Файл: Саат саны 1 арастырылатын сратар.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.02.2024

Просмотров: 135

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Бекіту сұрақтары:

1.Релаксация дегеніміз:

А) шаршау мен күйзелістен арылтатын мамыражайлылық,босаңсу.

В) психоэмоционалды стрессті жеңілдету

С) қимыл – қозғалыстарды басқару

D) эмоциялық жағдайдың көрінісі

E) педагогикалық кешенді тәсіл

2. Релаксация жүргізудің мақсаты:

А) Сөзбен айтып  жеткізе алмайтын ойлаумен қобалжуларды сыртқа шығаруға көмектеседі.

В) оқу материалын жақсы меңгеруі үшін балаларды тынықтыру,шаршағандарын басу,көңілдерін көтеру,жағымды ахуал туғызу

С) Іште туындаған қиын жағдайларды, шығармашылық потенциалдарын босатады.

D) Баланың мінез-құлқына жұмсақ әсер ету үшін жасалынады.

E) баланың елестете алу қабілетін, қиялын дамытады.

3. Релаксацияның түрлері:

А)есту, зейін,ойлау т.б

В)ойындар,мнемотехника

С) қимыл-қозғалыстар,ойындар,ән айту т.б.

D)сюжеттік,рөлді

Е)пікірталас,сурет салу

4. «Құм терапиясы» принципі аналитикалық терапияның негізін салушы:

А)З.Фрейд

В)Э.Эриксон

С)А.Маслоу

D) Карл Густав Юнгпен

E) Э.Гидденс

5)Құм терапиясы неше жастан бастап жүргізіледі:

А)5

В)10

С)7

D)1

E)3

6. Балалардың  құм терапиясында  қиял, көрнекі – бейнелік ойлауды, сөздік – логикалық ойлауды, көрнекі            іс-әрекеттік ойлауды, шығармашылық  және сын тұрғысынан ойлауды дамыту:

А) Құм терапиясының мақсаты

В)Ертегі терапиясы

С) Құм терапиясының маңызы

D) Интеллектуалдық қарым –қатынас

Е) Психотерапиялық әдіс

7. Ертегі терапиясы дегеніміз:

А) психотерапияның құрамдас бөлігі.

В) шаршау мен күйзелістен арылтатын мамыражайлылық,босаңсу.

С) оқытуда тыңдаушының да, оқытушының да денсаулығын сақтандыра отырып білім беру технологиясы.

D) қиял, көрнекі – бейнелік ойлауының көрінісі

Е) Шығармашылық белсенділікті таныта отырып жүзеге асады

8.Ертегі терапиясының неше түрі бар:

А)5

В)8

С)4

D)9

E)2

9. Баланың мінез-құлқына жұмсақ әсер ету үшін жасалынатын ертегі түрі:

А) Көркем ертегілер

В) Медиативті ертегілер

С) Психокоррекциялық ертегілер

D) Дидактикалық ертегілер

E) Көрнекі ертегілер

10. Қиялдағы жағымды тәжірбиені жинақтау, психоэмоционалды стрессті жеңілдету үшін жасалатын ертегі:

А)Көркем ертегілер

В)Дидактикалық ертегілер

С)Көрнекі ертегілер

D)Психокоррекциялық ертегілер

Е)Медиативті ертегілер

11. Ертегі терапиясының бір ұтымдылығы:


А) бала тілімен жеткізілуінде, баланың ой ауқымына тән оқиғалар дәрежесінде ситуация құруында.

В) Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасағанда ертегі тераписяның мынандай түрлері қолданылады.

С) мәселелік оқиғаларды объективтілеу;

D) баланы тәрбиелеу және оған білім беру.

E) шынайы өмірдегі және ертегідегі оқиғалар мен тәртіптердің арасындағы байланыстың білімі;

12. Ертегімен жұмыс жасау барысында мынадай әдістер саны:

А)3

В)5

С)8

D)6

E)2

13) Ертегінің мазмұны немесе оқиғаның шиеленісуі, аяқталуы ұнамаған кезде қолданылатын әдіс:

А)     Қуыршақтар арқылы ертегіні сахналау

В)     Ертегіні әңгімелеу.

С)   Ертегіні қайта жазу немесе толықтыру

D)  Ертегіні талдау.

E)  Ертегіні құрастыру

14. Балаға ертегіні қатысқан немесе қатыспаған кейіпкердің атынан баяндап беруді ұсынуға болатын әдіс түрі:

А)     Қуыршақтар арқылы ертегіні сахналау

В)   Ертегіні әңгімелеу.

С)   Ертегіні қайта жазу немесе толықтыру

D)  Ертегіні талдау.

E)  Ертегіні құрастыру

15. Медитациялық ертегілер айтылады:

А)арнайы сөзбен

В)ым-ишарамен

С)аудиалды түрде

D)арнайы музыкамен

Е)сахналау тәсілімен


Дәріс №14: Түзету әсерінің дәстүрлі емес әдістері

Сағат саны: 1

Қарастырылатын сұрақтар:

1)Түзетудің негізгі әдістері.

2)Артикуляциялық гимнастика.

3)Су-Джок терапиясы.

4)Мнемотехникалық әдістер кешені.

5)Музыкалық терапия.

Дәріс тезисі:

Сөйлеу тілінде кемістігі бар балалармен дер кезінде мамандар түзету жұмыстарын жүргізуі қажет.

Баланың сөйлеу тілін жетілдіруде саусақтарды жаттықтыра отырып бас миының жұмыс істеу қабілетіне күшті ықпал етеміз. Сондай-ақ қолдың жазуға икемділігін арттырамыз. Балалардың дыбысты дұрыс айтуын түзету жұмыстарына кіріспес бұрын, оның жеке тұлғалық белгілерін міндетті түрде білу қажет. Кейбір балалардың сөйлеу тілінің бұзылуымен қатар, нервті-психология саласында да психологиялық ауытқушылықтар болатына да назар аудару қажет. Сол себепті де балалармен күнделікті жұмыста әр баланың жеке қабілетін ескере отырып, жалпы және арнайы моторикасын дамыту үшін ойындар мен тапсырмалар беріп отыру қажет.

Тіл кемістігі бар балалардың ұсақ қол моторикасын дамытуда әртүрлі массаж қолданады. Оның негізгісі сылау, сипау, қысу, сілкілеу, қозғалту, дірілдету арқылы босаңсыту және қатайту массаждары. Сондай-ақ биологиялық активті нүктелерге әртүрлі вибро-массажер, зонд, дөңгелек, массаж доптар, спанжер және өз-өзіне массаж түрлері жасалады. Біз өз тәжірибемізде алақанға Су-Джок массажері мен саусақ буындарына сақиналары пайдаланамыз.

Қол моторикасын дамытуға арналған графикалық диктант баланың тіл мүкістігін, жазу бұзылуын түзетуде айтарлықтай ықпал етеді. Жаттығудың бір түрі мынадай: Алдымен қолды суық және ыстық суға салып алмастыру керек. Осыдан кейін ермек саз, сурет салу немесе графикалық жаттығуларды жасаймыз. Қамырмен жұмыс жасау да пайдалы. Қамырды домалату, сығу, содан кейін үш саусақпен кішкентай бөлшектерге бөлу арқылы саусақтарды жазуға дайындауға болады. Немесе моншақты, түймелерді жіпке тізу. Мұндай жаттығулардың баланың дамуына септігі көп.

Саусақ ойындары мен жаттығуларын орындату үшін де әр түрлі тәсілдер қолданылады. Саусақ қозғалыстары әртүрлі қысқа ырғақты тақпақтарымен айтылады.

Ол екіге бөлінеді:

— Отырып ойнайтын саусақ ойындары;

— Қолдың нәзік бұлшеқ еттерімен бірге дененің барлық мүшелері қатысып, секіру бір орында жүгіру, қол, аяқ, бас қимылдары да бірге орындалады.

Логопедиялық сабатардағы дидактикалық ойын барысында балаларды асықпай сөйлеуге тәрбиелейді; дыбыс айтуы шыңдалады, сөздік қоры молаяды. Есту зейіні мен фонематикалық естуін дамыту үшін музыкалық дидактикалық ойындардың да маңызы зор.


Қазіргі заманғы логопедия бойынша әдістемелерді мектепке дейінгі жастағы балалармен жұмыстарда ойынды қолдану ұсынылған. Авторлар ойынды сөйлеу тілін дамыту және түзету мақсатында қолдануды ұсынған.

Мектепке дейінгі тәрбие бойынша әдебиеттерде ойынның түрлерін бөлген:

— Дидактикалық;

— Қимылды;

— Шығармашылық құрастыру;

— Драматизм-ойындары;

— Рөлдік-мағыналық.
Артикуляциялық жаттығулар дегеніміз — ол сөйлеу тілі аппаратының бұлшық еттерін шынықтыратын, оның мүшелерінің қимыл-қозғалыстарын қалыптастыратын және нығайтып, жетілдіретін арнайы іріктеліп алынған жаттығулар болып табылады. Артикуляциялық жаттығудың басты талабы-жүйелілік. Жаттығуды орындау кезеңі активті және пассивті болып екіге бөлінеді.
-активті, бала барлық тапсырманы өз бетімен орындағанда;
— пассивті, балаға қимылдарды дұрыс орындауға үлкен кісі көмектеседі.
Егер бала артикуляциялық аппарат ағзаларымен қажетті қимылдарды дұрыс орындай алмаса, оған көмектесу керек. Оны механикалық дыбыс қоятын және массаж жасайтын зонд аппаратымен немесе тілге массаж жасау арқылы көмектесуге болады.
Артикуляциялық жаттығулар төменгі тәртіппен ұйымдастырылады:
Ересек адам жаттығу атауларын атай отырып, алдағы орындалатын жаттығулар туралы айтып береді.

Оның орындалуын көрсетеді.

Бала жаттығуды орындайды, ал ересек адам оның дұрыс орындалуын бақылайды.

Тіл кемістігі бар балаларға жаңылтпаш, тіл ұстарту жаттығулары, саусақ ойындарын айтқызу өте тиімді. Үлкендер баламен сөйлескенде, немесе серуендеп жүргенде балаға мимика арқылы дыбыстардың айырмашылығын көрсететін қарапайым жаттығуларды жасауы керек. Мысалы: Сіз баламен үрмелі аспапта ойнап отырсыз, сол арқылы сіз ерінді труба секілді етіп көрсетесіз. Бала тілін тақылдатуды, жоғары көтеруді қаншалықты ерте үйренсе талап ететін дыбыстарды тез айтуды үйренеді. Мысалы: бала жымияды, ерін шүйіреді, жылайды, аттың жүрісіне салып, таңдайын қағады мұның барлығы сөйлеу тілдік дағдыларды қалыптастыруға көмектесетін бұлшық еттерді белсендіреді. Балаға ауызды кең ашып, «Ыстық «деп айтуын сұраңыз, ал сосын еріндерін кішкене жауып, «Суық» деп айтқызыңыз. Балада ауыз-қуыс қимыл-қозғалысы, нақтылығы, күші, біртіндеп дамиды. Бұл жаттығулар дыбыстарды дұрыс айтуға және қарапайым қимылдарды әр түрлі фонемалардың күрделі артикуляциялық құрылымдарды біріктіруге қажетті сөйлеу мүшелерін қалыптастыруға көмектеседі.


Дыбыстардың 5 түрлі айтылу кемшілігі бар.

1.Сигматизм-с-с; з-з; ц, щ, ч, щ, ж

2.Ротацизм-р-р, р-ль

3.Ламбдацизм-л-л, л-ль

4.Каппацизм-к-к, г-к, х-х

5.Йотацизм-і

Су-джок терапиясы – бұл қол мен аяқ арқылы емдеу жолы. Су-джок терапиясын құрушы оңтүстік корей профессором Пак Чже Ву. Кәріс тілінен аударғанда (Су- қол, джок- аяқ) деген мағына береді.

Су Джок массаж шары баланың қолдары мен аяқтарындағы белгілі бір нүктелерге үнемі әсер ету барысында баланың денесінің қорғаныс функциясын белсендіреді, қолдың ұсақ моторикасын ынталандырады және баланың танымдық іс-әрекеті аясында ұзақ уақыт бойы жағымды эмоционалды жағдайды сақтауға ықпал етеді.

Су Джок терапиясының сөзсіз артықшылықтары:

Жоғары тиімділік-дұрыс қолданған кезде айқын әсер пайда болады.

Абсолютті қауіпсіздік - дұрыс қолданбау ешқашан зиян тигізбейді-бұл жай ғана тиімді емес.

Жан – жақтылық-Су-Джок терапиясын мұғалімдер өз жұмысында да, үйде де ата-аналар қолдана алады.

Су Джок терапиясынан күтуге болатын нәтижелердің ішінде:қан айналымын жақсарту; өнімділікті арттыру; ұйқыны нығайту; барлық ішкі ағзалар мен олардың жүйелерін сауықтыру.

Қазіргі таңда, ұсақ моториканың және сөйлеуді дамытудың бұзылыстары бар балалар санының өсуі байқалды. Бүгінгі таңда осындай бұзушылықтары бар балаларды тәрбиелеумен және оқытумен айналысатын педагогтардың арсеналында дәстүрлі әдістер мен түзету әдістерін, сондай-ақ дәстүрлі емес технологияларды қамтитын кең практикалық материалдар бар.

Қазіргі таңда, ұсақ моториканың және сөйлеуді дамытудың бұзылыстары бар балалар санының өсуі байқалды. Бүгінгі таңда осындай бұзушылықтары бар балаларды тәрбиелеумен және оқытумен айналысатын педагогтардың арсеналында дәстүрлі әдістер мен түзету әдістерін, сондай-ақ дәстүрлі емес технологияларды қамтитын кең практикалық материалдар бар.

Ұлы ұстаз В. А. Сухомлинский «балалардың қабілеттері мен дарындарының бастауы олардың саусақтарының ұштарында, бейнелеп айтқанда, түпкілікті ойдың қайнар көзін беретін ең жақсы ағындар олардан шығады»деп жазды. Баланың қолының қозғалысына деген сенімділік пен көрнекілік неғұрлым көп болса, қолдың құралмен өзара әрекеттесуі соғұрлым жұқа болады. Осылайша, саусақтардың белсенді қозғалыстарының баланың жалпы даму деңгейімен байланысы ғылыми негізделді.

Бұл массаж шарларын балалармен жұмыс кезінде балабақшада да қолдану өте тиімді. Су-Джок терапиясын өзін-өзі емдеу әдістеріне жатқызуға болады. Шарларға екі сақиналы серіппелер кіреді. Балалармен саусақ гимнастикасында шарлар мен сақиналарды қолданады. Олар алақандарының арасына шарларды домалатады.