірден кетуімен байланысты. Әдетте түс көру, ырымшылдық, аңыздарға сену, шизофрениялық ойлау–аутистік ойлаудың көріністері. Бұларда ойлар аффективтік ұғымдарға бағынады.

1.3.Гештальт психологиясының қалыптасу ерекшеліктері.

Берілген терминді американдық психолог Фриц Перлз ойлап тапқан. Топтың мүшесі және оның көшбасшысы келісім- шарт қарым- қатынас жасау түрінде жүргізіледі. Және де топтың барлық мүшесі бұл үрдіске қатыспай, бақылап отырады. Мұндай бақылау әрқайсысы өзін және өзінің мәселелерін түсінуге көмектеседі. Осының негізінде жеке тұлғаның өзгеруіне мүмкіндік береді.

Гештальттерапияның мақсаты осы немесе басқа құрылымдардың төмендеуінің қандай болуына қарамастан, “күрес” пен “жөндеуге” емес, адамның жақсы болуының үйлесімділігін дамыту мен ұстап тұруға бағытталған. Сондықтан о-бастан ақ терапия медициналық көмек берумен емес, дененің үйлесімділігімен айналысты.

Гештальт -терапияның клиенттері өзінің жақсы болуын талдауға және сәттілікке ұшыраған қарым- қатынасқа қандай да бір сәттілік туралы жұмыс істеуге мәселелер мен қиындықтарды шешуге ғана тоқталып қалмайтындығына қатты таң қалуда.

80 жылдары американдық студенттермен (санау бөлімі бойынша жұмыс істейтін жұмыскерлер) терапияның әр түрлерінің әр түрлілігінің эффективтілігі туралы сұрақ бойынша өткізген талдауы шын негізінде нәтиже, баға және даму арасында ешқандай маңызды корреляция жоқ екенін көрсетті.


Гештальттерапевт тығылмайды, керісінше өзінің ойларын айтады, өзінің қатынасын, сезімін білдіреді, өзімен тең санайды. Әрине ол мұндай сезімдерді білдіргенімен, ол өз өзін ұстай алады.Ол вербалды және физикалық түрде араласуы мүмкін, егер керек болса алдыңғы үрдісті күшейте де алады және жағдайға жекелік мағына беруіне мүмкіндік береді.

Гештальттық психотерапия “жекелік” немесе “топтық” терапияны емес, “диадтық” терапияны білдіреді. Бұл жағдайда клиент пен терапевтің бір уақытта қатысуын енгізеді. Бұл терапия “осында және қазір” деген екі адам арасында болады. Ол алдыңғы үрдісті түсінуге және жаңа құрылымдардың эмоционалды апробированиесіне бағытталған.Гештальттерапия тұманнан шықты. Сол кезде Перлзді қоғам жаңа үрдістің “әкесі” ретінде санай бастады. Бұл ағым Америкадан Австралияға, Япониядан Ресейге дейін жерді басып алды.Гештальттерапия психоанализді ревизиялау әдісі ретінде туындады.( Фриц және Лора Перлздер, Джим Силекин,Изадор Фром, Ирвин және Мириат Польстерв,Джозеф Зинкер т.б) оны практикада біріншіден жекелік психотерапия ретінде қолданды (бір немесе бірнеше сессия аптасына бір сағатқа созылды терапевтпен көзбе көз).Перлз былай деді: “Менің әдісімді тек ауру кезінде қолдану жеткіліксіз болып келеді, себебі ол өте күшті”.

Қазіргі таңда жекелік гештальттерапияға қатысқан 12 миллион француздардың көпшілігі ауру емес сіз және біз сияқты өмірін жақсартуға өмірінің сапасын жекелік жанұялық және әлеуметтік өмірін толықтыру үшін қобалжитын жандар екні анықталды.Міне сондықтан гештальттерапия тек қана ауруханаларға қиындық сезген жасөспірімдер мен балалар оқитын оқу орындарына ғана емес, сонымен қатар мектептерге төменгі лицейлерге, үлкен адамдарды дайындайтын институттарға енгізілуде.

Қандай да болсын оқыту және психотерапия (докомин, сератин, адреналин, тестестерон т.б) нейромедиаторлардың және гормондардың өңделуіне және мидың ішкі биохимиясын өзгерте отырып, церебралды әдістерге әсер етеді.

Миға әсер ететін және жүріс- тұрысты өзгертетін молекулалардың жиынтығы табылды. (транквилизаторлар симуляторлар антиделирианттар т.б).

1952 – ші жылы Анри Лабори “аминазин” деп аталатын жаңа психотроптық препарат ойлап тапты. Оны қабылдау психозды купироватетуге алып келеді. Бұл препаратты қолдану психиатрлық ауруханаларда “ауыстыратын жеденің” орнына қолдануды алмастырды. Мұның негізінде “химиялық жеде” орын алды .Франция транквилизаторды қолдануда ең басты орында келеді: Ол “феназепам”. Ал қазіргі күні 1,5 миллион адамдар “prozac” деп аталатын препаратты қолдануда. Бұл жаңа дәрілер қаншалықьы эффективті болғанымен адамның ағзасына тигізетін кері әсерлері де табылды ( ұйқышыл, өзін-өзі ұстауы енжар, есінің төмендеуі, либидоның төмендеуі, және де емдеуді тез арада тоқтатқан кезде өзіне-өзі қол жұмсауға дейін барды).Гештальттерапия әсіресе гипоталамикалық бөлімдерін (қозу “қазір және осы жерде” тілегі) және фронтальды маңдай бөлімі мобилизаватетеді, осылай гештальттерапия мидың осы әлсіз бөлімдерінің жағдайының белсенділікте ұстайды, және олардың жастығын және өмірлігін сақтайды. Себебі Вандер батареясынан гөрі, тірі материя қолданылмайды, егер ол ештеңеге қызмет етпесе.


Гештальттерапияның алдына қойған мақсаттарының біріне біздің өміріміздің жоспары мен тәжірбиемізді интеграциялау арқылы біздің “программаларымызды” әрқашан коррректировка жасап тұру.Гештальттағы қандайда болмасын психотерапевтикалық қызметі әр түрлі ішкі заттардың тепе-теңдігін ұстауға көмектеседі.Егер допоминді көп қолданса цереболды “қысқа істен шығу” ал беттен “қатты толқу” көрінеді: Сандыраққа ұқсас шизофранияға шалдығады: егер допомин жетіспесе- Паркинсон ауруына ұшырайды. Ал серотинді көп қабылдаса- жабысқақ ауруға, ал жетіспесе -депресияға ұшырайды.

Гештальтт әрқашан ерік тандау қабілетін дамытуға итермелейді: терапияның барлық жүргізілген сессияларында “клиентті” (кім сұрауға құқылы) “жоқ” деп айтқызуға итермелеитін автономды таңдаумен отказға оятады.

Лора Перлздін айтуынша: “Мен жеткілікті айтпаған жағдай бар: денелік жұмыс гешттальттерапияны бөлетін бөлімнің бір бөлігін құрайды.Гештальт өз алдына холистикалық терапияны білдіреді. Бұл дегеніміз (тек дауысты сөздерді қызметтерді тағы не бар оны ғана емес сонымен қатар) гештальт ағзаны түгел қарастырады.Оның ойынша гештальттерапия көп жағдайда терапевтикалық эффективтілігі талқыланбайтын, бірақ бұзылыстардың болуын түсіндіруге арналмаған радикалды жаңа терапевтикалық құрлымды ұсынды.

Емдегенде күнделікті және конфидициалды бақылауды мамандандырылған іскер адам жұргізу керек.Психотерапияны қабылдаған жағдайда терапевт осы ісбойынша мамандандырыған адам болуына көз жеткізу қажет. Оның профессионалды топқа кіретіндігін біліп алу қажет, және өзіңде супервизиядан өтуің керек.


II ГЕШТАЛЬТ –ТЕРАПИЯСЫ

2.1 Гештальт –терапиясының негізгі ұғымдары

Гештальт сөзі неміс тілінен «тұтас бейне» деп те аударылады, сондай-ақ құрылым, осындай кең мағынада деп ұғынылады. Гештальтпсихология, гештальт-терапия сияқты, психология (әсіресе психотерапия) тұлғаның жеке бөлшектерімен, оқшауланған психикалық үдерістермен, психологиялық әсер ету факторларымен айналыспай, оларды бірыңғай кешенде және өзара байланыста қарастыру керек деген тұжырымдамадан шығады. Батыста гештальт-терапия кәсіби емес психотерапевттер арасында неғұрлым кең таралған болып табылды. Оны психологтар, әлеуметтік қызметкерлер, педагогтар қысқа мерзімде ғана игеріп алады.

Негізгі ұғымдар:

Осында және қазір. «Сені өткен немесе болашақ емес, бүгінгі күн толғантсын». “Осында өмір сүр”. Қолыңда жоқпен емес, барымен жұмыс жаса. Пішін және фон. Перлз тұтастай қабылдау мүмкіндігін, клиентке әсер ететін барлық ішкі және сыртқы факторлардың өзара әрекеттесу есебін нақтылай отыра,осы тұтас суретте пішін мен фонды бөліп көрсеткен. Осындай кешенді көзқарас неғұрлым объективті бағалауға көмектеседі және гештальт элементтерінің әрқайсысы, оның ішіндегі кемшілік болып табылатыны да, кешенде психикалық бейімделудің маңызды факторы және басқа элементтердің өзара әрекеті болуы мүмкін.

Ақыл-ойдың кеңеюі. Бұл термин психотерапияның басқа да түрлерінде кең таралды, тіпті филисофия мен педагогикада. Оның мәні клиентке шешілмейтін жағдаятты басқа қырынан (немесе әр түрлі жақтардан), сонымен қатар одан шығу жолын көруге мүмкіндік туғызу болып табылады. Неғұрлым кең мағынада ақыл-ойдың кеңеюі адамның өз өміріне және өмірдегі өз-өзіне тұтастай басқаша қарауға, кедергілерді төтеп беру жолдарын ғана емес, сонымен бірге толық өзін-өзі іске асыру мүмкіндігін көруге жағдай туғызады.

Қарама-қарсылықтармен жұмыс. Келесі қағида - қарама-қарсылықтармен жұмыс. Біздің қабылдау қалыптармен «кірленген».

Сезімдердің амбиваленттілігі. Бұл кез келген психикалық дені сау адамның қалыпты қасиеті, мәселен, қызғанышта біз бір мезгілде жақсы көреміз және жек көреміз. Дәл сондай балалардың ата-анасына, ата-аналардың балаларына, ағалары мен сіңлілері қатынастарында және т.б. кездесе алады.

Аяқталмаған іс — гештальт-терапияда жеке тұлғаны өзертіп, жаңа қақтығыстар тудырып, оның актуальды мінез-құлыққа әсер ететін кідіртілген сезімдер айқындалады. «Аяқталмаған іс» тұжырымдамасына сәйкес әрекет етілмеген эмоциялар болып жатқанды актуальды тану үдерісіне кедергі келтіреді.


Қашқақтау — «аяқталмаған істің» қандай да болмасын жағымсыз күйзелісінің мойындау және қабылдаудан бас тарту тәсілдерімен байланысты мінез-құлықтың ерекшеліктері айқындалатын ұғым.

Жүйкенің төзу деңгейлері — Ф.Перлз шығарған ұғым. Жеке тұлға құрылысын метафоралық түрде пиязға теңестірген Ф.Перлз бойынша психологиялық есеюге жету үшін жүйке төзуының бес қабатын алып тастау керек деген:

1) жалған рөльдік мінез-құлық қабаты (әдеттегі стереотиптер, ойындар, рөльдер;

2) қалыптар қабаты, онда клиент өзінің аурушаң күйзелістерімен кездесуден қашуға тырысады;

3) «тұйық және ашыну» қабаты — өзіндік жеке шарасыздық күйзелісімен байланысты сәттер;

4) өзіндік «МЕН» оңай кіру қабаты (адам ренжіген сәттерде өз табандылығын сынап, өзі жағдаятпен күресуге бел буады;

5) эмоциональдық жарылыс қабаты, клиент өзінен жалған және қоқысталғанды шешіп тастап, өзінің шынайы «МЕНІНЕН» өмір сүріп әрекет ете бастайды.

Энергия және энергияның қоршалуы — психологиялық талдаудан енген “энергия” ұғымы, оның кернеуде айқындалатын орналасуы мен қоршалуы (ең алдымен денелік — күйі, қимылы, көзқарасы, дауыс үні) гештальт-терапияда түсіндірмелі терминология және оқыту құралы ретінде қолданылады.

Бүгінгі күні гештальт-терапия жиі топтық нұсқада тәжірибеленеді. Осы бағытта «ойын» және «сынақ» деп аталатын психотехникаларға гештальт-терапияда үлкен мән беріледі.

Екі рөлі. «Қызба орындықта» отырған клиентке қарам-қарсы бос орындық қойылады; онда елестетілген адам отыратын тәрізді, клиентте онымен ашық немес жасырын, бірақ жабырқаңқы немесе шешілмеген кикілжің пайда болады. Клиент екі ролді атқарады. Өз орындығынан ол өз атынан елестегі серіктесіне өтінеді, ал оның орындығында максимальды түрде басқа біреудің жай-күйін түсінуге және оның орнына өз-өзіне жауап беруге тырысады. Кей кездері клиентке қарам-қарсы клиентпен таңдалған топ мүшелерінің бірі бола алады, клиент оған сол адамның рөлін түсіндіреді. Осындай түсіндіру үдерісінде ол кикілжінге еріксіз түрде басқа көзбен қарай бастайды – басқа біреуді жақсырақ түсіне бастайды.

Кері байланыс. Бұл клиент пен психотерапевттің тұрақты психологиялық байланысы, ол клиенттің өз-өзін, өз жағдаятын (мәселе) жақсырақ көретін, өз жай-күйлері мен олардың мінез-құлық құбылыстарын объективті бағалай бастайтын айна тәрізді болып табылады.

Қазір мен ұғынамын... Бұл жаттығудың мәні – бұрын еске салынған гештальттерапияның негізгі қағидасына сәйкес осы нақты сәтте өзіндік санасының мазмұнын талдауға бағытталған клиенттің белсенділік пен тырысуының машықтануы: осында және қазір. Жаттығу уақыт сайын қайталанатын клиенттің «іске қосу» »Қазір мен ұғынамын...» фразасынан айтқаннан кейін басталатын зейіннің жинақталуынан тұрады. Клиент бірнеше минут бойы бұл фразаны нақты осы сәттегі өзінің сана мазмұнының бейнелеуін қоса қайталап отырады.