Файл: 1. Адам капиталына салынан инвестицияларды теориялы негіздері.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 27.04.2024
Просмотров: 65
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
- тәжірибе, білім, жаңалықты енгізімдерге қабілеттілік, сондай-ақ жалпы мәдениеттілік, фирма философиясы, оның ішкі құндылықтары түрінде компания қызметкерлеріне сіңірілген адам капиталы;
- патенттер, лицензиялар, сауда маркалары, ұйымдық құрылым, деректер базасы, электрондық тораптар және басқа объективті факторларды құрайтын құрылымдық капитал.
Осы екі құрамдас бөлімдердің негізгі айырмашылығы мынада: адам капиталы оның иесінен бөлініп және ажыратылып, сондай-ақ ол көшіріліп алынбайды және басқа ұйымдардың бірде-бірінде қайта өндірілмейді, ал объективті және материалдық сипаттағы құрылымдық капитал тұтасымен немесе оның жекелеген элементтерін көшіріп алуға, қайта қалпына келтіруге немесе басқа фирманың немесе жеке тұлғаның игілігі үшін иесінен ажыратыла алады.
Компанияның нарықтық құнын екі актив тұрпаты да анықтайды. Бірақ олардың біріншісін фирма өз дегенімен пайдалана алмайды, себебі ол фирманың меншігіне жатпайды. Т. Стюарт осымен байланысты мынадай ескертуді айтады: «Адам капиталын ашатын фундаменталды ерекшелік, адамдарды жалдауға болатындығы, бірақ оларды меншікке сатып ала алмайтындығында болып табылады» [10]. Басқаша айтқанда, корпорация шексіз түрде иелене алмайтын ресурс оның күшінің маңызды көзінің біріне айналады. Бұдан мынадай қорытынды шығаруға болады: адам капиталы фирманың өз құрал-жабдығына жатқызыла да алмайды және ол фирма активтерінің бірі де болып саналмайды. Ол қарыздық міндеттемелер немесешығарылған акциялар сияқты пассивтерге жататын уақытша тартылған құра-жабдығына жатқызылуы тиіс.
2.2. Білім беруге салынған инестициялар
Білім адам капиталын дамытудың маңызды құралы болмақ. Сондықтан да білімнің тиімді жүйесін құру экономиканың қажеттіліктерге сайма-сай келуі керек. Қазіргі уақытта білім саласындағы мемлекеттік саясатттың негізгі бағыттары мен басымдықтары Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында айқындалған. Әлбетте, білім саласы бойынша межеленген басымдықтар қазіргі уақытта кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Алайда, білім беру үдерісін одан әрі дамыту қажеттілігін ескере отырып, елбасының тапсырмасы бойынша білім жүйесін жаңарту жөнінде тыңғылықты жұмыстар жүргізілуде. Бұл орайда түпкі мақсат еліміздегі білім беру қызметтерін әлемдік стандарттар деңгейіне көтере алатын білімді басқару жүйесін құру болып табылады.
Инвестицияның көзі жинақ болып табылады. Бірақ мәселе мынада: жинақты жасайтын бір шаруашылық субъектілері болса, инвестицияларды басқа шаруашылық субъектілері жасауы мүмкін.
Көпшілік халықтың жинақтары инвестиция көзі болып табылады. Бірақ осы адамдар нақты игіліктің өсуімен байланысты капиталдың саламын жасамайды. Қызмет жасайтын әртүрлі формалар да инвестицияның көзі болады.
Инвестиция жасау процесі күтілетін пайда нормасынан немесе рентабельділіктен жасалатын капиталдың салымымен тәуелді болады.
Экономиканың қазіргі даму сатысында білім беруді тек тұтынудың субъектісі ғана емес, сондай-ақ инвестицияның объектісі ретінде қарастыру орнығуда. Мұндай түсінік көп жағдайда адам теориясымен байланысты.
Макроэкономикалық деңгейде адам капиталын мемлекет өндіретіндіктен білім беруге ЖІӨ-нен бөлінен шығыстар көлемі жылдан-жылға артып келуде.
Кесте 2.
Білім беру деңгейлері бойынша мемлекеттік бюджет шығыстарының құрылымы
Білім беру деңгейлері | 2005 | 2006 | 2007 | 2008 | 2009 |
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту | 9589 | 12937 | 20646 | 27288 | 32067 |
ЖІӨ-ге % | 0,1 | 0,1 | 0,2 | 0,2 | 0,2 |
Жалпы орта білім беру | 157369 | 195271 | 265994 | 292660 | 366643 |
ЖІӨ-ге % | 2,1 | 2 | 2 | 1,8 | 2,2 |
Техникалық және кәсіптік білім беру | | | | 33955 | 48894 |
ЖІӨ-ге % | | | | 0,2 | 0,3 |
Жоғары білім беру | 24956 | 37784 | 47642 | 54815 | 62187 |
ЖІӨ-ге % | 0,3 | 0,4 | 0,4 | 0,3 | 0,4 |
Білім берудің басқа бағдарламалары | 53395 | 64961 | 118579 | 232343 | 236687 |
ЖІӨ-ге % | 0,7 | 0,7 | 0,9 | 1,5 | 1,4 |
Барлығы | 261736 | 331503 | 480696 | 641061 | 746477 |
ЖІӨ-ге % | 3,5 | 3,4 | 3,7 | 4 | 4,4 |
Статистикалық анықтамалық. «Білім берудегі негізгі жетістіктер», 2009 ж.
Кестеден көріп отырғанымыздай, мемлекеттік бюджет шығыстарының құрылымында 2009 жылы мектепке дейінгі тəрбие жəне оқыту ұйымдарынан басқа барлық білім ұйымдары деңгейлерінде ЖІӨ-нің абсолюттік көрсеткішінің де, пайыздық арақатынасының да артқаны байқалады. Мектепке дейінгі тəрбие жəне оқыту деңгейі шығынның тұрақтылығымен сипатталып, ЖІӨ-нің 0,2%-ын құрайды.
ХХ ғасырдың 60-жылдарында батыс экономикағылымында білім беруге бағытталған қаржының инвестициялық және тұтынушылық аспектілерін ажырату әртүрлі білім деңгейлерінің өндірістік маңыздылығы бар не жоқтығын анықтау төңірегінде қызу пікір талас орын алады. Алайда, білім беруге бағытталған қаржыларды қандай да болмасын белгілер бойынша өндірістік және тұтынушылық бөліктерге жіктеу талпыныстары сенімсіз, жеткіліксіз болды. Өндіріс процесінде де, тұтыну процесінде де биопсихофизиологиялық біртұтастық ретінде түгел қатысады. Демек, білім беруге бағытталған барлық шығындар бір мезгілде әрі өндірістік, әрі тұтынушылық мәнге ие.
Осыған орай, білім беру саласын инвестициялау, білім беру қызметі ұдайы өндірістік үлгісінің сандық тиімділік шарты ретінде қарастырылады. Өйткені ол аталған қызметі ұдайы өндіруді қамтамасыз етуші көрсеткішті құрайды және аталған сала, даму тенденциясын және динамикасын сипаттаушы жалпы сандық көрсеткіштер жүйесінен ерекшеленеді.
Білім беру қызметі тұтынушының тауары ретінде ұзақ мерзімді тұтыну тауарына ұқсас, екінші жағынан бұл – инвестициялық топ. Біріншіден, білім адам капиталы құрамындағы анықтаушы құрамдас элемент ретінде аса елеулі шығында қажет етеді. Екіншіден, болашақ табыс көзін және неғұрлым жоғарырақ табыс алуды қажет етеді. Үшіншіден, білім кәсібі және “экстрафункционалды” біліктілік формасында жинақталады. Төртіншіден, білім нормальды тозу тұрғысында үнемі жаңартуды қажет етеді. Осы негізде, белгілі бір білім деңгейін алу туралы шешімді инвестициялық шешім ретінде сипаттауға болады.
Білім беруге бағытталған инвестицияларды осы игіліктердің жеке және қоғамдық пайдалылығы негізінде жеке және қоғамдық инвестицияларға жіктелуі болып табылады. Ал, батыс экономика ғылымында кең қолданылған "насырын” шағын әдістемесі аталған жіктеуді одан әрі тереңдетуге мүмкіндік береді:
- жеке тікелей және жеке жанама инвестициялар
- қоғамдық тікелей және қоғамдық жанама инвестициялар
Білім беруді инвестициялау әртүрлі жолмен жүргізілуі мүмкін:
- оқушыларға мақсатты бағытталған ұзақ мерзімді несиелер беріледі, мұндай несиелер еңбек ету кезінде немесе табыс есебінен қайтарылады
- мемлекет білім беру қызметі ақысын төлеуге және оны тұтынушыларды материалдық қолдауға байланысты барлық шығынды өз қолына алады
- білім беру қызметі ақысын және оны тұтынушыларды материалдық қолдау әртүрлі көздермен қаржыландырылады:
а) мемлекеттік (оқу орындарын республикалық, жергілікті бюджеттен қаржыландыру оқушыларға жәрдемақы және ұзақ мерзімді мақсатты несиелер беру);
б) оқушылардың өздерін қарқыландыру есебінен (олардын ата-аналарының асыраушылық қаржылары);
в) кәсіпорындармен ұйымдардың қаржылары (тапсырыс бойынша маман дайындауды, жұмысшылардың біліктілігін көтеру немесе оларды қайта дайындауды қаржыландыру) [27].
Білім беру қызметі өндірісін қаржыландыру басым түрде, яғни “аралас” жолмен жүргізіледі және бюджеттен тыс қаржы көздерін оптимальды үйлестірудегі ең ұтымды әдісретінде қарастырылады. Әр елдегі айырмашылық олардың түрлі қаржыландыру көздерін пайдалану дәрежесіне байланысты. Аталған әдістің артықшылықтары білім беру қызметінің қоғамдық игілік ретіндегі қасиеттерімен, оның экстерналды әсерлерімен байланысты.
Қарастырылған білім беруді инвестициялау үлгілерінің өзіндік ерекшеліктері келесі кестеде топтастырылды.
Жеке қаржыландыру | Мемлекеттік қаржыландыру | Аралас қаржыландыру | |
АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ | |||
1) Жеке сектордың ұлғаюы; 2) тұтынушының таңдау мүмкіндіктерінің артуы; 3) еңбек рыногының қажеттіліктерін ескеру; 4) элитарлы білім. | 1) әлеуметтік пайдалылықтың ескерілуі; 2) қоғамдық мүдде басымдығы; 3) стандартқа сай білім сапасын бақылау; 4) элитарлы білім. |
| |
КЕМШІЛІКТЕРІ | |||
1) кепілдік институтының қажеттілігі; 2) тәуелділіктің жоғарлығы; 3) қоғамдық пай-далылықтың ескерілмеуі; 4)топ шарасыздығы | 1) тікелей тұтынушыларды ынталандырмайды; 2) тұтынушы таңдау мүмкіндігі шектелген; 3) мемлекет шарасыздығы. |
|
Сурет 3. Білім беру саласын инвестициялаудың үлгілері
Білім беру инвестициясындағы аса өзекті мәселе осы инвестициялардың тиімділігі, қайтарылысдылығы төңірегінде. Білім берудің экономикалық тиімділігін анықтаудың ең басты саты білім беру ұжымдарын, оны алуға жұмсалған шығындар көлемі мен салыстыру болып табылады. Ұжымдар мен шығындардың дисконтералған шамаларында айырма білім берудің таза құнын береді. Бұл жерде келтірілген құн көлемінің алынған дисокнт коэффициенттіне тәуелділігі жоғары екендігін ескеру қажет. Сондықтан батыс экономика ғылымында білім берудің экономикалық тиімділігі негізінен ішкі қайтарым нормасы әдіснамасында білім беру саласын инвестициялау рационалды экономикалық мінез-құлық қағидасымен негізділеді.
Жалпы Қазақстан Республикасы бойынша жалпы білім беретін оқушылар саны азаюда. Алматы қаласында оқушылар саны 2007 жылы 175,8 мың адам болса, 2010 жылы 173,7 мың адамға дейін қысқарды. Ал Астана қаласында көрсеткіштерге сәйкес оқушылар саны өсті. Солтүстік және Шығыс Қазақстан облыстарында оқушылар саны азайды. Жалпы Қазақстан Республикасы бойынша жоғары көрсеткіш Оңтүстік Қазақстан облысында.
Арнайы орта және кәсіби-техникалық білім. Академиялық және кәсіби лицейлер мен колледждер, бұнда оқу 3 жылдан кем болмайды.
Сурет 4. Кәсіптік лицейлер саны (бірлік)
Бұл суретте Қазақстан Республикасы бойынша көрсеткіш 2006 жылда 312 кәсіби лицейлер болса, 2008/09 жылдар аралығында күрт азайып, 2010 жылы қайта артты – кәсіби лицейлер саны 309. Республика облыстарында кәсіби лицейлер саны артқанымен, айтарлықтай өзгеріс жоқ. Ал 2010 жылы жоғары көрсеткіш Шығыс Қазақстан облысы (38) мен Қарағанды қаласында (32), ал төменгі Маңғыстауда (4).
Кәсіптік лицейлердегі оқушылар саны Республика бойынша 2006 жылдан (106098 адам ) 2009 жылға (115504 адам) дейін оқушылар саны көтеріліп, 2010 жылы (113247 адам) төмендеді. №2 кестеде көріп отырғандай 2010 жылы Маңғыстау (21162 адам ) және Астана қалаларында (3223 адам) кәсіптік лицейлердегі оқушылар саны аз. Ал Қарағанды (11113 адам) мен Оңтүстік Қазақстан облысында (12894 адам) оқушылар саны жоғары. Шығыс Қазақстанда 2006 жылдан бери 12776 мың адамнан 2010 жылы 9641 адамға дейін азайды [27].
Кәсіби-техникалық оқу орындарының басты мақсаты - техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін қайта ұйымдастыру, бәсекеге қабілетті дағдылары бар және білім алуды жалғастыру үшін жеткілікті әлеуеті бар экономика салалары мен жұмыс берушілерді техникалық және қызмет көрсету еңбегінің білікті мамандарымен қамтамасыз ету. Олардың жүзеге асыратын бағдарламаларының міндеттері: