ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 28.04.2024
Просмотров: 31
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Білім беру ұйым атауы | №15 тірек мектебі | ||||||
Бөлімі: | Салт-дәстүр мен ауыз әдебиеті | ||||||
Педагогтің аты жөні: | Акдаулетова С | ||||||
Күні: | | ||||||
Сынып: | 2 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақтың тақырыбы: | Сыбызғымен жеткен көне аңыз | ||||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары: | 2.1.1.1-музыканың көркемдеуші құралдарын және музыканың сипатын анықтау; 2.1.2 1-түрлі сипатты әндерді ән айту ережесін сақтапорындау; | ||||||
Сабақтың мақсаты: | Барлығы: Түрлі сипатты әндерді жеке, ансамбль және хор құрамында ән айту ережесін сақтап орындайды . Көпшілігі:музыкалық көркемдеуші құралдарды анықтайды және салыстырады. Кейбірі: Импровизация жасайды. | ||||||
Сабақтың барысы: | |||||||
Сабақтың кезеңі (уақыты) | Педагог әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | |||
Сабақтың басы Сабақтың ортасы | Амандасу. «Шыбын ұрғыш» әдісі -Күй дегеніміз не? -Ойналу әдісіне қарай қандай түрлерге бөлінеді? -Күй тартыс дегеніміз не? -Әнді қайталау. 1-тапсырма. Музыка тыңдау және талдау. «Жорға аю» аңыз-күйін тыңдаңыз. - Аңыз, аңыз-күй дегеніміз не? - Олардың қандай ұқсастығы мен айырмашылығы бар? -Аңызда қандай музыкалық аспап жайлы айтылған? - Музыка аңыздың мазмұнын қалай жеткізді? -Күй қандай музыкалық аспапта ойналып тұр? -Аспаптың дыбыс бояуын анықта? Аспаптың суретіне қара және берілген сұраққа жауап бер: Сыбызғы неге ұқсайды? Сыбызғыдан дыбыс қалай шығады? Сыбызғының дыбыс бояуын, флейтамен салыстыр. 2-тапсырма. Импровизация. Пантомимо және ұрмалы, музыкалық шулы аспаптарды қолдана отырып, аңыздың мазмұнына қойылым құрыңдар. 3-тапсырма. Орындау. «Сыбызғы» әнін үйреніп, орындаңыздар. Өзіңмен сырласам, жүрегім жырлашы Сыбызғы саз сырнай, үнімді сен тыңдашы Жұлдыздар тамсанған кеудемде қанша арман Сызылтып ән салам, бақытым асындай? Сен десе жүрегімай, сыбызғы саз сырнай Өмірдін өзі? аман? әдауір? көзімін? Сыбызғы саз сырнай сен десе сезімім Жұлдыздар тамсанған кеудемде қанша арман Сызылтып ән салам, бақытым асындай? Сен десе жүрегімай, сыбызғы саз сырнай Барлаған? гүлімі? жүректін кілімі? Сыбызғы саз сырнай, құлақ сал үніме Жұлдыздар тамсанған кеудемде қанша арман Сызылтып ән салам, бақытым асындай? Сен десе жүрегімай, сыбызғы саз сырнай Рефлексия -ҚҚҚ әдісі | Оқушылар әдісті қолдана отырып,сұрақтарға жауап береді.1-тапсырма. Мұғалімге «Жорға аю» аңызкүйін слайдпен көрсете отырып, әңгімелеп беру ұсынылады. Оқушылар үш топқа бөлінеді. Рольдерді бөліп алады. Әнді үйренеді -Мен үшін құнды -Мен үшін қажет -Мен үшін қиын | Ашық алақан Бас бармақ | Тақта Бейнесюжет Шулы аспаптар Оқулық http://youtube.com/watch?v=19f95mWZR3Q Рефлексия тақтайшасы. | |||
Сабақтың соңы |
Мұғалімнің өзі өткізген сабағын талдау
Сабақ өткізуші: Акдаулетова Сауле Нуркамаловна
Күні: 28.02.2022ж Сыныбы: 2 Пәні: Музыка
Сабақтың тақырыбы: «Ортеке»
Оқу мақсаты:
2.1.1.1-музыканың көркемдеуші құралдарын және
музыканың сипатын анықтау;
2.2.1.1 - музыкалық шығармашылық жұмыс арқылы шығарманың сипатын жеткізу;
2.1.3.2 - ұлттық және классикалық аспаптардың дыбысталуын салыстыру;
Сабақтың мақсаты:
Барлығы: Тақырыпты меңгере отырып,тапсырмаларды орындайды және музыкалық шығармаларды сипаттайды.
Көпшілігі: Музыканың көркемдеуіш құралдарын, қазақ халық аспаптарын ажыратады.
Кейбірі:Музыкалық шығармаларға қарапайым қозғалыстар жасайды.
№ | Ескертпелер | Мұғалім талдауы |
1 | Сабақты жоспарлағанда оқушылардың қандай ерекшеліктері ескерілді? | Оқушылардың ойлау, есту қабілеттері ескеріліп, сабақтың әр кезеңінде қызығушылығын ояту, шығармашылқпен жұмыс жасату көзделді. |
2 | Сабақтың түрі қандай? Өткен сабақпен байланысы бар ма? | Саяхат сабағы. Сабақта қазақтың салт-дәстүріне саяхат жасай отырып, топпен жұмыс (белсенділіктерін арттыру) үшін, «Шыбын ұрғыш» әдісі мен «Тез табамыз» ойын элементтері (қызығушылығын, ойлау, есту қабілетін дамыту) үшін пайдаланылды. Яғни, Padlet- онлайн тақтасы және Wordwool арқылы жүзеге асты. |
3 | Сабақта қандай мақсаттар алға қойылды? | Тақырыпты меңгере отырып,тапсырмаларды орындайды және музыкалық шығармаларды сипаттайды.Музыканың көркемдеуіш құралдарын, қазақ халық аспаптарын ажыратады. Музыкалық шығармаларға қарапайым қозғалыстар жасайды. |
4 | Аталған мақсаттарға жетуде сабақтың бұл түрі неге тиімді болды? | «Шыбын ұрғыш» әдісі арқылы оқушылар өткен сабақты қайталай отырып, жаңа сабаққа жол ашты. Берілген бейнесюжеттерге саяхат жасау арқылы , жаңа сабақты түсінуге мүмкіндік алды.Интерактивті тапсырма, «Тез табамыз» ойыны,импровизация жасау арқылы оқушылар бұл сабақты меңгеріп кетті. |
5 | Сабақ кезеңдерінің арасында байланыс болды ма? Уақыт тиімді пайдаланылды ма? | Алға қойған мақсат белгілі болғандықтан сабақтың әр кезеңдері, бір – бірімен байланысып, жүйелі қорытындыланып өз уақытында өтті. Бірақ, өткенді қайталауда уақыт жағынан сәл ұтылдым. Оқушылар деңгейі сабақты меңгергендіктерін «Муза баспалдағы» арқылы көрсетті. |
6 | Оқушымен жеке,жұптық,топтық жұмыстар болды ма? Ол қалай ұйымдастырылды? Неліктен? | Блум таксаномиясы арқылы алдымен жеке оқыту жүзеге асты. Берілген мағлұматты түсіне оқи отырып,Ортекенің не екендігін,оның шығу тарихымен танысып, «Ортеке» әнін топпен орындады. Шулы аспаптарды қолдана отырып, дирижерлік қимыл арқылы әнді орындап шықты.Шығармашылық жұмыс-Ортеке биін қимыл-қозғалыспен жасау берілді. Жұптық жұмыс Нұрталап пен Еламанға берілді. Себебі, Нұрталап инклюзив оқушы болса, Еламан озат оқушы болғандықтан көмекке берілді. |
7 | Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары байқалды ма? (себебін түсіндіру) | Оқушылардың сабаққа қызығушылықтары жоғары болды.Себебі, «Шыбын ұрғыш» әдісі оларға өте ұнайды.Ән орындау барысында шулы аспаптарды қолдануды қызыға қабылдайды. |
8 | Сынып бөлмесінде қандай оқу құрал - жабдықтары пайдаланылды? Неліктен? | Интер белсенді тақта,шулы музыкалық аспаптар,қағаздан жасалған қиындылар жиынтығы,бағалау тақтайшасы. Бұлардың барлығы сабақтың өз деңгейінде өткізілуіне арналған қажет құралдар. |
9 | Сабақ барысында оқушылардың арасындағы дұрыс психологиялық қарым – қатынас жасауына мұғалімнің тәрбиелік әсері қалай жүзеге асты. | Сабақ барысында оқушылардың ұлттық құндылықтарды қастерлеуге және құрметтеуге тәрбиеленді. |
10 | Қандай да бір жағдайда артық әдіс – тәсіліңіз бар ма? | Мұғалім кез-келген ситуациядан шыға алу керек.Ол үшін мұғалім қоржынында қосалқы әдіс-тәсілдердің болуы заңдылық.Себебі, сабақ кезеңдерінде өзгеріс орын алуы әбден мүмкін. |
11 | Мұғалім көздеген мақсатына жетті ме? | Сабақ бойы оқушылар берілген тапсырманы орындауда белсенділік көрсетті. келген жұмыс түрлері толығымен іске асты, ендеше мақсатыма жеттім деп ойлаймын. |
Білім беру ұйым атауы | №15 тірек мектебі | ||||||
Бөлімі: | Салт-дәстүр мен ауыз әдебиеті | ||||||
Педагогтің аты жөні: | Акдаулетова С | ||||||
Күні: | | ||||||
Сынып: | 2 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақтың тақырыбы: | Қош келдің,Наурыз! «Наурызым нақыл жыр» әні | ||||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары: | 2.1.1.1-музыканың көркемдеуші құралдарын және музыканың сипатын анықтау 2.3.1.1-шығармашылық жұмысын көрсету және бағалай білу; | ||||||
Сабақтың мақсаты: | Барлығы: Ұлыстың ұлы күні Наурыз туралы мағлұмат алады. Көпшілігі: Б.Бейсенованың «Құтты болсын Әз-Наурыз» әнін үйрене отырып,музыкалық көркемдеуші құралдарды анықтайды және салыстырады. Кейбірі: Шығармашылық жұмыс жасайды. | ||||||
Сабақтың барысы: | |||||||
Сабақтың кезеңі (уақыты) | Педагог әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | |||
Сабақтың басы Сабақтың ортасы | Амандасу. «Шыбын ұрғыш» әдісі -Күй дегеніміз не? -Ойналу әдісіне қарай қандай түрлерге бөлінеді? -Күй тартыс дегеніміз не? -Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарын атаңдар? - Қандай салт-дәстүрлерді білесіңдер? 1-тапсырма. Ақпарат ізде «Наурыз» Наурыз - түркі тайпаларының мүшел есебі бойынша жыл басы саналатын бірінші ай, ойын-сауық және наурызкөже жасау мерекесі. Бұл күні қазақтарда наурыз жырын айтып, наурыз мерекесін өткізеді. 1917 жылғы қазан төңкерісінен кейін қүрылған Кеңес өкіметі бұл мерекені діни кертартпа рәсім деп тауып, 1926 жылдан ресми тойлауға тыйым салды. Тек елімізде демократиялық ағым бел ала бастаған 1988 жылдан бүкілхалықтық мейрам ретінде атап өтілетін болды. Абай «Біраз сөз қазақтың қайдан шыққаны туралы» деген тарихи мақаласында Наурыз тарихын көшпелі халықтардың сонау «хибаги», «хүзағи» деп аталған заманға дейін апарып: «Ол күнде Наурыз деген бір жазғытұрым мейрамы болып, наурызнама қыламыз деп, тамаша қылады екен. Сол күнін «Ұлыстың Ұлы күні» дейді екен», - деп жазады. Ақын Наурыз тойын дінге жанастырмай, кектем мерекесі екенін ашық жазады да, «Ұлыстың Ұлы күні» деген сөздің өз заманында алғашқы мәнін өзгертіп, Құрбан айтқа байланысты айтыла бастағанын ескертеді. 2-тапсырма. Әнді тыңдау,үйрену 3-тапсырма. Үйренгеніңді тексер Рефлексия -ҚҚҚ әдісі | Әдіс арқылы оқушылар сұрақтарға жауап береді. Наурыз туралы мағлұматпен танысады Әнді жақсылап тыңдап, әуенін үйренеді. Берілген тапсырмаларды орындайды. -Ммен үшін құнды -Мен үшін қажет -Мен үшін қиын | Ашық алақан Бас бармақ | Тақта Бейнесюжет Инт.тақта Рефлексия тақтайшасы. | |||
Сабақтың соңы |
Білім беру ұйым атауы | №15 тірек мектебі | ||||
Бөлім: | Қоршаған орта | ||||
Педагогтің аты-жөні | Акдаулетова С | ||||
Күні: | 11..04.2022ж | ||||
Сынып: 2 | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: | |||
Сабақтың тақырыбы | Табиғат үні. «Жау-жау жаңбыр»әні | ||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | 2.1.1.1-музыканың көркемдеуші құралдарын және музыканыңсипатын анықтау; 2.1.2.2 -ансамбльде музыкалық аспаптардың көмегімен шығарманы қарапайым ырғақпенсүйемелдеп орындау 2.1.2 1-түрлі сипатты әндерді ән айту ережесін сақтап орындау; | ||||
Сабақ мақсаты | Барлығы: Табиғат мезгілдеріне сипаттама береді және үнтаспа арқылы табиғат дыбыстары мен құстар дыбыстарын ажырата алады. Көпшілігі: Түрлі сипатты әндерді ән айту ережесін сақтайды,ансамбльде музыкалық аспаптардың көмегімен шығарманы қарапайым ырғақпен сүйемелдеп орындайды. Кейбірі: музыканың көркемдеуші құралдарын музыканың көркемдеуші құралдарын анықтай отырып,шығармашылық жұмыстар жүргізеді. | ||||
Сабақтың барысы | | ||||
Сабақтың кезең уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | |
Сабақтың басы | Сәлемдесу. «Бір сөзбен» әдісі барысында оқушылар берілген сөздердің ішінен бүгінгі сабақтағы жағдайын сипаттайтын үш сөзді таңдайды. (қуаныш, немқұрайлылық, шабыт, зерігу, сенімсіздік, сенімділік, рахаттану, алаңдау). Сыныпта талқылау Берілген суреттерге қарап, сұрақтарға жауап беріңіз: - Күйде қай жыл мезгілі бейнеленген? - Қандай табиғи дыбыстарды ести аласыздар? Неліктен? - Бұлақ қалай бейнеленген? Қозғалысы қандай музыкалық көркем құралдар арқылы берілген? - Көтемде табиғат қалай өзгереді? Неліктен? Жауабыңызды түсіндіріңіз.. | Оқушылар сұраққа жауап береді, жұмысты берілген түріне қарай орындайды. | | Инт.тақта | |
Сабақтың ортасы | 2-тапсырма. Шығармашылық Табиғат дыбыстары 3-тапсырма. Орындау І. Алатаудың бауырында, Атам-әжем ауылында, Ақша бұлтар, ауа берші, Жау-жау, жаңбыр, жауа берші. Қ а й ы р м а с ы: Бақыт болып жаушы, жаңбыр, Менің әсем қалама, Бақыт болып жаушы, жаңбыр, Менің әсем қалама, Менің байтақ далама. ІІ. Алматыдай астанама, Жасыл желек жас қалама. Бұлттар, бұлттар, ауа берші, Жау-жау, жаңбыр, жауа берші. Қайырмасы. | Табиғат дыбыстарына сай аспаптарды таңдайды. Әнді жеке,хормен,шулы аспаптар көмегімен орындайды. Суреттейді. | Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау. . | Оқулық http://youtube.com/watch?v=vtGaZOhcSng | |
Соңы | Рефлексия: -Мен не білдім? -Бүгін мен не үйрендім? -Мен үшін қандай тапсырма қиын болды? -Ал қай тапсырманы мен оңай орындадым? | Қойылған сұрақтарға жауап береді. | Бағдар-шам көздері арқылы бір-бірін бағалау | Рефлексия тақтайшасы |
Бөлім: | Қоршаған орта | |||||
Педагогтің аты-жөні | Акдаулетова С | |||||
Күні: | | |||||
Сынып: 2 | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақтың тақырыбы | Нұрлы көктем. «Көктем»әні | |||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | 2.1.1.1-музыканың көркемдеуші құралдарын және музыканың сипатын анықтау; 2.2.1.1 -музыкалық шығармашылық жұмыс арқылы шығарманың сипатын жеткізу; | |||||
Сабақ мақсаты | Барлығы:Дыбыстар динамикасын жасауда шулы аспаптарды қолдана отырып табиғат құбылыстарына жазылған музыкалық шығармаларды музыканың көркемдеуіш құралдарымен байланыстырады. Көпшілігі: Әнді көркемдеуіш құралдармен орындайды. Кейбірі:Шығармашылық жұмыс жүргізеді. | |||||
Сабақтың барысы. | | |||||
Сабақтың кезең уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | ||
Сабақтың басы | Амандасу. «Сәлем» 1) Бас бармақтарын тигізеді - Саған, 2) Екінші саусақтарын тигізеді - Әрқашан, 3) Ортанғы саусақтарын тигізеді - Үлкен, 4) Аты жоқ саусақтарын тигізеді - Табыс, 5) Кішкентай саусақтарын тигізеді - Тілеймін, 6)Алақандарын тигізіп, амандасады - Сәлем! «ИЯ» немесе «Жалған» ойыны -Жалпы үш жыл мезгілі бар.....ЖОҚ -Көктем айлары: наурыз,сәуір,мамыр. ИЯ -Көктемде құстар жылы жаққа ұшып барады. ИЯ -До дыбысы бірінші сызықтың қосымша сызығында орналасқан. ИЯ -«Көктем келді» әнінің авторы К.Қуатбаев ЖОҚ | Оқушылар жұппен тұрып, бір-біріне жақсы тілек тілейді. Оқушылар саусақтарын бір-бірден тигізіп, бір сөзден айтады: | | | ||
Сабақтың ортасы | 1-тапсырма. Ақпарат іздеу. Петр Ильич Чайковский (7 мамыр 1840 /25 сәуір/, Воткинск, Вятская губерниясы, Ресей империясы — 6 қараша 1893 ж./25 қазан/, Санкт-Петербург) — Ресей композиторы, дирижер, педагог, дүниежүзілік классикалық музыканың аса ірі өкілі. Петрдың музыка өнеріне деген қабілеті жас кезінен байқалады. Ол шешесінің фортепьянода ойнап, ән-романстар айтқанын тыңдап өседі. XIX ғасырдың орта шенінен ауа П.Чайковсикй «Ұлы топ» мүшелері М.Балакирев және Н.А.Римский-Корсаковпен танысады. Араларында достық қарым-қатынас орнайды. Осы Москвада композитор «Әскербасы», «Опричник», «Ұста Вакула» операларын, «Аққу көлі» балетін, алғашқы үш симфониясын, оркестрге арналған бірнеше бағдарламалы увертюра-фантазияларын («Ромео және Джульетта», «Франческа да Римини»), үш квартет, бірінші фортепьянолық концерт, виолончель мен оркестрге арналған «Рококо» тақырыбындағы вариациялар, «Жыл мезгілдері» атты фортепьянолық пьесалар циклын жазады. Осы кезеңде композитор өзінің кезекті төртінші симфониясы мен «Евгений Онегин» операсын жазуға кіріскен. 2-тапсырма. Тыңдау «Көктем»әні 3-тапсырма. Шығармашылық | Композитор өмірі мен шығармашылығмен танысады. Әнді орындайды. Әнді шулы музыкалық аспаптармен сүйемелдейді. | Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау. | Оқулық,интер белсенді тақта Фота хрестома-тиясы | ||
Сабақтың соңы | «Рефлексия» -Мен не білдім? -Бүгін мен не үйрендім? -Мен үшін қандай тапсырма қиын болды? -Ал қай тапсырманы мен оңай орындадым? | Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, суретін жібереді. | | Рефлексия тақтайшасы. |