ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.02.2024
Просмотров: 131
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Мнемотехника - тіл дамытуда тиімді есте сақтау,оны дұрыс жеткізе білудегі әдіс пен тәсілдер жүйесі.
Мнемотехникалық әдіс – өлеңдерді, алогоритмикалық жаттығуларды жаттаудың, әңгімелерді сипаттаудың әдістемесі.
Осы жастағы балаларға өлеңдер жаттауда сөйлейтін суреттерді қолданған қолайлы. Өлең жаттауда әр сөзді рәміздермен алмастыруға болады. Кейбір жағдайда сөйлемді бір сызбада көрсетуге болады. Заттардың сынын, күйін, әрекетін білдіретін суреттерді құрастырғанда толық түсіну үшін балалармен бірге ойнау қажет және эмоциялы деңгейде әрекетті көрсетуге болады. Мектепке дейінгілерді өлеңдерді мәнерлеп жаттауға, шығармаға сай ырғақты сақтауды үйретеді. Балалармен бірге қайталағанда педагог интонацияға, дикцияға, дем алуына назар аударады.
Өлеңді оқып болғаннан кейін міндетті түрде әңгіме өткізіледі:
• аударма жұмысын өткізу;
• мұғалімнің сұрақтары;
• суреттер қарау;
• қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтқызу, қайталату;
• сызбалар арқылы жаттау;
Балаларға өлеңді есінде сақтау үшін, мұғалімге келесі әдістерді қолдануға болады:
• бірінші жолды топпен қайталау және 3-4 балаға бір-бірден қайталатқызу;
• фонетикалық жаттығу орындау;
• әсіресе мәнерлеп оқуға талап ететін сөзді, жолды балаларға қайталату.
Балалар бiр-бiрiмендi ынтымақтасып, жора-жолдастардың жауаптары тыңдап естiп, оларды толықтырып, қажеттiлiк жағдайда көмектесуге үйрету..
Күтілетін нәтиже.
Балалар танымдық сабақтарда есте сақтау, таным және сөйлеу белсендiлiктiң биiк деңгейiмен бiледi.
Салыстырып, заттың маңызды белгiлерiн жалпылап, ерекшелеуге талдауға икемдi болады.
Мнемокесте арқылы заттармен қоршаған орта туралы мәліметтерді өз беттерінше белгілеп, айта алады.
Музыкалық терапия - кез-келген түрдегі музыканы қолданатын балалармен жұмыс істеудің ерекше түрі (магнитофонға жазу, жазбаларды тыңдау, музыкалық аспаптарда ойнау, ән айту және т.б.) Музыкалық терапия баланы белсенді етуге, қолайсыз көзқарастар мен қарым-қатынастарды жеңуге мүмкіндік береді және эмоционалды жағдайды жақсарту.
Музыкалық терапия негізгі әдіс ретінде де, көмекші әдістердің бірі ретінде де қолданыла алады.
Жеке және топтық музыкалық терапия бар. Жеке музыкалық терапия үш нұсқада жүзеге асырылады: ерекше коммуникативті, реактивті және реттеуші әрекеті бар. Бірінші жағдайда мұғалім мен бала музыкалық шығарманы тыңдайды, мұнда музыка осы қатынастарды жақсартуға көмектеседі. Екіншісінде тазартуға қол жеткізіледі. Үшіншісінде жүйке және психикалық стресс жеңілдейді. Барлық үш форманы дербес немесе аралас қолдануға болады. Олар бір мағынада пассивті музыкалық терапияны білдіреді. Сонымен қатар, белсенді жеке музыкалық терапия бар, оның мақсаты коммуникациялық бұзылыстарды жеңу болып табылады. Мұғалім баламен бірге музыканы оқыту түрінде жүзеге асырылады.
Топтық музыкалық терапия қатысушылар бір-бірімен белсенді қарым-қатынас жасайтындай етіп құрылды, олардың арасында коммуникативті және эмоционалды қатынастар туындайды, сондықтан бұл процесс жеткілікті динамикалық болады.
Шығармашылық қызметі бұл стрессті ең күшті жеңілдету. Бұл әсіресе сөйлей алмайтындар үшін өте маңызды; өз қиялдарыңды шығармашылықта көрсету олар туралы сөйлесуден гөрі оңайырақ. Қағазда немесе дыбыстарда бейнеленетін қиял-ғажайыптар көбінесе тәжірибенің вербализациясын тездетеді және жеңілдетеді. Шығармашылық бейсаналық идеялар мен қиялдардың көрінуіне жол ашады, олар бала үшін мағыналы және басқаларға ерекше формада көрінеді.
Музыкалық терапия көмектеседі мұғалім мен баланың арасындағы қарым-қатынасты жақсартады, ішкі бақылау сезімін дамытады, жаңа қабілеттер ашады, өзін-өзі бағалауы артады.
Музыканың психикалық процестерге үйлесімді әсері балалармен жұмыста қолданылуы мүмкін және кейде қажет.
Бекіту сұрақтары:
1. Сөйлеу тілін дамыту және түзету мақсатында қолданылатын ойын түрлерінің саны:
А) 5
В) 4
С) 10
D) 6
E) 2
2. Артикуляциялық жаттығулар дегеніміз:
А) кез-келген түрдегі музыканы қолданатын балалармен жұмыс істеудің ерекше түрі
В) өлеңдерді, алогоритмикалық жаттығуларды жаттаудың, әңгімелерді сипаттаудың әдістемесі.
С) тіл дамытуда тиімді есте сақтау,оны дұрыс жеткізе білудегі әдіс пен тәсілдер жүйесі.
D) сөйлеу тілі аппаратының бұлшық еттерін шынықтыратын, оның мүшелерінің қимыл-қозғалыстарын қалыптастыратын және нығайтып, жетілдіретін арнайы іріктеліп алынған жаттығулар болып табылады.
E) бұл қол мен аяқ арқылы емдеу жолы
3.Артикуляциялық жаттығуды орындау кезеңдері:
А)физикалық,механикалық
В) активті,пассивті
С)функционалдық,перифериялық
D)дайындық кезең,дыбысты қою кезеңі
E)машықтандыру кезеңі
4. Бала барлық тапсырманы өз бетімен орындау кезеңі:
А)пассивті
В)дайындық кезең
С)активті
D)машықтандыру кезең
E)механикалық
5. Дыбыстардың айтылу кемшілігінің неше түрі бар:
А)4
В)2
С)8
D)3
E)5
6. Су-джок терапиясы – бұл ....
А) кез-келген түрдегі музыканы қолданатын балалармен жұмыс істеудің ерекше түрі
В) сөйлеу тілі аппаратының бұлшық еттерін шынықтыратын, оның мүшелерінің қимыл-қозғалыстарын қалыптастыратын жаттығу
С) өлеңдерді, алогоритмикалық жаттығуларды жаттаудың, әңгімелерді сипаттаудың әдістемесі.
D) қол мен аяқ арқылы емдеу жолы
E) тіл дамытуда тиімді есте сақтау,оны дұрыс жеткізе білудегі әдіс пен тәсілдер жүйесі.
7. Су-джок терапиясын құрушы ғалым:
А)М.Е.Хватцев
В)З.Фрейд
С) Пак Чже Ву
D)А.Маслоу
E)Э.Гидденс
8. Мнемотехника дегеніміз:
А) сөйлеу тілі аппаратының бұлшық еттерін шынықтыратын, оның мүшелерінің қимыл-қозғалыстарын қалыптастыратын және нығайтып, жетілдіретін арнайы іріктеліп алынған жаттығулар болып табылады.
В) қол мен аяқ арқылы емдеу жолы
С) тіл дамытуда тиімді есте сақтау,оны дұрыс жеткізе білудегі әдіс пен тәсілдер жүйесі.
D) кез-келген түрдегі музыканы қолданатын балалармен жұмыс істеудің ерекше түрі
E) шығармашылық қызметі бұл стрессті ең күшті жеңілдету
9. «балалардың қабілеттері мен дарындарының бастауы олардың саусақтарының ұштарында, бейнелеп айтқанда, түпкілікті ойдың қайнар көзін беретін ең жақсы ағындар олардан шығады»деп жазған ғалым:
А) В. А. Сухомлинский
В)Э.Эриксон
С)А.Маслоу
D)З.Фрейд
E)Э.Гиддесн
10. Мнемокесте арқылы балалар айта алады:
А) шығармашылық қызметі бұл стрессті ең күшті жеңілдету
В) фонетикалық жаттығу орындау
С) заттармен қоршаған орта туралы мәліметтерді өз беттерінше белгілеп, айта алады
D) сабақтарда есте сақтау, таным және сөйлеу белсендiлiктiң биiк деңгейiмен бiледi
E) тіл дамытуда тиімді есте сақтау,оны дұрыс жеткізе білудегі әдіс пен тәсілдер жүйесі
11. Музыкалық терапия дегеніміз:
А) тіл дамытуда тиімді есте сақтау,оны дұрыс жеткізе білудегі әдіс пен тәсілдер жүйесі.
В) шығармашылық қызметі бұл стрессті ең күшті жеңілдету
С) сөйлеу тілі аппаратының бұлшық еттерін шынықтыратын, оның мүшелерінің қимыл-қозғалыстарын қалыптастыратын жаттығу
D) кез-келген түрдегі музыканы қолданатын балалармен жұмыс істеудің ерекше түрі
E) тіл дамытуда тиімді есте сақтау,оны дұрыс жеткізе білудегі әдіс пен тәсілдер жүйесі
12.Музыкалық терапия екіге бөлінеді:
А)активті, пассивті
В)жеке,топтық
С)органикалық,функционалдық
D)аралас,жеке
E)күрделі,орташа
13. Жеке музыкалық терапия неше нұсқада жүзеге асырылады:
А)2
В)4
С)6
D)3
E)7
14.....қатысушылар бір-бірімен белсенді қарым-қатынас жасайтындай етіп құрылды, олардың арасында коммуникативті және эмоционалды қатынастар туындайды, сондықтан бұл процесс жеткілікті динамикалық сипатта болатын музыкалық терапия түрі:
А) жеке музыкалық
В)топтық музыкалық
С)күрделі музыкалық
D)аралас музыкалық
E)активті
15. Музыкалық терапия көмектеседі:
А) шығармашылық қызметі бұл стрессті ең күшті жеңілдету
В) мұғалім баламен бірге музыканы оқыту түрінде жүзеге асырылады.
С) балалар бiр-бiрiмендi ынтымақтасып, жора-жолдастардың жауаптары тыңдап естiп, оларды толықтырып, қажеттiлiк жағдайда көмектесуге үйрету
D) өлеңдерді, алогоритмикалық жаттығуларды жаттаудың, әңгімелерді сипаттаудың әдістемесі
E) мұғалім мен баланың арасындағы қарым-қатынасты жақсартады, ішкі бақылау сезімін дамытады, жаңа қабілеттер ашады, өзін-өзі бағалауы артады.
Дәріс №15: Мектеп жасына дейінгі балалармен түзету жұмыстарында денсаулық сақтау технологияларын қолдану
Сағат саны: 1
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Артикуляциялық гимнастика.
2. Тыныс алу жаттығулары.
3. Көру қабілетінің бұзылуының алдын алуға бағытталған жаттығулар кешендері. Көрнекі гимнастика.
4. Жалпы моторикасын дамыту.
5. Ұсақ моториканы дамыту.
6. Су-джок терапиясы.
7. Массаж және өзін-өзі массаж жасау.
8. Релаксация.
Дәріс тезисі:
Артикуляциялық жаттығулар дегеніміз — ол сөйлеу тілі аппаратының бұлшық еттерін шынықтыратын, оның мүшелерінің қимыл-қозғалыстарын қалыптастыратын және нығайтып, жетілдіретін арнайы іріктеліп алынған жаттығулар болып табылады. Артикуляциялық жаттығудың басты талабы-жүйелілік. Жаттығуды орындау кезеңі активті және пассивті болып екіге бөлінеді.
-активті, бала барлық тапсырманы өз бетімен орындағанда;
— пассивті, балаға қимылдарды дұрыс орындауға үлкен кісі көмектеседі.
Егер бала артикуляциялық аппарат ағзаларымен қажетті қимылдарды дұрыс орындай алмаса, оған көмектесу керек. Оны механикалық дыбыс қоятын және массаж жасайтын зонд аппаратымен немесе тілге массаж жасау арқылы көмектесуге болады.
Артикуляциялық жаттығулар төменгі тәртіппен ұйымдастырылады:
Ересек адам жаттығу атауларын атай отырып, алдағы орындалатын жаттығулар туралы айтып береді.
Оның орындалуын көрсетеді.
Бала жаттығуды орындайды, ал ересек адам оның дұрыс орындалуын бақылайды.
Тіл кемістігі бар балаларға жаңылтпаш, тіл ұстарту жаттығулары, саусақ ойындарын айтқызу өте тиімді. Үлкендер баламен сөйлескенде, немесе серуендеп жүргенде балаға мимика арқылы дыбыстардың айырмашылығын көрсететін қарапайым жаттығуларды жасауы керек. Мысалы: Сіз баламен үрмелі аспапта ойнап отырсыз, сол арқылы сіз ерінді труба секілді етіп көрсетесіз. Бала тілін тақылдатуды, жоғары көтеруді қаншалықты ерте үйренсе талап ететін дыбыстарды тез айтуды үйренеді. Мысалы: бала жымияды, ерін шүйіреді, жылайды, аттың жүрісіне салып, таңдайын қағады мұның барлығы сөйлеу тілдік дағдыларды қалыптастыруға көмектесетін бұлшық еттерді белсендіреді. Балаға ауызды кең ашып, «Ыстық «деп айтуын сұраңыз, ал сосын еріндерін кішкене жауып, «Суық» деп айтқызыңыз. Балада ауыз-қуыс қимыл-қозғалысы, нақтылығы, күші, біртіндеп дамиды. Бұл жаттығулар дыбыстарды дұрыс айтуға және қарапайым қимылдарды әр түрлі фонемалардың күрделі артикуляциялық құрылымдарды біріктіруге қажетті сөйлеу мүшелерін қалыптастыруға көмектеседі.
Дыбытардың 5 түрлі айтылу кемшілігі бар.
1.Сигматизм-с-с; з-з; ц, щ, ч, щ, ж
2.Ротацизм-р-р, р-ль
3.Ламбдацизм-л-л, л-ль
4.Каппацизм-к-к, г-к, х-х
5.Йотацизм-і
Осы орайда тіл кемістігін туғызатын аномалияларды атап өтсек:
Каппацизм туғызатын анамолия — қатты таңдай биік жіңішке болып келеді де, тіл мен таңдай толық қабыспайды.
Ламбдацизм-тіл асты желбезегінің күрт қысқаруы салдарынан тіл ұшының созылмауы, жоғары көтерілмеуі. Бұндай жағдайда хирургиялық операция туралы шешім де қабылданады.
Ротацизм- тіл асты желбезегінің қысқалығы, биік және жіңішке шектен тыс үлкен немене жіңішке икемі кем тіл.
Сигматизм — тіл ұшын таңдайға көтере алмайтындықтан болады.
Ысқырық дыбыстарға арналған артикуляциялық жаттығу түрлері: Піл, тәтті тосап, сағат, тарақ.
Ызың дыбыстарға арналған: Түтікше, жымию, тісімізді тазалаймыз, ашуланған мысық.
Діріл дыбыстарға арналған: Әткеншек, сылақшы, ат шауып келеді, күрекше.
Жаттығуларды отырған қалыпта орындау керек. Себебі бұл қалыпта баланың арқасы түзу, денесінің бұлшық еті босаңсыған, қолы мен аяғы жайлы қалыпта болады. Бала үлкен кісінің мимикасы мен артикуляциясын көріп, сонымен қатар ол тапсырманы орындау барысында өз ернімен тілін көру керек. Жаттығулар қол айнасымен немесе үлкен айна алдында орындалады. Барлық жаттығуларды балаларға жалықпас үшін ойын түрінде жеткізген дұрыс. Бала жаттығуды алғашқы кезде дұрыс жасамауы мүмкін, сондықтан үлкендерге шыдамды болуы керек.
Қазіргі кезде Қазақста Республикасында білім берудің жүйесі жасалып, мемлекетіміз әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда. Балабақшаның білім беру жұмыстарында жаңа технологияны қолданудың арқасында бізге көмекке жаңылтпаштар, саусақ ойындары, тіл ұстарту жаттығулары, көмекші бола алады. Жаңа технологияның тиімділігі баланың шығармашылық, интеллектік қабілетінің дамуына өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларын қалытастырады.