Файл: 1. 1 жаса дейінгі баланы физикалы дамуын баалау шін мейірбике келесі зерттеулерді жргізеді.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 27.04.2024

Просмотров: 164

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Қандай диагноз болуы МҮМКІН?
A)Ревматоидты артрит, олигоартрит, ағымы тез үднмелі, активтілік дәрежесі II, БФЖ II
B)Қайталмалы ревматикалық қызба, митралды қақпақшаның жетіспеушілігі, қанайналым жетіспеушілігі (ҚЖ) IIА

C)Ревматикалық емес миокардит, жеделдеу ағымы. ҚЖ І
+D)Жедел ревматикалық қызба, кардит, полиартрит, ҚЖІ
E)Жүйелі қызыл жегі, полиартрит, кардит, ҚЖІ

470. Ер адам, 47 жаста, тізе буындардағы ауру сезіміне, жүрек тұсындағы қысып ауруына, жүрек қағуына, тұншығу ұстамасына, әлсіздікке деген шағымдармен ауруханаға келді. Анамнезінде – созылмалы тонзиллит. Қарап тексергенде: тері жамылғылары бозғылт. Сирақтарда – ісіктер. Буындар өзгермеген. Жүректің салыстырмалы тұйықталу шекаралары: оң жақ – төстің оң жақ қырынан 2 см сыртқа қарай, жоғарғы – ІІ қабырға, сол жақ – ортаңғы бұғана сызығынан 2 см сыртқа қарай. Жүрек ұшында І тон күшейтілген, систолалық және пресистолалық шуыл, өкпе артериясында ІІ тонның акценті. Пульс – минутына 92 рет. Бауыр қабырға доғасынан 4см төмен.

Қандай болжама диагноз болуы МҮМКІН?
A)Тонзилогенді миокардиодистофия, Қанайналым жетіспеушілігі (ҚЖ) ІIА
B)Жедел ревматикалық қызба, кардит, ҚЖ ІIА
+C)Жүректің созылмалы ревматикалық ауруы, қосарланған митралды ақау, ҚЖ IIБ
D)Висцералды көріністермен ревматоидты артрит, кардит, ҚЖ ІIА
E)Ревматикалық емес миокардит, рецидивті ағымы, ҚЖ IIБ

471. Ер адам, 40 жаста, аздаған физикалық жүктемеден кейін пайда болатын ентігуге, аяқтағы ісіктеріне, беттің қызаруына шағымданады. Жүректің салыстырмалы тұйықталуы солға қарай, жоғары қарай ығысқан, ұшында диастолалық діріл. Аускультацияда: жүрек ұшында І тон күшейген, диастолалық шуыл, дұрыс ритмді. Бауыр қабырға доғасынан 3 см төмен ұлғайған, сирақтарда ісіктер байқалады.
Жоғарыда аталған аускультативті белгілер қандай ақауға ЕҢ ТӘН?
A)Митралды қакпақшаның жеткіліксіздігі
+B)Митралды қақпақшаның стенозы
C)Аорта қақпақшаның жеткіліксіздігі
D)Үшжармалы қақпақшаның жеткіліксіздігі
E)Өкпе артериясының стенозы

472. Ер адам, 45 жаста, ревматологта диспансерлік есепте тұрады. 18 жастан бастап жүрек ақауы анықталды. 42 жастан бастап бауыры ұлғайған, аяқтары кезеңді ісінеді, асцит. Үнемі верошпиронды қабылдайды. Қарағанда: акроцианоз. Жүректі тындағанда І тон күшейген, митралды қақпақшаның ашылу тоны, жүрек ұшында диастолалық шуыл, семсер тәрізді өсінді тұсындағы систолалық шуыл. ЭКГ – жыпылықтаушы аритмия, жүректің электрлік осі вертикалды, оң жақ қарыншаның гипертрофиясы. ЭТЖ – 6 мм/сағ., С- реактивті белок теріс.

Ең ықтимал диагноз қандай?
A)Қайталмалы ревматикалық қызба, митралды стеноз. Қанайналым жетіспеушілігі (ҚЖ) ІІА
B)Қарыншааралық перденің кемістігі, ҚЖ ІІІ
+C)Жүректің созылмалы ревматикалық ауруы, митралды стеноз. Үшжармалы қақпақашаның салыстырмалы жеткіліксіздігі, ҚЖ ІІБ
D)Қайталмалы ревматикалық қызба, митралды қақапақшаның жеткіліксіздігі, ҚЖ ІІІ

E)Қайталмалы ревматикалық қызба, митралды қақапақшаның жеткіліксіздігі, ҚЖ ІІІ

473. Ер адам, 56 жаста, дәрігерге ентігуіне, аяқтардың ісінуіне шағымданып келді. Қарағанда жүректің салыстырмалы тұйықталуы төстің оң жақ қырынан 2,5 см сыртқа қарай ұлғайған, эпигастралды пульсациясы, І тонның бәсеңдеуі және V тындау нүктесінде систолалық шуыл.
Ең ықтимал жүрек ақауы қандай?
A)аорталды жеткіліксіздігі
B)митралды жеткіліксіздігі
C)Лютамбаше синдромы
+D)Үшжармалы жеткіліксіздігі
E) Қарыншааралық перденің кемістігі

474. Ер адам, 32 жаста, ұзақ уақыт бойы жүректің созылмалы ревматикалық ауруымен ауырады. Қарағанда: жүректің салыстырмалы тұйықталудың сол жақ шекарасы ортаңғы бұғана сызығынан 1 см сыртқа қарай ұлғайған. Аускультацияда: жүрек ұшында І тон бәсеңдеген және систолалық шуыл, өкпе артериясында ІІ тонның акценті. Жүректің жиырылу жиілігі – минутына 92 рет. Артериалды қан қысымы – 110/70 мм.с.б.
Төменде айтылған аускультациялық белгілер қандай ақауға ЕҢ ТӘН?
A) аорталды жеткіліксіздігі
B) өкпе артерияның стенозы
+C) митралды жеткіліксіздігі
D) аорталды стеноз
E) митралды стеноз

475. Ер адам, 27 жаста, жүрек тұсындағы шаншып ауыратын ауру сезіміне, есінен танған күйге шағымданады. Бала кезінен жүрек ақауы бар. Қарағанда: тері жамылғылары боз, мойын артериялардың пульсациясы, басын ырғақты шайқауы. Жүрек ұшы түрткісі VІ қабырғааралықта, төс аймағындағы «мысық пырылы», жүрек түрткісі жайылмалы, биік. Аускультацияда: эпицентрі ІV қабырғааралықтағы диастолалық шуыл, төстің сол жақ қырындағы І тон бәсендеген. Пульсі жоғары, жиі, минутына 88 рет. Сан артериясында екі еселенген Траубе тоны, Виноградов-Дюрозье естіледі. Артериалды қан қысымы– 140/60 мм.с.б. Бауыр ұлғаймаған.
Төменде айтылған белгілер қандай ақауға ЕҢ ТӘН?
A) аорталды стеноз
+B) аорталды жеткіліксіздік
C) митралды жеткіліксіздік
D) қосарланған аорталды ақау
E) митралды стеноз

476. Әйел адам, 23 жаста, жүректі тындағанда: ұшында шапалақтаушы І тон, митралды қақпақшаның ашылу шертпегі, өкпе артерияда ІІ тонның акценті, ұшында диастолалық шуыл. Рентгенологиялық зерттеуде ІІ және ІІІ доғалардың сол жақ контуры бойынша томпаюы.

Қандай жүрек ақауы ТӘН:
A) қолқа саңылауыныңстенозы
+B) митралды стеноз
C) митралды қақпақшаның жеткіліксіздігі
D) аорталды қақпақшаның жеткіліксіздігі
E) үшжармалы қақпақшаның жеткіліксіздігі

477. Әйел адам, 26 жаста, 2 жыл бұрын диагноз қойылды: жүректің созылмалы ревматикалық ауруы, митралді стеноз. Профилактикалық қарауда ешқандай шағымдар болған жоқ, физикалық жүктемелерді қанағаттанарлық түрде көтерді, жүрек декомпенсация белгілері жоқ.
Науқасты Ең мақсатты жүргізу тактикасы қандай?
+A) жыл бойындағы экстенциллинді-профилактика
B) хирургиялық емге жолдау
C) тек қана стероидты емес қабынуға қарсы препараттармен профилактикалық емдеу
D) диспансерлік есептен шығаруға болады
E) ауруханада емдеу

478. Әйел адам, 65 жаста, жыпылықтаушы аритмиямен, көп жылдар бойы ЖИА, ырғақ бұзылуы, артериалды гипертензия бойынша емделді. Жас шақтардан бері ентігу мазалайды, баспалармен жиі ауырды. Сол жақ бүйірінде, дем шығарғаннан кейін тыныс алуын ұстап жүректі тыңдағанда, ұшында І шапалақтаушы тон, митралды қақпақшаның ашылу тоны, протодиастолалық шуыл. Өкпенің төмен бөліктерінде дауыссыз сырылдар. Артериалды қан қысымы 135/85 мм.с.б.б.
Ең ықтимал диагноз қандай?
A)ЖИА, ырғақ бұзылысы жыпылықтаушы аритмия типі бойынша кардиосклероз
B)артериалді гипертензиясы II дәрежесі
C)созылмалы обструктивті бронхит
D)ауруханадан тыс пневмония
+E)жүректің созылмалы ревматикалық ауруы, митралды стеноз

479. Әйел адам, 24 жаста, түскендегі шағымдар: жүректің қағуы, субфебрилді деңгейге дейін дене қызыуның жоғарлауы, тершендік, артралгиялар. Жасөспірім кезінде жиі баспамен ауыратын. Кезеңді баспадан кейін жағдайы нашарлады. Қарағанда: жүректің салыстырмалы тұйықталу шекаралары жоғары қарай және оңға қарай ұлғайған. Аускультацияда: жүрекшелердің фибрилляциясы, бөдене ритмі, ұшында диастолалық шуыл.
Ең ықтимал диагноз қандай?
+A)қайталамалы ревматикалық қызба, митралды стеноз
B)жедел ревматикалық қызба, митралды қақпақшаның жеткіліксіздігі
C)диффузды уытты жемсау (зоб), тиреотоксикоз
D)ревматикалық емес миокардит
E)нейроциркуляторлы дистония

480. 38 жастағы науқаста митральді ақауы бар, баспадан кейін жиі жүрекшелік экстрасистолалар пайда болды.
Осы науқаста қандай асқынуы дамуы мүмкін?
+A)өкпелік артерияның тромбоэмболиясы
В)едел миокард инфарктісі
С)қан айналым жеткіліксіздігі
D)өкпе ісінуі
E)жүрекшілік фибрилляциясы


481. Ер адам 20 жаста тексерілуге жіберілген болжама дигнозы жүректің митральді ақауы. Қарап тексергенде жүрек ұшында систолалық шу анықталған. Диагнозды дәлелдеу үшін немесе жүрек ақауы болса қандай зерттеу әдісі информативті болып саналады?
A)Коронарография
В)Электрокардиография
+С)Эхокардиография
D)Кеуде құысының рентгенографиясы
E)Компьютерлік томография

482.Ревматоидты артрит буындардың қай ауруларына жатады?
+A) Қабынулы
B) Дегенеративті
C) Метаболикалық
D) Реактивті
E) Спондилоартритпен бірге үйлескен

483. Қандай буындар ЖИІ ревматоидты артритте зақымданады?
A) Дистальды саусақаралық буындар
+B) Проксимальды саусақаралық буындар
C) Бірінші алақан-саусақаралық буын
D) Омыртқаның мойын бөлігінің буындары
E) Омыртқаның бел бөлігінің буындары

484. Ревматоидты артриттің ерте диагностикасы үшін қай клиникалық симтомдар КӨБІРЕК тән?
A) Қол басы буындарының латеральды девиациясы және ахилл сіңірін пальпациялағанда ауырсыну

B) Ахилл сіңірін пальпациялағанда ауырсыну және 60 минуттан аз емес таңертеңгілік құрысу
C) «Аққу мойыны» тәрізді саусақтарының деформациясы және тері асты түйіндер
D) қол басы буындарының латеральды девиациясы және 60 минуттан аз емес таңертеңгілік құрысу
+E) 60 минуттан аз емес таңертеңгілік құрысу және 6 апта бойы проксимальды саусақ аралық буындардың ісінуі

485. Ревматоидты артритпен науқастардың буындарын қарап тексергенде ЖИІ анықталады:
A)Б буындар аймағының қызаруы және Бушар түйіндері
B) Бушар түйіндері және саусақтары «аққу мойындары» тәрізді
+C) Саусақтары «аққу мойындары» тәрізді және қол басының ульнарлы девиациясы
D) Буындар аймағының қызаруы және саусақтары «аққу мойындары» тәрізді
E) Саусақтары «аққу мойындары» тәрізді және буындарда сықыр

486. Ревматоидты артриттің белсенділігін дәлелдейді:
+A) ЭТЖ жылдамдануы
B) Лейкоцитоз болуы
C) АЛТ және АСТ жоғарылауы
D) ЛДГ жоғарылауы

E)АСЛ-О титрі жоғары

487. Ерте ревматоидты артрит диагностикасында қандай лабораторлық маркер КӨБІРЕК маңызды болып табылады?
A) Ревматоидты фактор
+B) Циклдік цитруллинирленген пептидке антидененлер
C) Нейтрофильді лейкоцитоз
D) Анемия
E) Тромбоцитопения

488. Ревматоидты артриттің рентгенологиялық белгілері болып табылады:
+A) буынайналасындағы остеопороз, буын саңылауының тарылуы және эпифиздер эрозиялары

B) буынайналасындағы остеофитоз, буын саңылауының тарылуы және эпифиздер эрозиялары
C) буынайналасындағы остеофитоз, буын саңылауының тарылуы және омыртқа аралық оссификаттар
D) буынайналасындағы остеопороз и остеофитоз, буын саңылауының тарылуы
E) буынайналасындағы остеофитоз, буын саңылауының тарылуы және бір жақты сакроилеит

489. Ревматоидты артритпен ауыратын 36 жастағы әйелде рентгенологиялық тексергенде буын айналасындағы остеопороз, буын саңылауының тарылуы, бірлі-жарым узуралар анықталды.
Осы өзгерістер процестің қай рентгенологиялық сатысына жатады?
A) 0 сатысы
B) I сатысы
+C) II сатысы
D) III сатысы
E) IV сатысы

490. Ревматоиды артрттің қай жүйелік көрінісі глюкокортикоидты терапияға қарсы көрсеткіш болып табылады?
A) Интерстициальды нефрит
B) Плеврит
+C) Амилоидоз
D) Өкпенің интерстициальды фиброз
E) Васкулит

491. Ревматоидты артриттің базисті терапиясына жатады:
A) Мелоксикам
+B) Метотрексат
C) Аспирин
D) Преднизолон
E) Ибупрофен

492. 32 жастағы әйелде қол басының ұсақ буындарындағы қозғалыс шектелуімен ауыру сезімдері мазалайды. Ревматоидты артритпен және жүйелі қызыл жегі арасында дифференциальды диагностика жүргізгенде қай көрсеткіш диагноз үшін шешуші болып табылады:
A)ЭТЖжоғарылауы

+B) буын айналасындағы тіндердер деструкциясының рентгенологиялық белгілері
C) қан сарысуында ревматоидты фактордың артуы
D) қанда LЕ-клеткалардың артуы
E) Ig G, М, А және СРБ артуы

493. Ревматоидты артритпен науқастың кәрі жілік-білек буындарында тұрақты контрактура, иық және тізе буындарында қозғадыс шектелген, өзін –өзі күтуі қиындаған, кәсіби қажеттілігі жойылған. Осы науқаста функциональды бұзылыстардың қай дәрежесі?
A) 1
B) 2
+C) 3
D) 4
E) 5

494.Ревматоидты артритпен науқаста еңбекке жарамдылық көбінесе немен байланысты:
+A) Буындар функциясының бұзылыстар дәрежесі
B) Қабыну үрдісінің белсенділігі
C) Лейкопения, лимфоаденопатия және гиперспленомегалияның болуы
D) Ішкі ағзалардың зақымдануы
E) Серопозитивті түрінің болуы