Файл: Гештальтпсихологиясы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 26.04.2024

Просмотров: 18

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


«Сараптау сұхбаты» техникасы («диссоцияланған сұхбат»), «бос орындық» деген атаумен де белгілі, клиенттің ішкі кикілжіндерін талқыға салуға арналған. Техника клиенттің екі полярлық бағдары арасында болатын психодраманы пайдалануға құрылған. Сұхбат клиенттің өзімен жүргізіледі, ол ілікпе сөздерді кезекпен алдымен бір психологиялық бағдар атынан, кейін екіншінің атынан айтады.

«Шеңбер бойынша жүру» — клиент (топтық жұмыста қолданылады) барлық қатысушыларды кезекпен аралап, оларға не бір нәрсені айтады, не олармен қимылдар жасайтын психотехниканы атайды. Топ мүшелері мұндайда жауап бере алады. Техника топ мүшелерінің белсендірілуі, оларды жаңа мінез-құлық тәуекеліне және өзінің ойларын білдіру еркіндігі үшін мадақтауға қолданылады.

«Керісінше» техникасы (“аударыспақ”) — клиент өзіне ұнамайтын мінез-құлыққа қарама-қарсы ойнайды. Техника клиенттің өзін жаңа мінез-құлықта қабылдауына және тәжірибенің жаңа құрылыстарының «МЕН»-де жинақталуына бағытталған.

«Сараптамалық асыра көрсету» — дене, вокалдық және басқа қимылдардың әсірелеу жолымен өзін-өзі тану үдерісінің дамуы — бұл әдетте кез келген мінез-құлыққа тиесілі сезімдерді күшейтеді. Техниканы қолдану ішкі қарым-қатынастың дамуына септігін тигізеді.

«Мен бұған жауаптымын» — психолог бұл тәсілді қолдана отыра, кей сезімдерді білдіру туралы өтінішпен немесе «мен де бұған жауаптымын» дегенді міндетті түрде қосып алу арқылы ой-пікірді білдірумен клиентке өтіне алады.

Сезіну техникасы. Клиенттерді өз дене тілін, өзіндік тынысын, дауыс пен эмоциялардың ерекшелігін сезінуге, сондай-ақ қандай да болсын миға байланған ойларға есеп бере алатындай әрекеттер жасауды сұрайды. Шын өмірдегі сезіну техникасы кей кездері фокальды сезіну деп аталатын шоғырлану техникасы болып табылады. Бұл техника арқылы клиенттер әрбір «қазірді» ойлауға және өзінің әрбір қажеттілігін, сондай-ақ олардың бір салаға қатысты сезімдері мен мінез-құлықтары басқа салаға қатысты сезім мен мінез-құлыққа байланысты екендігін сезінуге үйренеді. Негізгі мақсаты — адамға толығымен өз күш-қуатын іске асыруға жәрдемдесу. Бұл басты мақсат қосымшаларға бөлінеді:

1) актуалды өзін-өзі сезінудің толыққанды жұмысын қамтамасыз ету;

2) бақылау локусының ішке қарай жылжуы, тәуелсіздік пен өз-өзіне жеткіліктілікті мадақтау;

3) өсуге кедергі келтіретін психологиялық блоктардың табылуы және оларды жою.

Гештальт-терапияда психолог клиент тұлғасы «гештальтқа», бірыңғай тұтастыққа интегралданған «катализатор», «көмекші» және «жаратушы» ретінде қарастырылады. Психолог клиенттің жеке сезімдеріне тікелей енбеуге тырысады, ол осы сезімдердің айқындалуын жеңілдетеді.


Гештальт-терапияда клиенттерге өзін жеке түсініктеме беру, бағдарлар құқығы, «серікті», өзінің мінез-құлқы мен өмірінің кестесін сезінуі кіретін белсенді рөль беріледі. Клиент ұтымды етуден күйзеліске көшу керек деп жорамалданады, бұл жерде сезімдердің вербалдануы мыңызды емес, мұнда клиент шынында да сезімдерді сезініп, олар туралы жай хабарламай, олардың атынан сөйлейтіндей болатын актуальды күйзеліс үдерісінің өзін клиенттің қабылдауы мен тілегі.

Гештальт-кеңес берушінің басты мақсаты — клиентке әрдайым қоршаған ортадан жәрдем күтуінен құтылуға және тәуелсіздікке көшуге көмектесу. Гештальт-кеңес берушіліктерге өтілген клиенттер, алғашқы рет, негізінен, өз мәселелерін шешуге қызығушылық танытуда. Гештальт-кеңес берушітар клиенттерге ағымдағы мәселелерді шешуде өздерін тірек ретінде ғана емес, сонымен қатар неғұрлым «шынайы» өмір сүруге көмек көрсетеді. Клиенттер дербес болуы үшін, олар өздерінің организмикалық экзистенциалдық орталықтарымен (мен — ол менің негізгі қалпым). Өзінің организмикалық «МЕНімен» немесе сезімдерімен қатынаста болатын адамдар өзін-өзі жігерлендіргіш немесе дербес болып табылады.

2.2 Гештальт терапияның негізгі бағыттамалары

ХХ ғ. 50-жылдардың басында Ф.Перлз Гештальт терапияның жаңа бағытының негізін салды. Гештальт терапия теориялық-әдіснамалық бастауын психоанализ бен гештальт психологиядан, экзистенциализм мен феноменологиядан, шығыстың рухани тәжірибесі мен гуманистік психологиядан алады. Гештальт Батыс пен шығыс мәдениетінің адамзатқа деген көзқарастарының ерекшеліктерінің таңғажайып синтезін көрсете отырып, осы мәдениеттердің тоғысында болады.

Ф.Перлз адамды қоршаған ортамен бірлікте қарастырды, адамға тек қана биологиялық емес, сондай-ақ, әлеуметтік пен мәдениеттік те тән, сөйтіп ол қоршаған ортамен ажырамас бірліктегі өріс ретінде болады. Адам мен ортаның арасында үздіксіз өзара алмасу – адамның қажеттіліктеріне негізделген байланыс жүреді. Перлз ағзаның психологиялық немесе физикалық тепе-теңдігі бұзылған жағдайда сезілетін (ұғынылатын) көптеген қажеттіліктер бар екендігін айтады. Қажеттіліктердің ешбірі негізгі болып табылмайды. Негізгі қажеттілік, бұл, қазіргі сәтте, дәл осы шақта үстемдік ететін қажеттілік – фигура ретінде көрінеді де, қанағаттандырылғаннан кейін


фонға ауысады, яғни гештальт, бұл фигура мен фонның шексіз алмасып отыруы. Гештальт терапия қажеттілікті (гештальт) сезіну және әрмен қарай оны қанағаттандыру қалай жүретіндігіне, адам мен қоршаған орта арасында байланыс (контакт) қалай жүретіндігіне қызығушылық танытады.

Адам өзінің нені қалайтындығын әрдайым біле бермейді және оның қалағандары үнемі қанағаттандырыла да бермейді.

Қажеттіліктерді ұғыну процесінің өзін-өзі тежеу (блокирование) механизмдері мен байланыс циклдерінің үзілуіне деген қанағаттануға ерекше көңіл бөлінеді.П. Гудман байланыс (контакт) циклін шартты түрде 4 бөлікке бөледі:

1. Байланыс алдындағы кезең. Байланыс алдындағы кезең барысында қозу пайда болады – бұл ағзаның ішінде пайда болатын «ашығу» сияқты сезімдер немесе қажеттіліктерді ұғынуды оятатын сыртқы ортадағы нәрсені қабылдау.

2. Контактинг.

Қажеттіліктерді ұғыну сәтінен бастап біршама жұмыс істеу қажет:

• Өзіндік ресурстарды өлшеу және қажеттілікті заттандыру үшін сыртқы ортада бағдарлану.

• Кейде көптеген кедергілерді жеңе отырып, таңдалған объектіге жақындау үшін бірқатар әрекеттер жасау. Бұл жерде көп нәрсе эмоцияға тәуелді болады.

3. Қалаулы оъектіге қол жеткізілді, енді субъект пен объект арасындағы өзара әрекеттесу зейін объектісіне (фигурасына) айналады. Олардың арасындағы шекара жойылып, қажеттіліктер жүзеге асырылады.

4. Байланыстан (контактіден) кейінгі кезең. Адам жаңалықты, сондай-ақ, оған қол жеткізумен байланысты тәжірибені өз бойына сіңіреді (ассимиляциялайды), иеленеді және қорытады.

Гештальт аяқталады, қажеттілік қанағаттандырылды да фонға айналады.Тіпті оны іске асыруға көп күш жұмсалса да, әдетте барлық қажеттіліктер қанағаттандырыла бермейді. Әрбір гештальт аяқтала бермейді. Біз Б.Зейгарниктің тәжірибелерінен аяқталмаған жағдайлардың (ситуациялардың) аяқталғандарға қарағанда 2 есе жиі еске түсетіндігін білеміз. Гештальт терапиядағы тәжірибе, егер, олар саналы түрде ұмытылса, олар сана астына жіберіліп, күтпеген жерден өзі жайлы хабар берсе: толығымен аман-саулық кезінде кенеттен күйзеліс пайда болады да, адам өзін бүгінгі жағдайға барабар емес түрде ұстайтындығын көрсетеді. Көп жағдайда жаншылған сезімдер, айтылмаған сөздер, айқындалмаған қатынастар мен аяқталмаған әрекеттер адамда жылдар бойы өмір сүруін жалғастыра береді. Қанағаттандырылмаған қажеттілік аяқталуын күтеді.Бірақ қажеттілікті дер кезінде қанағаттандыруға не кедергі келтіреді? Олардың бір бөлігі сыртқы ортаға байланысты себептермен қанағаттандырылмайды, өйткені «тәтті тоқаштардың әрдайым барлығына жете бермейтіндігі» құпия емес қой. Орта қажеттіліктері көбінесе индивидтің қажеттіліктерімен сәйкес келе бермейді, әрі ортаның ресурстары да шексіз емес. Алайда ортаны ең керемет деген терапевтің өзі де өзгерте алмайды. Сол себепті гештальтта ортаның «қарсыласуын» қарастырмайды, сол нақты жағдайларда адамның өзін қалай сезінетіндігіне және өзін қалай көрсететіндігіне назар аударады.


Адамның өз қажеттілігін ұғынуына немесе оны іске асыруына кедергі келтіретін мінез-құлық ерекшеліктеріне назар аударылады. Міне, солар ғана байланыс (контакт) циклін үзеді немесе оны аяқталу энергиясынан, аяқталудан айыра отырып оның түрін өзгертеді.Олар адамның өзіне және қоршаған әлемге бағдарлануына кедергі келтіреді; «бүгінгіні» өткен тәжірибемен алмастырады; ақиқатпен күресудің орнына ішкі күреске күш жұмсауға мәжбүр етеді, табысқа жетуге мүмкіндік бермейді. Әрбір адамда бақытсыз болу тәсілдерінің өзіндік ең ұнамды, дағдылы шеңбері болады. Гештальтта оларды қарсыласу деп атайды.

Қарсыласу термині психоанализден алынған, сондай-ақ, оның З.Фрейд егжей-тегжейлі сипаттаған негізгі түрлері бөлініп көрсетілген. Гештальт терапияда байланыс (контакт) циклінің әр кезеңінде байланысты (контактіні) үзетін белгілі бір қарсыласу іске қосылады. Олардың кейбіреуіне қысқаша сипаттама берейік. Байланыс (контакт) алдындағы кезеңде негізгі ретінде «Қосылыс» қарсыласуы көрінеді, адам нені қалайтындығын, оған не қажет екендігін айта алмайды, өз сезімдерін (сезім бар, бірақ, бұл қандай сезім екендігін анықтай алмайды), өз қажеттілігін айқындап бере алмайды, басқалардың сезімдерін немесе тілектерін өзінікі сияқты жеңіл қабылдайды. Өзінің жеке «Менін» бөліп көрсете алмайды.

Контактинг кезеңінде байланысты үзудің негізгі түрі ретінде «интроект»-қарсыласуы іске қосылады: адам қалай болуы тиіс, қайсысы дұрыс екендігін біледі, бұл конструктілерді ол өзіне маңызды адамдардан ұғынбай-ақ иеленеді. Ал неліктен солай болуы тиіс екендігін білмейді.

Проекция – басқа адамдардың ойларын оқу. Мысалы, мен жайлы жаман ойлап қалады. Біз басқа адамдарға таңатын ойлар, бейнелер, сезімдер, соның ішінде өзіндегі кейбір қабылданбайтын нәрселерді де жатқызуға болады.

Дифлексия - адам тікелей байланысқа (контактіге) түсуден қашады және мақсаттарына айналмалы жолмен қол жеткізеді. Мысалы, біреулерге ашуланды, бірақ ол ашуын басқалардан алды. Энергия басқа жаққа қозғалады. («Таз ашуын тырнадан алады»).

Ретрофлексия - бұл басқаларға бағытталған тойтарылған сезімдерді, импульстерді өз адресіне бұру. Бұл негізінен финалдық байланысқа (контактіге) тән.

Байланыстан кейінгі контакт (постконтакт) - байланыс циклі өтті, ортамен өзара энергия алмасу жүрді, өзгерістерді иелену және сіңіру (ассимиляциялау), оларды өзінің бір бөлігіне айналдыру кезеңі. Алайда бұл үнемі бола бермейді.

Адам көбінесе оқиғалардың өзін немесе оларға қосқан өз үлесін елемей, өз іс-әрекетінің нәтижесін бағаламайды немесе жатсынады. Немесе өзіне маңызды адамдар тарапынан «бағаламауы» болуы мүмкін. Сол кезде бірдеңеге қол жеткізгенмен де, сәтсіздіктерден қашу мақсатында байланыс тезірек орнатылады, адам өз мінез-құлқын, әрине, төмен бағалайды.


Адам неліктен өзі шын мәнісінде қалағандарын қанағаттандыра алмағандығын әр түрлі ойлар арқылы өзіне өте қисынды түрде түсіндіреді. Рационализациялау (ақыл-ой таразысына салу) – бұл да қарсыласу механизмдерінің бірі.

Ақыл-ой сараптамасына жүгіну, талқылау жолымен мәселе өз шешімін таппайды. Ф.Перлз гештальт бағытында сезімдерге көңіл бөлуді ұсынады. Дәлірек айтқанда, «біздің сол сәтте не сезінетіндігімізге немесе сезінгендігімізге» көңіл бөлінеді. Өз сезімдерін ұғына отырып, жаңа ойлар келеді және жағдайға деген жаңа көзқарас қалыптасады. Әлем туралы түсінігін өзгерте отырып, әлемді қабылдауы да өзгереді, бұл өз кезегінде адамның бақытты болуына көп мүмкіндіктер тудырады. Гештальттерапия ежелден келе жатқан байырғы - «Қолыңнан келгенше өзгерте алатыныңды өзгерт, өзгерте алмасаң өзіңнің оған деген қатынасыңды өзгерт»- дейтін ақиқатты қолданады. Бұл өте қарапайым естіледі, оны қолдану оңай сияқты, бірақ өзіңе қатысты нақты жағдайларда қолдану өте қиын. Дәл осы Гештальт терапияда бұны «Қалай» істеу керектігінің тәсілдері қарастырылған.

2.3. Гештальт –терапиялық кеңес беру техникасы

Алғаш қолданылатын техника ол – клиент пен гештальт терапевт арасындағы контракт. Бұл кезде, олар тең құқылы серіктес шартына қол қояды.

Контракт нәтижесінде, ондағы мақсаттар қалыптасады. Контаркттағы мақсат – клиент талабына сай болады. Егер, клиент жауапкершіліктен бас тартса, онда онымен қайта жұмыс жасау процесі жүреді. Гештальт терапиялық контрактіде топпен және жекеше клиенттермен атқарылатын жұмыстар еңгізіледі. Бұл мәселенің барлығын анализдей келе,контрактыға қол қояды. Нельсон Джоунс бірнеше ережелерді бөліп көрсеткен.

« Осы жерде және қазір » принципі. Бұл принциптегі қарым – қатынас «Сізге қазір не болып жатыр?» деген сұрақ арқылы жүзеге асады.

« Мен және сен ». Тікелей басқа адам арқылы емес, «Мен» есімдігін қолдану арқылы өтінішін білдіру.

« Жауапкершілік тілін » қолдану. Мысалы, « Мен бұны жасай алмаймын » деген сөзді, «Мен бұны жасамаймын!» деген сөзге өзгерту.

« Ұғыну континуумын » қолдану. Мінез – құлық мәселесіне қатысты зейінін « неге? » сұрағына емес, ал «қазір», «не?» және «қалай?» деген сұрақтарға аудару.

« Ешқандай өсек – аяң ». Қарым – қатынасқа түсу барысында басқа адамдар жайлы ойларын олардың қатысуында талқыламау.

«Сұрақтарды бекітулермен (утверждения) алмастыру». Топ қатысушылдарына, қолдау табу мақсатындағы қоршаған ортаға монипуляция жасауға мүмкіндік беретін сұрақтар құрастыруға емес, керісінше осы енжар сұрақтарды белсенді әрі тәуелсіз бекітулерге алмастыру ұсынылады. Яғни, кеңес берудің тиімділігі ондағы принциптер мен жаттығулардың нәтижесі.