Файл: Саат саны 1 арастырылатын сратар.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.02.2024

Просмотров: 129

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Бекіту сұрақтары:

1. Денсаулық сақтау саласындағы медициналық қызмет өткізу жүзеге асырылады:

А) денсаулық сақтау саласындағы медициналық сараптама арқылы

В) фармацевтикалық қызметті мемлекеттік бақылау комитеті арқылы

С) дәрі-дәрмектер мен медициналық қызметтердің бағаларын реттеу арқылы

Д) денсаулық сақтау саласындағы тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) сәйкестіктерін растау арқылы

Е) медициналық және фармацевтикалық қызметті қадағалау және сапасын бақылау арқылы

2. ҚР заңнамасына сәйкес шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға ел аумағына жеке қолдану үшін дәрілік заттарды әкелуге қандай жағдайларда рұқсат етіледі:

А) Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің аумақтық органдарының мақұлдауымен

В) жазбаша тіркелген декларация бар болған жағдайда

С) Кеден органдары арнайы рұқсат берген жағдайда

Д) Фармация комитеті рұқсат бергенде

Е) арнайы органдардың рұқсатынсыз
3. Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және оларды сатып алу жөніндегі бірыңғай дистрибьютердің өнім берушіні таңдауының негізгі критериі болып табылады:

А) Тіркеу куәлігі мен мөрінің болуы

В) Лицензиясы мен жарғылық капиталы

С) дәрілік заттарды өндірушінің ресми өкілінің мәртебесінің болуы

Д) Банктік шоты, заңды тұлғаның мекен жайы, танылғандығы мен беделінің болуы

Е) Қазақстан Республикасы әділет министрлігімен берілген заңды тұлға мәртебесінің болуы
4. Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың жарамдылық мерзімін ұзарту

А) ҚР ҚМ рұқсат береді

В) ҚР ДМ рұқсат береді

С) Мерзімін ұзартуға тыйым салынады.

Д) Бір жылдан аспайтын мерзімге ғана рұқсат беріледі

Е) Алты айдан аспайтын мерзімге ғана рұқсат беріледі
5. Денсаулық сақтау– бұл

А) Медициналық ұйымдардың жиынтығы

В) әлеуметтік – экономикалық, саяси – құқықтық және медициналық сипаттағы мемлекеттік іс-шаралар жүйесі

С) денсаулық сақтау субъектілерінің функциясына бағытталған азаматтардың денсаулығын қорғау мен қамтамасыз ету органдарының жиынтығы

Д) халықтың денсаулығын нығайтуға және сақтауға бағытталған медициналық ұйымдардың қызметі

Е) ауруды емдеу және алдын алуға бағытталған медициналық, саяси, экономикалық сипаттағы іс-шаралар жүйесі
6. Денсаулық бұл -

А) аурулар мен физикалық ақаулардың болмауы

В) физикалық және әлеуметтік әл-ауқатының толық жағдайы

С) әр түрлі патологиялық процестердің тұтастай болмауы


Д) ағзаның қоршаған орта жағдайына бейімделе отыратып өзгеру қабілеті

Е) физикалық, рухани және әлеуметтік әл-ауқатының толық жай-күйі
7. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі түсінігі

А) Қазақстан Республикасының азаматтарына тегін медициналық көмектің кепілді көлемі

В) Уәкілетті орган бекіткен медициналық көмекпен медициналық қызметтерінің бірыңғай тізбесі

С) БМСК деңгейінде Қазақстан Республикасының азаматтарына тегін медициналық көмектің кепілдік берілген ең төменгі көлемі

Д) Қазақстан Республикасының азаматтарына тегін медициналық көмектің ең төменгі көлемі

Е) Қазақстан Республикасының азаматтарына және шет ел азаматтарына көрсетілетін медициналық көмектің көлемі мен медициналық қызметтің тізбесі
8. «Денсаулық сақтау салаасындағы стандарттау» түсінігі

А) стандарттарды әзірлеуге және енгізуге уәкілетті органдардың қатысуы

В) үдеріс сипаттамаларын оңтайлы жүйелеу дәрежесіне қол жеткізуге бағытталған іс-шаралар

С) медициналық қызмет көрсету қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз етуге бағытталған стандарттау саласындағы уәкілетті органдардың қызметін жүзеге асыру

Д) аурудың ағымын жеңілдету және тоқтата тұру үшін бағытталған бірқатар медициналық қызмет көрсету

Е) медициналық қызмет көрсету процесін қамтамасыз етуге бағытталған стандарттау саласындағы уәкілетті органдардың қызметін жүзеге асыру
9. Медициналық қызмет - бұл кәсіби қызмет болып табылады:

А) стандарттарды әзірлеу және іске асыру бойынша құзыретті органдар

В) нақты адамға қатысты профилактикалық, диагностикалық бағыты бар денсаулық сақтау субъектілері

С) азаматтардың денсаулығын қорғауға бағытталған заңды тұлғалар

Д) жоғары немесе орта кәсіптік медициналық білімі бар жеке тұлғалар

Е) азаматтардың денсаулығын сақтау мен нығайтуға бағытталған
10. Денсаулық сақтау саласын мемлекеттік реттеу жүзеге асырады:

А) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен

В) Қазақстан Республикасының Үкіметмен,  Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен

С) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен, әкімдіктердің атынан жергiлiктi өкiлдi органдармен

Д) Заңнамада белгіленген құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Үкіметімен,  уәкілетті органдармен өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдармен

Е) Қазақстан Республикасының Президентімен, Үкіметімен, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен, Білім және ғылым министрлігімен


11. Денсаулық сақтау саласындағы  мемлекеттік реттеу арқылы жүзеге асырылады:

А) денсаулық сақтау саласындағы медициналық сараптама

В) денсаулық сақтау ұйымдары ұсынған дәрі-дәрмектер мен медициналық қызметтердің бағаларына мемлекеттік реттеу

С) мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау мен  медициналық және фармацевтикалық қызметті мемлекеттік бақылау

Д) денсаулық сақтау саласындағы (жұмыстар, қызметтер) тауарлардың сәйкестігін растау

Е) фармацевтикалық қызметті мемлекеттік бақылау
12. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, «медициналық көмек» түсінігі

А) халықтың денсаулығын сақтау мен қалпына келтіруге бағытталған медициналық қызметтер көрсету кешені

В) жоғалған денсаулығын қалпына келтіру үшін медициналық мекемелер ұсынған медициналық қызмет көрсету

С) халықтың  денсаулығын сақтау мен қалпына келтіруге бағытталған стандарт талаптарына сәйкес медициналық қызмет көрсету

Д) халықтың  денсаулығын сақтау мен қалпына келтіруге бағытталған, соның ішінде дәрілік көмек, медициналық  қызмет  көрсету кешені

Е) жоғалған денсаулығын қалпына келтіру үшін білікті мамандармен толық қамтылған медициналық қызметтер көрсету
13. Медициналық қызмет көрсетудің сапасы түсінігі:

А) медициналық көмектің сапасының индикатор сәйкестігінің  деңгейі

В) диагностика және емдеу үшін медициналық көмек стандарттарына және хаттамаларына сәйкес  деңгейде көрсету

С) медициналық көмек көрсетудің  стандарттар мен хаттамаларға сәйкес интегралдық көрсеткіші

Д) медициналық көмектің уәкілетті орган бекіткен стандарттарға сәйкестігінің деңгейі 

Е) тегін негізде Қазақстан Республикасы азаматтары мен оралмандарына медициналық көмектің кепілдік берілген минималды көлемінде көрсету
14. Денсаулық сақтау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы негізделеді

А) Қазақстан Республикасының Конституциясына

В) Қазақстан Республикасында ратификациялаған халықаралық шарттар

С) Денсаулық сақтаудың халықаралық қағидалары

Д) Халықтың денсаулығын қорғау саласындағы ҚР Президентінің Жарлығы мен Үкіметінің қаулылары

Е) Денсаулық сақтау саласындағы ҚР денсаулық сақтау министрлігінің нормативтік құқықтық актілері
15. енсаулық сақтау жүйесінің бюджет және өзге де құралдары, қаржылық қайнар көздері болып табылады

А) Ерікті сақтандыру құралдары

В) Ерікті сақтандыру қаражаты, ақылы медициналық қызметтер көрсету саласындағы жеке заңды тұлғалардың қаражаты


С) Ерікті сақтандыру қаражаты, ақылы қызмет көрсету үшін алынған қаражат және өзге де қайнар көздер

Д) Міндетті медициналық сақтандыру құралдары

Е) Ақылы медициналық қызмет көрсету үшін алынған қаражат
Дәріс № 2: Заманауи денсаулық сақтау технологиялары

Сағат саны: 1

Қарастырылатын сұрақтар:

1.Денсаулық сақтау технологиясы деген не?

2.Қазіргі уақытта заманауи денсаулық сақтау технологияларының маңызы және қоғамда алатын орны.

3.Сауықтыру жұмыстарының түрлері.

4.Денсаулық сақтау технологияларының түрлерінің жіктеулі

Дәріс тезисі:

Тәрбиенің жалпы жүйесінде мектеп жасына дейінгі баланы дене жағынан тәрбиелеу ерекше орын алады. 
                Мықты денсаулықтың, дененің дұрыс жетілуінің , жоғары жұмыс қабілетінің негізі нақ осы мектеп жасына дейінгі балалық шақта қаланады: қозғалыс қызметінің қалыптасуы, сондай – ақ дене қасиеттерінің бастапқы тәрбиесі де осы жылдарда өтеді. Баланың дене жағынан қалыптасуы оның интелектуалдық және моральдық еріктік жетілуімен, барлық психологиялық функцияларының дамуымен тығыз байланысты.   
Өмірді қорғау мен денсаулықты нығайту, бала организімінің функцияларын жетілдіру, оның дені дұрыс жетілдірудегі ықпалы, жұмыс қабілетін арттыру мектеп жасына дейінгі балалық жылдарында дене жағынан тәрбиелеудегі ең басты міндеттер болып табылады. 
             Бұл міндеттердің маңыздылығы мынада:  органдар мен жүйелердің       тез өсуіне және дамуына қарамастан, олардың қызметі әлі жетілмегендіктен, организмнің қорғаныс қабілеті нашар қалыптасқан, кішкентай балалар сыртқы ортаның қолайсыз әсерлеріне тез ұшырайды. Сондықтан сүйек жүйелері мен байланыс – буын аппаратының дұрыс әрі мерзімімен                жетілуіне , бел омыртқаны физиологиялық міндеттерінің қалыптасқанына табан дөңестерінің дұрыс жетілуіне ықпал жасау қажет. 
Басты міндет , балалардың қозғалыстарын жетілдіру, қимылдық дағдыларын және дененің икемділік , шапшаңдық,  күштілік,  төзімділік сияқты қасиеттерін қалыптастыру болып табылады. 

              Сауықтыру жұмыстарының дәстүрлі емес түрлері кеңінен қолданады. Олар: жазғы құмда жалаң аяқ жүру, сулы жолмен жүру, нүктелі төсеніштермен жүру. Қыс мезгілінде таза ауада серуендеу, шанамен сырғанау, шаңғы тебу адам ағзасының жұқпалы аурулар мен суыққа төзімділігі арттыратыны анықталған.  Ойынның балаға тигізер әсерін мынадай ұшқыр ойымен түйіндеуге болады: «Ойын- өсіп келе жатқан бала организміне өте қажет. Ойында баланың дене күші артады, қолы қатайып, денесі шындала түседі, көзі қырағыланады, зеректілігі , тапқырлығы, ынтасы артып жетіле түседі. Ойында балалардың ұйымдастырушылық  дағдылары қалыптасып шыңдалады, ұстамдылығы артады. 


           Балалардың денсаулықтары бүгінгі таңда өте өзекті мәселе. Соңғы жылдардағы статистика мәліметтері бойынша  балалар денсаулығы  күрт төмендеп кеткендігі байқалып отыр.Мұның барлығы  балалар денсаулығын сақтайтын технологияларды оқу-тәрбие үрдісіне  қолдануын туғызып отыр. Бүгінгі таңда барлық мектепке дейінгі оқу орындарында  денсаулықты сақтайтын технологиялар қолданылады.

             Шынықтырудың ең тиімді құралы-ауа, су және күннің көзі.Әсіресе, бала ағзасына қозғалыспен қатар судың, ауаның, күн сәулесінің  әсері  бірге болса, шомылу мен жүзудің тигізер пайдасы өте көп. Әрдайым үнемі  шомылғанда, жүзгенде адам баласының тамыр жүйесі су температурасының алмасуына  тез арада ыңғайланып алады.Адам баласы судың температурасы төмендеген жағдайда да, суда ұзақ болуға үйреніп алады.Суда адам денесінің температурасы аз төмендейді де,шомылудан кейін тез өз қалпына келеді.Суыққа деген тұрақтылық пайда болады.Суда жүзу өмірде өте қажет. Жүзу тек қана адам баласының дене шынықтыруы мен сауықтануына ғана пайдалы емес. Жүзе білу дағдысы адам баласына әр түрлі жағдайларда қажетті нәрсе. Жүзуге үзбей баратын балалардың денсаулықтары  мықты, дене бітімі қалыптасқан, ширақ болып келеді. Мысалы, топтағы Есментаев Нұржан, Жақан Әлішер, Байдаулет Мансүр, Байжанова Асия, Абдрахманова Даяна, Бахитжанова Тамирис сияқты балалардан  нәтижесін көруге болады.

            Адам организмінің өте жақсы қасиеті – оның сыртқы дүниеге, табиғаттың әр түрлі құбылыстарына икемделгіштігі.

  Мектепке дейінгі дене тәрбиесі – халық ағарту ісінің алғашқы сатысы. Ол мектеп жасына дейінгі балалардың  денсаулығын нығайтуға және өз беттерімен қимыл жасай білуіне  бағытталған. Балабақшада баланың денсаулығын нығайту шараларының бірі – денесін шынықтыру жаттығуларын өткізу. Шынықтыру сыртқы зиянды әсерлерге дененің қарсылық күшін жетілдіріп,  әр қилы қолайсыз өмірлік жағдайдан денені қорғау, икемділігін дамытатын шаралар жүйесі. Шынықтыру әр түрлі дене мүшелерінің, нерв жүйелерінің жұмысын жетілдіруге негізделген.

Шынықтыру дене тәрбиесінің басқа құралдармен біріге отырып, дені сау, моральдық жағынан тұрақты, табанды, батыл, төзімді адамдарды тәрбиелеуге ықпал етеді.

Балабақшадағы балаларды шынықтырудың негізгі әдістерінің бірі – біртіндеп бейімдеу немесе үйрету. Мысалы: біртіндеп судың  температурасын төмендету, балалардың киімдерін де біртіндеп жеңілдету, күн көзінде болудың мерзімін біртіндеп ұзарту.